Тұлға белсенділігі



Дата21.10.2023
өлшемі19,08 Kb.
#120025

Тұлға белсенділігі - адамның шығармашылықтағы, іс-әрекеттегі, қоғамдағы, қарым-катынастағы тегеуріңділігі. Бұл адамның әлеуметтік өзгерістерге араласуынан байқататын қасиет. Тұлға белсенділігі оның идеялық принциптіліп мен өз көзқарасынан таймауынан, сөзі мен ісінің бірліпнен көрінетін адамның белсенді өмірлік позициясы ретіңде сипатталады. Адам бойындағы ситуацияға үстем белсенділік - субъектінің ситуациялық алаптардың деңгейінен биік болу қабілеті. Ситуацияға үстем белсенділік арқылы субъект іс-әрекеттің ішкі және сыртқы кедергілеріді жеңеді белсенділіктің бұл түрі шығармашылық жағдайларда, танымдық белсенділікте риясыз бас тігуде және шектен асқан белсенділікте көрінеді. Ал, іздену белсенділігі болашағы беймәлім ситуацияны өзгертуге бағытталатын мінез, оның ішіндеіздену белсенділігі - міңез-құлықтың көп типтерінің бірі болып табылады Оның психикалық көріністері - жоспарлау, қиялдау. Шектен асқан белсенділік нәтижелі іс-әрекетті сипаттайтын, істің жоғары нәтижелігінің маңызды көрсеткіштерінін бірі. 
Бүгінгі күні студенттер білім алумен шектелмей, қоғамдық жұмыстарға да белсенді араласады. Бұл – тұлға болып қалыптасудың алғашқы баспалдағы. Тұлға болу бір саты, ал белсенді болу бір саты.
Сіз белсенді студенттер ордасын білесіз бе? Әрине ол сенат.
Жоғары колледж Студенттер Сенаты - озық ойлы, креативті патриот жастардың бір ортаға жиналып, әлеуметтік, инновациялық жобаларды іске асыратын ұйым. Сенат - таланттыларды даралайтын, студенттік құндылықты ерекшелейтін жастар ордасы.
Сенат деген не?
Студенттер Сенаты – әр бөлімнің мүшелері кіретін студенттердің өзін-өзі басқарудың жоғарғы органы.
Студенттер Сенатының мақсаты студенттер қызығушылығын колледж басшылығының алдына ұсыну, халықаралық, мемлекеттік және университетаралық деңгейде университет имиджін жоғарылату және нығайту, қоғамдық өмірдің бастапқы функционалды бағыттары бойынша іс-шаралар өткізу және жүйелі жұмысты ұйымдастыру, студенттерде басқару қызметінің біліктіліктерін дамыту және ішкі потенциалдың жүзеге асырылуына көмек көрсету, колледжде оқу процесінің тиімділігін жоғарылату, студенттердің белсенді өмірлік және азаматтық позициясын жоғарылату, салауатты өмір салтын насихаттау, студенттердің өзін-өзі басқару механизмдерін жоғарылату бойынша жүйелі жұмыс ұйымдастыру.
Студенттер сенаты өзінің міндеттерін келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады:
Мәдени-жалпыламалық бағыт (студенттердің әр түрлі қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыру үшін қызығушылықтары бойынша ұйымдар құру және жүргізуді ұйымдастыру және т.б., мұражайларға, театрларға, жәрмеңкелерге баруды ұйымдастыру және т.б.).
Спорттық бағыт (спорттық жарыстар жүргізу, қызығушылықтары бойынша спорттық клубтар мен секциялар ұйымдастыру, спартакиада, чемпионат туралы ақпараттарды студенттерге жеткізу, сонымен қатар дене шынықтыру және спорт жаттығулары үшін жағдай жасау, колледждің спорттық жетістіктерін баяндау және т.б.)
Студенттердің білім нарығындағы бәсекеге қабілеттілік мәселесі бүгінгі күні білім беру және қағам қызыметі саясаты саласындағы ең маңызды мәселелердің бірі болып отыр.
Бәсекелестік қабілет сапалы білім бастауы.
Бұл қазіргі әлемде өмірдің барлық салаларында қарқынды өзгерістер орын алуына байланысты, сондықтан қазіргі заманғы жағдайлар жастарға білім мен қоғам нарығындағы жаңа тәртіп ережелерін талап етеді, білім беру ордаларында ең алдымен түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыруға көбірек көңіл бөледі. Бұған тек олардың дамуы мен маман ретінде қалыптасуы ғана емес, сонымен қатар елдің болашағы да, ертең қалай болатынымыз да байланысты. Елбасы Н. Назарбаев сөйлеген сөздерінің бірінде атап өткендей, «жастар – еліміздің қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы, Қазақстанның болашағы сіздердің білімдеріңізге, күш-жігерлеріңіз бен патриоттық сезімдеріңізге байланысты. Бүгінде тек мемлекеттердің ғана емес, сонымен қатар адам мен адамның бәсекелестігі жүріп жатыр. Мұнда ғылым мен білімнің мәртебесін көтеретін және артта қалмайтын креативті ұрпағы бар ел жеңеді".
Бұл пікірмен келіспеу қиын. Әрбір саналы адам қоғам алдындағы жауапкершілігін саналы сезіне біледі деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет