TIMER КОМПОНЕНТІ
Жоспар:
TIMER компонентінің атқаратын қызметі
Практикалық жұмыс: 5 секундтан кейін ағымдық дата және 10 секундтан кейін ағымдық уақыт экранға шығатын қосымша жасау.
Пернетақталық жаттықтырғыш жобасының орындалу қадамы.
System парағында Windows үшін стандартты DDE (Dinamic Data Exchange)және OLE (Object Linking and Embedding) мәліметтерімен алмасуды сүйемелдейтін компоненттер, таймер т.б. жүйелі сервистік элементтерге қол жеткізуге мүмкіндік туғызатын компоненттер бар.
Сурет 66. System парағы
Timer – таймер. Бұл компонент уақыт аралығын есептеу қызметін атқарады.
PaintBox - Сурет салуға арналған аумақ. Графикалық бейнелерді салуға арналған тіктөртбұрышты бөлік құрады.
MediaPlayer – мультимедиалық құрылғыларды (CD-Rom, MIDI т.с.с.) басқару жұмыстарын атқарады.
OleContainer – OLE- объектілерін орналастыруға болатын жабдық (контейнер).
MediaPlayer компоненті өткен тарауда қарастырылды.
Timer компоненті қосымшада уақыт интервалын есептеуді жүзеге асырады. Таймер уақытпен байланысты әрекеттерді жүзеге асыру үшін қолданады. Мысалы: мультипликацияны синхронизациялау, белгілі бір уақыт өткеннен кейін қандай да бір терезені жабу, белгілі бір уақыт өткеннен кейін экран “қорғаушысын” қосу, қандай да бір уақыт интервалы өткенде тестілеу программасын айыру т.с.с. Таймер- визуальды емес компонент болып табылады. Таймердің екі қасиеті бар:
Interval- компонентті қосудың уақыт интервалын білдіреді. Ол миллисекундпен өлшенеді. Бұл қасиет таймердің жұмыс жасау периодын береді. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін компоненттің OnTimer оқиғасы орындалады.
Мысалы: Timer компонентінің Interval қасиетінің мәнін 5000-ге тең етіп қойып, OnTimer оқиға өңдеушісіне Close операторын жазсақ, онда 5 секунд уақыт өткеннен кейін форма жабылады.
Enabled – компонентті қосу мүмкіндігін беретін логикалық тип. Егер бұл қасиеттің мәні true болса, онда Timer компоненті қосылады және керісінше.
Егер Interval = 0 немесе Enabled = false болса, онда таймер компоненті жұмыс жасамайды.
Timer компонентін қолдану мысалдарын қарастырайық.
Мысал 119. 5 секундтан кейін ағымдық дата және 10 секундтан кейін ағымдық уақыт экранға шығатын қосымша жасаңдар.
Шешуі: Формада 2 таймер компонентін алып, олардың біріншісінің Interval қасиетінің мәнін 5000- ға, екіншісінікін 10000- ға тең етіп қоямыз да, Timer1, Timer2 компонентінің OnTimer оқиға өңдеушілеріне төмендегі кодты жазамыз.
procedure TForm1.Timer1Timer(Sender: TObject);
begin
Edit1.Text:=DateToStr(now);
end;
procedure TForm1.Timer2Timer(Sender: TObject);
begin
Edit2.Text:=TimeToStr(now);
end;
Сурет 67. Timer компоненті арқылы ағымдық мерзім мен уақытты шығару
Мысал. Формаға Edit мәтіндік өріс компонентін қойып, 10 секунд уақыт аралығында қолданушының қанша символ тергенін анықтайтын қосымша жасаңдар.
Шешуі: Таймердің Interval қасиетінің мәнін 10000- ға тең етіп қоямыз да, төмендегідей қосымша интерфейсін жасаймыз.
Сурет 68. Пернетақталық жаттықтырғыш жобасының интерфейсі
“Старт” батырмасының OnClick және Timer-дің OnTimer оқиға өңдеушілеріне төмендегідей код жазамыз.
procedure TForm1.BitBtn1Click(Sender: TObject);
begin
Timer1.Enabled:=true; Edit1.Enabled:=true;
Label3.Caption:='';
end;
procedure TForm1.Timer1Timer(Sender: TObject);
var k:integer;
begin
k:=length(edit1.Text);
Timer1.Enabled:=false;
Edit1.Enabled:=false;
Label3.Caption:='10 сек-та '+inttostr(k)+' символ тердіңіз'
end;
Дайын қосымшаны орындату нәтижесі төмендегідей болады.
Сурет 69. Пернетақталық жаттықтырғыш жобасының орындалуы
Ресурстар:
http://ebooks.semgu.kz/books/101010/L_5.html
https://studfile.net/preview/5756220/page:9/
http://engime.org/beksarili-mratbek-delphi-vizualdi-bafdarlamalau-jjesi-edisteme.html
Достарыңызбен бөлісу: |