Тіркеу нөмірі 204-ж Регистрационный №204-ж



жүктеу 13.26 Mb.
Pdf просмотр
бет32/53
Дата28.12.2016
өлшемі13.26 Mb.
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   53

М.Т. МАҒЗҰМОВ

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ., Қазақстан

ИНТЕГРАЦИЯНЫң ҒАЛАМДЫҚ ҮЛГІСІ

Мақалада  қазіргі  заманның  жаһандық  инновациялық  жобасы  –  Еуразиялық 

экономикалық одақтың (2015 жылдың 1 қаңтарынан) жұмыс істей бастауы және оның 

алғашқы қадамдары мен таяу болашақтағы алдында тұрған міндеттері жайлы сөз бола-

ды.

Түйін  сөздер:  геосаясат,  жаһандану,  интеграция,  инновация,  экономикалық 

кеңістік, Еуразиялық экономикалық одақ.

МОДЕЛь ГЛОБАЛьНОЙ ИНТЕГРАЦИИ

В статье рассматривается начальный этап функционирования (с первого января 

2015 года) Евразийского экономического союза – глобального инновационного проекта 

современности, его первые шаги и задачи на ближайшую перспективу. 



Ключевые слова: геополитика, глобализация, интеграция, инновация, экономи-

ческое пространство, Евразийский экономический союз.

MODEL OF GLOBAL INTEGRATION

The article considers the initial phase (from the 1

st

 January 2015) of the Eurasian Eco-



nomic Union – a global innovation project of modernity his first steps and tasks for the near 

future.


М.Т. МАҒЗҰМОВ. 2 (66) 2015. Б. 355-362  

 

 



 

 

                ISSN 1683-1667 



356

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

Keywords: geopolitics, globalization, integration, innovation, economic space and the 

Eurasian Economic Union.



Еуразиялық экономикалық одақты біз жаһандық байланыстармен етене 

жымдасқан, Еуропа мен дамып келе жатқан Азия ареалдары арасындағы берік 

көпір түріндегі ашық экономикалық қоғамдастық ретінде көреміз.

Ұзақ мерзімдік болашақта Еуразиялық одаққа балама болмайды.

Нұрсұлтан Назарбаев

Қазіргі жаһандану заманында әлемде не көп, жыл сайын, ай сайын, тіпті, 

күн сайын бірінен соң бірі туындап жататын жалаң идеялар көп. Сол идеяларды 

елеп-екшеп, сүзгіден өткізетін қоғамдық институттар да жетерлік. Әйтсе де оның 

көпшілігі жүзеге аса бермейді. Тіпті, соның оннан бірі әлем жұртшылығының 

игілігіне  жаратылатын  болса,  оның  өзі  де  қомақты  байлық.  Әлбетте  идеяның 

жүзеге  асуы  үшін  ұзақ  уақыт  керек.  Мысалы,  бүгінгі  Еуроодақ  идеясы  алғаш 

айтылған сәттен толық айы, күні пісіп-жетілген кезге дейін 60 жылға жуық уақыт 

өтіпті. Ал Еуразиялық одақ жөніндегі әңгіменің алғаш рет Қазақстан басшысы 

Н.Ә. Назарбаевтың аузымен айтылғанына 20 жыл ғана толып отыр.

Соған қарамастан, бұл өміршең идея осы уақыттың аралығында тек жалаң 

идея  күйінде  қалып  қоймай,  нақты  іс-әрекет,  жанды  қимыл-қозғалыстар  мен 

қадамдар жасай алатын мемлекетаралық құндылық пен қозғаушы күшке айнал-

ды.  Оның  басты  себебі  –  Еуразиялық  одақ  идеясының  о  баста  экономикалық 

интеграция  заңдылықтарын  мұқият  ескере  отырып  айтылғанында,  қоғамдық 

өмірге икемділігінде. Әйтпесе бұл бастама өзге мемлекеттер тарапынан қолдау 

таба алмаған болар еді.

«Осылайша бүгін XXI ғасырдың жаңа геоэкономикалық ақиқаты дүниеге 

келді.  Ол  үлкен  қиындықпен  құрылды.  Ашығын  айтайын:  біз  Еуразиялық 

экономикалық одаққа көп қиындықпен жеттік» [1], – деп атап көрсетті Н.Ә. На-

зарбаев одаққа мүше мемлекеттер басшыларымен кездескен сәтте.

Әлемде 200 интеграциялық бірлестіктер бар екен. Экономикалық аймақта-

ну интеграциялық үдерісі жер шарының әртүрлі өңірлерінде жүзеге асырылуда, 

соның ішінде 28 елді біріктірген – Еуропалық одақ, Оңтүстік Шығысы Азиядағы 

АСИАН,  Солтүстік  Америкалық  аймақтағы  НАФТА,  Оңтүстік  Америкадағы 

МЕРКОСУР  ғаламдық  экономикалық  ынтымақтастықта  елеулі  рөл  атқарып 

келеді. Енді міне, Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) заманымыздың 

инновациялық бірлігіне айналып, әлемдік санада берік негізге ие болғанын көріп 

отырмыз.

Жұмысын  2015  жылдың  1  қаңтарынан  бастаған  бұл  Одақ  халықаралық 

келісімшарт нышанындағы, белгілі бір ерекшелігі бар, халықаралық тәжірибені 

және  қатысушы  елдердің  ерекшелігін  үйлестіретін  аймақтық  бірлестік  болып 

ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР


357

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

табылады.  ЕАЭО-ның  тағы  бір  маңызды  артықшылығы,  Кеден  одағы  немесе 

Біртұтас экономикалық кеңістік сияқты құрылымдардың саяси элементтерінен 

мүлдем  ада.  Бұл  –  қатысушылар  үшін  нақты  пайдасы  бар  таза  экономикалық 

құрылым.  ЕАЭО  мынандай  негізгі  экономикалық  қағидаттарға  сүйенеді:  оған 

еуразиялық  кеңістіктің  ашықтығы,  дамудың  эволюциясы,  барлық  шешімдерді 

қабылдаудағы  тең  құқықтық,  экономикалық  прагматизм,  егемендікті  сыйлау, 

еріктілік жатады. Мұның бәрі де ЕАЭО шартында жан-жақты көрініс тапқан.

ЕАЭО ауқымдылығы және тереңділігі жағынан Еуропалық одақтан кейін 

екінші одақ болып табылады. ЕАЭО-ға қатысты институттық құрылымдар мен 

салаларды саралайтын болсақ, бұл Одақ – өңірлік интеграцияның толыққанды 

халықаралық  ұйымы.  Оның  аясындағы  мәселелердің  барлығы  елдердің  ортақ 

консенсусы  негізінде  жүзеге  асатын  болады.  Ал  егер,  Одақтың  өзегіне  келер 

болсақ, оның негізінде «4 еркіндік» жатыр. Олар: еркін сауда айналымы, қызмет 

көрсетудің еркіндігі, еркін капитал қозғалысы, еркін жұмыс күші.

ЕАЭО  «Қазақстан-2050»  Стратегиясын  жүзеге  асыруға  оңтайлы  орта 

қалыптастырып, тиімді жағдай жасай алады. ЕАЭО – өзінің мәні мен маңызы 

бойынша уақытында, яғни дер кезінде құрылған ауқымды ұйым. Осы орайда, 

бұл ұйым сыртқы әлемдегі барлық тәуекелге және елдер үкіметтері өздері үшін 

белгілеп, айқындаған барлық стратегияға жауап ретінде құрылды.

ЕАЭО-ның мақсаты – мемлекетаралық қарым-қатынастарда берік іргетас 

құру.  Тәуелсіз  еркін  елдердің  ертеңі  –  келешек  ұрпақ  қамы  мен  олардың 

жарқын  болашағы  үшін  игілік  көздерін  толықтыру.  Мұның  мәнісі  тереңде. 

Ортақ игіліктерді іске асырудағы біздің халықтарымыздың достығы мен бірлігі 

бәрінен де бағалы, бәрінен де қымбат. Ең бастысы, бізде жалпы еуразиялық мен-

талитет  қана  емес,  сонымен  бірге  ғасырлар  сынынан  өткізілген  туысқандық, 

экономикалық және мәдени байланыстар бар.

Қазірдің  өзінде  ЕАЭО-ның  тартымдылығы  әлемнің  40-тан  астам  елінің 

осы Одақпен еркін сауда аймағын құру туралы шартқа қол қоюы айғақтайды. 

Еуразиялық экономикалық интеграцияға арналған бағыт біздің елдің стратегия-

лық  таңдауы  екендігін  айрықша  атауға  болады.  Жаһандық  турбуленттік  жағ-

дайларда экономикалық интеграция объективті үрдіс және заңды құбылыс бо-

лып табылады. Бірде-бір ел экономиканы интеграциялаусыз дами алмайтындығы 

баршаға аян. Ал біздің экономика жаңа нарықтарды, сауда мен инвестициялар 

үшін кедергілерді жоюды қажет етеді. 

Болашақта  ЕАЭО  кейінгі  кеңестік  кеңістіктің  шекарасынан  асып  түсе 

алады.  Оның  құрамына  Қырғызстан  мен  Армения  ғана  емес,  Түркия,  Қытай, 

Үндістан,  сонымен  қатар  бүгінгі  күні  АӨСШК,  ШЫҰ,  БРИКС  шеңберіндегі 

интеграциялық блоктарды құрап отырған елдердің барлығы да кіруі мүмкін.

Бүгінгі  таңда  ЕАЭО-ның  Дүниежүзілік  сауда  ұйымына  кіруге  ықпалы 

М.Т. МАҒЗҰМОВ. 2 (66) 2015. Б. 355-362  

 

 

 



 

                ISSN 1683-1667 



358

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

бар  екендігі  белгілі.  Расында,  Дүниежүзілік  сауда  ұйымына  мүше  болудың 

артықшылығы  мол.  Оны  көрші  Қытай  мен  Қырғызстандағы  сауда-саттықтың 

жағдайынан  байқауға  болады.  Мәселен,  Қытайдан  Қазақстанға  тасымалдана-

тын сапасы бірдей тауардың бағасы көрші Қырғызстанда әлдеқайда арзан. Бұл 

– Дүниежүзілік сауда ұйымының шартында қарастырылған тиімділік. 

Қазақстанға аспан асты елінде өндірілген тауар үш түрлі жолмен енгізіледі. 

Біріншісі, Үрімші қаласының халықаралық сауда орталықтары арқылы Алматыға 

жеткізу,  екіншісі,  Қытайдың  ішкі  қалаларында  өндірілген  өнімнің  тікелей 

Қазақстанға «құрғақ порт» арқылы алыпсатардың қолына тиетін жаңа жолмен 

(жұрт айтып жүрген бір күндік сауда), соңғысы, кеңсесі Дубай, Түркия, Еуропа 

қалаларында орналасқанмен тауарын Қытайда өндіріп, Қазақстанға тасымалдай-

тын керуен жолы. Қай жолмен енгізілсе де Қытайдың бір фирмасында өндірілген 

ұқсас тауарлар саудаланып жатқанын байқаймыз. Сәулетті сауда сарайларында 

доллармен сатылатын тауарды кейбір жаймалардан болмашы ғана теңгеге алуға 

болады.


Егер Дүниежүзілік сауда ұйымына енсек, шетел тауары Қазақстанға бір-

ақ  жолмен,  яғни  аталған  ұйым  бекіткен  шартпен  ғана  кіреді.  Бұл  жағдайда 

алыпсатарлыққа ешқандай жол жоқ. Ал қазірдің өзінде сыртқы әлемге отандық 

кәсіпорындарда  өндірілетін  700-ден  астам  тауар  түрлерін  шығарып  саудалай-

тын Қазақстан үшін мұндай мүмкіндіктің берері мол [2]. Оның үстіне еліміздің 

Дүниежүзілік  сауда  ұйымына  кіруіне  ЕАЭО-ның  жол  ашатындығы  тағы  бір 

үлкен мүмкіндік.

ЕАЭО-ның жұмысындағы басты мақсаттардың бірі – көлік саясаты арқылы 

экономикалық  интеграциялануды  қамтамасыз  ету.  Соған  орай  қазіргі  уақытта 

Одаққа мүше елдердің көлік қызметтерін кезең-кезеңімен ырықтандыру шара-

лары  жүргізіліп  жатыр.  Бұл  жұмысқа  жауапты  Қазақстан  тарапы  көлік  саяса-

тын үйлестіру бойынша жаңа жоба жасап, оны жүзеге асыру шараларын зерде-

леуде. Ол жоба 2016 жылы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес деңгейінде 

қаралатын  болады.  Эуразиялық  экономикалық  одақтың  жұмыс  істей  бастауы 

бірлескен бизнес-жобалардың дүниеге келуіне оң әсерін тигізді. Атап айтқанда, 

контейнерлік тасымалды реттейтін ортақ операторлардың пайда болуымен, қайта 

өңдеу  терминалдарының,  яғни  бірлескен  көліктік-логистикалық  компаниялар-

дың қызметі дүниеге келді.

Ортақ  көліктік-логистикалық  компания  базасындағы  бірыңғай  көліктік-

логистикалық  жүйе  Қазақстан,  Ресей  және  Беларусь  елдерінің  транзиттік 

мүмкіндігін барынша ұлғайтары анық. Өз кезегінде Еуропа мен Азия арасын-

да  теңіз  жолдары  арқылы  тасымалданатын  жүкті  автожолдармен  жеткізетін 

баламалы  жүк  жолын  ұсынуды  көздейді.  Бұл  шара  Қазақстанды  Еуразияда 

транзиттік  аймаққа  айналдыру  бойынша  Мемлекет  басшысының  тапсырма-

ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР


359

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

сын  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  тудырады.  Нәтижесінде  теміржолдардың  жүк 

тасудағы  тиімділігін  арттыратын  осынау  жоба  ел  экономикасын  дамытуда  да 

үлкен рөл ойнамақ. Сонымен қатар еуразиялық кеңістік бағыттарындағы тауар 

айналымының  артуына  байланысты  жаңа  архитектуралық  дәліздер  қалыптаса 

бастайды.

Еуразиялық  экономикалық  одақ  жағдайында  дамып  отырған  Қазақстан 

кеңестік дәуірден кейінгі кеңістікте экономикалық қуаты жағынан екінші орын-

да  тұр.  Бүкіл  Орталық  Азияға  тартылған  шетелдік  инвестициялардың  70% 

республиканың үлесіне тиесілі. Жан басына шаққандағы ІЖӨ 600-ден 14 мың 

долларға дейін өсті. Қазақстанның экономикасы екі есеге ұлғайып, экономика-

ның өзіндік көлемі тұтасымен алған Орталық Азия өңіріндегі барлық елдердің 

қуатынан артып түскен [3].

Жұмыс қарқыны күн өткен сайын арта түскен ЕАЭО-ның жалпы пайда-

сы қандай деген сұрақтың туатындығы даусыз. Бұл ретте, біріншіден, ЕАЭО ең 

алдымен  қарапайым  адамдар  мен  олардың  мүдделері  үшін  құрылды.  Балтық 

теңізінен  Тынық  мұхитына  дейінгі,  Арктикадан  Тянь-Шаньға  дейінгі  орасан 

ауқымды  кеңістіктегі  орналасқан  мүше  мемлекеттердің  180  миллионға  жуық 

халқы бар 20 млн шаршы километрден тұратын территорияны қамтиды. Осын-

шама кең ауқымда жалпы құны 30-40 трлн долларға бағаланған әлемдік басты 

пайдалы кен көздерінің 25%-ы орналасқан. Бұған қосымша зерттелген пайдалы 

қазба қорларынан табиғи газдың 40%-ы, мұнай мен тас көмірдің 20-25%-ы, 25%-

ға жуық орман өнімдері және жыртылған жерлер мен тұщы судың 10-12%-ы бар. 

Екіншіден,  еуразиялық  құрлықта  ІЖӨ-нің  3,7  трлн  долларға  пара-пар  келетін 

жаңа орталық дүниеге келуде [4].

Ал  Қазақстанға  келер  болсақ,  әлемдік  көмірсутегі  қорларының  17%-ы 

бізде.  Яғни  жаңа  Одақ  табиғи  қор  молдығы  жағынан  аса  бай  халықаралық 

құрылым  болып  есептеледі.  Кейбір  сирек  кездесетін  пайдалы  қазбалар  біздің 

аймақтан басқа жерде мүлдем жоқ. Ал уран өндіруде, әлемге ядролық отын экс-

порттаудан тек Қазақстанның өзі ғана – дүниежүзілік көш бастаушы мемлекет. 

Сондай-ақ уран қоры бойынша біздің ел әлемдік үштіктің тобында. Үшіншіден, 

бізде  шетелдік  инфестициялар  ағымына  мүмкіндігінше  кеңінен  жол  ашылып, 

бірлескен жаңа кәсіпорындар салынып, бұрыннан жұмыс істеп тұрғандарының 

қуаты арта түседі. Төртіншіден, экономиканы әртараптандыруға және өндірістің 

жаңа салаларының дамуына орай нарықтық қатынастардың жоғарылауына бай-

ланысты іскерлік белсенділік айтарлықтай қарқын алады. Бесіншіден, заманауи 

жаңа нарыққа деген еңбек ресурстарының ұтқырлығы жоғарлайды. Алтыншы-

дан,  одаққа  қатысушы  елдер  азаматтарының  білімге,  ғылымға,  медициналық 

қызметтерге  қолжетімділігі  жеңілдеп,  шекаралық  әріптестік  пен  мәдени-

гуманитарлық байланыстар қарқыны арта түседі.

М.Т. МАҒЗҰМОВ. 2 (66) 2015. Б. 355-362  

 

 

 



 

                ISSN 1683-1667 



360

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

ЕАЭО-ға  енген  мемлекеттердің  тұрғындары  –  жүз  пайыз  орта  білімді 

азаматтар. Демек, мұндағы адам капиталы әлемдегі басқа одақтарға қарағанда 

әлдеқайда  сапалы.  Қаржылық  мүмкіндігіне  келсек,  2007  жылдың  тамызында 

АҚШ қор биржасында басталған дүниежүзілік дағдарыстан «теңселмей» шыққан 

елдер  –  осы  жаңа  одақтың  мүшелері.  Қазіргі  қысылтаяң  шақтан  да  ЕАЭО-ға 

біріккен  мемлекеттердің  еңсе  тіктеп  шығатынына  күмән  жоқ.  Қысқасы,  Одақ 

құрамындағылар «алақан жаюшылар» емес.

 Одақтың тағы бір артықшылығы – оған енетін мемлекеттердің XXI ғасыр-

ға лайықталып жаңартылған Ұлы жібек жолының бойында жатқандығы. Батыс 

Қазақстан – Батыс Еуропа Халықаралық транзиттік тасымал дәлізі осы одаққа 

енетін елдердің жерін басып өтеді. Яғни Одақ дамыған Батыспен қарқынды даму 

жолына түскен Азияны біріктіретін алтын көпір қызметін атқармақ. Сонымен 

қатар Одаққа біріккен мемлекеттердің болашақтың көшбасшысы Қытай Халық 

Республикасымен  саяси-экономикалық  байланысы  стратегиялық  әрептестік 

деңгейіне жеткен. Мұндай игілік әлемнің басқа одақтарының еншісіне әзірше 

тие қойған жоқ.

ЕАЭО-ға  мүше  мемлекеттермен  өзара  экономикалық  одақтасу  арқылы 

Қазақстанның  ішкі  алаңында  өндірістік  кәсіпорындардың  саны  артуда.  Атап 

айтсақ,  отандық  «КазАгроҚаржы»  АҚ  және  ресейлік  «Ростсельмаш»  компа-

ниялары  Көкшетауда  «Вектор»  комбайн  құрастыру  зауыты»  ЖШC  базасында 

«Vector410KZ» маркалы комбайндар құрастыруда. Оның жобалық қуаты жылы-

на 300 комбайн құрап шығуға жеткілікті. Германиялық «Функе» компаниясы да 

жылына 1 млн шаршы метр терезе профильдерін шығаратын кәсіпорынға 24 млн 

еуро инвестиция құйды [5].

«Қазақстан  темір  жолы»  «ҰК»  АҚ  тепловоздар  мен  электровоздар 

құрастыру  өндірісін  ұйымдастыру  бағыты  бойынша  француздық  «Alstom» 

және  ресейлік  «Трансмашхолдинг»  компанияларымен  бірлесіп,  құны  50  млн 

еуроға  бағаланған  екі  секциялы  электровоздар  шығаратын  зауытты  сәтті  іске 

қосты. Сонымен қатар Жамбыл облысында «Кешенді минералды тыңайтқыштар 

шығаратын зауыт құрылысы және фосфорлы бассейн кен орындарын әзірлеу» 

берлескен  инвистициялық  жобасы  жүзеге  асырылуда.  Қуаты  1  млн  тоннаға 

жуық  фосфорлы,  азотты  және  кешенді  минералды  тыңайтқыштар  шығаратын 

кәсіпорынға 356,5 млрд теңге инвестиция тарту көзделген. Бұлар елге тікелей 

инвестиция әкелу мақсатындағы жасалып жатқан жобалар.

ЕАЭО  құрамындағы  мемлекеттердің  өзара  бірлесе  іске  асырып  жатқан 

жобалар  да  күн  өткен  сайын  қарқын  алуда.  Олардың  қатарындағы:  «КамАЗ» 

маркалы  автотехника  өндірісі  (құны  330  млн  теңге);  ШҚО  автомобильдер 

өндіретін толық циклді зауыт құрылысы (жылына 120 млн авто); Қарағандыдағы 

фармацевтикалық  препараттар  өндіру  жобасы;  Қостанайдағы  «Агромаш  Хол-

ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР


361

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

динг»  пен  «Госельмаш»  кәсіпорындарының  комбайн  шығару  кәсіпорны  және 

«ҚазБелАЗ»  БК»  ЖШС  базасында  «БелАЗ»  карьерлік  және  шахталық  техни-

касын шығару кәсіпорындарының өнімдері Одақ аясындағы елдердің игілігіне 

айналып  отыр.  Бұлар  Қазақстанда  шығарылып,  экономикалық  қауымдастыққа 

мүше мемлекеттер арасында қызмет көрсететіні белгілі.

Интеграциялық  одақтың  жұмыс  істей  бастаған  шағында  өзгеде  жоқ,  тек 

Қазақстанда ғана бар, ал әлем бойынша бәсекелесі санаулы ғана бірегей өндіріс 

ошақтары республикада аз емес. Солардың бірі – мойынтіректер мен тегершіктер, 

тісті доңғалақтар элементтерін шығаратын «Степногор мойынтірек зауыты» АҚ. 

Рельстік көлікке арналған роликті цилиндрлік мойынтіректер өндірісімен айна-

лысатын бұл кәсіпорын өнімнің 100%-н Ресейге жөнелтеді. «КазАрмаӨнеркәсі-

бі» ЖШС мен «Өскемен арматура зауыты» АҚ мүшелері мен вентильдері, Алма-

ты облысындағы «Қайнар-АКБ» ЖШС мен «Zhersu power» ЖШС батареялары 

мен  аккумуляторлары  отандық  озық  өнімдер  санатында  есептеледі.  Бұлардың 

өнімдері әлемдік нарықта да жоғары сұранысқа ие болып келеді.

ЕАЭО-ның  болашығы  туралы  сөз  еткенде,  Елбасы  атап  көрсеткендей, 

бүгінгі  күні  өзара  іс-қимылымыздың  кем  дегенде  15-20  жыл  алға  жетелейтін 

алыс көкжиекке көз тігуіміздің қажеттілігі айтылады. XXI ғасырдың алғашқы 

жартысында  Қазақстанның  алдында  екі  маңызды  мәселені  шешу  міндеті  тұр. 

Біріншіден, әлемнің аса маңызды экономикалық макроаймағына айналып, Шы-

ғыс пен Батыстың, Еуропа мен Азияның «экономикалық көпірі» болатын сапаға 

қол жеткізу арқылы бәсекелестікке қабілеттілігімізді арттыру. Екіншіден, әрбір 

мүше мемлекетті әлемнің барынша дамыған елдері қатарына енгізуді қамтамасыз 

ету. Еуразиялық экономикалық одақ халықтарымызға ауыртпалық емес, игілік 

бола білуі керек. Президент Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей: «Біз тек осын-

дай жолды ұстана білсек қана еуразиялықтың тартымдылығын арттырамыз және 

оның айқын мақсаттарына деген күмәнді біржолата жоятын боламыз» [6].

Қорыта  келгенде,  әлем  әлі  де  толықтай  айыға  қоймаған  жаһандық 

қаржылық-экономикалық  дағдарыс  планетаның  түрлі  бөліктерінде  өңірлену 

үдерісін жеделдеткені белгілі. Осыған орай, өткен жылдың 28 сәуірінде Мәскеу 

қаласындағы  М.В.  Ломоносов  атындағы  мемлекеттік  университетте  ресейлік 

ғалымдар мен жастар алдында дәріс оқыған Н. Назарбаев бұдан 21 жыл бұрын 

идея  ретінде  айтылған,  осы  уақыт  ішінде  сыналу,  талдану,  байқап-бағамдау 

кезеңін басан өткерген бастаманың болашағы туралы әңгімелеген болатын. 2050 

жылға қарай одақтағы әріптес елдерге әлемдегі интеграциялық бірлестіктердің 

көшбасшысы  үштігінде  болуға  ұсыныс  білдірді.  Кеше  Кеден  одағы  болып 

басталған, бүгінгі үш тағанды Еуразиялық экономикалық одақтың ертең ауқымы 

барынша кеңейіп, әлем елдері қызығушылықпен қарап, бағалайтын бірлестік бо-

латыны күмәнсіз. Демек, экономикалық мүдделестік танытып, өзінің мәдениетін, 

М.Т. МАҒЗҰМОВ. 2 (66) 2015. Б. 355-362  

 

 

 



 

                ISSN 1683-1667 



362

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

тілі мен ділін сақтап, тәуелсіздігін тұғырынан тайдырмайтын Қазақстан бұдан 

ұтылмайды.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Назарбаев. Н. Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы шартқа қол қою 

рәсіміндегі сөйлеген сөзі. – Егемен Қазақстан. – Астана. – 2014. – 30 мамыр.

2. Егемен Қазақстан. – Астана. – 2014. – 30 мамыр.

3. Казахстанская правда. – 2014. – 7 маусым.

4. Казахстанская правда. – 2014. – 7 маусым.

5. Егемен Қазақстан. – 2015. – 7 қаңтар.

6. Егемен Қазақстан. – 2014. – 30 мамыр.

REFERENCES

1.  Nazarbaev  N.,  Eurazialyk  jekonomikalyk  odakty  kuru  turaly  shartka  kol  koi 

racimindegi coilegen cosi. Egemen Kazahkstan. Astana. 2014, 30 mamyr (in Kaz).

2. Egemen Kazahstan. 2014, 30 mamyr (in Kaz).

3. Kazahstanskaya pravda. 2014, 7 mausym (in Russ).

4. Kazahstanskaya pravda. 2014, 7 mausym (in Russ).

5. Egemen Kazahstan. 2015, 7 kantar (in Kaz).

6. Egemen Kazahstan. 2014, 30 mamyr (in Kaz).

ӘОЖ 334.01

Т.А. МАШБЕКОВА, Ж.Б. КИНАШЕВА 

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ., Қазақстан

ШАҒЫН БИЗНЕСТІ ДАМЫТУДЫң ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ

Мақалада  шағын  бизнесті  дамытудың  шетелдік  тәжірибесі  қарастырылған. 

Дамыған елдер мен Қазақстанның шағын кәсіпкерліктегі макрокөрсеткіштерінің салы-

стырмалы талдауы берілген.



Түйін сөздер: бюджет, шағын бизнес, кәсіпкерлік, экономика, нарық, инкубатор.

ЗАРУБЕЖНЫЙ ОПЫТ РАЗВИТИЯ МАЛОГО БИЗНЕСА

В статье рассмотрен зарубежный опыт развития малого бизнеса. Сделан сравни-

тельный анализ макроэкономических показателей развития бизнеса в Республике Ка-

захстан и развитых странах.

Ключевые слова: бюджет, малый бизнес, предпринимательство, экономика, рынок, 

инкубатор.

FOREIGN EXPERIENCE OF RAZVITI OF SMALL BUSINESS

In article foreign experience of development of small business is considered. The com-

parative analysis of macroeconomic indicators of development of business in the Republic of 

ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР


1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   53


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет