Түйсік және зейін Дайындаған: Бекмаганбетова Айдана



бет1/3
Дата26.10.2022
өлшемі7,38 Mb.
#45383
  1   2   3
Байланысты:
түйсік түрлері зейін түрлері

  • Дайындаған: Бекмаганбетова Айдана
  • Алматы 2022
  • Түйсiк –материалдық дүние заттары мен құбылыстарының, сондай-ақ организмнiң iшкi күйлерiнiң жеке қасиеттерiн бейнелеуде көрiнетiн қарапайым психикалық процесс. Бұл процесс материалдық тiтiркендiргiштердiң сәйкес рецепторларға тiкелей әсерi нәтижесiнде жүзеге асады.
  • Рецептор – бұл дененiң үстiнде немесе оның iшiнде орналасатын, және табиғаты жағынан әр түрлi тiтiркендiргiштердi - физикалық, химиялық, механикалық және т.б. - қабылдауға және оларды жүйкелiк электр импульстарына түрлендiруге арналған арнайы органикалық құрылғы.
  • Эволюция барысында әрбiр рецептор белгiлi бiр тiтiркендiргiшке арнайы бейiмделе отырып, дамыған. Осылайша, тангорецепторлар сипап сезудi сезiнуге, аусторецепторлар дәм сезу тiтiркендiргiштерiн түйсiнуге, стиборецепторлар – иiс сезуге, фонорецепторлар дыбыстық тiтiркендiргiштердi және фоторецепторлар жарықтық (немесе сәулелiк) рецепторларды түйсiнуге бейiмделген.
  • Түйсіктердің жіктелуі:
  • 1. В. Вундтың энергетикалық жiктеуi
  • 2. Шерингтон бойынша рецепторлар жiктеуi
  • Түйсіктердің түрленуі:
  • 1. Есту түйсiктерi
  • 2. Көру түйсiгi
  • 3. Иiс сезу түйсiгi
  • 4. Дәм сезу түйсiгi
  • 5. Сипап сезу туйсіктері
  • Түйсік заңдылықтары:
  • Сезгіштік және табалдырық
  • Адаптация
  • Түйсіктердің өзара байланысы Сенсибилизация
  • Синестезия
  • Бірізді бейнелер
  • Кез келген құбылыстарды қабылдау үшін біз өзіміздің сезім мүшелерімізді іске қосамыз.
  • Зейін- психикалық әрекеттердің айналадағы заттар мен құбылыстарға бағытталып, түйдектелуі. Ол объектілерді анығырақ, ашығырақ тану үшін, жан қуаттарының оларға бет алып, жинақталу үшін қажет. Егер зейін болмаса организмнің сыртқы ортамен байланысқа түсуі дәрменсіз, ой, дене еңбегінің жөнді нәтижесі болмас еді. Зейін ырықсыз, әлдеқайда ырықты, үйреншікті, сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Оның іс-әрекеттің орындалу барысында көрінетін тұрақтылығы, аударылуы, бөлінушілігі, көлемі, алаңдаушылығы секілді түрлі қасиеттері бар.
  • ЗЕЙІН ТҮРЛЕРІ
  • Адамдардың зейіні ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді.
  • Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейіннің бұл түрі әсіресе жас балаларда жиі кездеседі. Өйткені, балалық дәуірде адамның күрделі іс-әрекеттері (оқу,еңбек т.б.) белгілі жүйеге келе қоймайды да осының нәтижесінде оның психикасы өте нәзік, түрлі сыртқы әсерге берілгіш келеді.
  • Ырықсыз зейін кез келген тітіркендіргіш арқылы пайда бола бермейді. Ырықсыз зейіннің көрінуіне төмендегі жағдайлар себеп болады:
  • А) күшті тітіркендіргіштер (көзді аштырмайтын жарық, қанық бояулы заттар, қатты дауыс, мұрын жаратын иіс т.б.), заттар мен құбылыстардың жаңалығы мен қозғалысы (мәселен, адамның үстіндегі киімнің өзгеруі, дыбысиың, жарықтың артуы мен кемуі т.б.).
  • Ә) адамның сыртқы дүниедегі объектілерге қатынас жасауының дәрежесі (қызығу, қажетсіну, көңіл күйінің хош болуы) ырықсыз зейіннің тууына жақсы әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет