Төлеби ауданы Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің 7 «Ә» сыныбында өткен сыныптан тыс сайыс сабағының хаттамасы



Дата02.03.2023
өлшемі15,39 Kb.
#71219
түріСабақ

Төлеби ауданы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің 7 «Ә» сыныбында өткен сыныптан тыс сайыс сабағының хаттамасы

Төлеби ауданы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесінде қыздар мерекесіне орай өткізілген 7 «ә» сыныбында «Көктем Аруы-2022» байқауы болып өтті.


Сабақтың мақсаты:оқушыларды тәрбиелікке, инабаттылыққа, әсемдікке, еңбексүйгіштікке, шеберлікке баулу. Сыныптан тыс байқау бес кезеңнен құралған. Қатысушылардың барлығы да бес кезеңнен де сүрінбей өтті. «Көктем Аруы -2022» байқауының бас жүлдесін Иманбай Сағыныш иеленді. Сайыс сабаққа сыныптан 9 қыз қатысты.Барлығы да номинация иеленді.
Жеңімпазды әділ қазылар алқасы бағалады. Әділ қазылар алқасының мүшелері: Директордың бейіндік орынбасары Заитова Г.Р, кәсіподақ төрайымы және тарих пәнінің мұғалімі: Қансейітова М, әлеуметтік педагог Жанысбаева Н болды. Сайыс өте тартысты, қызықты өтті «өте жақсы» деп бағаланды.
Қ.Құрбанова: осындай сайыс сабақтар жиі өткізілсе, балаларымыз сахнаға шығып, ашылып үйренсе- деп ұсыныс білдірді.
Ж.Бейсенова: сабақ өте жүйелі құрылған, көрнекіліктері безендірулері өте тамаша. Шығармашылық табыс тілеймін.
Ұсыныс:Тағы да осындай сайыс сабақтарды жиі ұйымдастырылса екен.

Мұғалім: А.К.Саипова


Хатшы: А.А.Омарова
Төлеби ауданы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінде өткен «Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз!» атты мерекелік іс шарасына қатысқан
7 «Ә» сыныбының көрінісі туралы мәлімет
Төлеби ауданы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесінде наурыз мерекесіне орай «Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз!» атты мерекелік іс-шарасы болып өтті.
Сабақтың мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Қымызмұрындық көрініс
---Ата , ата сүйінші қара бие құлынды болды! (Бекзат)
----Ооо тамаша мынау бір керемет жаңалық болды ғой бәйбіше бер баланың сүйіншісін! (Әділет)
----Ала ғой құлыным (Сағыныш)
----Рақмет әже (Бекзат)
-----Охо биелерің құлындап енді қымызмұрындық болады десеңші. (Аяулым)
------Жеңеше қымызмұрындық деген не? (Әйгерім)
------Қымызмұрындық деген бие құлындап , тоқтаған соң қымыз мол болсын деп сүтті қорытып одан қымыз жасап елге беруді айтады.(Әлия)
-----Аааа рақмет жеңге. (Әйгерім)
-----Жеңге сізге үлкен рақмет осындай терең мағыналы сөзді түсіндіргеніңіз үшін. (Алина)
-----Келінжан қымызымыз дайын болған секілді ендеше қымыздан алып кел. (Сағыныш)
Осы кезде келіні (Еркеназ) қымыз алып келеді. Кесеге құйып қонақтарға ұсынады.
-----Қымыздан алыңыздар, дәмнен алыңыздар (Еркеназ)
Қонақтар қымыз ішіп дастарханнан дәм татады.
-----Ал рақмет қымызға, құлындарың құтты,биелерің сүтті болсын.Осындай қымызмұрындықтар көп болсын.(Дәулет)
Мұғалім: А.К.Саипова
Хатшы: А.А.Омарова

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет