Жоспары: - Тұлға ұғымы, өлшемдері
- Тұлға тұжырымдамалары
- Тұлға әлеуметтенуі
Адам, индивид, тұлға - «Адам» деген – адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.
- «Индивид» адам тегінің нақты өкілі, жеке адам. Индивидуалдық – бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы.
- Ал, «тұлға» дегеніміз, қоғаммен тығыз байланыс-қатынастар негізінде қалыптасқан адамдардың мәні.
Адамның өлшемі: - Биологиялық өлшем –ағзаның құрылысын және формаларын зерттейді, оның атқаратын, орындайтын қызметін, шығу негізін, ми, жүйке жүйесін, т.б. қамтиды.
- Психологиялық өлшем –саналы және санадан тыс құбылыстар мен үдерістер, адамның еркі мен сипатын (бейнесін) темпераментін, т.б. қамтиды.
- Әлеуметтік өлшем – адамды тұлға ретінде қарайды.
- «Айнадағы Мен» Кули (Коули) Чарльз Хортон (ХХ ғасыр) «шағын кіші» топтар теориясының негізін салушылардың бірі.
- “Өзін өзі бағалау” - әрбір адамның өзін-өзі жеке тұлға ретінде тануы, өз орнын анықтауы.
«Айнадағы мен» имиджі: - а) Сізді өзгелердің қалай қабылдайтынын елестетіңіз;
- ә) Жұрт сізге қандай баға береді, сіз туралы не ойлайды;
- б) Пайымдауларды саралап, қорытынды жасайсыз. Қабылдайсыз немесе қабылдамайсыз.
- Рөлдік тұжырымдама, Джордж Герберт Мид (1934ж.)
- Мидтің пікірінше, адамның тұлғаға айналу үдерісі үш түрлі сатыдан тұрады: иммитация, ойын сатысы, ұжымдық ойын
- Тұлға туралы рөлдік теориясында адамның әлеуметтік мінез-құлқы негізінде екі ұғыммен түсіндіріледі: «әлеуметтік мәртебе» және «әлеуметтік рөл».
- Әлеуметтік рөл рөлдік күту және рөлдік мінез-құлық болып екіге бөлінеді.
- Бір адам бірдей уақытта бір-біріне қарама-қайшы келетін рөлдерді атқарған жағдайда рөлдік конфликт тууы мүмкін.
- Әлеуметтік мәртебе – көпшілік мойындаған құндылықтар жүйесі тұрғысынан адамға берілген баға, адамның қоғамдағы орны.
- Әлеуметтік мәртебе туа біткен және жүре пайда болған деп екіге бөлінеді.
- Тұлғаның психоаналитикалық теориясы, австриялық психиатр Зигмунд Фрейд;
- Фрейд бойынша тұлғаның құрылымы үш деңгейден тұрады:
- Ол - ид (ол, санасыздық, адамның биологиялық, психологиялық қажетінен туындайды) суперэго (жоғары мен, рухани құндылықтар, тәрбие, адамгершілік принциптер), эго (мен, саналық деңгей, ол және жоғары меннің арасындағы делдал),
Тұлға әлеуметтенуі - Әлеуметтену – тұлғаның қоршаған орта құндылықтарын меңгеру үдерісі.
Өмір жолындағы әлеуметтену: - Балалық шақ; (моторика, ақыл-ой қабілеті, тілдік дағды, айналасындағы құндылықтар, мінез-құлық).
- Жастық шақ; (ата-анасынан тәуелсіздік алу, алдын-ала әлеуметтену).
- Ересек өмір; (жұбай, ата-ана болу, жұмыскер, кәсіби әлеуметтену,)
- 65 жас және одан жоғары (зейнеткерлік, ата-әже болу, жаңа өмір);
- Қайта әлеуметтену – кез келген жаста адамның қоғамдағы орны түбегейлі өзгереді, өмірді бұрынғыша бағалаудан, өмірлік ұстанымдардан бас тарту, яғни өмір салтын тез және еріксіз өзгерту.
Әлеуметтенудің агенттері: - Отбасы (сөйлесу, ойнау, танысу, аяқ киімнің бауын байлау, мақсат қоя білу, сенім білдіру тағы с.с.);
- Мектеп (білім алу, қоғамдағы басым мәдениетке үйрену, бәсекелестік, достық және т.б.);
- Дос, құрдастар (құндылықтар, өмір салты, субмәдениет және т.б.);
- Бұқаралық ақпарат құралдары (қоғамға қатысты дүниетаным, көзқарас, қарым-қатынас және т.б.);
- Қауымдастықтар, бірлестіктер (дін, саясат, мәдениет, спорт және т.б.).
Адамның типтері: - Идеалист, реалист, гедонист
- Сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик
- Романтик, прагматик, циник және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |