Жедел есте сақтау құрылғысы (ЖЕСҚ) және Тұрақты есте сақтау құрылғысы (ТЕСҚ) компьютердің ішкі жадысын құрайды.
Ішкі жадтың өзі 2-ге бөлінеді: Жедел жад құрылғысы (ЖЖҚ) және Тұрақты жад құрылғысы (ТЖҚ)
Жедел жад құрылғысы (ЖЖҚ)
Компьютердің жедел жадысында осы мезетте дереу өңделуге тиіс мәліметтер мен программалар ғана сақталады. Жедел жадыдағы ақпарат компьютерді өшіргеннен кейін жоғалады. Компьютердің жедел жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы да артады. Қазіргі кезде көлемі 256 Мб, 512 Мб болатын жедел жады микросхемаларын көп қолданады.
Физикалық принциптен қарағанда жедел жады динамикалық (DRAM) және статикалық (SRAM) болып бөлінеді. Динамикалық жадының микросхемасын к/ң негізгі жедел жады ретінде қолданады, ал статикалық жадының микросхемасын көмекші жады (кэш жады) ретінде қолданады.
Кэш жады
Кэш жады. Кэш жады процессор мен жедел жад арасында дәнекерлік роль атқарады. Процессорге мәліметтер қажет болғанда ол алдымен кэш жадыға сұраныс жібереді. Егер онда керекті мәліметтер болмаса, жедел жадыға сұраныс жібереді. Жедел жадыдан мәліметтерді қабылдағанда процессор оларды кэш жадыға кіргізеді.
Тұрақты жад құрылғысы (ТЖҚ)
Тұрақты жадыдағы мәліметтер өзгертілмейі, оларды тек оқуға болады. Тұрақты жадқа керекті програмалар оны шығаратын заводта жазылады. ТЕСҚ-да орналасқан програмалр комплекті BIOS (енгізу- шығару базалық жүйе) құрайды. Бұл програмалар пакетінің негізгі қызметі – көлік жүйенің құрамын және жұмысын тексеру және пернетақтамен, монитормен, қатты дискпен және дискқозғағышпен әрекетті қамтамасыз ету