Бағалаудың субъектісі мен объектісі, бизнес, кәсіпорын бағалаудың объектісі ретінде



бет1/22
Дата12.06.2023
өлшемі386,13 Kb.
#100695
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

  1. Бағалаудың субъектісі мен объектісі, бизнес, кәсіпорын бағалаудың объектісі ретінде

Арнайы білімі мен практикалық тәжірибесі бар кәсіби бағалаушы бағалаудың субъектісі болады.
Меншік иесі мен оның құқығы бар кез-келген меншік объектісі бағалау объектісі болып табылыды.
Әр-түрлі игіліктер бағалау объектісі бола алады – жер, ғимарат, құрылыстар мен басқа да қозғалмайтын мүлік объектілері, құрал-жабдықтар, бағалы қағаздар, материалдық емес игіліктер (авторлық құқық, патент, сауда маркасы және т.б), кәсіпорындар, күші бар бизнес.

Бизнес – бұл белгілі бір құрылым аймағында ұйымдастырылған нақты қызмет. Оның басты мақсаты – пайда табу. Пайда табу мақсатын іске асыратын, өнім немесе қызмет жасау процессінің ішкі мазмұнының негізі капитал болып табылады.


Кәсіпорын, фирма – бұл бизнесті ұйымдастырудың формасы.
Бизнес тауардың барлық белгілеріне ие және ол бағалау объектісі бола алады. Бірақ ол бағалаудың принциптерін, ыңғайлары мен әдістерін алдын ала анықтайтын, спецификалық өзгешеліктері бар тауардың ерекше түрі.



  1. Бағалау объектілерінің түрлері






  1. Бизнестің бағалау объектісі ретіндегі ерекшеліктері

Бизнестің бағалау объектісі ретіндегі ерекшеліктері
1.Бизнес инвестициялық тауар, яғни салымдары болашақта қайтарылу мақсатымен іске асады. Кірісі мен шығысы уақытпен ажыратылған. Күтілетін пайда мөлшері белгісіз, сондықтан инвесторға сәтсіздікке ұшырау мүмкіндігін есепке алуға тура келеді. Егер алыну уақыты белгіленген болашақ кіріс инвестициялық тауарға кеткен шығыннан аз болса, ол өзінің инвестициялық қызықтырушылығын жоғалтады. Сөйтіп, меншік иесі ала алатын ағымдағы болашақ кіріс тұрақтылығы сатып алушы жағынан нарық бағасының жоғарғы шегі болып табылады.
2.Бизнес жүйе болып табылады, бірақ оның тұтас жүйе ретінде де жеке оның тармақтары тіпті элементтері ретінде де сатылу мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда оның нақты жеке капиталмен, нақты экономикалық ұйымдастырушылық нысанмен қатынасы бұзылады, бизнес элементтері өзге сапалы жаңа жүйенің қалыптастыру негізі болады. Шынында бизнестің өзі емес, ал оның жеке құрамдас бөліктері тауар болады.
3.Бұл тауарға деген сұраныс тауардың өз ішінде болып жатқан, сол сияқты сыртқы ортада болып жатқан процесстерге байланысты. Бір жағынан қоғамдағы тұрақсыз жағдайлар бизнесті аумалы етеді, ал екінші жағынан оның аумалығы қоғамдағы тұрақсыздықтың одан әрі өсуіне әкеп соғады. Бұдан бизнестің тауар ретіндегі тағы бір ерекшелігі көрінеді – сауда-саттықты реттеу қажеттілігі.
4. Қоғамдағы тұрақтылыққа бизнес орнықтылығының ерекше маңызы бар екендігін есепке ала отырып мемлекеттің сауда-саттық механизмін реттеуге ғана емес, бизнестің оның бағалаудағы нарықтық бағасының қалыптастыруына да қатысуы қажет.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет