Типтік оқу бағдарламалары



Дата05.04.2022
өлшемі15,53 Kb.
#29854
түріБағдарламасы

6.Типтік оқу бағдарламасы – педагогика оқу пәні бойынша студенттер меңгеруге тиіс негізгі білім, іскерлік, дағды мен құзыреттіліктің шегі анықталатын және педагогиканы оқытудың ерекшеліктеріне тән әдістер, тәсілдер мен оқытудың құралдарының тізімдері көрсетілген әдістемелік сипаттағы нұсқаулықтары бар нормативті құжат.

Типтік оқу бағдарламалары мемлекеттік білімдік стандарт талаптарына сай жасалып, оны Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекітеді.
Авторлық оқу бағдарламалары мемлекеттік стандарт талаптарын ескеріп жасалады. Қандай да бір пәнді оқу үшін бағдарлама авторы өз тұжырымдамасын ұсынады. Авторлық бағдарламанық сол пән саласында еңбек етіп жатқан ғалымдардан, педагогтардан, психологтардан, әдіскерлерден алған сын-пікірі болу керек. Сонда ғана бағдарламаны мектептің педагогикалық кеңесі бекітеді. Авторлық оқу бағдарламалары көбіне оқушылардың таңдауы бойынша жүретін курстар, факультативтер үшін жасалады.

7. Блум таксономиясы – жеке тұлғаға бағытталған шығармашылығын дамытушы және білімді толық меңгертудің әдісі болып табылады. Мен сабақтарымды Блум жүйесімен құруға тырысамын. Көбіне қайталауда деңгейлік сұрақтарды құру арқылы Блум түймедағын қамтуға болады. Енді қазір Блум таксономиясының 6 деңгейін өз сабақтарымда қолданғаныма  қысқаша тоқтала кетейін



  • Білім

  • Түсіну;

  • Қолдану;

  • Талдау;

  • Синтез (жүйелеу, жинақтау);

  • Бағалау

Үй тапсырмасын тексеруге арналған деңгейлік сұрақтарды Блум түймедағына орналастыру мысалдары, оқушылардың сабақ барысындағы шығармашылық жұмыстары таныстырылады. Аталған сабақтардағы қолданылған жаңа әдіс-тәсілдерге, топтық жұмыстарға тоқтала келе, Блум жүйесімен бағалау парағы түсіндіріледі. (Қатысушылармен практикалық жұмыс ұйымдастыру). Кері байланыс, рефлексия жасау.
Блум жүйесінің 6 деңгейі негізінде оқушыға сапалы білім мен шығармашылығын дамыту маңызды деп санаймын Жаңартылған білім беру бағдарламасында оқу мақсаттары Блум таксономиясының негізгі мақсаттарымен синонимдес десек те болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет