Ақпараттық технологияларды пайдалану



Дата24.03.2022
өлшемі25,7 Kb.
#28648
Байланысты:
. Білім беру ұйымының ақпараттық-білім беру ортасынын жоспарлау


1-ТАРАУ ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ МƏТІНІНДЕГІ БІЛІМДІ АҚПАРАТТАНДЫРУ

1.1 Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде

ақпараттық технологияларды пайдалану


Ақпараттық жəне телекомуникациялық технологиялар күн сайын білім берудің барлық саласына тереңірек еніп отыр. Бұған күнделікті ақпараттық қоғаммен жəне сəйкесінше мамандарды дайындаудың қажеттілігімен байланысты сыртқы факторлар, сонымен қатар оқу мекемелерінде қазіргі компьютерлік техника мен программалық қамтамасыз етудің кең таралуымен, мемлекеттік жəне мемлекетаралық білім беруді ақпараттандыру бағдарламаларының қабылдануымен, ақпараттандыру тəжірибесін қажет ететін педагогтар санының артуымен байланысты ішкі факторлар əсер етуде. Бірқатар жағдайда ақпараттандыру құралдарын қолдану мектеп мұғалімдерінің еңбек ынтасын арттыруға жағымды əсер етумен қатар, мектеп оқушыларының оқу тиімділігіне арттыруға да ықпалын тигізеді.

«Технология» сөзі грек түбірінен шыққан жəне аудармада өнімді, материалдарды, жартылай фабрикаттарды, бұйымдарды өңдеу мен қайта өңдеу жəне оларды қолданыстағы заттарға түрлендіру əдістері мен тəсілдері жиынтығын зерттейтін ғылым дегенді білдіреді.

Қазіргі таңда бұл сөздің түсіндірмесінде практикалық тапсырмаларды шешуге арналған ғылыми жəне инженерлік білімдерді қолдану қамтылады. Олай болса ақпараттық жəне телекомуникациялық технологияларды ақпаратты өңдеу мен түрлендіруге бағытталған технологиялар ретінде есептеуге болады.

Ақпараттық жəне қатынастық технологиялар (АҚТ) – бұл ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, беру жəне тасымалдау алгоритмін жəне əртүрлі əдістерді, тəсілдерді сипаттайтын жалпылама ұғым.

Бұл анықтамаға «қолдану» сөзі əдейі енгізілмеген. Ақпараттық жəне телекомуникациялық технологияларды қолдану ақпараттандыру технологиясының бөлшегі болып табылатын тағы бір технология туралы айтуға мүмкіндік береді, яғни ақпараттық жəне телекомуникациялық технологияларды білім беруде, медицинада, əскери жəне адамның басқа да іс-əрекеті саласында қолдану технологиясы. Бұл салалардың əрқайсысы ақпараттандыру технологиясына өз шектеулері мен ерекшеліктерін жинақтайды. Мысал ретінде ақпараттық жəне телекомуникациялық технологиялар ретінде қарастырылатын Интернет технологиясын келтіруге болады. Алайда мектеп оқушыларын оқытуда Интернетті қолдану технологиясын ақпараттық жəне телекомуникациялық технологиялар ретінде емес, жалпы білім беретін орта білім беруді ақпараттандыру технологиясы ретінде есептеуге болады. Білім беруді ақпараттандыру технологиясы ұғымы білім беру жүйесінде ақпараттық жəне телекомуникациялық технологияларды қолдану технологиясына қарағанда, мейлінше кең ауқымды екендігін түсіну маңызды. Бұл ұғым білім беруді ақпараттандыру мақсатына жетуді қамтамасыз ететін тəсілдердің, əдістердің барлық жиынтығын қамтиды.

Мəселен, білім беруді ақпараттандыру технологияларына білім беру қызметіне арналған ақпараттық ресурстарды дайындау əдістері мен сапасын бағалау, педагогтарды өзінің кəсіби іс-əрекетінде ақпараттық жəне телекомуникациялық технологияларды тиімді қолдануға оқыту тəсілдері жатуы мүмкін.

Жалпы білім беретін орта білім беру саласында қолданылатын Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарының негізінде перифериялық құрылғылармен жабдықталған дербес компьютер жатыр.

Компьютердің мүмкіндіктері оған енгізілген программалық қамтамасыз етумен анықталады. Программалық құралдардың негізгі категориялары жүйелік программалар, қолданбалы программалар жəне аспаптық құралдар.

Жүйелік программаларға компьютердің жабдықтарымен жəне пайдаланушымен өзара əрекетін қамтамасыз ететін операциялық жүйелер, сонымен қатар түрлі қызметтік немесе сервистік программалар жатады. Қолданбалы программаларға ақпараттық техологиялардың құрал-саймандары болатын программалық қамтамасыз етулер – мəтінмен, графикамен, кестелік мəліметтермен жəне т.б. жұмыс технологиялары жатады.

Құрал-саймандық программаларға программалық қамтамасыз етуді дайындауға арналған программалар жатады.

Жалпы білім беретін орта білім беру жүйесінде əмбебап офистік қолданбалы программалар мен ақпараттық жəне телекомуникациялық технологиялар құралдары мəтіндік процессорлар, электрондық кестелер, презентация дайындау программалары, мəліметтер қорын басқару жүйелері, органайзерлер, графикалық пакеттер жəне т.б. кеңінен таралған.

Компьютерлік желілердің пайда болуымен мектеп оқушылары жəне мұғалімдер жер шарының кез келген нүктесінен ақпаратты тез алу жаңа мүмкіндігіне ие болды. Басты телекомуникациялық желі Интернет арқылы əлемдік ақпараттық ресурстарға (электронды кітапхана, мəліметтер қоры, файлдарды сақтау орны, жəне т.б.) қолжетімділік деңгейі мүмкін болды. Интернет танымал ресурсында – WWW бүкілəлемдік өрнекте бірнеше миллиард мультимедиалық құжаттар жарияланған.

Телеқатынастық желі Интернет қолжетімді жəне бұдан басқа адамға қажетті ақпаратпен алмасуға жəне қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін кең таралған сервистер, əсіресе электронды пошта, ICQ, жіберу тізімі, жаңалықтар топтары, чат. Нақты уақыт режимінде қарым-қатынас жасауға арналған арнайы программалар дайындалған, сондай-ақ олар байланыс орнатылғаннан кейін мəтіндерді, дыбыстарды жəне бейнелерді тасымалдауға мүмкіндік береді. Бұл программалар пайдаланушылардың жеке компьютерде орнатылған программамен жеке жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Мəліметтерді сығымдаудың жаңа алгоритмдерінің пайда болуымен компьютерлік желі бойынша тасымалдауға арналған дыбыс сапасы айтарлықтай артты жəне телефон желісіндегі дыбыс сапасына жақындай түсті. Бұның салдарынан жаңа технология – Интернет телефония белсенді дами бастады. Арнайы құрылғылардың жəне Интернет желісі арқылы программалық қамтамасыз етудің көмегімен аудио жəне бейнеконференция жүргізуге болады.

Компьютерлік желілерде ақпаратты тиімді іздеуді қамтамасыз ету үшін ақпаратты іздеу технологиясы қолданылады, оның мақсаты – басты компьютерлік желідегі ақпараттық ресурстар туралы мəліметтерді жинау жəне пайдаланушыларға ақпаратты жылдам іздеу мүмкіндігін беру. Іздеу жүйелерінің көмегімен əлемдік өрмектің құжаттарын, мультимедиалық файлдарды жəне программалық қамтамасыз етуді, мекемелер мен адамдардың мекенжай ақпаратын іздеуге болады.

Нақты уақыт жағдайында Ақпараттық-қатынастық технологиялар желі құралдарының көмегімен оқу-əдістемелік жəне ғылыми ақпаратқа, жедел көмек, ғылыми-зерттеу іс-əрекетін модельдеу, виртуалды оқу сабақтарын (дəріс, семинар) жүргізуге қолжетімділік деңгейі артты.

Маңызды ақпараттық жəне телекомуникациялық технологиялар санына бейнежазба жəне теледидар жатады.

Видеопленкалар жəне оған сəйкесінше ақпараттандыру құралдары білім алушылардың бірқатарын үздік оқытушылардың дəрістерін тыңдауға мүмкіндік береді. Дəріс жазылған видекассеталарды арнайы жабдықталған аудиторияларда да сонымен қатар үй жағдайында да қолдануға болады. Негізгі оқу материалы баспа түрінде де жəне бейнекассета түрінде де беріледі. Мысал ретінде мектептегі шет тілін дəстүрлі оқытуды алуға болады, мұндай оқыту барысында білім алушылар баспа өнімдерін жəне магнитофонды немесе сəйкесінше оқу программасымен жабдықталған компьютерді пайдаланады.

Мұндай жағдайда түрлі ақпараттық жəне телекомуникациялық технологияларды қолданудың мақсатқа лайықтылығы мен қажеттілігі туралы мəселе туындайды. Мəселен, оқыту барысында визуалды ақпарат қажет болса жəне оны білім алушыға баспа түрінде бере алмайтын болсақ, онда бейнематериалдың қажеттілігі белгілі. Егер бейнепленка немесе компьютердің көмегімен ұйымдастырылатын бейнедемонстрация, қосымша арнайы иллюстрациясыз дəрістер жазбасы болса, онда ақпараттық технологияны қолдануға болады, бірақ міндетті емес.

Теледидар, ақпараттық технологиялардың кең тараған түрі, адамдар өмірінде үлкен рөл атқарады: əрбір жанұяда ең болмаса 1 теледидардан бар. Оқытушы телебағдарламалар əлем бойынша кеңінен қолданылады жəне білім беруді ақпараттандырудың нақты мысалы болып табылады. Теледидардың негізінде кең ауқымды аудиторияға жалпы дамытуды арттыру мақсатындағы дəрістерді беру мүмкіндігі артуда, сонымен қатар арнайы тесттер мен емтихан көмегімен білімді тексеру мүмкіндігі бар.

Өкінішке орай, мұндай технология кең аудиторияларға, мысалы, шетел тілдерін немесе қандай да бір ғылымның негізін меңгерушілерге қолданылады. Ұлттық немесе қалалық теледидарды арнайы бағыттағы мектеп оқу курстарына қолдану қиындық туғызады.

Бірқатар оқыту теле- жəне радиопрограммалар спутниктік теледидар арқылы жеткізіледі. Мəселен, 1971 жылы құрылған INTELSAT халықаралық ұйымы барлық 15 спутнигін қоса отырып, оқытушы программаларды бүкіл əлемге жеткізе алды. Спутниктік каналдар бір уақытта бейнебейнені, дыбысты, мəтінді жəне құжаттар копиясын сандық түрде жеткізуге мүмкіндік беретін ISDN қатынастық желісін ұйымдастыруға жағдай жасайды.

Меңгерілетін материалдың негізгі көлемін сақтауға жəне тасымалдауға мүмкіндік беретін қуатты технология компьютерлік желіде таратылатын, сонымен қатар арнайы ақпарат тасымалдаушыларда: CD, DVD жəне т.б. жазылған білім беруші электрондық басылымдар болып табылады. Олармен оқушылардың жеке жəне ұжымдық жұмысы материалды терең меңгеру мен түсінуге жағдай жасайды. Бұл технология, бар оқу материалдарын жəне оқыту құралдарын жеке қолдануға үйретеді, сонымен қатар өзбетімен оқуға жəне алынған білімді өз бетімен тексеруге мүмкіндік береді.

Қазіргі ақпараттық жəне телекомуникациялық технологияларға, сонымен қатар электрондық поштаға, телеконференцияға немесе ICQ-ға байланысты білім беру үрдісіне қатысушылардың арасындағы қарым-қатынас кеңістікте жəне уақытта бөлінеді. Мысалы, педагогтар мен білім алушылар əртүрлі елде тұрып, өздеріне ыңғайлы уақытта өзара қарым-қатынаста болады. Мұндай диалог уақыт бойынша созылуы мүмкін – сұрақ бүгін қойылса, оның жауабын бірнеше күннен кейін алады.

Мұндай тəсілдер негізінде білім алушылар мен оқытушыларға алынған хабарламаны талдауға жəне оған кез келген ыңғайлы уақытта жауап беру арқылы ақпаратпен (сұрақтар, кеңестер, қосымша материал, бақылау тапсырмалары) алмасу мүмкіндігі болады.

Жалпы білім беретін орта білім беру саласында қолданылатын ақпараттық жəне телекомуникациялық технологияларды əртүрлі категорияларға байланысты жіктеуге болады. Мысалы, білім беруді ақпараттандыруды оқып-үйренуде көрсеткіш ретінде мақсат ретінде əдісті, тəсілді қолдану немесе ақпаратқа əсер ету алгоритмін қарастыруға болады. Бұл жағдайда ақпаратты сақтау, беру, енгізу, шығару, өңдеу жəне жеткізу технологияларын ерекшелеуге болады.

Ақпараттық жəне телекомуникациялық құралдар жəне технологиялар көп. Əрбір жыл сайын білім беруді ақпараттандыру тұрғысынан маңызды жаңа құралдар мен технологиялар пайда болуда. Оларды тізімдеу, оқып-үйрену əлі де мүмкін болмай отыр. Арнайы жағдайда мұндай технологиялардың бірқатары оқушыларды оқыту мен тəрбиелеудің сапасын арттыруға ықпалын тигізуге қабілетті екендігін түсіну маңызды. Бұған қоса кез келген тəжірибелі мұғалім ақпараттық технологияларды енгізуден жеткілікті жағымды жағдайлардың бола бермейтіндігін түсіндіреді, кейбір жағдайларда білім беруде ақпараттандыру құралдарын жиі қолдану оқытудың тиімділігіне ықпалын тигізбей, керісінше əсер етуі мүмкін. Сондықтан оқытуды ақпараттандыру кешенді жəне орнымен шешілуі тиіс. Ақпараттық жəне қатынастық технологиялар құралдарын мақсатқа лайықты жəне орнымен қолдануды оқыту білімді ақпараттандыру саласында педагогтарды дайындау мазмұнына енуі қажет.

Қоғамды жəне оның барлық саласын ақпараттандырудың міндетіне соның ішінде білім беруге мемлекет қатты көңіл бөлуде. Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі мектептерді компьютерлендіру, Интернетке қосылу жəне телефондық желі жүргізу жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда жалпы білім беретін орта мекемелердің компьютерлік техникамен қамтамасыз етілуі 21 оқушыға, мультимедиалық кабинеттерді есепке алғанда, ауыл мектептерінде 20 оқушыға 1 компьютерден келеді. Интернет желісіне жалпы білім беретін мектептердің 96% қосылған, соның ішінде ауыл мектептері - 97%.

Президенттің Қазақстан халқына жолдауында: «Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың əлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді жəне денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін біз не істеуіміз керек? Біріншіден, барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. Таяудағы 2-3 жылда дуальдік, техникалық жəне кəсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керек. Келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшіруді қарастыру қажет» деп келтірілген (2014 ж.) [1, қ.ə.].

2007-2008 оқу жылының басынан бастап білім беру мекемелерінің оқу үрдісіне «онлайын оқыту» жүйесі енгізілуде. Программа екеуі əмбебап 5 интербелсенді пəндік кабинеттер кешенін қамтиды. 2 əмбебап сыныпта математика, тарих, география, астрономия сабақтарын жүргізуге болады, сонымен қатар 3 пəндік кабинетте жаратылыстану-ғылыми бағытындағы физика, химия, биология пəндерін оқытуға мүмкіндік жасалған. Олар эксперимент жүргізуге жəне орта мектеп бағдарламасы бойынша демонстрация жасауға, олардың нəтижелерін алуға мұғалім компьютерінде сандық түрде алуға жəне өңдеуге арналған арнайы компьютерлендірілген зертханалық құрылғылармен жабдықталған. Мобильдік компьютерлік сынып «Доғалағы бар сынып» мағынасын береді, сондай-ақ мұғалім компьютері, 14 оқушылар компьютерлері жəне кез келген мекемеде жергілікті сымсыз желімен жылдам жəне жеңіл қосылатын сымсыз қолжетімдік байланыс нүктесімен жабдықталған.

Республиканың тенденциясында мемлекеттік тілдегі мектептердің санын орыс тілді мектептерге қарағанда, арттыру (6000 мектеп қазақ тілді оқыту, 8000 мектеп орыс тілді) қарастырылған. Бұл тек қана қазақтандыруды ғана емес, сонымен қатар компьютерлерді (деңгейі жəне масштабы орысша дайындалған компьютерден төменгі деңгейде болмауы тиіс!) жəне оқу программалық құралдарын мемлекеттік тілге аудару, сонымен қатар мектеп пен оқу мекемелеріне информатика жəне білімді ақпараттандыруды оқытудың əдістемелік жүйесін мемлекеттік тілде дайындауды қажет етеді.

Мемлекеттік тілдегі мектептер мен білім мекемелеріне информатика жəне білімді ақпараттандыруды оқыту əдістемесінің əдіснамалық жүйесін дайындау ғылыми-педагогикалық əдісті қажет етеді. Информатика жəне білімді ақпараттандыруды оқыту əдістемесіне оқу мекемесінің ақпараттық білім ортасы құрамын қамтитын ақпараттық ресурстар сəйкестендірілуі керек. Олар мемлекеттік тілде ақпараттық білім ортасын жүргізетін бірыңғай технологиялық құралдармен қамтуға дайын жəне қабілетті болуы тиіс. Олардың дайындығы мен қабілеттілігі (компьютерлерді жəне программалық құралдарды локализациялау) компьютердің жəне программалық құралдар өндіруші мекемелердің (негізінен Microsoft) атсалыса қатысуына байланысты қолжетімді бола алады.

Компьютерлік ортада қазақтандыру локализация тəрізді. Программалық жəне аппараттық қамтамасыз етуде қазақ жазбасына байланысты белгілерді енгізу, қазақ тілді интерфейсті құру жəне т.б. Ал локализация (англ. localization) – интерфейс элементтерін, қосымша файлдарды жəне құжаттарды аудару жəне бейімдеу.

Локализация міндеті тек аударумен орындалмайды, сонымен қатар аудару программалық қамтамасыз етуді локализациялау үрдісіне қарағанда жеңілірек. Бейімдеудің типтік міндеті жазбаның ұлттық символдарын қолдану, қабылданған ұлттық форматтарды пайдалану, сонымен қатар мəтіндік алфавиттік сұрыптау жəне т.б. ережесін қолдану. Программалық қамтамасыз ету дизайнын таңдау мен дайындауда қазақ тілінің лексикасына мəн берілуі қажет, себебі қазіргі таңда ол локализация үрдісінің басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Сонымен, локализация – программалық қамтамасыз етуді жеке елдің талаптары мен шарттарына бейімдеу үрдісі. Локализация бойынша жұмыс əртүрлі профилдегі мамандардың санын: аудармашыларды, инженерлерді, программистерді жұмысқа жұмылдыруды қажет етеді.

Информатика жəне білімді ақпараттандыруды оқытудың əдістемелік жүйесін дайындау жəне оқу мекемесінің ақпараттық білім ортасын мемлекеттік тілде құру, сонымен қатар олармен байланысты білімді ақпараттандыру мəселелері педагогикалық, ғылымиəдістемелік зерттеулердің өзекті мəселелері болып табылады. Локализацияланған программалық құралдар, білім беру үрдісінің абсолютті атрибуты бола отырып, бұл үрдіске қатысатын нақты нысан ретінде талқылауға түседі.

Аталған мəселелер біздің республикамызда информатика жəне білімді ақпараттандыруды оқыту əдістемесінің бұрыннан бар практикасы білім мақсатына арналған программалық құралдарды локализациялауды тездету қажеттігін көрсетеді.

Білім беру мақсатында программалық құралдарды локализациялау бойынша мемлекеттік деңгейде сенімді қадам жасау қажеттілігі туындауда, сондай-ақ Microsoft компаниясымен біріге отырып, осы мақсатта Қазақстан арнайы кəсіпорын ашу арқылы жəне осы саладағы сəйкесінше мамандарды жұмысқа тарту арқылы жүзеге асыруына болады. Қазақстан Microsoft компаниясымен тығыз байланыста локализацияланған программалық құралдарды апробациядан орталықтандырып өткізуі қажет, оларды барлық нормативтікқұқықтық, технологиялық, оқу-əдістемелік материалдармен оқыту жəне сонымен қатар оларды оқу үрдісінде ҚР оқу мекемелері бойынша, нұсқаулар мен терминологиялық материалдарды қоса алғанда, міндетті қолдану негізінде тарату. Бұл бағытта арнайы жұмыстар жүргізілуде.

Қашықтықтан білім беру технологияларын дамыту жəне қолдану өспелі жағдайда өтіп жатыр. Бұл саладағы прогресс Отандық білім беру жүйесін реформалау мен жетілдірудің, сондай-ақ оны халықаралық білім беру кеңістігінде халықаралық талаптар мен интеграцияға сəйкес келтірудің маңызды факторы болып табылады.

Қашықтықтан білім беру Елбасы Н. Ə. Назарбаев атап кеткендей, Қазақстанның əлемдегі бəсекеге қабілетті елу елінің қатарына қосылуының стратегиялық мақсатына сəйкес келетін білім беру саласының негізгі міндеттерінің бірі ретінде қарастырылуы қажет.

ҚР білім беру жүйесін реформалау аясында жаңартылған нормативтік-құқықтық база құрылған, оның негізі төмендегі құжаттарды қамтиды:



  • ҚР «Білім туралы» заңы, 2007 жылдың шілдесінде қамтылған;

  • 2008-2012 жылдарға арналған техникалық жəне кəсіби білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы;

  • 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.

Бұған қоса, қашықтықтан оқытудың нормативтік-құқықтық базасы дайындалған. Дербес алғанда, «Қашықтықтан оқытудың техникалық жəне программалық құралдары» СТРК 34.016-2004 ҚР Мемлекеттік стандарты, ҚР Мемлекеттік білім беру стандарты

«Ақпараттық технология. Электрондық басылым» СТРК 34.0172005, ГОСО ҚР 5.03.004-2006 «Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру. Негізгі ұсыныстар» Мемлекеттік 19 ЖОО эксперимент түрінде қашықтықтан оқытуға дайындауға рұқсат етілген.

2020 жылға дейінгі Мемлекеттік білім беру бағдарламасында білім беруді ақпараттандыру мəселелері, соның ішінде қашықтықтық білім беру технологияларын енгізу алдыңғы қатарлы технологиялар ретінде қарастырылған.

IT-технологиялармен қашықтықтан оқытуға негізделген қазіргі білім беру жеке мемлекеттің аумағынан тыс аймақты да қамтуға болатындай, ашық, «қабырғасыз жəне шектеусіз» білім ретінде сипатталады. Бұл кез келген адамға орналасқан жеріне жəне мекенжайына қарамастан, əлем бойынша жоғары сапалы білімді алуға мүмкіндік беретін үлкен жетістік. Екіншіден, бұл кез келген ел үшін өзін халықаралық ортада көрсетуге, өзінің мəдени жəне саяси əсерін таратуға, өзінің бəсекеге қабілеттілігін арттыруға үлкен мүмкіндік.

Қазақстан үшін жоғары сапалы қашықтықтан білім беру жəне ашық білім беру технологияларын енгізу маңызды əлеуметтік мəселені шешу де болып табылады. Біздің республикамыз тұрғындардың аздығына қарамастан үлкен территорияны қамтиды. Тұрғындардың көпшілігі ауылда жəне қалада, облыс жəне ауданнан қашық тұрған жерлерінде өмір сүреді. Кейбір мекенжайларда шағын комплектілі мектептер бар. Тек қана бастауыш сыныптары ғана бар мектептер де жоқ емес. Шалғай жерлерде шағын шаруа қожалықтары мен мал шаруашылығы фермаларының бас көтеруіне байланысты жанұялық топтар пайда болып, шаруа қожалықтары алыс жерлерде орналасқандықтан, кейбір балалар мектепке бара алмауда. Мұндай жағдайда халыққа міндетті жалпы орта білім берумен қамтамасыз ету күрделі мəселеге айналады. Бұған мүгедек жəне мүмкіндігі шектеулі адамдарды қоса келтіруге болады.

Осыған ұқсас мəселелер кəсіби білім беру саласында да байқалады. Техникалық кəсіби білім беруді (колледждер мен ЖОО) ұйымдастыру жоғары біліктілікті оқытушылар бар үлкен қалаларда шоғырланған. Қала маңындағы аймақтарда халықтың толық кəсіби білім алу мүмкіндігі туралы түсінігі қанағаттандырылмайтын барлық категориядағы мамандардың тапшылығы байқалуда.

Бұл тұрғылықты жері мен денсаулығы белгісі бойынша ерекшелігі бар арнайы категориядағы азаматтардың конституциялық құқығын бұзу элементі байқалатын маңызды əлеуметтік мəселе. Мұны түсіне келе, мемлекет аталған мəселені шешу үшін барлық шараларды қолдануда. Сонымен қатар алдыңғы қатарлы бағыт ретінде қашықтықтан білім беру технологияларын ендіру қарастырылуда.

Бұл жағдайда алдыңғы қатарда жоғарғы білім беру бағдарламаларын жүзеге асырушы білім беруді ұйымдастыру мəселесі тұрғысынын практика көрсетуде. Қазіргі кезеңде көптеген ЖОО-да қашықтықтан оқыту элементтері қазіргі ақпараттық технологиялар мен телекомуникациялық жүйелер негізінде енгізілген. Электронды жəне білім беру ресурстары электронды оқытушы жүйелер, виртуалды зертханалар жəне тренажерлер, электронды оқулық жəне т.б. түрінде дайындалуда жəне енгізілуде.

Қазіргі таңда практикалық тұрғыдан қашықтықтан оқыту элементтерін енгізуге мүмкіндік беретін ЖОО-лардың жеке Интернет желісінде сайты бар. Тек қана кейбір ЖОО белсенділігі төмендігі ғана үлкен мəселе болып қалуда, сондай-ақ олар жеткілікті дамытылған ресурстық базаның болмауын ақпараттық технологиялар мен қашықтықтан оқыту саласындағы жоғары дəрежелі мамандардың тапшылығымен түсіндіреді.

Қашықтықтан оқыту технологияларын енгізу бойынша алдыңғы қатарлы ЖОО ретінде, Қ. Сатпаев атындағы ҚазҰТУ, Д. Серікбаев атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, Атырау мұнай жəне газ институтын, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Казпотребсоюз экономикалық университетін, М. Əуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетін атауға болады.

Жалпы орта білім беру жүйесінде арнайы жетістіктер де жоқ емес. Мектеп мазмұнының 60% пəндері қазіргі күні сандық форматқа ауыстырылған. Салыстыру үшін айтсақ, Эстониядағы көрсеткіш 80%, Голландияда - 96%.

Онлайн режимінде оқыту жүйесін енгізу туралы Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында, 2007 жылы мемлекетіміздің 1600 мектебі интербелсенді кабинеттермен жабдықталды, 2008 жылы 1000 мектеп қамтамасыз етілген болатын. Үш тілде интербелсенді сабақтар өткізу үшін қазақстандық ресурстарды дайындау туралы жұмыстар жүргізілуде. Білім беру үдерісінде интербелсенді технологияларды қолдану бойынша педагогикалық кадрларды жоспарлы дайындау жүзеге асырылды.

2007 жылдың 3 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті еліміздің 1000 жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары үшін интербелсенді сабақ өткізді. Былтырғы оқу жылынан бастап республиканың ең үздік мұғалімдері осындай сабақтарды апта сайын өткізе бастады. Қазіргі таңда мемлекеттік органдар министірлік деңгейінде Елбасының жолдауына байланысты интербелсенді сабақтар жүргізуде. Жақын уақытта «Жылдың ең үздік оқытушысы» грантының иегерлерінің интербелсенді сабақтарын жүргізу жоспарлануда.

Ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы аясында республикада қазақстандық білім беру порталы дайындалды. Оның негізгі мақсаты – барлық тұрғындардың ҚР Білім жəне ғылым министрлігімен қатынастық байланысын қамтамасыз ету, аймақтар арасындағы ақпаратпен алмасуды жүзеге асыру, ақпараттық өзара алмасу маңызды процедураларын автоматтандыру. Портал арқылы оқу теледидарындағы білім беру бағдарламаларын Интернет негізінде жеткізуді жүзеге асыруға болады.

Қазіргі таңда министрлікте техникалық жағынан дамыған елдерде қолданылып, жүзеге асырылған бастауыш мектепте арналған «1 оқулық:1 компьютер» электрондық оқыту білім беру моделін енгізу мəселесі қарастырылуда. Аталған модель оқушымен компьютер қарым-қатынасы «бірде бір» болатын оқытушы ортаны құруды ұсынады. Мұнда арнайы дайындалған ноутбук компьютерін қолдану қарастырылған.

Электронды жəне қашықтықтан оқыту саласында жинақталған тəжірибені ескере отырып, білім беуді ақпараттандыруға қатысты 2020 жылға арналған білім беруді дамыту бағдарламасының негізгі бағыттары айқындалған. Аталған бағдарламада 2020 жылы қазақстандық білім беру жүйесі бірыңғай əлемдік ақпараттық-білім беру кеңістігінің бір бөлігі ретінде қызмет ететіндігі болжанған. Білім беру үрдісін технологияландыру қамтамасыз етілген, оның оқытудың жеке траекториясына байланысты бағдарлануы, ашықтығы жəне қол жетімділігі қарастырылған.

IT технология саласындағы əлемдік жетістіктердің негізінде білім беруді ақпараттандыру қазақстандық білім берудің инновациялық алдыңғы қатарлы дамуының құралы болып табылады. Осыған орай стратегиялық мақсаттары ретінде білім беруді ақпараттандырудың негізгі бағыттары бойынша тізбектелген жүйелік саясат анықталған. Бұл бағыттарға: нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету, компьютерлендіру жəне компьютерлік паркті жаңғырту; программалық қамтамасыз ету, білім беру мен басқаруды ұйымдастыруды интернеттендіру; отандық сандық білім беру ресурстарын дайындау; мониторинг жүйесін атвоматтандыру, білім беру ұйымдарын талдау мен басқару, педагогикалық жəне басқару кадрларын дайындау жатады.

Компьютерлендіру саласындағы стратегия білім беру практика қажеттіліктерін ескере отырып білім беру мекемелерін қазіргі компьютерлік техникамен қамтамасыз етудің əлемдік көрсеткіштердің жетістігіне бағдарлануда.

Программалық қамтамасыз ету саласында Open Source Communitu ашық əлемдік қауымдастығының идеологиясы, принциптері мен құралдарына негізделетін, əлемдік алдыңғы қатарлы елдер мақұлдаған өнімдерді, программалық құралдарды қолдану мақсат етілуде.

Барлық деңгейдегі білім беру жəне басқару мекемелерін интернеттендіру саласындағы саясат əлемдік ақпараттыққатынастық білім беру ортасын дамытуға бағытталған. Білім беру жəне басқару ұйымдарын интернет желісіне əртүрлі каналдар негізінде (спутниктік, ерекшеленген, мобильдік, кең жолақты, сымсыз жəне т.б.) жоғарғы қолжетімді қабілеттілікпен 100%-ға қосу қамтамасыз етілуі тиіс.

Интернетке жəне ғылыми-білім беру желі жүйесіне Wi-Fi жəне Wi-Max технологиялар негізіндегі білім беру ұйымдары аймағында, əрі қарай республика масштабында білім беру мекемелері территориясы зонасын сымсыз қолжетімділік аймағын құру жоспарланып отыр. Интернет-ресурстарына ұялы телефон байланыстары арқылы қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Web-технологияларды енгізу мен дамыту қарастырылуда. Аймақтық ақпараттық-білім беру корпоративтік компьютерлік желілерін бірыңғай жалпы республикалық ақпараттық білім беру компьютерлік желісіне интеграциялау қолға алынды.

Интернет желісі құрылымында жеке дамыған инфрақұрылымы бар жəне Қазақстан қашықтықтан білім беру жүйесіне бейімделген жеке білім беру контенті бар, қазақстандық білім беру сегменті жүзеге асырылуы тиіс.

Отандық сандық ғылыми-білім беру ресурстарының индустриясын құру алдыңғы қатарлы өзекті стратегиялық міндеттердің бірі ретінде қарастырылады. Қазақстанда білім беру жүйесінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын жəне қойылған біліктілік талаптарына жауап беретін жеке электрондық білім беру ресурстары өнеркəсібі болуы қажет. Мəліметтерге сүйенсек, ұйымдардың кəсіби жəне техникалық білім беруде қазіргі электрондық білім беру ресурстарына қажеттілігі оқытудың кəсіби жəне арнайы цикліндегі пəндер бойынша 2780 бірлікті құрайды. Колледждердің кəсіби жəне арнайы цикл пəндері бойынша қажеттілігі – 7455 бірлік, ЖОО-да базалық жəне профильдік цикл пəндері бойынша 5347 бірлікті құрайды.

Барлық ресурстар үш тілде – қазақ, орыс жəне ағылшын дайындалуы қажет.



ҚР Білім беруді ақпараттандырудың стратегиялық бағыттарының бірі – жоғары технологиялық автоматтандырылған мониторинг, білім беру ұйымдарын талдау жəне басқару жүйесін құру. Ол тиімді құжаталмасуды жəне білім беру ұйымдарының есеп беру формасына, сəйкесінше, стратегиялық мəліметердің жүйелік базасын сүйемелдеуді қамтамасыз етуі қажет. Білім беру жүйесінің жағдайын тұтастай жəне өндірістік-білім беру іс-əрекетінің əрбір бағыты бойынша сапалы мониторингілеу қамтамасыз етілуі тиіс.

Білім беруді ақпараттандыру саласында кілттік рөл педагогикалық жəне басқарушы кадрларға беріледі. Стратегиялық мақсаттарға сəйкесінше ол IT-технологияларын кəсіби іс-əрекетінде кеңінен қолдануға бағдарлануы керек. Орта, техникалық жəне кəсіби, жоғары білім беру жүйесінде педагогикалық кадрларды дайындаудың оқу жоспарына IT-технологиялары негізінде білім беру əдіснамасы курстарын енгізу ұсынылады. Аталған стратегиялық бағыттар білім беруді ақпараттандырудың, қашықтықтан жəне ашық білім берудің барлық практикалық аспектілерін қамтиды. Бұл мəселені кешенді түрде шешудің куəлігі болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет