Ауыз арқылы, үзбей дем шығаруды дамыту; ерін бұлшық еттерін белсендіру



бет1/5
Дата06.01.2022
өлшемі0,7 Mb.
#15778
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
әдістеме


«Үш көбелек!»

Мақсаты: ауыз арқылы, үзбей дем шығаруды дамыту; ерін бұлшық еттерін белсендіру.

Құрал-жабдықтар: 2-3 ашық түсті көбелектер.

Ойын барысы: Сабақты бастамас бұрын, әр көбелекке ұзындығы 20-40 см жіптң байлап, ол жіптерді бір бірінен алшақ қойып бауға байлаңыз. Бауды, түрегеп тұрған баланың бетінің тұсында көбелек болатындай етіп, тартып қойылады. Педагог балаға көбелектерді көрсетіп, олармен ойнауды ұсынады.

-Қарашы, қандай әдемі көбелектер! Олар ұшатын көбелектер ме көрейік. Педагог көбелектерді үрлейді.

-Қара, ұшты! Тірі көбелектер сияқты! Енді сен үрлеп, оларды ұшыр. Қай көбелек ары ұшады екен?

Бала орнынан тұрып, көбелектердің жанына барады да, үрлейді. Бала үрлеп, дем шығарғанда иықтарын көтермей тік тұруын, қосымша ауаны тынысқа алмауын, ұртып бұртитпауын, еріндерін алдыға қарай сәл шығаруын қадағалау керек. Үрлеген уақыт 10 секундтан аспауы тиіс.



«Жел соғады»

Мақсаты: ауыз арқылы қатты бірқалыпты дем шығаруды дамыту; ерін бұлшық еттерін белсендіру.

Құрал-жабдықтар: қағаздан жасалған жолақшалар.

Ойын барысы: Ойын алдында жолақшалар дайындау керек. Ол үшін түрлі түсті қағаз жолақшалар ағаш таяқшаға бекітіледі.

Шыршаны әшекейлеуге арналған «жаңбырды» қолдануға болады.

Педагог балаға жолақшамен ойнауды ұсынады. Оларға қалай үрлеуді көрсетіп, кейін баланың үрлегенін өтінеді.

- Бұл сиқырлы ағаш деп елестет. Жел соғып, ағаштың жапырақтары желпілдеп ұшады!



Әдістемелік нұсқау: Ойынды жеке баламен және балалар тобымен ойнауға болады. Екінші жағдайда балалар жолақшаларына бір уақытта үрлейді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет