Титулы cdr



Дата18.11.2023
өлшемі137,61 Kb.
#124542
түріРеферат
Байланысты:
Өмірзақов Нұрдәулет психология реферат



Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігі əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті








РЕФЕРАТ


Тақырыбы: Конфликтіні шешудің психотехнологиялары
Орындаған:Өмірзақов Нұрдәулет
Тексерген : Жолдасова М.K

Негізгі бөлім.



  1. Конфликт.

1.1. Конфликт туралы қысқаша сипаттама.
Конфликт (лат. тілінен – қақтығыс) А. А. Урбановтың тұжырымы бойынша: бәсекелестіктің түбіндегі қарама -қайшы ойлардың қақтығысуы (мақсаттың, ұстанымның, көзқарастың) түрлі өткір эмоционалды толқулармен байланысты өзара түсініспеушіліктің болуы.
Конфликті жағдайдың жағымды жақтары:

  • Көптегн мәселелердің шығуына, олардың шешілуіне көмектеседі

  • Іс- әрекеттіңтиімді жолдарынның пайда болуына

  • Кейде ұжымныңсыртқы қысымдарға бірігіп қарсылық көрсетуіне себеп болады.

Кері жақтары:

  • Әлеуметтік психологиялық климаттың нашарлауына алып келеді

  • Адамның жүйке жүйесінеәсер етіп, күйзеліске ұшыратады.

  • Көптегн адамның тікелей жұмысындағы міндетін орындауда көлінің бөлінуі.

Сондықтан, конфликт – бұл кездейсоқ күрделі және қарама – қайшылық тудыратын психологиялық құбылыс.
Конфликттің негізгі құрылымдық компаненттері: конфликт объектісі, конфликт мүшесі (оппонент), конфликтті жағдай, инцидент (қақтығыс).
Ең кең таралған деп М. Дайчпен ұсынлған конфликттің типологиясын қарастырайық.
1. Шынайы жанжал. Бұл «объективті өмір сүретін және адекватты қабылданатын» жанжал.
2. Кездейсоқ не шартты жанжал. Жанжалдың бұл түрінің өмір сүруі «екі жақты мойындалмайтын немесе игерілмеген жеңіл өзгеретін» жағдайларға тәуелді.
3. Ауыстырылған жанжал. Мұнда, «анық жанжал» айтылады, оның артында қандай да бір басқа, латентті жанжал жатыр.
4. Қате тіркелген жанжал. Бұл «қате түсінген екі жақтың нәтижесі ретінде» яғни қате талданған мәселелер бойынша болады.
5. Жалған жанжал. Бұл «объективті себептердің» болмаған кездегі жанжал жағдайы, соңғысы тек қабылдаулар мен түсіндірулердің қате болғанында ғана орындалады.
1.2. Конфликтті шешу жолдары.
Конфликттің пайда болу ағымы және шешілу жолдары.
Конфликт ағымы туралы айтқанда, конфликт қатысушылыадан басқа мінездемелерден жеке сыртқы жағдайлармен анықталады. Ол сол ортада пайда болып, дамиды.
Конфликт процесінің шарттары:

  • уақытша кеңістігі (кикілжіңнің шешілу мекені, уақыты, жағдайы)

  • әлеуметтік – психологиялық (кикілжің топтың климаты және олардың өзара қатынасы, конфронтация деңгейі сонымен қатар крнфликт мүшелерінің қал - жағдайы).

  • Әлеуметтік (түрлі әлеуметтік топтардың: жыныстық, отбасылық, кәсібилік, этникалық) және т.б. мүшелердің қатысы.

Конфликті жағдайдың көрінісі- бұл конфликт мүшелерінің қарама- қарсы жақ пен конфликт ортасына деген жеке өзіндік көзқарасы.
Конфликт мүшелерінің мүмкін іс- әрекеттері:

  • мінез- құлықтың «с- әрекеті (шабуыл, қорғану, бейтараптық)

  • іске асуының деңгейі (активті – пассивті, ынталылығы т. б.).

Конфликттің шығу мүмкіндігі:

  • біреудің толық немесе жартылай бағынуы

  • ымыраға келуі (компрамисс)

  • конфликтті іс- әрекеттің үзілуі

  • интеграция және т.б.

Конфликтті шешу мынандай жағдайда мүмкін:

  • Конфликтінің объективті жағдайының өзгерісі

  • Конфликтті жағдайдың үзіліп барып, жалғасын тап кезде

Конфликтінің «Томас торы» бойынша шектеу жолдары.
К. Томастың айтуы бойынша конфликтіні бақылау мен басқарудың 5 негізгі әдісі:
1. Жарысу (бәсекелестік);
2. Бейімделу;
3. Компромисс (ымыраға келу);
4. Қашу;
5. Одақтасу.
Аталғандардың әрқайсысын жеке қарастырайық.
Жарысу – жылдам шешім қабылдауды және өзндік жол таңдауды қажет етеді. Ол мынадай жағдайда пайдалы:

  • конфликтіден кету өте қажет еткенде;

  • өзіңіздің беделіңіз жоғары және билігіңіз болғанда

  • өте қиын тұғырыққа тап болғанда;

  • ешқандай амал- тәсіл болмағанда.

Бейімделу мынандай жағдайларда тиімді:

  • біреуге жол бере тұра, өзіңіздің ештеңе жоғалтпайтыныңызды білгенде;

  • қалыптасқан жағдайды жұмсарту керек кезде;

  • шығатын қорытындының өзіңізден гөрі басқа тұлғаға қажеттігін түсінде;

  • шындық сіздің жағыңызда болмағанда.

Компромисс – бұл өзіңіз бен екінші тұлғаның қажеттіліктері ескерілгенде болады.

  • екі жақтыңда билігі тең және олардың белгілі бір мақсатқа жетудегі өзара ортақ шешім қабылдауы;

  • уақытша немесе тез арада шешім шығаруда;

  • басқа амалдар тиімсіз болғанда;

  • өзара қатынасты сақтап қалу үшін ымыраға келу.

Қашу мынандай жағдайларда тиімді:
- қозғалған мәселенің сіз үшін маңызды емес кезінде;

  • өзіңіздің кінәлі немесе кінәсіз екеніңізді түсінгенде;

  • әлсіз әріптесіңізбен сөйлескенде;

  • белгілі бір шешім тапқыңыз келіп тұрады, дегенмен таба алмаған жағдайда;

  • қозғалған мәселе бойынша мәлімет жеткіліксіз болғанда.

Одақтасу немесе бірігу мынандай сәттерде тиімді:

  • мәселенің шешілуінің екі жаққа да өте қажет болғанда;

  • өзара өте тығыз қарым – қатынста болсаңыз;

  • мәселені шешуге уақытыңыз болғанда;

  • екі жақтың билігі болғанда.

Конфликт ол қарама –қарсы бағытталған қақтығыс, бір –бірімен сәйкес келмейтін тенденциялар, ой –пікірлер, жеке алған индивидтің саласындағы қатынастардың қақтығыстары болып табылады.
2. Саяси конфликт.
2.1. Саяси конфликтілердің шешілуі.
Саяси даудың динамикасы, кез – келген басқалары сияқты, әмбебапты кейбір сатылардан тұрады (қарама –қайшылықтың жасырын пісіп жетілуі, шиеленісушілік, эскалация және шешілуі). Әйтседе саяси қарсылықтың орталық сәті, әрқашан элитаның билік үшін күресі.
Саяси элиталар арасындағы және олардың ішкі билік үшін күресі, жалпы алғанда қарапайым нәрсе. Демократиялық жағдайда ол интегралды функцияға ие, себебі басқа жеке қоғамның рационалды қадағалануына әкеп соқтырады. Ол қоғам мен мемлекетті кризиске нмесе құлдырауына әкеп соқтырады. Егер билік басқарылымы компаннтсіз болса, немесе қоғамдық топтардың осы күреске деген ешқандай әсері болмаса. Мұндай саяси конфликттерге, саяси партияларда қатыстырылса, басқа саяси субъектілер және қоғамның саяси жүйелеріне құлдырау қаупі тұрды.
Басқарушы және басқарусыз топтардың арасындағы және ішкі конфликттерінің зардаптары, олардың демократиялық даму сатысына байланысты. Биліктің бөлінуі және парламентаризмнің бай дәстүрі бар жерде, саяси мәдениет жоғары және ұлттық немесе діни қарама- қайшылықтар жоқ болса, бұл елдерде мұндай конфликттер ең басты рационалды ымыралы жолмен шешімін табады. Оларда биліктң бір саяси топтан, келесіге өтуі немесе ауысуы қоғамның күйзеліссіз өтеді. Мұндай тәжірибесі болмаған елдерде, әр түрлі фракциялар арасындағы конфликт әскри іс- әрекетті есіңізге түсіреді. Парламенттік қақтығыстар көшеге ауысады. Билік зорлық зомбылыққа жүгінеді. Саяси биліктің мұндай түрі істі азаматтық соғысқа әкеп тірейді. Мұндағы кейбір елдердің жеке ірі партияларында өзіндік әскери немесе қаруланған отрядтарының болуы (немесе болғандығы) ерекше қауіп туғызады. Әрине, бұл конфликтті жақтаушы партиялар мен билік арасында, «көшеге» ауысқан конфликтіде, оның артында тұрған саяси элиталар жалған элиталар қарсы бейбіт қарым – қатынас бола алмайды.
2. 2. Конституцияның ролі.
Саяси конфликтілерді шешудің заңды түрі, конфликтіекені бәрімізге белгілі. Кейде, әсіресе қоғамның сапалы жаңа жағдайға ауысқанда, оны қайта қарастыру қажеттігі туады.
Әйтседе, конституциялық реформа өткізуде, кейбір қиыншылықтар туады. Жекелегенде, оны экономикалық жүйеде түбегейлі трансформация жасамауды ұсынады. Істің беделдігі әуел бастан құқыққтыққ сенімділікті талап етеді, сондықтан конституция трансформация басталғанға дейін қабылдануға тиіс.
Егер халық заң шығарушы және бақылау органдарына сенімін артса (конституциялы сот сияқты), ал конституция мамандандырылған көпшілікпен мақұлданса, онда жекелеген топтарға тарнсформациялау жолын бұрмалауға (өз пайдасына қарай) немесе жаңа жүйеге ескі жеңілдіктерін кіргізіп қоюға жол берілмейді. Конституциядағы жаңа экономиялық жүйе бұған кепіл бола алады.
Экономикасына өзгерту енгізіп жатқан елдерге, әрине, қоғам мен мемлекеттің арасындағы заңды бекітімнің маңызы зор, сондықтан конституцияда мемлекеттің экономикаға араласуының шекарасын анықтап алу қажет.
Конституцияның экономикалық теориясының өкілдері, Нобель сыйлығының лауреаты Дж. Бьюкеннің көзқарасы негізінде, осыған байланысты ұсыныстар тізбегін жасады: жекелегенде, мемлекеттің экономикадағы шектелген үлесін конституцияда қадағалау, мемлекеттің борышын және салық салу шекарасын анықтау. Бағаның құрылуына және субвенцияның белгілі бір тәжірибелеріне араласуға тыйым салуда ерекше орында. Және мелекеттік меншіктегі өндірістік өнімнің шығарылу көлемі де шектеулі болуы мүмкін. Мұндай шектеу қоюдың қаупі, конституцмямен адағаланатын мақсаттар қол жетпес болуы мүмкін, Мұндайда конституция шындыпен байланысын жоғалиады, бірте- бірте өз күшінде жоюы мүмкін. Бұдан қашу үшін, конституцияы өз кезінде мақсатты түрде «Трансформациялық талаптар» мен толықтыру керек, бұл конституцияда жаңа жаңа экономикалық жүйе орнатылғанша болатын шара.
Мұндай трансформациялық бағдарлама нарықтық қожайындықта барлық элементтерді қажает ете білуі қажет, конституциямен қадағалап бағындырады және саяси бәсекелестікке жетілмегендік қаупі барларды: ең бірінші мүліктен кірген кірісті қайта қарастыруға байланысты элементтер жатады. әсіресе осы жерде саяси теңсіздіктің пайда болу қаупі зор, себебі қатыгез қақтығыстар, әрине меншікті бөлу немесе қайта бөлу кезіде пайда болады. Егер трансформациялау бағдарламасы мамандандырылған көпшілікпен қабылданған болса, онда ның жабылып қалу мүмкіндігі аз. Осының арқасында, саяси конфликтілер құруға ұмтылып жзатқан экономикалық жүйенің рамкісінде болады, бұл жүйенің өзі таңдаған жолына түсуге жол берілмейді.
Ұсынылған стартегияның артықшылығы халықтың сенімін жаулау көзқарасынан алғанда өте мол. Ең негізгісі, саясаткерлкер әр түрлі топтар ызығушылығы бойынша көрсететін қысымнанан арылады. Трансформацияның саяси институттары о, бастан конституциямен қорғалғандықтан, олар «ауыспалы» болмайды, саясаттың тұрасыздығына бағынбайды, және осының арқасындла тұрақты фактор болады. Әрине, тарнсформация, тіпті конституциямен қорғалған болса да, өткір мәселелерді шеше алмайтынын жасырмауымыз қажет. Кейбір елдерде конституция жоғары ықпалдылыққа ие, тіпті болашақ заң жүйесінде біріккен болмаса да. Ал кейбір елдерде керісінше, заң ағаз жүзінде ғана, және ол тоқтаусыз бұзылады. Осылайша, кез келген мәселенің конституциялық жолмен шешілуі әр елде әр түрлі. Дегенмне конституциялық норманың ықпалдылығы тәжірибеге байланысты болғандықтан, кейбір шығысеуропалық елдер, Ресейдің кейбір тәжірибелері бар болғандықтан, иұндай мәселелер шешімін табады.

Конституцияның экономикалық теориясының пайымдауынша, тұрғылықты саяси реформамен процестің атысушыларының барлығы, тек егер ешкім осыған байланысты жағдайдан бұғып қала алмайтын жағдай қамтамасыз етілсе ғана келіседі. Бұл тұрғыда осы теорияны ұсынушылар конституцияны оны абылдауда квалификациялы көпшіліктің болу принципін талап етеді., мұндай әдісті қолайлы деп санайды. Бірақ мыаныда көзден таса алмаған жөн, жаңа конституцияға дауыс жинау, өмірге стратегиялық әрекеттің мүлдем басқа түрін әкелуі мүмкін. Әсіресе, аз топтар өздерінің шексіз талаптарын алдыға тартқанда, ондай болмаған жағдайда өз келісімдерін бермейміз деп сес көрсетеді. Егер осы себептен бір ауыздықтан бас тарту керек болса, онда бұл топқа өз еркінсіз жаңа ережеге бағынуы керектігін көрсетеді. Бұл мәселені мынандай жолмен шешуге болады, ауызбіршілік ережесі тек


өкілетті органдарға қатысты болу, бұл оганның мүшелеріне шешімнің нәтижесінен ешқандай да бір материалды бағыныштылық болмасын.
Либералды демократиялы дамыған қоғамдарда саяси элиталар арасыдағы және ішкі конфликтері жиі болып тұрады әдәс-тәсіл жетіспеушілігінен, демагогиядан, алдауға және қастыққа жүгінеді, сондықтан саясат мораль және адамгершіліктен алыс және оға қарама-қайшы десе де болады. әйтсе де, дамыған либералды деократиялық қоғамның, саяси элиталарының қоғамдағы дәрежесі мен, социалистік қоғамдағы саяси элитаның дәрежесііғ арасындағы үлкен айырмашылық, біріншісі қоғаммен қатаң қадағаланады.
Жеке меншікті мемлекет пайдасына алуды жеңіп шығу үшін байсалды негіз қалау және мемлекет өкілеттілігі ен халақ арасында сенім атосферасын орнату, тіпті тұрақты қоғам жағдайында да өте қиын. Конституцияға бағыну дәстүрлі ерекше рөлде, бірақ кез келген Конституция құқықтық жүйемен толықтырылуы керек, нақтылы жағдайға жауап беретін және халықтың басым көпшілігінің қолдауын белсенді пайдаланатын.
Конституция негізгі саяси институттың міндетіне анықтық енгізеді. Әйтсе де оның құрылымы салық төлеушілер үшін тым күрделі болауы және ауыртпалықты болмауы керек. Мүмкін мемлекет қолындағы меншік көлемі шектеулі де шығар.
Коституциядағы тіркелген мақсаттардың қол жетпестігі де, қауіп туғызады. Мұндай да саяси теңдік жойылады, бұзылады.
Жекелегенде мүліктен кіретін кірісті қайта бөлу кезінде, конкуренцияға байлаысты, жағдай шиеленісіп кетуі үмкін. Мұндай жағдайда саясаткерлерге қысымына арылу қиынға түседі, оларға әр түрлі қызығушы таптар қысым көрсете бастайды.
Басты мәселе әр түрлі елдерде, әсіресе саяси және экономикалық дамыған елдерде Конституция жиі бұзылады, бұл мемлекет билігін едәуір әлсіретеді.
Халық және элита арасындағы, элита топтары арасындағы конфликттер конституция рамкасы ішінде қалуы үшін, қоғам үшін қайталанбас қайталанбас зардаптарға әкелінбес үші бірнеше шарттың орындалуы қажет:
- халықтың саясаткерге және саясатқа деген парасатты сенім базисін құру;
- профессионалды сапа проритеті, билік органдарының қалыптасуындағы ұлттық белгілер емес;
- демократиялық (қоғамдық) ұйымдар биліктің ауысуын және әрекетін бақылайды;
- экстремистік (ұлттық, діни) ұйымдардың немесе қозғалыстардың әрекетін тоқтатпай, кесу;
- азаматтық қоғам институтыың жетілдіруі және өзіндік толерантты көпқырлы байланыстар, жетілдіруді қолға алу.
2. 3. Саяси конфликтілерді шешудің басқа тәсілдері
Саяси конфликтілерді шешу тәсілдеріне келетін болса онда олар жетерлік. Таңдау конфликтің субъектілігіне, оның орны мен уақытына байланысты. Кейбір жағдайда келісімге келу үшін референдум механизмдерімен және таңдауларымен байланысты, ал басқаларында ол указдар, декреттер, бұйрықтар атқарушы билік қаулыларымен немесе парламенттің арнайы қабылданған заңмен қамтамасыздандырылады. Конфликт шешу формалары күшпен (қысым мәжбүрлеу) болуы мүмкін, немесе зорлық-зомбылықсыз (консенсус немесе компромисс) ымыраға келу.Бұл фактіні саналы түрде түсіну керек, көптеген адамдар үшін тарих жиі ұстаз немесе сабақ бола алмады және жаңа ұрпақ тарихтың ең қараңғы жылдарынан қорытынды жасай алмады. Қазіргі таңда Ресейде ішкі саяси конфликттерді бейбіт жолмен шешу өте маңызды. 
3. Халықаралық конфликт.
3.1. Халықаралық конфликтердің шешілуі
Дұшпандық және зорлық –зомбылық шешуші болмаса да басты рөлдерде болатын халықаралық конфликтті шешу өте күрделі. Мұндай жиі кластың және топтың, ұлттың, территориялық және басқа да істер шиеленіскен. Күреске көптеген әр түрлі түрдегі үкіметтер және жеке ұйымдар, қоғамдық қозғалыстар тартылады.
Соңғы он жылдықта халықаралық конфликт түсінігіне елеулі өзгерісиер енгізілген.
Қарама -қайшылықты әрқашан өзара қабылдауға болатын және барлығын қамтитын тәсілдермен, бейбіт шешіммен байланысты, амал табуға болады деген идея пайда болды және кең тарады.
Әйтсе де әлемдік тәжірибе жиі керісінше істерге куә. Бұл тұрғыда НАТО –ның Югославияға қарсы(1999ж) әскери акйиясын айту да жеткілікті. Соған қарамастан идея конструктивті түрде зорлыққа жол бермейді және кофликтология теориясының дамуына пайдалы, практикалық мақсатта , себебі ол әлемдік бейбіт шешімді ынталандырады.
Бейбіт шешім әдісін таңдауда қарама-қайшылықты анықтап алған жөг, себебі онымен белгісізден гөрі басқару жеңіл болады. Сонымен қоса, әрқашанда қарсыласыңды (басқа да конфликт мүшелерін) қарап алуға ұмтылу керек, партнер ретінде, жойып жіберуге жататын дұшпан ратінде емес. Сонда екі жақтағылар, қауыпсіздікті тек қана қарсыласқан жақтың қауыпсіздігі қамтамасыз етілген болса ғана толық болатынын түсінеді.
Халықаралық конфликті шешудегі жаңа айырма екі негізгі амалдың «ажырауы».
Дәстүрлі - конфликттің негізінде жатқан қарама- қайшылықтарды шешумен байланысты, әлемде болып жатқан өзгерістер мен социалды теориямен келіседі. Екінші амал соңғы жылдарда жасалған. Ол «әлемді жасау» идеясымен байланысты, әлемді жаратуға бағытталған, сонымен қатар (тар мағынада) қаруланған конфликттің мүмкіншіліктері шектеуге арналған.
Әлем жасау методының, қаруланған конфликттің мүмкіншілігін шектеуге бағытталған, өзіне тұрақты біріктіруші бастамаларды, ізденісте және конфликттен құтылу тәсілдерін институционалдық дамытуды көздейді. Бұл амал әсіресе боламақта халық пен мемлекет қатынасының типтерінде перспективті. Жекелегенде бұл байқаудан өтті (Боснияға әскер кіруі, Абхазия және Оңтүстік Осетияның кескілескен екі жақтың бөлінуі, Кипрдан гректік және түріктікк бірлестіктер және т.б) салыстырмалы болса да өзінің тиімділігін көрсетті. Біріккен басқаруға келетін болсақ, онда басты мәселе әрқашан барлық жақтың келісімінің қажеттілігін көрсетеді.
Конфликті жағдайда өз уақытылы әсер ету кризистің пайда болуының алдын алады. Осылайша, 70-80 жж бас көтерген конфликтер қатары, жеке мемлекеттер арасындағы (Армения, Азербайжан, СССР, Прибалтика), өз уақытысыда әр түрлі жолдармен және әдістермен жұмсартылуға болар еді. Билеуші топтың арсеналында мұндай айлалар болды, бірақ пайдаланылмады, «сақтауға қойылған клападардай».Осылай конфликтті жағдайды жалған ақпарат шиеленістіріп жіберді, демология, өсек т.б.
Әйтсе де соңғы екі онжылдықта, кез келген халықаралық құқық сақтау ұқсастығы тек құрылым ішінде ғана іске асады.
Мемлекет күшін пайдалануға рұқсат ететі, сонымен қатар жүргізушілерді де, әрқашанда шашуші әрекетке дайындалдырды.
Ашық араласу актісін демонстрацмялаған АҚШ (Иран, Панама, Сомали және т.б), Тазаня (Уганда), Түркия (Кипр), Вьетнам (Камбоджа) т.б.
Қауіпсіздік кеңесі әлем өлкелерінде легитемдікке жол бермейді. германия, Жапония және Үндістан сияқты ірі державалар, халықаралық қауыпсіздікке ықпалы мол, солар оың тұрақты мүшесі болады.
Африка және Латын Америкасы сияқты толық континенттер. Бұл екі екі континеттің Кеңестегі жүргізушілері емес.
АҚШ тұрақты мүшелердің дәрежесі тек мемлекет шешуін талап етеді, қаржылай қажеттілікті беруге әзір, демек өз стратегиялық одақтастарына. Есеп Германия мен Жапония қатысуында әлем жарату операциясы қалай құрылса, солай қаржылай төлемнің басқа ірі державалар тарапынан ұлғаюы.
Егер күш қолданудан қаша алмайтын болса, АҚШ және оның одақтастары ұлы державаға және НАТО-нығ әскери блоктарына сенім артуды ұсынады, ал БҰҰ-на емес, күшті мемлекеттерге өкілдік беру, өз қызығушылықтарымен, мәжбүрлікпен қамтамасыздандырылған әлемдік ұйымның шешімі.
Ұлы державалар барлық шешімдерге осындай акт шешіммен араласпайтын болар деп сенеміз. Әлем, ондай болса бірден планетаның әр түкпірінен тоқтамайтын толқындармен қақтығысуына тура келеді, максималды сатыдағы сұхбатқа үміттене отырып, дәнекерлік және гуманитарлық көмек.
Татуластыққа және еңбектенуге қанша жерден державалар жетекшілігі керек болса, олрға ішкі ықпалы және толық түсіндермелі формальдық және ресмилік әсер етеді. Мұндай әрекеттер түрімен саяси көшбасшылар, бұрынғы елшілер, ғалымдар, мәдениет қайраткерлері эколог немесе медиктер айналысады.
Халықтық дипломатия күші демократиялық икемді сондықтан да нәтижелі, әйтсе де олар уақыты созыңқы және әрқашан құрылымды емес, сондықтанда мемлекет органдарынан қолдау талап етеді.
4. Педагогикалық кикілжіңдерді «оқытушы - оқушы» системасында мәселелі жағдайларын шешудің әділетті тәсілдері.
4. 1. «Оқытушы - оқушы» құрылымындағы жанжалдар мен мәселелі жағдайлар.
Педагогикалық процестің қатысушыларының өзара әрекеті тұлғаның өсуінің қайнар- көзі болатын қайшылықтардың пайда болуына себепші болады. басқарылатын қайшылықтар позитивті рольді ойнайды. Олар оқып жатқан білімдарді игеруді, ептілік пен тәжірибелерді ынталандырады, оқытушы мен оқушылардың өзара әрекетіне себепші болады. бұл жағдайда педагогтармен қойылған мақсаттар мен тапсырмалар, қойылатын талаптар оқушыларға тұлғалық ретінде қабылданады. Қайшылықтарды шебер түрде жеңу оқытушы мен оқушыларды жақындастырып, сенімді қатынастарға және өзара түсініктерге әкеледі. Егер оқытушының және оқушының мақсаттары мен тапсырмалары келісіге келмесе, оларға қойылатын талаптар тұлғалық маңызды болып шықпайды, мұндай жағдайда мәселелі жағдайлар туындайды, ал олар нәтижесінде дауға айналуы мүмкін. Олар жиі күрделене түседі, мұғалімнің өз талаптарына бағындыруға тырысуы оқушыларды тырысуға, талаптануға мәжбүрлейді.
Кикілжің жағдай – педагогикалық процестің күрделі объективті – субъективті шындығы, онда объективті құрамалар қатысулар үшін тұлғалық маңызды субъективті қабылдау ретінде көрсетілген. В. И. Андреев кикілжің жағдайды «екі не одан да көп қатысушы жақтардың ашық немесе жасырын қарама-қарсы күресін, олардың әрқайсысы өзінің мақсатына, себепке, амалдар мен мәселені шешуші әдістерге иелігін, және оның әрбір қатысушысының тұлғалық маңызы бар» жағдайын айтады. Көптеген зерттеушілер күрделі не қарапайым кикілжің жағдайларды анықтайды. Ережеге сай, қарапайым жағдайлар өте жеңіл шешімін тез табады. Олардағы қайшылықтар маңызды сипатқак ие емес, олардағы себептердің жүзеге асырылуына ештеңе кедергі болмайды. Қарапайым жанжалдың қатысушылары көбінесе мәселені шешу кезінде консенсус табады. Мысалыға: Минск қаласының мектептерінің бірінде оқушы мен физика мұғалімінің арасында жанжал туындай бастаған. Мұғалім оқушы қызға барлық сыныптың алдында оның физикадан оқулық материалды бес балдан жоғары балға білмейтіндігінайтады. Ал, жауабына барлық басқа сабақты жақсы білетін оқушы қыз шұғыл қарсы шығып, физика сабағынан қосымша дайындалғанын және ол пәнді бес балдан жоғары білетіндігін дәлелдей алатынын айтады. Соңында мұғалім оқушы ата-анасы қатысты болатын кикілжің жағдайдың болатынын сездіме, ол оқушыға сабақта кейін қалып барлық тоқсандық материалын тапсыруды ұсынады. Оқушы қыз абыроймен экзаменді тапсырады: барлық сұрақтарға жауап бареді, төрт тапсырманы шешіп, 8 балл алады. Мұғалім келесі сабақта сынып алдында қателескенін айтады: оқушы сынақтан ойдағыдай өтіп, 8 баллдық өзіне сай бағасын алды. Жанжал тамамдалды.
4. 2. Педагогикалық жанжалдың шығу себептері.
Күрделі кикілжің жағдай оқытушы мен оқушылардың қиын жағдайдағы өзара әрекетімен ерекшеленеді, онда мақсаттардың, тапсырмалардың, дәлелдердің және оқушылардың жеке мүмкіндіктерінің келіспеушілігі бақыланады. Келіспеушілік деңгейі кикілжің жағдайдың қиыншылығы мен күрделілік деңгейін анықтайды. Өте жиі келіспеушілік оқушылардың жаман қылықтарын тудырады, бұл мұғалімнің оқушыға көңілінің болмауынан шығады. Оқушыға, оның ойынша, оқытушының ерекше назарына ие болуы керек деп ойлайды, ал өз көңілін ойламайды. Оқушы өзіне көңіл аударғысы келеді. Егер оның талаптары назарсыз қалса, ол да осыған сәйкес мінез – құлыққа көшеді. Мектептік практикада мұндай жағдайды қаншалықты байқаймыз. «Иванов сабақта ештеңе жазбайды, бар сыныпқа кедергі болады, оған айтылған ескертулерге жауап қайтарып, дөрекіленеді,» - деп Надежда Петровна айтады. «Иә? Ал менің сабағымда ол тамаша жұмыс жасайды, бар тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, тіпті тоқсандыққа 9 балл алғысы келеді!» - деп жауап береді Мария Павловна. Алайда, Ивановқа ұқсас оқушылар, жиі көз алдыңда –ақ түрленеді: жаңа ғана айқалап, ұрысып, мұғалімге сөз қайтарып, біреуді үркітіп, бірақ Мария Павловнаның даусын естіп, сол мезетте өзгере салады. Жаңа ғана болған жанжалдық жағдайдан ештеңе қалмайды. Оқушылар шынымен мінез –құлықтарын таңдайды, ал бұл дегеніміз, оқытушылар олардың таңдауларына әсер ете алады, және әсер ету керектігін білдіреді, және де күрделі тжанжалдардың алдын алу керек.
Жанжалдар көбіне оқушылардың мансапқор қылықтарынан туындайды. Қазір мектептерде кішкентай мансапқорлардың саны көп кездеседі. Олар қазіргі заманның күшті, заманына сай тұлғаларға еліктейді. Кейде балалар «сен маған ештеңе істемейсің» деген тип бойынша өздерінің мінездерін көрсетеді. Мансапқор оқытушылармен, оқушылармен ашық конфронтацияға жиі түседі. Мұндай кикілжің жағдай әдеттегіден тыс артық болып табылады, және оны өнімді өзара әрекет арнасына бұру педагогтан шығамашылық икемді талап етеді, оған жоғарғы педагогикалық мәдениет пен оқушыларға деген адамгершілікті қатынас қажет.
Күрделі педагогикалық жағдайдың жалпы белгілерін анықтауға болады: оқушылардың өз еріктеріне төнетін қаупін білу; педагогтың оқушылардың объективті мүмкіндіктеріне деген талаптарының сәкес еместігі; оқушылар мен педагогтардың оқу қызметіндегі дәлелдемелерінің келіспеушілігі; оқушылардың үйреншікті оқу қызметінің образының бүлінуі, белгілі мақсаттар мен дәлелдерге жету жолындағы пайда болатын кедергілер; психикалық ширау жағдайы тұлғаның қиындыққа реакциясы ретінде, ол қиындықты жеңу субъект үшін маңызды өзгерісі, мінез – құлықтың, қатынастың өзгерісі, тұрақты қатынастардың шеңберінен тыс шығуы.
Өзінің жағымды шешімін таппаған жанжалды жағдай көбіне дауға айналады. Бұған кикілжің жағдайдың қатысушыларының өте тез шиеленісуі, олардың арасындағы қайшылықтар мен күрестің басталуы себепші болады. Бұл жағдайды В. И. Андреев инцидент деп атайды, ол кикілжің жағдайды жанжалға айналдырады.
4. 3. Жанжалды психологиялық тұрғыдан қарастыру.
Психологиялық көзқарас бойынша жанжал қарсы бағытталған, жиі сәйкес емес қажеттіліктердің, дәлелдердің, ойлардың, сезімдердің, әдіс әрекеттері мен мінез актілерінің қақтығыстарын білдіреді. Жанжал оған қатысушылардың шиеленіскен қайшылықтарының эмоционалды күшпен, мұғалім мен оқушының негативті уайымдарының өткірлігімен ерекшеленеді. Жанжал барлық қатысушыларға өз ауыртпалығын тигізеді. Олар өте жиі стресстердің себептері болып табылады, қатынастардың айырылыстары болып саналады, әртүрлі психосоматикалық аурулардың себепшісі болуы мүмкін.
Мектептегі жанжалдар спецификалық ерекшеліктерге ие. Оларда әрқашан балалар қатысты болады, олар барлық әділетсіз шешімдерге сезімтал келеді, қатынастың авторитарлы стиліне қарсы. Жанжалдың нәтижелері балалардың тұлғалық дамуына тура әсер етеді, кейде мектеп түлектерінің кейінгі тағдырынан да көрініс табады. Жанжалдарда әр түрлі жастағы және әлеуметтік топтардағы өкілдердің қызығушылықтары, құндылықтары, идеялары, функционалды ролдік ұстанымдары қақтығысады; жанжалдың педагогикалық жағынан дұрыс шешімін табуы үшін жауапкершілік мектеп әкімшілігі мен мұғалімге жүктелген ; жанжалға көптеген қатысушылар тартылады, олар әр түрлі әлеуметтік статусқа ие, ал жанжалды созу кезінде оның қатысушыларының саны өсе түседі; оқушының оқытушыға әлеуметті- психологиялық бағыныштығы және өмірлік тәжірибелерінің арасындағы айырмашылық жауапкершіліктің әртүрлі деңгейлерін туындатады т.б.
Зерттеу жұмыстары бойынша педагогикалық жанжалдардың себепшісі не болғанына байланыссыз, ол педагогтар мен оқушылардың қатынастарының әртүрлі сфераларын қамтиды. Осыған сәйкес, жанжалдарды әртүрлі көрсеткіштері бойынша дифференциялдауға болады. ЖЖанжалдарды ішкі(тұлға ішіндегі) және сыртқы (тұлғаарлық және топаралық) деп бөледі. Жанжалдар одан да ұсақ топтарға қайшылықтарының өткірлік деңгейіне қарай : риза еместіктен, келіспеушілік, ұрыс, қастықтан пайда болатын шиеленістердің деңгейіненбөлінеді. Даму барыснда бір типті жанжалдар басқа типтіге айналуы мүмкін.
М.М. Рыбакова жағдайлардың немесе жанжалдардың келесі түрлерін анықтайды: қызметтер жанжалдары, оқушылардың оқу тапсырмаларын орындауы бойынтша туындайтын, үлгерімі, оқудан тыс қызметтер бойынша туындайтын; мінез –құлық кикілжіңдері, оқушылардың мектептегі ережелерді бұзуы кезіндегі істері бойынша, сабақта, метептен тыс; қатынас жанжалдары, оқушылар мен мұғалімдердің тұлғалық эмоцианалдық қатынасындағы сферада туындайды, олардың қарым –қатынасы сферасында педагогикалық қызмет процесінде туындайды.
4. 4. Педагогикалық кикілжіңдердің кезеңдері.
Әрекет кикілжіңдері мұғалім мен оқушы арасында туындайды және оқушының тоқулық тапсырмаларды орындауға келіспеуінен немесе оны дұрыс емес орындағанынан көрініс табады. Мұндай кикілжіңдердің себептері әр түрлі: оқулық материалды игерудің қиынболуында, оқудың қызық еместігінде; мұғалімнің қате ескертулерінде; шаршау т.б. Мұндай жанжалдар көбіне оқу кезіндегі қиындықтардан, оқулық ауыртпашылығымен шамадан тыс қызығып кеткеннен, оқудың төменгі мотивациясынан пайда болады.
Мінез –құлық кикілжіңдегі, мұғалім оқушы ісінің анализінде қателескенде, себептерін анықтамағанда, ештеңеге негізделмеген қорытындылар жасағанда шығады. Егер мұғалім оқушының істерін оған мәлім емес информациялар, дәлелдер, себептерсіз түзеуге тырысса, онда біз күткендей, оқушы мен мұғалім арасында алшақтау пайда болады, ол жанжалға әкеледі. Мұндай жанжалдар білім берудің нашар ұйымдастырылғандығынан, оқушылардың жастық ерекшеліктерін ескермеген кезде туындауы мүмкін. Төрт кезеңді анықтауға болады:
Бірінші сынып (ойындық қызметті оқулыққа ауыстыру болады), жаңа талаптар мен міндеттер пайда болады. Егер мұғалім осы ерекшеліктерін ескермей жұмыс істесе, онда, біз айтқандай, оқушы мен мұғалім арасында жанжал туындайды.
Мысал келтірейік, Тима деген бала бала- бақшадағы үйреншікті жағдайдағы дайындық сыныбында оқып жүрді. Тәрбиеші мұғалім балаларға мейріммен қарады, оқу материалы мәжбүрлі емес формада игерілді , сабақ көңілді, қызық және қуанышты болды. Екінші сыныбында Тима жалпы білім беретін, онда мүлдем басқа қатынаспен кездесті. Мұғалім әрбір қателік үшін, балалық айыптылық үшін жазалайды , ұрысады, мектепке ата – анасын шақыртумен қорқытады. Ал , денешынықтыру сабағында мұғалім оқушыларды сапқа тұрғызып, ұзақ уақыт үгіттеу айтады, сонымен қоймай балаларды бұрышқа тұрғызады. Бала мұғалімге қрсы шығып , әдепсіздік істей бастайды. Түнде апасы баласының ақырын жылап жатқанын естіп қалады. Ол мазасызданып, немересінен сұрайды : « Тимок , сен неге жылайсың ?» Жауапқа ол : «Апа, мен мектепке барғым келмейді . Ондағы мұғалімдер қатал, ашулы» дегенді естиді. Көріп отырғанымызда, мұғалімдердің кішкентай мектеп оқушыларына деген мейрімсіз қатынасы кикілжіңдер туғызып олардың оқуға деген ынталарын жоғалтады.
Екінші кикілжің кезең – бесінші сыныпқа өту. Бір мұғалімнің орнына балалар әр түрлі пәндердің мұғалімдерімен жұмыс істейді, жаңа мектептік пәндер пайда болады. 9-шы сыныптың басында жаңа ауыртпашылықты мәселе туындайды: мектептен кейін не істеу керектігін шешу қажет – орта білім беруші оқу мекемесіне бару нмесе орта білім беру мектебінде оқуды жалғастыру.
Кикілжің жағдайлар көбінесе мұғалімнің оқушыға деген бейтарап көз қарасынан, ал кейде әдепсіз қатынасынан туындайды . Бұл кикілжің жағдайлар субьективті сипаттардың, жанжалдасулардың тұлғалық ерекшеліктерінен тұлғалық маңызға ие бола бастайды , оқушы мен мұғалімнің ұзаққа созылатын жек көрушілігін тудырып, оларды өз ара қатынгасын ұзаққа дейін бұзады. Мысалы, Беларус тілінің мұғалімі оқушыларға көкіректене қарады, қандайда болмасын қателіктерде мысқылмен және жек көрушілікпен ескертулер жасап, ақыл айтатын . Ол оқушыларды жақсы көрмеді, оқушылар да оған тура солай жауап беретін . Оқушылардың бірі ұзақ уақыт ауырып жатады. Ал оның қайта келуінен кейінгі екінші сабақта мұғалім оны тақтаға шығарады, ол жіберіп алған материалды қалай игергендігін тексеру үшін шығарады. Оқушы өзінің барлық мактериалды игеріп үлгермегендігін мойындап, шындығын айтады. Мұғалім артық сөзсіз: «отыр екі!» - дейді. Осы арада оқушы мен мұғалім арасында кикілжің пайда болады. Оқушы мұғалімді, оған қоса беларусь тілін жек көре бастайды. Осы жек көрінішті сезімі оның жүрегінде бірнеше жылдар бойы болды. Келтірілген мысал мұғалім такт сақтау керектігін көрсетеді. Оқушыларға түсінушілікпенқару керектігін, оларға жоғарғы талптарын көрсету қажеттілігін, сыйласымдылықпен шектік сезімін сақтау қажеттігін, әрбір оқушыға әділетті қатынастың болуын көрсетеді.
Кикілжің жағдайлар тек «мұғалім мен оқушы» системасында ғана пайда болмайды, ол сонымен қатар оқушылардың өздерінің арасында, жалпы тұтас сыныптар арасында, мұғалім мен ата- аналар арасында т.б. туындайды.
Педагогикалық жанжалдардың дамуында екі сатыны анықтауға болады: саналы түрде меңгерілмеген «потенциалды» және саналы түрде меңгерілген «шынайы». Бірінші кезеңге жанжалдың жасырн сипаттамасы тән. Педагогтың шеберлігі педагогикалық процестің расындағы көзделген жасырын кикілжіңді алдын ала байқап және одан шынайы жанжалға айналуды тактикалық әдістер мен тәсілдер жолымен алдын алу.
Құрылмдық қатынаста келесі жанжал стадиялары бақыланады: кикілжің жағдай, жанжалдасушылар, жанжал объектісі, жанжалды ара- қатынас және жанжал себептері.
В. И. Андреев жанжалды кикілжің жағдайдан айыру үшін келесі формуланы ұсынады: Мәселен, «кикілжің жағдай + қатысушылар+ инцидент= жанжал».
Педагогикалық жанжалдың қатысушылары оқушылар және педагогтар болып табылады. Жанжал объектісі болып оқытушы – тәрбиелік қызмет пен қатынас көрініс табады.
Зерттеушілер (А. Я. Анцуков, А. И. Шипилов) жанжал құрылымында оның мынандай маңызды құраушыларын анықтайды.
Жанжалдасушы жақтар. Жанжалда жоқ дегенде екі жанжалдасушы жақтар болады (конфликттанттар) – мұғалім және жеке оқушы, мұғалім және оқушылар тобы т.б. Жанжал кезінде басқа да қатысушылар еліктірілуі мүмкін – яғни, жақтаушы, араздатушылар, достастырушылар, кеңес берушілер, күнәсіз құрбандар.
Кикілжіңдерді басқарып, бақылау жүргізіп, тиімді шешілу жолдарын тауып отыру керек.
Қорытынды
Сонымен конфликт пайда болу үшін кем дегенде екі мешесі болуы тиіс. Иә, адамдардың, топтардың, ұжымдардың, ұйымдардың, түрлі әлеуметтік топтардың бір- бірімен қарым- қатынасында түрлі деңгейдегі конфликтілер туындайды. Осы аталған мәселені шешу жолында шетелдің көптеген ғалымдары: З. Фрейд, К. Левин, М. Шериф, М. Дойч, А. Урбанов, К. Томас т.б. зерттеген. Күнделікті өмірде кикілжің жағдайларды шешуге тура келеді, сондықтан да бүгінгі біздің тақырыбымыз өмір бойында өзінің өзектілігі мен жалғасын таба береді. Демек, жоғарыда аталған шешу жолдарын тиімді пайдаланып отырған жөн.
Пайдаланған әдебиеттер

  1. А. В. Дмитрев, Конфликтология, Москва, Гардарики, 2001, 221-230 б.

  2. Н. Ф. Вишняков, Конфликтология, Минск, Университетское, 2002, 9-14 б.

  3. А. Я. Анцуков, А. И. Шипилов, Конфликтология, Москва, Юнити, 2004, 474-477 б.

  4. Л. С. Ахметова, Конфликтология, Алматы, «Қазақ университеті», 2003, 4-9, 74-77 б.

  5. Р. Вердербер, К. Вердебер, Общение, Санкт- Петербург, 2003.




Алматы




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет