Тіркеу формасы Тегі, аты-жөні: Аға оқытушы: Саденова Айгүл Ескермесқызы



Pdf көрінісі
Дата15.03.2017
өлшемі359,75 Kb.
#9857

Тіркеу формасы 

 

     1.Тегі, аты-жөні: Аға оқытушы: Саденова Айгүл Ескермесқызы 

     2.Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: филол. ғ. д.., доцент. 

     3.Мекеме, лауазымы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.  

     «Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының 

доценті  

4.

 

Мекен-жайы: Алматы 



5.

 

Телефон:  



6.

 

 E-mail: –sadenovaa@mail.ru 



7.

 

Факс: 



8. Мақала тақырыбы: Тіл меңгертуде проблемалық жағдаяттарды 

қолданудың маңыздылығы 

     9. Секция - 

    10. Керекті техникалық құралдар: - 

 

 



 

ӘОЖ  81’243 

 

 



ТІЛ МЕҢГЕРТУДЕ ПРОБЛЕМАЛЫҚ ЖАҒДАЯТТАРДЫ 

ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ  

 

 

Саденова А.Е. филол. ғ. д. 

                                                                       әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 

Алматы.                                         

  

Аннотация:  Қазақ тілін үйретуде проблемалық жағдаяттады қолдану тіл 

үйренушілердің логикалық қабілеттерін, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын 

дамытуға  да  пайдасын  тигізеді.  Проблемалық  жағдаяттар  арқылы  тіл 

үйренушіні  өздігінен  жұмыс  істеуге  үйретіп,  түсініп  оқу  және  онда 

баяндалған  идеяларды  саналы  меңгеру  шеберліктері  мен  дағдыларын 

қалыптастырудың маңызы зор.  

Мақалада  қазақ  тілін  оқитын  шетелдік  студенттердің  сөйлеуін 

қалыптастыру 

мәселелері 

қарастырылады. 

Сөйлеуге 

үйретудің 

психологиялық  мәселелері  сөз  болады.  Сөйлеу  үшін  қажетті  жайттардың 

арасындағы  жағдаят  мәселесіне  және  оның  компоненттеріне  назар 

аударылады.  Оқу  үдерісі  барлық  шынайы  жағдаяттарды  көрсете  алмайды, 

сондықтан  да  шынайы  тілдік  қатынасқа  жақын  коммуникативтік  оқу 

жағдаяттарының үлгілері ұсынылады.  

 

Мақалада  оқудың  түрлі  кезеңдеріне  тиесілі  түрлі  әдістемелік 



ұсыныстар  берілген.  Айтылымның  тілдік  қана  емес,  сондай-ақ  мазмұнды 

жағына  да  назар  аударылады.  Сөйлеуге  үйрету  үшін  көрнекі  нысандар, 

диалогтар мен полилогтарды қолдану ұсынылады.  


 

 

Мақалада  ұсынылған  жаттығулардың  жүйесі  ауызша  сөйлеуді 



дамытуға көмектеседі.   

Түйін  сөздер:  сөйлеу,  коммуникативтік,  жағдаят,  айтылым, 

проблемалық жағдаят, тіл меңгерту



 

 

Эффективное  использование  проблемных  ситуаций  на  занятиях 

казахского языка 

 

Аннотация:  В  статье  рассматривается  эффективное  использование 

проблемных  ситуаций  на  занятиях  казахского  языка.  Данная  статья 

посвящена  изучению  процесса  речевого  общения  как  одного  из  аспектов  

преподавания 

казахского 

языка 


как 

иностранного. 

Принцип 

коммуникативности,  ставший  базовым  для  большинства  дидактических 

концепций  и  успешно  реализуемый  почти  на  всех  этапах  обучения,  в 

значительной  степени  укрепил  связи  методики  и  языкознания,  усилил 

интерес к коммуникативным параметрам процесса преподавания. 

Реализация методического принципа коммуникативности предполагает 

органический  сплав  речевых  навыков  и  речевых  умений,  творческий 

характер  речевой  деятельности,  использование  всех  психологических 

резервов  личности.  В  центре  внимания  оказывается  субъект  деятельности  – 

учащийся с его отношением к той мысли, которую он высказывает.  



Ключевые  слова:  говорение,  анализ  психологических  предпосылок, 

речевое общение, коммуникативность, ситуация. 

 

 

 



Еffective use of problem situation at the lessons of  Kazakh language 

 

Abstract: 

This  article  deals  with  the  effective  use  of  problem  situation  at  the 

lessons of  Kazakh language. 

This article is devoted to the study of the process of 

speech  communication  as  one  of  the  aspects  of  teaching  Kazakh  as  a  foreign 

language.



 

Communicative  principle,  which  became  the  base  for  most  of  didactic 

concepts  and  successfully  implemented  in  almost  all  stages  of  education,  largely 

strengthened  ties  methodology  and  linguistics,  increased  interest  in  teaching 

communicative  process  parameters.  The  implementation  of  the  principle  of 

communicative  methodology  involves  an  organic  fusion  of  language  skills  and 

speech  skills,  creative  nature  of  verbal  activity,  the  use  of  psychological  reserves 

personality. The focus is the subject of activity - the student with his attitude to the 

idea, which he expresses.

 

Keywords:  speaking,  the  analysis  of  psychological  prerequisites,  speech 



communication, communication, situation. 

 

ТІЛ МЕҢГЕРТУДЕ ПРОБЛЕМАЛЫҚ ЖАҒДАЯТТАРДЫ 

ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ  

 

 

Заман  талабына  сәйкес  тіл  меңгертудің  жүйелі  реформалануы 



қоғамдық  тұрғыдан  үлкен  маңызға  ие.  Тіл  үйретуді  реформалауды  жүзеге 

асырудың  және  бір  маңызды  сипаты  қазіргі  уақыттағы  тіл  үйрету  үрдісін 

технологияландырудың 

қажеттілігінен 

туып 

отыр. 


Жоғарғы 

оқу 


орындарында тіл үйрету сапасын жақсартуда әр түрлі жаңа технологияларды 

қолдану тәжірибеге еніп, өз деңгейінде нәтижелер беруде.   

Қазақ  тілін  шетел  азаматтарына  меңгертуде  сөйлеу  қабілетін  және 

жалпы  дамуын  ғана  жетілдіріп  қана  қоймай,  оны  өзін  қоршаған 

айналасындағы  адамдармен  қарым-қатынас  мәдениетіне  де  үйретеді.  Тіл 

үйренушінің  қазақ  тілінде  сөйлеу  қабілетін  жетілдіру  жоғары  оқу  орнында 

тіл  үйретудің  негізгі  мақсаты  болып  табылады.  Қазақ  тілін  шет  тілі  ретінде 

үйреткенде өзге тілді тіл үйренушілер үшін қазақ халқының мәдениетіне жол 

ашылады,  қазақ  тілінде  қарым-қатынас  жасауға  мүмкіндік  туады.  Қазақ 

тілінің  қызметі  –  өзге  тілді  тіл  үйренушілерді  қазақ  тілінде  сөйлейтін 

халықпен  түсіністік,  ортақ  көзқарас  орнатуға  дайындап,  тәрбие,  білім  беріп 

әрі жеке басын, өмірге көзқарасын жан-жақты дамыту.  

 

Қазақ  тілін  меңгерту  мазмұнына  тақырыптар,  қарым-қатынас 



жағдаяттар,  мәтіндер,  тілдік  материалдар,  лексикалық,  грамматикалық, 

фонетикалық, практикалық бірліктер, сөз дәптері, оқу әрекетінің тиімділігін 

іске асыратын оқу білік-дағдылары жатады. 

 

Қазақ тілін меңгертуді қазіргі заманғы талаптарға сәйкес ұйымдастыру 



тіл үйренушінің дағдыларын қалыптастыруда ұтымды жол болып табылады. 

Сонымен  қатар  қазақ  тілін  қазіргі  заманғы  талаптарға  сай  өткізу  тіл 

үйренушілерді жаңа ойларды тудыра білуге, жан-жақты, бір ғана салада емес, 

әр  саладан  білім,  ақпарат  ала  білуге,  мәселелердің  түйінін  бір  ғана  жолмен 

шешіп қана қоймай, бірнеше жолмен таба білуге, сол қабылданған шешімнің 

салдарын алдын-ала болжай білуге көп ықпалын тигізеді. Бұл жағдайда бізге 

проблемалық  оқыту  әдісі  тиімді  болып  табылады.  Себебі  проблемалық 

сұрақтар  қою  арқылы,  проблемалық  жағдай  тудыра  отырып  тіл 

үйренушілердің  дүниетанымын  арттырамыз.  Тіл  үйренуші  сұраққа  жауап 

табу  үшін,  проблеманы  шешу  үшін  ізденеді,  іздену  арқылы  өзіне  көптеген 

маңызды ақпарат алады. 

Адамдар  арасындағы  тілдік  қатынас  өмірлік,  қоғамдық  қажеттілікке 

сәйкес  қолданылу  ортасына  қарай  ерекшеленеді,  қалыптасады,  өмірдегі 

әртүрлі  тіршілік  жағдайына  байланысты  түрленеді,  сараланады.  Белгілі  бір 

жағдайлардағы  адамдар  арасындағы  қарым-қатынаста  кеңістік  пен  уақыт 

кесіндісінде  сөйлеу  әрекетінің  орны  ерекше.  Сөйлеу  әрекеті  сөйлеу 

жағдаятын қалыптастырады.  

«Жағдаят»  ұғымы  психологияда,  әдістемеде,  философияда  және 

лингвистикада  зерттелген  адамдар  әрекетінің  сипатын,  өту  барысын  т.с.с. 

анықтаушы маңызды категория. Әр ғылым саласы бұл ұғымды өз мақсатына 

қарай,  зерттеу  бағытына  қарай  әртүрлі  анықтайды.  Өйткені  «жағдаятқа» 


анықтама  беруде  мынадай  әртүрлі  көрсеткіштер  басшылыққа  алынады:            

1) айнала қоршаған заттар мен құбылыстардың қатысы арқылы анықталатын 

жағдай;  2)  сөйлеу  әрекетін  дүниеге  келтіретін  шарттар;  3)  сөйлеуші  мен 

объективті  құбылыстар  арасындағы  объективті  байланыс;  4)  шындықтың 

жиынтығы [1, 56 б].   

Сөйлеу  жағдаяты  сөйлеушінің  белгілі  білім  қоры,  тәжірибе  түрінде 

қарым-қатынас жасауға түрткі, уәж болатын шарттары арқылы айқындалады. 

Сөйлеу жағдаяты белгілі бір уақыт кесіндісіндегі өтпелі, уақытша сипатқа ие 

болады.  Сонымен  қатар  жалпы  қоғамдық  өмірмен  қалыптасатын  тұрақты 

жағдай да сөйлеу жағдаятын айқындайтын белгінің қатарына жатады.  

Тіл  үйретудің  алғашқы  күнінен-ақ  қарапайым  сұрақ-жауап  арқылы  тіл 

үйренушіні  диалогтық  сөйлеу  жағдайына  бейімдеу  әдістемелік  тұрғыдан 

тиімді  болып  табылады.  Сондықтан  көптеген  ғалым-әдіскер  сөйлеуге 

үйретуде тақырыптық ұстанымның орнына жағдаяттық ұстанымды ұсынады. 

Әрине, бұл ұстанымдар бірін-бірі жоққа шығармайды, керісінше, олар бірін- 

бірі ұштай түседі. Жағдаят диалогты тудырады. Оған орыс тілінің түсіндірме 

сөздігінде  мынадай  анықтама  берген.  «Ситуация  –  это  совокупность 

обстоятельств,  условий, создающих те или иные отношения, обстановку или 

положения» [2, 49-50 бб].   

Жағдаяттылық  –  тіл  үйренуші  үйренуге,  меңгеруге,  білуге 

қызуғышылығы,  меңгеру  жүйесіндегі  маңызды  стимул.  Жағдаяттылық 

(ситуативность)  –  сөйлеуге  үйретудің  маңызды  шарты.  Жағдаят  дегеніміз 

сөйлеуге  стимул.  Жағдаят  коммуниканттар  айналасындағы  заттар  емес, 

сөйлесушілердің  өзара  қарым-қатынас  жүйесі,  демек  әңгімелесу  дегеніміз 

шындық өмірде бір нәрсені сұрау, түсіну, сендіру, таңдану, ренжу және т.б. 

Сөйлеу жағдаяттарының  іс-әрекетіне байланысты болуы баяндау, әңгімелеу 

үшін стимул болып табылады, бұл-әдістемеде меңгеріп жатқан тіл – қатынас 

құралы  екендігін  де  сезінтетін  күшті  стимул.  Тіл  үйренушінің  сөйлеу 

дағдысын  және  сөйлеу  шеберлігін  қалыптастыру  үшін  жағдаяттылықты 

өзектілендіру үнемі алға тартып отыру аса тиімді  [3].   

 

Қазақ тілін үйретудің түпкі нәтижесі тіл үйренушілердің ойлау, сөйлеу, 



пікірлесу  қабілеттерін  дамытып  одан  ары  арттыру.  Бұл  технологиямен 

жұмыс  жасаудың  маңызды  бір  саласы  проблемалық  жағдаяттар  тудыру 

болып  келеді.  Сонымен  тіл  үйретуде  проблемалық  жағдаяттарды  қолдану 

тиімді болып табылады. Осы мәселеге тоқталып өтейік. 

 

Ең  алдымен  жағдаяттарды  қолдану  жаңаша  оқытуда,  әсіресе,  тіл 



үйретуде  тіл  үйренушілер  жағдаяттық  тапсырмалар  орындаған  кезде  қазақ 

тілі  бойынша  алған  білімдерін  күнделікті  өмірлерінде  әр  түрлі  жағдайда 

қолдана алатынын сезеді.  

 

Қазақ  тілін  үйретуде  проблемалық  жағдаяттады  қолдану  тіл 



үйренушілердің логикалық қабілеттерін, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын 

дамытуға  да  пайдасын  тигізеді.  Тапсырмалар  сабақтың  тақырыбы,  мақсаты, 

тіл үйренішілердің дайындығы, қабілеті ескеріліп беріледі. Мұндай жұмысты 

жекелей,  жұппен,  топпен  ұйымдастыруға  болады.  Тапсырмаларды  орындау 

барысында  тіл  үйренушілердің  сөйлеу  дағдылары,  өзара  пікірлесу,  ойларын 


дәлелдеу қабілеттері де дамиды. Бастапқыда жеңіл, кейін біртіндеп берілген 

жағдаяттық  күрделі  тапсырмаларды  орындау  барысында  тіл  үйренушілерді 

түрлі  жағдайда  салыстыру,  қорытынды  жасау  үдерістерінен  өтеді. 

Проблемалық  жағдаяттар  арқылы  үнемі  жүйелі  түрде  жұмыс  жүргізудің 

нәтижесінде ғана тіл үйренушілердің білім сапасын көтеру бағытында жақсы 

жетістіктерге жетуге болады.  

 

Тапсырмаларды орындау үшін тіл үйренушілермен дайындық жұмысы 



жақсы жүруі тиіс, оларға әр жағдаяттарға сәйкес келетін сұрақтар жазылған 

кеспе карталар таратылады. Осындай жұмыс барысында тәрбиелік мақсаттар 

іске асады.  

Мынадай  проблемалық  жағдаяттар  құрыла  алады:  демалыс  пен  көңіл 

көтеруді  ұйымдастыру;  жастар  мен  еліміздің  өміріндегі  мәдениеттің, 

спорттың, өнердің алатын орны; БАҚ-тың рөлі мен қызметі т.б. 

Осылайша,  тіл 

меңгеруде 

берілген 

жағдаяттар,  проблемалар 

анықталғаннан  кейін  тіл  үйренушілердің  мәртебесі  және  олардың 

комммуникативтік мақсаттары белгіленіп  көрсетіледі.  Сонымен бірге  мұнда 

қатысушылар  сөйлеуші  мен  тыңдаушы  қатынасына  байланысты  мынадай 

түрлері  болуы  мүмкін:  ұстаз  бен  шәкірт;  дәрігер  мен  науқас;  сатушы  мен 

сатып  алушы;  полиция  қызметкері  мен  тұрғын,  делегация  мүшелері  мен 

қабылдаушы;  жүргізуші  мен  жолаушы;  конференцияға  қатысушы  мен 

мекеме (елшілік) қызметкері т.б.  

Жағдаяттық жаттығулар тіл үйренушілердің белгілі бір жағдаятты диалог 

арқылы  игеруін  қажет  етеді  және  оны  автоматты  түрде  орындауын 

қамтамасыз  етеді.  «Сөйлеу  жағдаяты  –  бұл  қандай  бір  сөйлеушінің  сөйлеу 

әрекеті  актісінің  жағдайлары  мен  шарттарының  жиынтығы.  Оның  бір 

жағында  сөйлеу  әрекетінің  міндеттері,  екінші  жағында  сөйлеу  әрекетінің 

қажеттіліктері  мен  мақсаттары  тұрады  және  ол  әңгімелесушінің  көмегімен 

міндеттерді  шешу  мүмкіндігін  қамтамасыз  етеді.  Тұтастай  алғанда, 

жағдайдың барлық жиынтығы мен қалыптасқан сөйлеу әрекеті осы мақсатта 

қызмет етеді» [5].   

Жағдаяттық  жаттығулар  толықтырмалы,  проблемалық,  қиялдау,  рөлдік 

болып  бөлінеді.  Олар  үш  негізгі  және  үш  факультативтік  компоненттерден 

тұрады.  Негізгі  компоненттеріне  тапсырма  беру,  жағдайды  суреттеу  және 

сөйлеушінің  репликасы  жатады.  Ал  факультативті  компоненттеріне  тірек 

сөздер, сұрақ және көрнекі құралдар жатады. 

Жағдаяттық 

диалогтарды 

ұйымдастыру 

оқытушының 

тікелей 


басшылығымен  жүргізіледі.  Оқытушы  жағдаяттық  диалогтарды  құру 

мақсатын  және  оны  ұйымдастыру  тәсілдерін  анықтайды.  Жағдаяттық 

диалогтардың тақырыбын белгілеуде төмендегідей  ұстанымдар басшылыққа 

алынады.  Сонымен,  тіл  үйренушілердің  сөздік  қоры  жинақталып, 

сөйлемдерді  құру  барысы  туралы  түсініктерінің  және  сөйлеу  дағдылары 

қалыптасады.  Ұсынылған  тақырыптар  күнделікті  өмірде  жиі  қолданылады. 

Тіл  үйренушілердің  үйренгенін  іс  жүзінде  қолдануына,  тілді  терең 

меңгеруіне ортаның әсері болады. Тақырыптар тіл үйренушілердің тілді оқып 

үйренуіне,  аударма  жасауына,  сауатты  жазуына  ыңғайланып  жеңілдетіп 


алынады.  Жағдаяттық  диалогтарды  құруда  тіл  үйренушілер  сұрақ  қоюға, 

жауап беруге, сөйлем құрауға машықтанады. 

Проблемалық жағдаяттар арқылы тіл үйренушіні өздігінен жұмыс істеуге 

үйретіп,  түсініп  оқу  және  онда  баяндалған  идеяларды  саналы  меңгеру 

шеберліктері мен дағдыларын қалыптастырудың маңызы зор. 

Сонымен қатар, қазақ тілін үйретуде проблемалық жағдаяттарды қолдана 

отырып  көрнекілік  құралдарды  пайдалану  оқытуды  ұйымдастыруға  септігін 

тигізеді.  Көрнекілік  тілді  оқыту  үдерісінің    қайнар  көзі  қызметін  атқарады. 

Тілді  оқыту  кезінде  көрнекілік  оқу  проблемаларын  қоюдың  және 

проблемалық  жағдаят  жасаудың  құралына  айналады  [6].  Жағдаят  құру 

жұмысында иллюстративтік көрнекілік-суреттер, диафильмдер қолданылады. 

Олар  тақырып  бойынша  табиғи  түрде  әңгімелесу  үшін  жағдаят  құру 

мүмкіндігін қамтамасыз етеді. 

Тіл  үйретуде  қолданылатын  жаңа  технолногиялар  проблемалық 

жағдаяттарды  арқылы  тіл  оқытуды  ізгілендіруге,  тіл  үйренушілердің 

өздігінен бағыт-бағдарын анықтап, дамуына, ең бастысы, өзін өзі тәрбиелей 

алатын тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасауға болатыны күмәнсіз. Осы 

негізде тіл үйренушінің белсенділігі, мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп 

табуы шығармашылығы қамтамасыз етіледі. 

Сонымен,  проблемалық  жағдаяттар  туғызу  мақсатымен  оқытушы  келесі 

жұмыс  түрлерін  қолданады:  қарама-қарсылық  тудыратын  проблемаларды 

анықтап,  тіл  үйренушілерді  оны  шешу  жолдарын  табуға  бағыттайды;  бір 

проблемаға  әр  түрлі  пікірлер  тудырып,  дәлелдеуге  көмектеседі;  тіл 

үйренушілер  туындаған  проблеманы  әр  түрлі  көзқараспен  шешуге  үйренеді 

(мысалы:  журналист,  заңгер,  дәрігер  рөлдерін  ойнаған  кезде  олар  талдау, 

салыстыру, дәлелдеу, проблемаларды шешу әдістерін іздестіріп үйренеді).  

Проблемалық  жағдаяттарды  қолдану  арқылы  оқыту  –  бұл  практикалық 

бөлімнің  іске  асуындағы,  тіл  үйретудегі,  тәрбиелік  және  дамытушылық 

тапсырмалардағы,  қорытынды  бөлім  кезіндегі  мақсатқа  жетудегі  тіл  үйрену 

үрдісін  ұйымдастыратын  негізгі  бөлім.  Сол  себепті  проблемалық 

жағдаяттарды  қолдану  арқылы  оқыту  тіл  үйренушілердің  білімдерін  әрі 

қарай  дамуына  әкелетін  маңызды  алғышарт  болып  табылады.  Тіл 

үйренушілердің  өзіндік  жан-жақты,  мәдени  және  шығармашылық 

дағдыларын дамытуда проблемалық жағдаяттарды қолданудың маңызы зор.  

Қазақ  тілін  проблемалық  жағдаяттарды  қолдану  арқылы  оқыту  тіл 

үйретудің  тиімді  жақтарын  қалыптастыруға,  коммуникативтік  және 

тәрбиелік мақсаттың іске асуын, үйретіліп жатқан тілдің дамытушылық және 

білімдік мақсаттардың іске асуына мүмкіндік береді.  

Қорыта айтқанда, белгілі бір халықтың, ұлттың тілін үйренуде өзге елдің 

өкілі  алдымен  сол  халықтың  тіліндегі  әлеуметтік  қарым-қатынас 

ерекшелігіне назар аударады. Тіл үйренуді қарапайым қалыпты (стандартты) 

жағдаяттарды білдіретін (амандасу, рақмет айту, кешірім сұрау, комплимент 

айту т.с.) диалогтар құрып, әлеуметтік белгілері бар сөздерден бастайды. Бұл, 

әрине,  диалогтың  жағдаяттық  типологиясының  байланыс  орнату,  қарым-



қатынасқа  ұйытқы  болу  тәрізді  өзіндік  қызметі  мен  ерекшелігіне 

байланысты.  

Проблемалық  жағдаят  арқылы  тіл  үйренушінің  қазақ  тілін  меңгеруге 

деген  қызығушылығын  арттыру  маңызды  мәселе.  Аталған  мәселені  шешу 

үшін  бүгінгі  тәжірибе  көрсеткендей,  тіл  меңгеру  үдерісінде  белсенді  оқыту 

формаларын  қолдану  керек.  Бұл  формалар  екі  жақты  біріккен  әрекетке 

жетелейтін  тіл  үйренушіні  тіл  меңгеру  үдерісінде  басты  субъект  ретінде 

қарастыратын,  ал  қазақ  тілін  меңгеру  үдерісінде  әрекетке  бағыттайтын  тіл 

меңгертудегі проблемалық жағдаят болып табылады.  

Проблемалық  жағдаятты  қолдану  арқылы  тіл  меңгеруде  тіл 

үйренушілер  айналасымен,  сонымен  бірге  қазақ  тіл  иесі  ортасымен,  

қоршаған  оқу  ортасымен  өзара  әрекет  ете  отырып,  тілдік  қатынасқа  түсуге 

дағдыланады. 

 

 



 

 

 



 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 



 

1

 



 Ерназарова  З.Ш.  Қазақ  сөйлеу  тілі  синтаксистік  бірліктерінің 

прагматикалық негіздері:фил. ғыл. докт. … дис.:10.02.02. –Алматы, 2001.-246 

б. 

2

 



 Скалкин В.Л. Обучение диалогической речи: пособие для учителей. 

 



Киев: Род. Школа, 1989. 

 156 с. 



3

 

 Күзекова  З.С.  Екінші  тіл  ретінде  қазақ  тілі  оқулығы  теориясының 



лингвистикалық  негіздері:  филол.  ғыл.  докт.  …  дис.:  10.02.02. 

  Алматы, 



2005. 

 307 б. 



4

 

. Ляховицкий М.В. Методика преподавания иностранных языков. – М.: 



Высшая школа, 1981. 

5

 



.  Бухбиндер  В.А.  Методика  и  психология  обучения  иностранным 

языкам. – М. Просвещение, 1991.  

6

 

.  Хусаинова  М.Ж.  Қазақша  сөйлесейік.  //  Әдістемелік  нұсқау  – 



Өскемен.: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Баспасы, 2007. 

7

 



.  Пассов  Е.И.  Основы  коммуникативной  методики  обучения 

иноязычному общению. – М.: «Русский язык», 1989. 

8

 

.  Мингозов  Э.Г.  Активизация  познавательной  деятельности  учащихся 



средствами наглядности. // Автореф. канд. дис. – М., 1969.  

   



 

 

 

                                               



 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет