Тезис – бұл дәлелдейтін немесе жоққа шығаратын тұжырымдама-пайымдаулар, яғни білім алушылар ұсынылатын дәйектерге дәлелдер келтіре білуі тиіс. Ал тезистік жоспар құрастыру дегеніміз – жазылым тапсырмаларының әр ойбөлігінде айтылатын тұжырымдарға дәлелдер келтіре отырып құрастырылатын жоспар түрі.
Аннотация –баспадан шыққан шығармалардың мазмұны жайында қысқаша түйін, сипаттама. Латын тілінен аударғанда «анықтама» деген мағына береді. Аннотацияда шығарманың мазмұны, құндылығы, кімдерге арналғаны, авторы туралы қысқаша мәлімет беріледі. Толық аннотацияда талап бойынша еңбектің түрі, тақырыбы, ғылыми мәселесі, нысаны, мақсаты, нәтижесі, жаңалығы жазылады.
Рецензия (шолу) публицистикалық жанр ретінде жұмысты бағалауды көздейді, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсетіп, оларды жоюға бағытталады. Рецензия – жаңа шығарма туралы хабар бері, оның қысқаша талдауы мен бағасын қамтиды.
Сыни тұрғыда жазу дегеніміз– сыни пікірдің берілу талаптарын сақтай отырып, білім алушының өз ойын, тұжырымын түсінікті етіп жеткізуі және ондағы дәлелдерді анық, жүйелі құрылыммен жаза білуі.