Архетип жəне көркем шығармашылықтағы «түпсана»



бет1/3
Дата02.06.2023
өлшемі0,64 Mb.
#98368
  1   2   3

Архетип жəне көркем шығармашылықтағы «түпсана»
Мақалада архетип ұғымы, оның идея ретінде туындап, ол туралы негізгі тенденциялар мен концепциялар жүйеленген. Архетип тарихи-мəдени жадымыздағы маңызды ұғымдардың бірегейі болып табылады. Бұл ұғымның терминдік сипатқа ие болып, ғылыми айналымға енуі белгілі швед ғалымы К.Г. Юнгтің есімімен байланыстырылады. Мақала авторы К.Г. Юнгке дейінгі пікір айтушылардың маңызды тұжырымдарына да назар аударып, ой қорытады. Антикалық философиядан бастау алған бұл ұғым əдетте Платон айтқан «эйдос» жайлы түсінігінен орын алғандығы сөз болады. Сондай-ақ Бл. Августиннің көзқарастарында кездесетіні айтылған. И. Кант, Г.В.Ф. Гегель, Ф.В.И. Шеллинг сынды ойшылдардың пікірі аталған зерттеушілер пікірімен үндес екендігі салыстырулар арқылы тұжырымдалған. ХХ ғасырдың ғылыми концепциясынан «архетипке» мағыналас Э.Дюркгейм мен Л. Леви-Брюлдің «ұжымдық ұғымын», Ф.Бастианның «қарапайым идеялар» немесе «алғашқы түсінік» тұжырымдары да мысалға алынған.
Кіріспе
Архетип теориясының ғылыми айналымға енуі швед психиатры К.Г. Юнгтің оқуларына телінеді. Оған дейінгі жол ашушылардың мыңжылдық тəжірибесі көбіне назардан тыс қалып жатады, айтылған күннің өзінде фрагменттік, атүсті ескеріледі. Мысалы, антикалық философиядан бастау алған бұл ұғым əдетте Платонның айтқан «эйдос» жайлы түсінігінде, кейін Бл. Августиннің көзқарастарында бас көтерген. Араға ғасырларды салып И. Кант, Г.В.Ф. Гегель, Ф.В.И. Шеллинг сынды ойшылдардың пікірімен үндестігі бар. ХХ ғасырдың ғылыми концепциясынан «архетипке» мағыналас Э.Дюркгейм мен Л. Леви-Брюлдің «ұжымдық ұғымын», Ф.Бастианның «қарапайым идеялар» немесе «алғашқы түсінік» тұжырымдарын байқауымызға болады. Бұл жайында К.Г. Юнг өз теориясының қайнар бастаулары туралы жазған еңбектерінде атап өткен: «Бағзы заманда Аристотельдің көзқарасына қарамастан, барлық құбылыстың алғышарты жəне «мінсіз тəртібі (supraordinate)» ретінде платондық Идея бас көтерді... «Архетип» əсте жаңа термин емес, себебі ол бұған дейін Св.Августинде жəне «Идея» ұғымының синонимі ретінде қолданылып келген. ІІІ ғасырға тиесілі болуы мүмкін Corpus Hermeticum еңбегінде Құдайды «архетиптік жарық» ретінде сипаттаған».
К.Г. Юнг «Ұжымдық бейсаналықтың архетиптері хақында» атты еңбегінде «архетип» сөзі арғы христиан философиясының өкілдері Филона Иудеяда «адамдағы Құдай бейнесі» ретінде кездесетінін, Иринияда: «Əлем Жаратушысы нəрселерді өз ішінен жасаған жоқ, алайда Ол оларды өзінен тыс архетиптерге ұқсатып жаратты» деп келетін жолдарды мысал ретінде келтірген. Ғалым «Инстинкт жəне бейсаналық» мақаласында архетип идеясын Бл.Августиннен алғандығын айтады [1] жəне бастапқыда архетиптерді «алғашқы образдар» деген атаған сөзін өзіне дейінгі ғалымдардың қолданысынан алынғандығын «Британ психологиялық қауымдастық» симпозиумінде (12.06.1919 жыл, Лондон) ғылыми ортаға ашық мəлімдейді.
Ізденіс нəтижесінде «архетип» термині Дионисия Ареопагитада бірнеше рет кездесетіні анықталды. Мысалы, «Аспан иерархиясы» трактатында — материалдық емес архетиптер, «Қасиетті сандар» трактатында — архетиптік тас («De selesti hierarchia») сөздері пайдаланылған. Леви-Брюл əлемтанудағы символикалық фигураларды белгілеу үшін «ұжымдық ұғым» терминін қолданған екен.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет