Индивид - биологиялық тіршілік иесі, барлық адамдар тумысынан индивид болып табылады.
Тұлға - өзіне биологиялық және әлеуметтік қасиеттер мен сапаларды меңгерген адам.
Даралық - бір адамды басқа адамнан ерекше көрсетіп тұратын интеллектуалдық, еріктік, моральдық, әлеуметтік және тағы басқа қасиеттерінің жиынтығы.
Тұлғаның қалыптасуы – барлық факторлардың (экологиялық, экономикалық, әлеуметтік, биологиялық және т.б.) әсерінен индивидтің тұлғаға айналу процесі.
Тұлғаның қалыптасуы – барлық факторлардың (экологиялық, экономикалық, әлеуметтік, биологиялық және т.б.) әсерінен индивидтің тұлғаға айналу процесі.
Тұлғаның дамуы - адамның ағзасындағы сандық және сапалық өлшемдердің өзгеру процесі.
Тұлғаның тәрбиеленуі -тұлғаның аға ұрпақтың әлеуметтік тәжірибелерін меңгеру процесі.
Тұлға дегеніміз ол тұрақты психологиялық сипатамалар жүйесінде алынған нақты адам. Ондай сипаттамалар қоғамдық байланыс пен қатынастарда көрініс беріп, адамның өзі мен оны қоршағандар үшін маңызды орын алады, оның адамгершілік қылықтарын айқындайды және оның өзіне ,ортасы үшін маңызды мәнге ие.