Толен Абдиков. Аке



Pdf көрінісі
Дата01.12.2022
өлшемі364,85 Kb.
#54053



Төлен Әбдік
Әке
(повесть)
«Әкең хал үстінде, тез жет» деген телеграмманы ала салысымен
сол күні самолетке отырдым.
Жол боиы көңіліме неше түрлі оилар келді. Көбіне әкемнің мені
көрмеи қаитыс болып кеткен сәтін көз алдыма елестетемін.
Жүрегім қобалжып, өне боиымды үреи билеиді. Өз қиялымнан
туған қаиғылы көрініс тап бір болған оқиғадаи көкірегімді
күиінішке толтырып, көзіме жас әкеледі. Әлдеқалаи өзімді әкем
алдында кінәлі жандаи сезінемін. Енді түзеуге болмаитын бір
қателік жасаған тәріздімін. Енді бәрі де кеш секілді... Көңілімде
екі-ақ сезім - үреи мен өкініш.
Аудан орталығына келісімен, маи тасып жүрген машиналардың
біріне ілесіп, үиге түнде жеттім.
Бұрын колхоздың кеңсесі болған ұзынша кірпіш үидің есігін
қамыс албармен қоршап қоиыпты. Әлдеқаидан күиіс қаиырған,
оттап жатқан малдардың пысылдаған пысқырған дыбыстары
естіледі. Қаи жерде екені белгісіз, бақпа үиректің қырқылдаған
үні шығады. Жолдағы бұталған отын мен жаңғырыққа,
шылапшынға сүріне, сипалап жүріп есікке келдім. Мен қаға
бастағанда-ақ, есік әндете сықырлап өзі ашылып кетті. Коридорда
өлімсіреи жанған аспалы шамның болмашы жарығынан бүиірдегі
кірер есіктің жобасы көрінеді.
Үиге кірдім. Одан әрі ауыз үидің есігі. Тағы бір есік... Орта үидің
есігі... (Біздің үиде не көп, есік көп - бұрынғы кеңсенің есіктері).
Түпкі бөлмеге кіргенде барып, дәл төрде төсек үстінде кіп-
кішкентаи болып жатқан әкемді көрдім. Адамның жүдеген кезде
мұншалық кішіреиіп кететінін бұрын білмеуші едім. Көзі
шүңіреиіп, жақ сүиектері шодыраиып, адам танымастаи болып
кетіпті. Жанында екі адам - отыр. Біреуі − Уәли молда, екіншісі −
жиен ағам Самат. Пеш түбінде мүлгіп апам отыр.
Мен кірген бетте киімімді де шешпестен, сәлем-сауқатсыз
бірден әкеме ұмтылдым. Құдаи-ау, қалаи жүдеген!
– Саилаумысың,- деп әкем естілер-естілмес.
Көзіме ыстық жас тірелді.


Ішіме не бір өкініш, арман, күиініш толып, әкемнің қатқыл
сақалды қу сүиек жағына маңдаиымды сүиедім де, өксіп жібердім.
Сол кезде барып төрдегі молда:
– Қои, қарағым, жылама, аман-сау келдің, көрдің әкеңді, ендігі 
дәм-тұзды бір алланың өзі біледі,- деп жұбату аитты.
– Жылама, аиналаиын,- деді жиен ағам, – Әкеңнің, мінеки, бір 
арманы орындалды. Сені көрсем ризамын деген. Көрді ғои...
– Жылама,- деді әкем де зорға сөилеп. Сөитті де өзі кемсеңдеп
қоя берді. Маңаидағылар енді әкеме басу аитып жатты: «Осы бір
жаман болмаса соншама жерден кім іздеп келер еді», «Артыңда
құдаиға шүкір тұяқ бар», «Балаң келсе, қуаныштан жазылып
кететін бір әдетің бар еді ғои»...
Әкем басылып мені ымдап өзіне қараи шақырды да,
маңдаиымнан иіскеді. Содан кеиін барып үи-ішімен амандық
басталды. Молданың, ағамның қолын алдым. Апам бетімнен сүиді.
– Әлгінде, ғана машина дүрілдегенде әңгіме қып отыр едік, 
тәрізі сонымен келдің ғои? - деді молда аят оқығандаи бір сазды 
үнмен.
– Иә,- дедім әлі өксігімді баса алмаи.
Ағам қаладан қашан шыққанымды, ауданнан машинаның
қалаи табылғанын, одан кеиін қаладағы өзі танитын бірлі-
жарымды адамдардың амандығын сұрады. Телеграмманы өзі
салғанын, екі сөздің басын қоса алмаитын пошташы Таишықтан
не қаиыр, жаман орысшасымен өзі жазып шыққанын, оған бір сом
отыз тиын төлегенін әңгіме қылды.
– Бағана әкесі Саилауды әңгіме қылғанымызда есіктің 
сыртында тұр ғои деген жоқ па? - деді апам сөзге араласып.
– А, иә,- деді ағам да есіне түсіріп. – Саилау есіктің сыртында 
тұр деді ғои бізге...
– Біліп тұр ғои,- деді молда өзі біліп тұрғандаи маңыздана 
сөилеп. – Құдаи сонда оған көрсетіп тұр. Құдаидың әмірі күшті 
емес пе!..
Мен әкемнің жалпы жағдаиын, дәрігердің не аитқанын
сұрадым.


– Дәрігер қарамаи тұр ғои,- деп өкпе аитты апам.
– Сол баланың өзі ауруды алалап қараитын секілді. Былтыр 
өзінің нағашысы Жармағанбетті қалаи емдеді. Ауданға да, 
облысқа да апарды.
– Олаи деме, бәибіше,- деді молда. – Құдаи біледі деңіз... 
Құдаидың жазуы қалаи болса, ауданға облысқа апарғаннан 
ештеңе өзгермеиді. Немене, мына сенің балаң апара алмаи ма? 
Ертең-ақ Алматыдан бір-ақ шығарсын... Бірақ дәм біледі. 
Ырыздық-несібе өлшеулі ғои өзі.
– Мінеки, төрт күн болды,- деді ағам маған қарап,- осылаи
күзетіп отырамыз. Кеше Қаумен шал мен Ерекең келіп еді. Ерекең
үлкеиген адам ғои, қажып қалды. Бүгін мына молдакең келіп,
жақсы болып отыр.
Молдакең өзінің келуі үлкен мәселелерді шешетіндеи тамағын
кенеп, жөткірініп қоиды.
Түн ортасы ауа шаи ішілді. Шаидан кеиін:
– Сен жатып демал,- деді ағам. – Жолдан келдің, жол қажытады 
ғои адамды.
Әкем тыныш ұиықтап жатыр екен. Аузы ашық. Бірқалыпты
сырылдаған дыбыс шығады. Орта бөлмедегі кереуетке келіп
жаттым. Молда мен ағамның күңгірлеген дауыстары естіліп тұр.
Ұзақ жаттым. Бірақ ұиықтаи алмадым. Қаита басыма неше түрлі
оилар келіп, ұиқым шаидаи ашылды. Апыр-ау, әкем өліп қалса не
істеимін! Әкемді риза қылатындаи бір жақсылық жасап көрдім бе?
Осылаи түк көрмеи, жалғыз баласына өкпелеген күиінде
дүниеден аттанып кете бермек пе?!
Мен әкемнің басынан кешкен ұзақ тарихқа оиша көз жібердім.
Өз өмірі туралы маған көп аитушы еді. Қиыншылықты, беинетті
көп көрген адам ғои...
* * *
– Қоян жылы азғантаи малымыз қырылып қалды да, 
туыстарды сағалап, жер аяғы құрғасымен Жыландыға, көшіп
кеттік,- деп бастар еді әкем көп әңгімесінің бірін. – Жыланды 
боиы ол кезде қолдың саласындаи тізілген ел. Малдыбаидың екі 
баласы – Естөре, Бестөре штат болып, болыстыққа таласып, 
араларында адам өліп, кісі құны дауланып өздері ыры-тыру болып 
жатыр екен. Әитеуір, ағаиынның аты ағаиын, бір-бір лақтан, әлі 


р
у р
ң
р
р
қ
жеткені саулық қои бөліп беріп, оның сыртында ерулік әкеліп 
бірден ел қатарына қосылып кеттік. Өзіміз бес ағаиынды болдық. 
Шешеміздің қаитыс болған кезі. Қыздардың бәрі тұрмыс құрып 
кеткен. Әпсаттар, Қапсаттар, Нұржан, үшеуі де бөлек үи. Дүисен де 
үиленген, бірақ әкеидің шаңырағында. Менің салт бас, сабау 
қамшы кезім.
Бізбен бірге қаз Аитыбаилар да көшіп келген. Үлкен баласы
Аидархан екеуміз Естөренің жылқысын бағатын болдық. Досым
баласында Естөреден баи ешкім болған жоқ қои. Өзі де құдаи
сақтасын, тәкәппәр еді. Қыста моиылдаи қап-қара атақты бәиге.
Қарақасқасын, ал жер қараиысымен жұмыртқадаи аппақ жорға ат
мінетін. Біресе орысша, біресе қазақша - неше түрлі құбылып
киінеді. Жан баласына тақымы толмаиды.
Көшіп келгеннің келесі жылында Аитекең келін түсіргенде
Естөре дуан жақта болды да, артынан қоиын соиып, тамағын
әзірлеп қоиып шақырғанда, ит-аи, келмеді ғои. Дәмнен үлкен емес
шығар деп екі рет адам жібергенде «бара алмаимын» дегеннен
басқаны аитпапты.
Бір жылдың ішінде шаруашылығымыз түзеліп қалды.
Қапсаттар қыстауды иесіз қалдырмаимын деп оиға көшіп кетті.
Сол жылы шабындық та мол болып, Естөре, Бестөрелердің
даулары бәтуаға келіп аиғаи-сүргін басылған болатын. Бірақ ои
жақтан адам келген саиын «патша құлапты, үкімет жаңарыпты, ақ,
қызыл деген шығыпты» деген неше түрлі хабарларды естіп
жатамыз. Келесі жаздың ортасында атты қазақ деген бәле шықты.
Бәлен жерде бүкіл ауылды атып кетіпті, шауып кетіпті, әиелдерді
масқаралапты дегенді естігенде, тұла-боиың түршігеді. «Е, е,
заманның беті жаман боп барады, елге түскен ауыртпалық қои,
былтыр күзде күннің тұтылғанынан қорқып едім»,- деп отыратын
әкем жарықтық.
Бір күні біздерге қараи атты казактар келе жатыр деген хабар
алдық. Зәре қалмады. Қыз-қырқындардың бәрін Шошқакөлдің
қалың қопасына апарып, тығып тастадық. Нұржан өжет еді.
Ауылдағы бар азаматты жинап алып, атты казактардан бізге
қаиыр жоқ, елдің қанын ағызып келе жатқан жауыздардың ретін
тауып, көзін құрту керек дегенді аитты. Мал десе жаны қала ма,
жылқының жауы екен дегенді естіген соң, Естөре де бізге
қосылды. Сонымен бүкіл ауыл болып атты казактарды өлтіруге
қорыдық. Керегелердің бастарын түиістіріп, бірнеше қос тігілді.
Жер ошақ қазылып, алдын-ала соиылған қоилар да даиындалып
қоиылды.


Түс кезінде бір топ салт атты көрінді. Жақындағанда көрдік -
иықтарында шошаиған мылтықтары бар әскерше киінген
орыстар. «Ал келді атты казактар» деп жатты. Іргеге келгенде бір-
ақ білдік - әкеиді аидап алып келе жатыр екен. Малда жүрген
болатын. Таяқ жеген секілді, шекесінде қан бар. Иттердің түсі
суық екен. Атып жібермегеніне шүкір десеиші. Нұржан ет қызумен
одыраңдағысы келіп еді, әкеи өзі басып тастады. Әкемді ұзап
кеткен үш-төрт жылқысын ауылға аидап келе жатқан жерінен
ұстапты. Бұл аитқан сөздеріне түсінбеген. Ымдарына қарағанда,
жылқы тауып бер деитін секілді. Әкем:
– Біз кедеи адамбыз, бізде мол жылқы болмаиды, азғантаи үш 
үилі жанға біткен бар тұяғымыз осы,- депті қазақшалап.
Атты казактар жылқыларыңды тығып отырсыңдар деп
сенбеген болулары керек, әкемді екі-үш рет мылтықтың дүмімен
түиіп жіберіпті. Ақыры жылқы тауып бермесең атамыз деп, ауылға
алып келген.
Дүисеннің аздаған орысшасы бар. Әкем кішкентаи кезінде
Аисаға ертіп жіберіп, бір жыл қалада оқыған. Солдаттар ат үстінде
состиып-состиып тұра қалғанда, Дүисен жандарына барып,
орысша сөилесті. Аналар кәдімгідеи қуанып қалды. Дүисен елдің
әдеиі күтініп отырғанын, қонағасының болатынын, тілектерінің
бұлжымаи орындалатынын аитқан болу керек, әскерлер
қауқылдасып, мәз болып аттарынан түсе бастады. Бірақ өздері сақ
екен. Біреуі мылтығын ұстап, аттардың жанында қалды. Ішінде
жуан қарын біреуі бар. Бастығы ғои деимін, «қостың ішіне
кірмеиміз, тез жылқы әкеп беріңдер» деп тұрып алды. Не керек,
ақыры кірді-ау. Қымыз бердік, шаи бердік. Өздерімен бірге алып
жүрген арақтары бар екен, аздап арақ ішті. Сырттағы күзетші де
үиге кірген. Одан ет келді. Мен табақ тасып жүрмін.
– Қазір «сорпа әкел» деген кезде бастаимыз, Дүисенге аит 
қостан шықсын,- деп сыбыр ете қалды Нұржан.
Табақты алдарына қоиып жатып:
– Саған шықсын деп жатыр,- дедім Дүисенге ақырын ғана.
Жуан қарын секем алып қалды. Дүисенге қарап бірдеңе деп
шүлдірлеп жатыр. Дүисеннің не аитқанын білмедім, қостан
шығып кеттім. Апырм-аи, Дүисенді ұстап қалар ма екен деп
зәремнің ұшқанын көрсең. Шықты-ау бір мезгілде қостан. Сол
кезде «сорпа әкел» деген аиғаи шықты. Сол-ақ екен, бірнеше жігіт
керегелерге баиланған арқанды тартып-тартып қалғанда, қостың


бәрі бір сәтте жалп етіп, етке енді қолдарын соза берген атты
казактарды басты да қалды. «Иә аруақ» деп ұмтылып кеп бердік.
Нұржан да қарулы еді-ау. Қолы іліккен жерден әлгілерді қостың
астынан суырып алады. Соиылмен төбеден бір ұрып құлатып
жатырмыз. Оипырмаи, еңгезердеи бір сары орыс бои береді
дегенің не?.. Алғашқы жығып салғанымызда, Дүисен белінен
наганын суырып алған. Соиылмен ұрғанда құламаи үстіндегі
киімін сыпырып тастап, сорға қараи қашсын. Жан беру деген оңаи
ма? Сорға тығып, жан жағынан қамаған кезде әлгі иттің баласы,
татар ма немене, «алла, алла» деиді қазақшалап. «Мынау
мұсылман болып жүрмесін» деп қобалжыдық. Нұржан ожар ғои:
«Ои әкеңнің аузын, бұған қаңғып жүрген қаидағы мұсылмандық»
деп келіп, ту, сыртынан соиылмен ұрып құлатты. Содан түнімен
сордың сыртынан үлкен шұқыр қазып, бәрін бір-ақ көмдік. Келесі
күні әлгілердің дүниелерін бөлісеиік. Қоржындарының іші толған
білезік пе сырға ма, әитеуір асыл бұиым. Дүисен біреуінің ер-
тұрманын алып, әлгінің көпшігінің ішінен қараиған дүние
шықты. Біреуінің мылтығын мен алдым.
Бір күні «іштен әскер шығыпты, атты казактардың өлігін іздеп
шыққан көрінеді, істік темірмен жерді тесіп тексереді екен» деген
лақап жетпесін бе. Мына қазақшылықты қарасаишы. «Көмген
жерден тауып алса, шетімізден қырыламыз, өртеу керек» - деген
ұиғарым жасады шалдар. Ақыры, иттеи болып көрді қаитадан
ашып, әлгілердің сасып кеткен денелерін сордың іргесінде
көкпекпен өртемеиік пе. Мына Қаратемірдің Естегі, түнқатар
Естек деуші едік баиғұсты, содан шошып ауру болды ғои. Енді
жұрт бөліп алған дүниелерінен безе бастады. Мылтықтарымызды,
сақина, сырғаларымызды суға лақтырдық. Жаннан тәтті не бар?
Бірақ аитқан әскер келмеді. Жүрегіміз аздап орнына түскендеи
болған соң, әкем мені шақырып:
– Оиға барып кел. Қапсаттардың үи-ішінің амандығын біл. 
Дүние асты-үстіне шығып жатқанда қаисымыздың қаи саида 
қалғанымызды білмеи қалармыз,- деді. – Ар жақтан не хабар бар 
екен? Аисаныкіне соққаисың.
Торы атты ерттеп алып ауылдан шығып кеттім. Түс кезінде
Ошақтыда отырған өзіміздің Назарымбет Жалғасбаилардан бір
шаи ішіп алып, бұлаң құирықпен күн бата оиға құладым.
Қапсаттарлар Қарасудың жиегінде екен. Кешке қои соиып,
Аисаларды шақырды. Аисаның жанында бір жас жігіт бар. Кім
екенін танымадым. Оқыған пәле болу керек: «Патша анау, патша
мынау, жаңы үкімет кедеидікі болатын шығар, бірақ арты қалаи
болатынын аиту қиын, ал баилардың естері болса, малдарын


азаитқаны жөн ғои»,- деп зуылдап отыр. Жұрттың малындағы
шаруамыз қанша, төрт үилі жан қарап отырған төрт-бес тұяқты
азаитқанда қаитіп күн көреміз?... Атты казактардың бұл араға да
соиқаны аз болмаса керек.
– Олар патшаның әскерлері ғои, қызылдардан жеңілген соң, 
Қытаиға ауып барады. Олар тірі жанды аямаиды,- деп түсіндірді
әлгі жігіт.
Оида екі-үш күн болдым, Қапсаттардың әкеиге жіберген шаи-
қантын алып, тағы да торы аттың бұлаң құирығымен кештетіп
ауылға жеттім.
Үидің маңы топырлаған адам. Жер-ошақ басында әиелдер
қаптан кетіпті. Жүрегім зу ете қалды. Тақаи бергенде әиелдердің
жылаған даусын естіп, бір сұмдық болған екен дедім ішімнен.
Үиден аңырап әкем шықты.
– Нұржаннан аиырылдық қои...- деген сөзін аңғардым. Содан не 
болғанын білмеимін. Талып қалыппын. (Әңгімесінің одан 
арғысын ұмытып қалғандаи әкем осы тұста үнсіз қалады).
– Е-е, бұл бастан не кешпедік. Кеиін естідім, ауылға тағы да
атты казактар келіпті. Атаңа нәлет, Естөрелер болса керек,
жылқымды сыпырып кете ме деп жағымпазданған, атты
казактарды өлтірді деп Нұржанды сыртынан көрсетіпті. Үш
солдат келіп, бие саудырып тұрған жерінде Нұржанды атып
кетіпті.
* * *
Мен әкемнің әңгімесінің соңында үн-түнсіз тұнжырап,
қолының адыраиған тамырларын сырғытып, мұрты жыбырлап,
тұғжиып отыратын кезін көз алдыма елестетіп отырмын.
«Әи, Нұржан-аи,- дер еді назаланып,- маңдаиға симаи кеттің
ғои, маңдаиға!..»
Талып барып, ұиықтап кетсем керек, таңертеңгі шаиды алдыға
алып жатқан кезде тұрдым. Беті-қолымды жуып, қырынып,
әкемнің қасына келіп отырдым. Әкем бетіме ұзақ қарады.
– Немене, бірдеме аитқысы келіп отыр ма? - деді апам маған 
қарап.
Әкем басын шаиқады.


– Сусын берші,- деді содан кеиін.
Жастықты бір шынтақтап отырып, шалап ішті. Қаитадан
қисаиып жатып:
– Әи,- деді кеиігендеи бір үнмен апама қарап. – Балаға тамақ 
қоидыңдар ма?
– Қоямыз ғои,- деді апам шаи құиып жатып. – Шаи ішіп 
болаиық.
– Сенің де бір аиналшық жегендеи шыр аиналып, ісіңнің 
өнбеитіні-аи,- деп кеиіді тап бір сау күніндегідеи.
Әкемнің кеиігеніне жұрттың бәрі қуанып қалды. «Тіршілік
болса, шіркін, кеиігеннің өзі қандаи рахат» деген ои келді
көңіліме.
– Аиттым ғои, бұл шал баласы келсе, жазылып кетеді,- десті
біреулер.
Шаи үстінде әкемнің көңілін сұраушылар келе бастады. Жақын
туыстарымыздың бірі Санжар бұл аурудан шалдың өлмеитінін,
тек Тырқаидың Абылына көрсетіп алу керегін (әкесі әулие адам
болған ғои), ал дәрігерлердің өзінен артық ештеңе білмеитінін
аитып кетті. Серікбаи. шал келіп, өз құлағы мүкіс болған соң
әкеммен аиғаилап сөилесті.
– Еи, Сеисен,- деді қамшысымен жерді көрсетіп,- балаңның
келгені қаиырлы болсын. Көзаиым болып жатыр екенсің. Тұрып
кетсең, ықтияр құдаида, ал өле қалсаң, тағы арманың жоқ.
Әкем болмашы жымиған болды.
– Баяғы Атамбектің Сары биі көзінің тірісінде өзіне қабір 
қаздырып, күмбез тұрғызған еді, сол күмбезде қазір кімдер 
жатыр?
– Екі қатын жатыр,- деді әкем ақырын ғана.
– Екі қатын жатыр,- деп қаиталады Серікбаи бар даусымен. –
Тірісінде құдаи болғанның бірі сондаи-ақ болар. Қазір сүиегінің 
қаида қалғанын ешкім білмеиді.-Серікбаи біреу өзіне қарсы дау
аита ма деп күткендеи, кілегеи көздерін бажыраитып үндемеи,
қалды. Ешкім сөз аитпағаннан кеиін:


– Сен екеуіміздің көрген қиыншылығымызды ешкімге
бермесін,- деді сөзін жалғап. – Осы күнді шүкір қылу керек... 
Шүкір де...
«Секең дұрыс аитады», «Секеңдікі әділ сөз», «Бұл шал сөзге
бәле ғои»,- деп отырғандар шалды қолпаштаи бастады. Серікбаи
мақтағанды жек көрмеитін, кілегеи қои көздерімен
маңындағыларға жымыңдаи қарап, қатар отырған молданың
шақшасын сұрады.
Әкем жастығын биіктетіп, ыңғаиланып отырды.
– Әи, Қаби,- деді ыңырси сөилеп терде отырған парторгқа. –
Сен неге осы уақытқа шеиін келіп көңілімді білмеи жатырсың? Әи, 
шіркін-аи!.. Әкең шөккен түиеге міне алмаитын жаман еді...
– Мені көрсе әдеті,- деді Қаби кеңкілдеи күліп, – әлдеқашан 
өліп қалған әкемнің етегінен бір тартып қалады.
– Нағашылы-жиенді болған соң солаи болады,- деп түсіндірді
молда.
– Баяғыда әкесі Жыландыдан оиға жаяу құлаимын деп,- деді
әкем сөзін бөліп-бөліп,-орта жолда аштан өлгелі жатқан жерінен
үиге әкеліп, аман алып қалған едім. Кеиін одан сен секілді ит
туатынын білгенде, сол жерден қозғамаитын едім ғои...
Жұрт ду күлді.
– Әне, әне,- деді Қаби басын шаиқаи күліп, – өзі өлеиін деп 
жатып, тілімен біреуді шағып жатады.
– Нағашылы-жиендердің қалжыңы, құдаи сақтасын, баяғыда 
жаман болушы еді ғои,-деді молда қабағын түиіп. – Марқұм мынау 
өзіміздің албан Құсаиын мен қаз Серәлілердің ісінен адам 
шошитын. Бір жылы екеуі ат қосамыз деп кереилердің асына 
барып, бір жұмадан кеиін Құсаиын жалғыз өзі қаитып келді. Одан 
Серәлінің үиіне кіріп: «Жолда өзеннен өтіп едік. Серәлі атымен 
бірге суға кетті»,- деп естіртті. Содан у-шу. Серәлінің үи-іші
жылап-сықтап, мал соиылып, құран оқылып, ақыры не керек,
жетісін бергелі жатқанда Серәлінің өзі келсін... Сөитіп бір масқара
болған.
– Нағашылы-жиен дегенге сот жоқ қои,- деді шалдардың бірі.
– Неге сот болмасын,- деді жиен ағам күліп. – Қоишыбаи өзінің 
жиенін боқтаимын деп ауданға барып он бес күн отырып келді 


ғои.
Молда тіксініп қалды.
Ет келді. Артынан тағы да қазан қаинады. Осылаи ел адамдары
әкемнің көңілін сұрап, өлімнің ерте ме, кеш пе, әитеуір бір
келетінін, бірақ кәріліктен адамның өлмеитінін, денсаулық
көтерсе, жалғыз ұлдың игілігін көріп отыра тұрғанның да
бөтендігі болмаитынын аитып, ал шалдар жағы әзілдесіп, көңіл
көтеріп кіріп-шығып жатты. Кешке әкемнің құрдасы Өтеген шал
келді. Ұшып-қонып жүретін елгезек, ақ көңіл кісі еді.
– Сеисен, бои қалаи? - деді әкемнің қолын алып жатып. – Тәуір 
боп келесің бе?
Әкем жауап бермеи, бетіне тура қарап біраз жатты да:
– Не ғып омалып жатырсың? - деді қолын жібермеи. – Әлде 
менің сүиегіме бір-ақ келеиін деп пе ең?..
Өтеген шошып кетті:
– Оибаи, Сеисен-ау, о не дегенің? Құдаи сақтасын, сүиегі несі?.. 
Мал жоғалтып... Соны іздеп...
Өтеген төрге шығып, үи-ішіндегілермен сәлемдесе бастады:
– Есім, аман ба? Қапеш, аман ба? Өмірзақ, ден сау ма? Мырзатаи, 
балалар аман ғои? Тұрсынғали, аман ба, қалқам?..
Үиде неше адам отырса, бәрімен жеке-жеке амандасып
шығатын қашаннан әдеті.
– Мал жоғалтып,- деді тағы да әкеме қарап. – Жалғыз биені 
Әбдилерге қосып ем, жоқ. Қырғыбөгетке шеиін барып, таба алмаи 
қаиттым. Қаида кеткенін жамандатқырдың?
Әкем мырс етті:
– Әкең Доспамбет ақшамен самаурын қаинатқан баи еді. 
Кәмпескесінде өзім болып едім. Жылқысын санағанда бес мыңға 
жетті. Тым болмаса, несібесін жазбаған екен маңдаиыңа.
– Әкенің баилығынан не паида... Бітсе өзіне бітті, өзімен кетті... 
Ал өз басыма бір биеден артық жылқы бітіп көрген жоқ. – Өтеген 
шал «бір» деген санды басқалар біле бермеитіндеи анықтап 


саусағымен көрсетті. – Оның өзі Қапсаттардың биесінен тараған 
тұқым.
Әзілдесіп көңілді отырған әкем Қапсаттарды аитқанда
тұнжырап қалды.
– Марқұм Қапсаттар жанның жаисаңы еді ғои,- деді Өтеген 
сөзін жалғап. – Жармағанбеттің бес ұлының жаманы мына Сеисен 
ғои... Қалғандары қасқыр еді шетінен. Әпсаттарды да, Нұржан, 
Дүисендерді де көрдік. Ал Қапсаттар екеуміз мына бөгет 
салынғанда жарты аи күні-түні күзетіп басында жаттық. 
Баилардың біразы бөгетті бұзамыз деп, аңдыды да отырды. 
Ақыры таң алдында бес адам болып келіп, үстімізден бас салсын... 
Менде не қауқар бар. Қапсаттар арпалысып жүр. Ақыры біреуінің 
соиылы басына қата тиген болу керек, содан тілге келмеи кетті 
ғои.
– Қапсаттар өлгенше сен неге өлмедің? - деді әкем үһілеп. – Сен 
кімге керекпін деп қалдың?..
– Енді тағдырдың жазуы солаи болса, не істеисің,- деді Өтеген
күмілжіп, өзінің өлмеи қалғанына шын кінәлі адамдаи
қыпылықтап. Содан кеиін үи-ішінде амандаспаи қалған бір
адамды көріп қалды:
– Қарпық аман ба? - деді есік жаққа моинын созып.
Қапсаттардың атын аитқаннан кеиін әкемнің көңілі
көтерілмеи қоиды. Жүрегіндегі ескі жараның орны біржола
шыққалы тұрған әдіре қалғыр ит жанын ең соңғы рет қинап
жатқанға ұқсаиды.
* * *
– Ішіміздегі көкірегі зерделі, сауаттымыз Дүисен үкімет ісіне 
араласып, ауылнаи болған соң Әпсаттардан басқамыз оиға көшіп
келдік,- деп бастаитын әкем бұл әңгімесін. – «Кешегі сіңірі
шыққан Жармағанбеттің баласы ауылнаи болып, ел басқарған соң
не жорық»,- деп күндегендер болды. Дүисен қалаға барып, не оқу
екенін кім білген, әитеуір оқып келді, Баилар қанша менсінбесе
де, Дүисеннің мінезінен, өткір тілінен қатты сескенетін.
Бір күні Дүисен ағаиынды үшеуімізді жинап алып,
сауатымызды ашты. Үкіметтің ұстап отырған саясатынан
хабардар болып, ішіміз әжептеуір жылып қалды. Үкіметті тап бір
соның өзі орнатқандаи қаита-қаита кеп сұрақты жаудыртамыз.


Біздікі түн ішінде көз көрмеген соң, жол қаида деп сұраи берген
секілді ғои.
– Әліптің аяғын баға тұруға болмады ма, шырағым,- деді бір 
мезгілде әкем. – Жоқты барға теңеиді екен дегенің құлаққа 
қонып тұр-ау. Бірақ аумалы-төкпелі заманда жан сақтағанның да 
зияны жоқ. Омыраулап алға шыға бергеннің өзі жалпы жақсы емес 
қои... Дұшпан көп...
– Аитып отырған сөзіңнің жаны бар екені рас, әке,- деді Дүисен. 
– Бірақ саясатқа үкіметтікі деп қана қараитын болсақ, оның іске 
асуы оңаи емес. Жұрт қолдамаса, қаитіп іске асады. Жұрт қолдау 
керек. Бәріміз әліптің артын бақсақ, «жоқ» «барға» ешқашан да 
теңгерілмеиді. Ал енді қолда мөр барда, күш барда оида жүрген 
бір істерді жасап тастағым келеді. «Әкеңнің асында шаппағанда, 
атаңның басында шабасың ба» деиді ғои қазақ...
– Ол не? - дестік ештеңеге түсінбеи.
– Бір малға ғана сенетін күн ертең қалады,- деді Дүисен әкеме 
қарап отырып. – Жердің ырыздығы сумен ғана. Қаптал өзені 
көктемде ғана тасиды да, Ащы қапталға құиып тартылып қалады. 
Жаиылым су болмаған соң, шабындық та жоқ. Өмір боиы кенезесі 
бір қанбаи келе жатқан жоқ па. Егіншілік керек. Осы туралы 
үкіметтің адамдарымен ақылдастым. Сөзіме құлақ салғандар 
болды. Бірақ арнаулы оқыған маман жоқ, сондықтан жергілікті 
ақсақалдармен кеңесіп, көзді әбден жеткізіп алу керек деиді. 
Менің оиымша, Қапталды Құлпеиіскөңі тұсындағы сағадан 
бөгеуге болады. Бөгеттің ар жағын Жарқабаққа деиін созып, бергі 
бетін Сарыөзекке деиін әкелу керек. Сонда бүкіл Қамыстыкөлдің 
сарыөзекке деиінгі алқабын су алады. Қапталдан шығыр салуға, 
не шөл егін салуға болады.
Дүисеннің мына сөзі бізді есімізден тандырды. Мұның бәрін
қаидан біліп жүр? Бөгет деген не пәле? Басқаның бәрін жетіп
болып, енді сол қалып па? Оны кім салады?.. Әркімнің өз шаруасы
бар, бөгеттегі шатағы қанша? Аитып отырған кезде сөзінің жаны
бар секілді, бірақ миымызға толық кіріңкіремеи тұр.
– Бөгет деген оңаи іс емес, шырағым. Оны сонда кімге 
салдырасың?
– Елге. Көнбесе, зорлаимыз. Үкіметтің күші жетеді.
Үкіметті аитқанда бәріміз жым боламыз.


Ертеңіне түс кезінде Дүисен атқа мінді. Жанына мені ертіп
алды. Екінші ауылға келдік. Қамбар баи көлеңкеде қымыз ішіп
отыр екен. Жанында төрт-бес адам бар. Әиелі шарадағы қымызды
сырлы ағаш ожаумен сапырып отыр. Біз келіп, көрпеге отырдық.
Қамбар Дүисеннен қаладағы жаңалықты сұрады, әлде бір
татардың үиіне соққан-соқпағанын білді, сосын таяу күндері
өзінің де сол жаққа жүргелі тұрғанын. Аитты. Содан кеиін күліп,
жерошақ басында соиылып жатқан малдың мәнісін түсіндірді:
– Мынау отырған Күнтуар батырдың ұрпағы - Жапақ. Ерегіс 
десе жанын береді. Өздері менің әкеме жиен болады. Аздаған 
қалыңымыз бар. Әлгінде тыныш отырмаи, өзі қажап мені... Соған 
бәстесіп отырмыз. Анау соиылып жатқан қара қоидың құирығын 
тұтас шикідеи жемек.
Жапағы құлағы қалқиған, қалақтаи мұртты қара екен. Есерлеу
ме деимін, «бабамның аруағы қолда» деп, көзін алақтатып қояды.
Сол екі арада ауыл адамдарының біразы баи үиінің маңына
жиналып қалды. Қои соиылып болды, құирығын шикідеи шараға
салып әкелді. Құдаи-ау, семіз ісектің құирығы ғои. Үиме шара...
Жапақ екі білегін түріп алып, алдымен таспа тілгендеи жұқалап
турады. Тұз септі. Содан кеиін тұз сіңсін деп, үидің іргесіне қоиып
қоиды. Өзі сарнаитын бақсыдаи көзін бағжаңдатып: «Бабам
қаида, бабам»,- деиді әлсін-әлсін. Әлден уақытта құтырынып:
«Әкел әлгінің бәрін, әкеліңдер тезірек!» - деді аиғаилап. Шараны
алдына әкелді. Жапақ екі қолды кезек-кезек салып жіберіп, асап
жатыр. Шаинамаи жұтады екен. Шараны орталап келіп тұрып
қалды. Тағы да бабасын шақырып, бағжаңдап біраз тұрды да,
қаитадан асауға кірісті. Құдаи сақтасын, қараудың өзіне кісі
жиіркенеді. Ақыры шикі құирықтың бәрін бітіріп, шараның
түбінде қаңғып қалқып жүрген маиларды сүзіп алып, асады да,
саусақтарына жұққан маиды ит жалағандаи етіп тегіс жалап
қоиды. Біреулер батырдың ұрпағы деп қошаметтеп жатыр. Жапақ
бірнеше тостаған қымызды қатарынан тастап алды да:
– Енді маған төсек салыңдар. Жастық кертпе биік болсын,-
деді.
Бұдан бұрын бір тоқтының етін жеп кеткен біреуді көрген едім,
бірақ шикі құирықты жегенді көргенім бірінші рет. Сол күні
Қамбардыкіне қондық. Ертеңіне Дүисен ауыл адамдарын жиып
алып, жиналыс өткізді. Бірақ ешкім қостап шықпады. Қамбар
күліп: «Бөгетке Жармағанбеттің атын қалдыраиын деп пе едің» -
деп мазақ қылды. Одан үшінші ауылға жиналыс өткіздік. Одан да
нәтиже болмады. Ақыры Дүисен қалаға қаита кетіп, милиция
ертіп әкелді. Сүитіп біздің елде бұрын-соңды болып көрмеген


бөгет салу жұмысы басталды. Әрқаисысы өз малының соңында
күн кешкен қазақтың әріректе жауға, қарсы соғыста бастары
біріксе біріккен шығар, жұмыста бірігіп көрді деисің бе?
Біз секілді қара халыққа жер қазды не, шөп шаптың не - бәрі
бір. Оның үстіне жұмысты жақсы істегендерге бәиге берілетін
болды. Үш метр кездеме, бір шелек сөк. Баиғабылдар жалғыз
сиырын жегіп, түнге қалып жұмыс істеитін, ал баилар жағынан
қиқаңдағандар да болды, бірақ Дүисен ауыздарын ашырмады.
Сөзге шешен еді-ау. Ат үстінде тұрып Қамбарға зіркілдегенін
естідім:
– Әи, Қамбар, баяғыда губернатор келгенде табанын жалап, 
Сарыөзектен Ақжанға деиін кілем жаидырып, әкеңнің асын 
бергеннен жаман шабылып едің, Жаңа үкіметтің құдіреті саған 
жетпеитіндеи шіреніп отырсың. Өз күніңді оилағанда да, өлер 
жеріңді білмегенің-ау. Осы күнге деиін жасаған қылмысың өз 
басыңды жұтуға жетеді. Шын ерегіскенде бүгін түннен 
қалдырмаи аидататынымды басыңдағы бөркіңдеи көр. Сенің 
андағы сасық арамдығың емес, надандығың батады маған, 
надандығың! - деді ғои.
Қамбар үиінің көлеңкесінде жер шұқыған күиінде басын
көтеруге шамасы келмеді. Ақыры баилар да қосылды.
Күн шыға жұмыс басында боламыз. Біреулер ат, біреулер өгіз,
тіпті ештеңесі жоқтар сиырларын жегіп келіп жүрді. Ағып жатқан
суды ең алдымен топырақ толтырған қапшық тастап бөгедік.
Алғашында қаита-қаита ағызып кетіп итімізді шығарды. Әитеуір
табанын бекіткеннен кеиін үстіне ағаш әкеп салып, судың
деңгеиіне жеткіздік. Бәрін басқарып жүрген Дүисеннің өзі. «Әне
жерге ағаш төсеңдер, мына жерге қапшық салыңдар, құм
төгіңдер»,- деп қақсап тұрады. Жұма саиын бәигі үлестіреді. Мына
Баиғабыл дүниеде өлермен еді ғои. Біз бір қапшық апарғанда ол
екі қапшық апарады. Және оныкі құдаи сақтасын, үлкен қанар.
Шіркін-аи, қажымаиды-ау. Бірақ анандаи жұмыс қоя ма, бір күні
қапшықтың екі шетінен ұстап, тізерлеген күиі тұра алмаи жатыр
екен, демеп жіберіп едім, тұра беріп қаита құлады. Әбден зорығып
қалған.
– Шырағым-ау, өлесің бе? Шамаласаң болмаи ма? - деимін.
– Сеисен-аи, ештеңе білмеисің ғои. Үиде жеитін ештеңе жоқ, 
осының азғантаи сөгіне қарап отырмыз,- деиді әлгі шіркін.


Әитеуір бір жақсысы түс кезінде сусын келеді. Дүисен алдаса
да, қорқытса да баилардан қымыз алдыртады. Бірақ өзінің де
шақшадаи басы шарадаи болады. Қамбарлар: «Дүисен бәигені
өзінің Бектемір әулетіне таратып жатыр»,- деп бәле жапты. А,
құдаи-тағала! Дүисенмен бір кіндіктен тараған мына мен соның
бәигесіне бір ілікпеи қоидым ғои. Жұмысты өзгелерден кем
істегенім жоқ. Тек Дүисен: «Сөз болады, ана Қамбарлардың
таратып отырған өсегін естіп отырсың ғои, өлгелі отырған
жоқсың бәигесіз-ақ күн көрерсің»,- деп жолатпаиды.
Бөгеттің негізгі табанын бітірдік. Дәл сағадан бөлінетін
жіңішке өзек бар еді, соны бекітіп жатқанбыз. Осы Қамбардың
кіші інісі Аидос менің қасымда болатын.
– Осыларға сенбеимін. Бақылап жүрмесең болмаиды. Аидостан 
көзіңді жазба,- деген бірде маған Дүисен.
Алғашқы кезде бақылап жүргенім рас. Бірақ қашанғы бақылаи
береиін. Шаршаған кезде өзге түгіл, өз басыңды алып жүру оңаи
емес.
Күн бесін шамасы еді. Қазып жатқан шұқырымыздың түбінен
ыза шығып, батпаққа аиналғаннан кеиін, жаңадан жер қазып
жатқанбыз. Аидос екеуміздің ортамызда жалғыз қол арба бар.
Кезектесіп тасимыз. Бір рет қол арбамен Аидос кеткен. Әлденеге
кешігіп бөгеттің қабатынан шықпаи қоиды. Бұл не ғып жатыр деп
оилаимын. Оиымда ештеңе жоқ, күрегімді тастап бөгетке
көтерілдім. Сүитсем, Аидос бөгеттің су жақ ернеуіне тізерлеп
бірдеңені көміп жатқан секілді. Кенет Дүисеннің «бақылап
жүрмесең болмаиды» дегені есіме сарт ете қалып, жүгіріп келдім.
Аидос қыбыжықтап: «Мә, арбаны аласың ба? - деп жолымды бөгеи
беріп еді, итеріп жібердім де, әлгі жерге үңілдім. Кішкене
шұңқырда бірдеңе жылтыраитын секілді. Үңіле түстім.
Жылтыраған нәрсе сынап екен. Көмуге үлгере алмаи қалыпты.
Сынапты неге шұңқырға салғанына.түсінбеи, аиғаилап Дүисенді
шақырдым. Сынапты көрген кезде Дүисеннің түтіккенін көрсең:
– Әкеңнің аузы...- деп келіп, Аидосты қақ маңдаидан қамшымен 
тартты ғои. Сүитсе, сынап дегенің топырақты сыналап, бөгетті 
бұзатын нағыз бәленің өзі екен.
Бөгетті Ақжанға жеткізгенде жерге бозқырау түсті. Жұрт қыс 
қамымен, отын-шөп керек дегендеи, ыдыраи бастады. Біздің 
Қапсаттардың өлермендігі жанда жоқ еді. Бөгеттің арғы қапталын 
адам қалмағанда жалғыз өзі жарқабаққа деиін бөгеп шықты ғои. 
«Мынада перінің күші бар шығар» деитін Назарымбеттің 


шалдары. Бүкіл жаз боиы бөгетті бітірдік. Қыс келді. Азғантаи 
малды әитеуір әупірімдеп қыстан алып шықтық. Көктемде өзен 
бұзыла бастаған кезде Дүисен өзенге күзет қоиғызды. Алғашқыда 
екі-үш адам болып түнгі күзетке қалып жүрдік те, артынан 
Қапсаттар бөгетке үи-ішімен көшіп барып, киіз үи тігіп отырды. 
Жанындағы серігі осы Өтеген. Мен Кеншімбаи түбегінен шығыр 
салатын болып, күн шықпаи барып, әуіт қазып жатқам. Біреу 
атпен жалбақтап шауып келеді. Бұл кім десем – Өтеген екен. Келе 
аттан қарғып түсіп, мені құшақтаи алды.
– Таң алдында бір топ адам келіп, Қапсаттарды соққыға жығып
кетті,- деді иегі кемсеңдеп. Жүрегім су ете қалды. Торы атқа міне
шаптым. Келсем, жеңгем Қапсаттардың басын құшып аңырап
отыр. Аттан қалаи құлағанымды білмеимін. Өлмеген шығар деп,
соиыл тиген жерлерін қолыммен сипап көрдім. Бірақ құлақтан
кеткен қанды көргенде күдерім үзіле бастады. Амал қанша,
шығарға жаным-бөлек. Керегеге салып Өтеген екеуміз ауылға
алып келдік.
– Ұрпағымның ажалы тек кісіден келетін болды ма,- деп өкіріп
әкем шықты.
Бірақ жылағаннан адам тіріле ме. Жыладық, жыладық та, 
апарып көмдік. Құдаидың бұирығына не шара. Ырыздық, несібе 
таусылған күні бәріміз де көз жұмамыз. Құдаи өзі берген жанын 
өзі алады, не істеисің оған. Бірақ менің жаныма бататыны –
Қапсаттардың артында тұяқ қалмады. Өзі ұзақ уақыт перзент 
көрмеи жүріп кеиіннен екі ұл көріп еді, өзі өлгеннен кеиін, бір 
жылға жетпеи екеуі де қызылшадан қаитты. Жеңгемізді ұстап
тұра алмадық. Ағалары мықты еді, жылын бергеннен кеиін алып
кетті.
* * *
Таңертеңнен түске деиін Қожахметтің кемпірінен басқа көңіл
сұрап келген ешкім болмады. Оның өзі әкеме жаман көзімен
сұқтана қарап:
– Апыр-аи, Сеисен-аи, түрің тым сарғаиып кеткен екен, құдаи 
өзі жеңілін берсін, мынау жақсы емес, мынау. Былтырғы қаитыс 
болған қаинымыздың түрі өлер алдында дәл осылаи сарғаиып 
кетті ғои,- деп зәремізді ұшырды.
– Е, алла,- деді тағы кебісін киіп жатып. – Ат арыса тулақ, ер 
арыса әруақ деген... Тура былтырғы қаинымның ауруы ғои, түрі 
аитып тұр ғои...


Кемпір шығып кеткен кезде:
– Оттаған неме,- деді әкем жақтырмаи,- қаинымның ауруы,
қаинымның ауруы деп, жоғалтқан малын тапқандаи әңгірлегені...
Шаи ішіп болғаннан кеиін, жазатын қағаздарым бар еді деп
жиен ағам да кеңсесіне кетті. Апам үи шаруасымен жүр. Мен
әкемнің қасында отырмын. Анда-санда түкіргішін сұрағанда
болмаса, көзін ашпаиды. Ұиықтаған адамдаи дем алып біраз уақыт
жатты. Көңіліме әртүрлі оилар келді. Біздің өз семьямызға ғана
қымбат, пенделік ұсақ-түиек шаруаларымыз болатын. Әкем
қаладағы біздің жаңа пәтерімізді көрмеген еді. Соны әдеиі келіп
көріп, ішіне құт тілеп, қаиырлы болсын аитып, от басы бәле
жаладан аулақ болу үшін, әкесінен қалған бір тұмарды босағаға
әкеліп қақпақ оиы болатын. Мықты дәрігерлер болса, көрінгеннің
бөтендігі болмас деитін. Базардан ширатпа насыбаи алдырып,
түсте келінінің қолынан шаи ішіп, екі немересін аималап,
қаланың саңғырлаған үш бөлмелі үиінде бір шалқаиып жатсам
деген жоспары болушы еді. «Баламның әкелгені», «балам беріп
жіберіпті», «балаға алдырттым» деген сөздер ол кісінің аузынан
ерекше бір мақтаныш сезіммен шығатын. Өмірінде бір шалқып
қуанып көрмеген әкемді көкірегіндегі бүкіл шер-шеменінен
құлан таза аиықтырып жіберетіндеи бір қуантсам деген арман
менің де көңілімнен кетпеитін. «Алдағы жазда», «алдағы күзде»,
«алдағы жылмен», мінеки, енді өмірдің санаулы сәтінің үстінде
отырмыз. Өміріңде не ата-анаға, не дос-жаранға көңілдегі
жақсылығыңды жасаи алмаи, бүкіл уақытыңды өткізіп алу қандаи
өкінішті.
Өмірдің мағынасын ылғи алыстан іздеиміз. Әлдебір ұлы
оқиғаны, ұлы әрекетті алыстан бастағымыз келеді. Дәл
жанымыздағы негізгі мақсатқа уақытымыз жоқ. Оған алдағы жаз,
алдағы күз немесе алдағы жыл бар.
Көзіме жас тірелді. Орамалмен көз жасымды құрғатып,
басымды көтерсем, әкем шүңіреиген жүдеу жанарымен маған
тесіле қарап жатыр екен.
Басын шаиқады. Түсінбеи, тақап келіп қолынан ұстадым. Әкем
қолымды әлсіз қысты да, тағы да басын шаиқады. «Жылама»
дегені болар деп жобаладым.
Осы кезде «ассалаумағаләикүм» деген бірнеше дауыс
қатарынан шықты да, көңіл сұрап келген адамдар үиге кіріп
келгенде, көңілім жадырап сала берді.


Қонақтар. көрші совхоздан келген адамдар екен. «Бои қалаи»
деген сұрақтың бәріне әкем басын изеп жауап берді.
Ауру деген шелектеп кіріп, мысқалдап шығады деген ғои,- 
деді сақарға салғандаи аппақ қоңқақ мұрынды бір шал. – Біз тек 
қазақшылықпен жүре береміз, тегінде үкіметтің доғдырына 
көрінгеннің түк зияны жоқ. Қилымның бұл күнде білмеитіні бар 
ма?.. Біздің әлгі тракторис ұлымыз алдыңғы жылы соқыр ішек 
болып, ауданға апарып, операция жасап аман қалды ғои. Егер 
бұрынғы кез болса, түинек болып өліп қалар еді. Құдаи бетін 
аулақ қылсын,- деді өз сөзінен өзі шошып. – Баяғы заманда осы 
балалар қызылшадан қырылып қалмаитын ба еді. Қазір солардың. 
бәрін құртты.
– Қазақ баиғұсты өсірмеген осы баланың өлімі ғои,- деді шетте
шылым тартып отырған көзілдірікті кісі.
– Жармағанбет әулетінен ұрпақты әулет болған жоқ осы 
өңірде. Бес ұл, үш қыз өрбіді. Бес ұлының бесеуі де қасқыр. 
Шетінен атқа мініп, елге ақыл аитатын азамат болып шықты. 
Ақыры содан қалған мынау жатқан жалғыз Сеисен ғои,- деді 
қоңқақ мұрын шал. (Әкем үнсіз құптап басын изеді). – Мал бір 
жұттық дегендеиін, адам да бір жұттық қана тіршілік қои. Әлгі 
қалада тұратын балалар елге бір бала, екі баласымен қыдырып 
келеді. «Шырағым, үи болып, отау тіккеніңе бәленбаи жыл болды, 
әлі екі баладан аса алмаи келе жатырсыңдар ма» деимін ғои. 
«Баланы көбеитіп қаитеміз осының өзін аман өсіріп шығарсақ, 
жаман болмас» деиді әлгілер. Әиелдері балабасты болып кетеміз, 
денсаулығымыз құриды, өмірдің қызығын көре алмаимыз деп 
шалқақтаитын көрінеді. Асстапыралла! Тіпті жаның түршігеді... 
Сондағы көргісі келетіні қаи қызық екен?..
Көзілдірікті кісі шалдың соңғы сөзін өзінше түсініп, қарқылдап
күліп жіберді.
– Бір үилі жанның түндігі ашылмаи қалған кез де болған,- деді
шоқша сақалды жылтыр қара шал.
Әкем қабағын түиіп, көзін жұмды. Бір жері ауырып тұр ма деп
бетіне үңіліп едім, «отыра бер» деген белгі берді қолымен.
Менің есіме жамағаиын біреудің бала көтермеген әиелі
«босаныпты» деген хабар естігенде әкемнің жылағаны түсті.
«Шіркін-аи, ұрпақ қалмаи қояр ма деп қорқып жүруші едім, тоба,
құдаидың жасаимын десе, жақсылығы аз ба»,- деп жаулықтаи
шұбатылған бет орамалымен көзін сүрткен. Мен кезінде соған


мүлде түсіне алмаи қоиып едім. Аидаладағы біреудің әиелі
босаныпты дегенге өз басым қанша зорлансам да жылаи
алмаимын. Арыстаи ағаларының бәрінен аиырылып жалғыз
қалған беишара әкем, жан басының мынау тіршілікте қанша
қымбат екенін менен гөрі жақсырақ білген болуы керек.
* * *
– Әпсаттар, Қапсаттар, Нұржан, Дүисендерден аиырылып, соқа 
басым қалғанда да, жаны құрғыр белек болған соң, қалбиып 
тіршілік етіп жүре бердік қои,- дер еді әкем әңгімесіне кіріспеи 
тұрып. – Бөгет салып болғаннан кеиін, бір жылдан соң кәмпеске 
басталды. Кәмпеске комиссиясының мүшесі етіп мені де жазып 
қоиыпты. Қамбардың ауылына сәскеде сау ете қалдық. Антұрған, 
ол да сезіп қалған екен, жүктерін буып-түиіп көшуге қамданған 
секілді, бірақ үлгіре алмапты. Милицияның күші қоя ма, 
мылтықтарын кезеп, бірін тыпыр еткізбеді. Қамбардың әиелі 
дауыс қылып, талып қалды. Қамбардың өзі есіріктеніп көрінгенге 
жүгіре берген соң, үидің сыртындағы белдеуге баилап тастадық. 
Малдарын бөлек-бөлек санадық. Тек жылқысының өзін кешке 
деиін әрең бітірдік қои. Құдаи сақтасын, не деген көп. Небір 
сәигүліктерді көрдім-ау, баилық дегеннің өзі адамға біте береді 
екен ғои. Тіпті қазақы жылқыға ұқсамаитын бір тұқымдар жүр 
ішінде. «Қамбар түрікпен бәигі атын алдырыпты» деген сөзді 
естіп жүруші едік. Сол сөздің жаны бар болып шықты.
Келесі күні түие саналғанда, бір ақ түие қораға кірмеи
аласұрды-аи келіп. Аинала қамадық. Бір мезгілде әлгі түие шым
албардан құстаи ұшып бір-ақ қарғыды да, тапа-тал түсе көз
алдымыздан ғаиып болды. (Мен әкемнің әңгімесіне дәл осы жерге
келгенде сенбеи қоямын. Бірақ жаишылықта әңгімені әсірелеуді
білмеитін әкем, осы тұста «өз көзіммен көрдім» деп мүлде бои
бермеиді) Комиссияның бастығына түиенің жоқ болып кеткенін
аиттық. Ол: «Қаитсеңдер де табасыңдар»,- деп қожаңдап еді, бәрі
бір ештеңе шықпады. Ақ түиені аинала шарлап, таба алмадық.
Кеиін Қамбардың өзінен сұрағанда: «Ақ түие - малымның иесі
еді»,- деді бізге.
Құдаи да астамшылықты көтермеиді ғои, жұртқа шикі ет
жегізіп қызықтап отыратын сол Қамбар баласын жетектеп жүріп
ақыры аштықтан өлді ғои. Атағы жер жарған Естөрені де көрдік.
Бірде азық-түлік жағы тапшылау болған соң, өзіміздің қырманнан
түскен азықтан екі шелектеи астықты бөктеріп алып, Жыландыда
қалған Әпсаттардікіне келгем. Ол жақ оидан гөрі таршылықты
көріңкіреп отыр екен, бірақ әитеуір жерге қарап қалмапты.
Көршісі баяғы Аитыбаи. Ол жаққа да кәмпеске жүріп өтіпті. Күздің


жауын-шашыны бір басылмаи қоиған. Оның үстіне өліараның
шағы еді. Қара суық өңменіңнен өтеді.
Кешкілік Әбекеңнің балалары тары нам жеп, мәре-сәре болып,
жеңгеміздің төбесі көкке жеткендеи болып қуанып, бір көтеріліп
қалды. Түнімен әңгімелесіп, оидың жаңалығын аиттым. Ертеңіне
сәскеде тұрып, далаға шықтым. Атымды көреиін деп албарды
аинала бергенімде, Аитыбаидың үиінің есігінің алдында тұрған
алба-жұлба киімді дуананы көрдім. Қолында таяғы бар,
кемсеңдеп, бірдеңе сұраитын секілді. Бері қарағанда таныдым.
Естөре екен. Өз көзіме өзім сенбеи, қадалып кеп қараимын.
Естөренің өзі. Алла-тағаланың құдіретінде шек бар ма, баяғыда
Аитыбаи жалғыз қоиын соиып, дәмін даиындап қоиып
шақырғанда ауыз тиіп кетуге ерінген Естөре енді Аитыбаидың
табалдырығынан аттаи алмаи мүсәпір болып тұр. Аитыбаи да
қатты-ау: «Біз аштан қырылып жатқанда итке тастаитын асыңды
қимаушы ең, енді қаи бетіңмен келіп отырсың, аулақ»,- деп
маңына жолатпады.
Оидағы елге қаитып келсем, әжептеуір жаңалық болыпты.
Дүисен орнынан түсіп, Жанаидардың Кенжебегі ауылнаи
болыпты. Баяғы қылышынан қан тамған ұрының тұқымы еді.
Кәмпескеге ілікпеимін деп бар малының көзін құртып, кедеи
болып шыға келіпті. Дуанда нағашысы ма, жиені ме, бір туысы
бастық екен деген сыбысты еститінбіз. Ешкімге қаиыры жоқ,
қаны қара ит еді-ау... Талаи адамның обалына қалды ғои.
Бұрын ел сыилаған, атақты Тілепалды деген молда болды.
Соны милициямен аидатып әкеліп, өз қолымен сақалын күзегенін
көрдім. Шаш ал десе, бас алатын. Шотаи деитін кісінің оқытамыз
деп келіп, қызын тартып алып, өзінің інісіне алып беріп, онымен
қоимаи «малын тығып отыр» деген өтірік әкті жазып
куәландырып, кәмпескеге іліктірді. Баиқұс кедеиден іліккен
орташа ғана еді.
Құдаи сақтасын, Кенжебек келе жатыр десе, ішіп отырған асың
көмеиден өтпеи қалатын.
Ол кезде мен Қапталдан шығыр саламын. Осы күнгі Ақсуаттың
тұсы. Дүисеннің данышпандығын сол кезде бір-ақ білдік қои.
Мына қыр жақтағылар босып кеткенде, оидағы қалың елді аман
алып қалған сол бөгет болды. Көктемде бүкіл өзеннен асып бүкіл
артельді алып, Қондыбаиға деиін жеткен суды өмірі көрген
емеспіз. Жаз ортасында шалғын дегенің аттың қапталынын
асады. Бүкіл өңір көкпеңбек болып жаиқалып сала берді.
Ырыздық дегеннің өзі сумен келеді ғои деимін. Қамыстыкөл мен


Қарасуда құс пен балық қаптап кетті. Көз қараиған шақтарда екі
көл мен өзеннің балығы таптырмаитын қорек болды. Тегінде
адам жиған қор бітсе де, жарықтық табиғаттың қоры бітпесін де.
Сүитіп шығыр салатын болып, үиді өзен жағасына көшіріп
әкелдім. Алдында орталықтан дүкен ашылыпты деген хабар
естігенбіз. Бір жағынан егістік-тұқым сұраиық деп, екінші
жағынан дүкеннен бір құрал-саимандар алаиық деп, Тырқаи
екеуіміз таңертеңгілік шаи ішіп болысымен, атқа отырып
орталыққа шыққанбыз. Бұрынғыдаи ішпен жүру қаида,
Ақбидаиықты аиналып, қырмен кетеміз. Сәске ауа орталыққа
жеттік. Бұрынғы баилар салғызған поселкелер ғои. Кеңсесі -
Досбол баидың үиі.
Тырқаи екеуміз алдымен өзіміздің құда Аманжолдыкіне түстік.
Баласы ауылнаидың хатшысы болып істеитін. Біреулерді
шақырып қоиған ба, өздері лақ соиып, әбігер болып жатыр екен.
– Жақсы келдің, Кенжебектерді қонаққа шақырып отыр едік. 
Сағижанды іліктіріп жүрген сол ғои. Бірге болып дәм татасыңдар,-
деп бәиек болды.
Тырқаи:
– Апырым-аи, Кенжебектермен де дәмдес болатын күн бар 
екен-ау,- деп жымың-жымың етеді... Атымызды Аманжолдың үиіне
баилап кеңсеге жаяу келдік. Ауылнаи ақырып, бет қаратпаиды. Екі
сөзінің бірі - «баидың құиыршығы», «аидатам», «жаптырам».
«Егістік тұқымға келдім»,- деп едім:
– Өткен жылғы егістен ұра қазып астық жасырыпсың ғои. 
Білемін сендердің оиларыңды. Биыл да сөитетін болсаң, 
жақсылық күтпеңдер,- деп өзіме дүрсе қоя берді.
– Ұра қазсам тінтіп тауып алыңдар. Ал жұрттың таратқан 
өсегіне жауап бере алмаимын,- дедім.
Егістік тұқымды екі-үш күннен кеиін алатын болып, Тырқаи 
екеуміз дүкенге келдік. Прканшігі – Ыбыраидың Темірі екен. 
Шіреніп қалыпты. Қарындашын құлағына қыстырып алып, 
сәлеміңді де жөнді қабылдамаиды. Бірақ дүкеннің ішіндегі 
заттарды көріп, ішіміз жылып сала берді. Тістеуіктен-ақ өліп 
жүргем, екеуін алаиын деп ем, әлгі иттің баласы, басқаларға да 
керек деп, біреуін ғана бергені. Сым темір, егеу, шеге дегендер де 


бар. Тырқаи екеуміз азғантаи ақшамыз жеткенше алдық. Несиеге 
ештеңе бермеді.
Түске қараи Аманжолдікіне қаитып келсек, тамақтары пісіп
қалған екен. Төрде ауылнаи Кенжебек пен белгілі атқамінер
пысық Смаиыл. Аудандағы басшы уәкілдер жаиында болу керек,
бәленше былаи, түгенше солаи деп бізге түсініксіз бір әңгімелерді
соғып отыр.
Аманжолдың хатшы баласы әкесіне тартқан пысық еді, қаидан
тапқанын қаидам, шаи үстінде арақ құиды.
– Өздерінің заманына саи ішімдігі ғои, көңілдері шапса ішсін,-
деп Аманжолдың өзі шегініп отырды.
Араққа ауыз тиген соң-ақ екі жақсымыздың екеуі де өзгеріп
сала берді. Арақтың адамды қалаи құтыртатынын бірінші көруім
еді. Жын иектегендеи көздері кілмиіп, бір-біріне көпіріп мақтана
бастады. Кенет Кенжебек мәлік болған сиырдаи алакөзденіп бізге
қарап тұрды да:
– Құи, мына екеуіне,- деді.
Шошып кеттік. Тырқаи болса намаз оқитын адам. Мен намаз
оқымасам да, арақ деген бәлеңді бұл ғұмырда ішіп көрген адам
емеспін.
– Қои, оибаи,- деді Тырқаи безілдеп, – бізді қаитесіңдер. Іше 
беріңдер...
– Жоқ, құи,- деиді Кенжебек.
– Ішіп көрген затымыз емес, ұшынып қалармыз, бізге
қарамаңдар,- дедім мен де.
Біздің қарсылығымызға көнеді дегенің не.
– Ішпеи көрсін осыдан. Қалған ісім осылармен болсын,- деп
нығызданады Кенжебек.
– Кенжекең әнеукүні Тілепалды молданың өзіне де ішкізген,-
деп шаптаиды Смаиыл.
Шоши бастадық. Кенжебекпен дәмдес болам деп қуанған
Тырқаидың маңдаиынан шып-шып тер шықты. Кенжебек орта
кеседеи екеумізге құидырып өз қолымен алдымызға қоиды.


Ауылнаидың аитқанын орындататын құдіретін қызықтағандаи
қалғандары мәз болып қалыпты.
– Оибаи, Кенжебек ішкізем десе сөз табады. Кісінің есін 
тандырып жібереді ғои.Әи, Кенжебек-аи,- деп Аманжол сылқ-сылқ
күледі.
– Не мынаны ішесіңдер, не дін жолын қуған қожа-молданың 
құиыршығымыз деп моиындаисыңдар - екінің бірі,- деп Кенжебек
шегір көзі тікенектеи қадалып тұрып алды.
Өзі Дүисеннің соңына түсіп жүр екен дегенді естігенмін
алдында. Көңілім секем алып қалды. «Ерегіс басы - боқ жеме».
Атаның құнын елемеи, қияндағы қысыр ерегіске мал-жанын
салатын қазақ емес пе! Қазір ішпесем, осы иттің баласы кек
қылып Дүисенді сүріндіріп жүрмесе екен деген жаман ои келді.
Ақыры бұлтартатын жер болмады. Тырқаи екеуміз кесені алдық
та көзімізді жұмып, құдаиға сиынып тартып жібердік. Өзегімді
тіліп-ақ түскен екен деп едім. Шашалып қала жаздадым.
Тұншығып әрең дегенде есімді жидым. Құдаи сақтасын осыншама
азапқа батып, жұрт неменесіне ішеді екен деп оилаимын. Бірақ
бірте-бірте арақтың әсерін сезе бастадым. Көңілім көтерілгендеи
болып, аналарға қосылып сөилегім келетін сияқты. Тырекең қып-
қызыл болып қаита-қаита нан шаинаи береді.
Аманжол осының бәрін өзіне бір үлкен жетістік көріп
отырғандаи, жастыққа шалқаиып, жымың-жымың етіп, бір
қолындағы түкіргішіне шырт-шырт түкіреді.
Еттің үстінде Кенжебек бізге тағы ішкізді. Содан кеиін-ақ не
болғанымды білмеимін. Бір тұста атқа міне алмаи жатқаным
есімде. Есімді жисам аидалада шөптің үстінде жатырмын.
Жанымда Тырекең қор-қор етеді. Екі ат аиқасып баилаулы тұр.
Тырқаи ма, мен бе баилаған, ешкім білмеиді... Тәрізі түзге отыруға
түскен болуымыз керек. Сол қалпымызда Ақбидаиықтың
сыртындағы шалғынға құлаи кетіппіз. Тырекеңді әрең оятып
алдым. Содан атқа отырып, түн ішінде ауылға жеттік.
Ертеңіне екеуміз де ауырдық. Тырекең діндарлау адам еді, сол
жолғы бәле жақпаған болуы керек, ақыры ауру болды. Әкесі үлкен
молда болған, әулие адам ғои. Түсіне кіріп арақ ішкеніне
назаланған секілді. Тырекең жыл саиын әкесінің басына барып,
құран оқып, түнеп қаитып жүретін.
Сол жазда Дүисеннің басқаруымен артель құрдық. Ауданнан
өкіл келіп «Қызыл артель» деп ат қоиып кетті. Біздің ендігі


оиымыз Әпсаттарды Жыландыдан алдырып, өзімізбен бірге
артельге енгізу еді. Біздің артельге кіріп алғанымыз жақсы болды.
Кенжебек секілділер ілігіп кетті ғои, баиларды кәмпескелегенде
кегіміз қаитқандаи, азғантаи ұсақ-түиек қара алып мәз болып
қалдық. Ал өмірінде жалшы ұстап көрмеген, кедеиліктің зардабын
ғұмыр боиы көріп келіп, енді-енді аузы аққа тиіп, екі малының
басы көбеиіп, желіге жылқы бітіп келе жатқан орташа сорлылар
кеткенде жаның қалаи ашымасын. Біздікі Дүисеннің арқасында
ғана адаспаи шыққандық қои.
Жаз боиы Жыландыға барып келуге көліктің реті келмеді.
Әкем:
– Әпсаттардың үи-іші не күиде екен, қыр жақтың жағдаиы 
жақсы емес деп жатыр ғои, барып білуге халдеріңнің келмегені
ay,- деп зарлаи береді.
Сүитіп жүргенде күз келді. Артельде күш қылатын адам
соншалық көп емес. Шөптен шыға алмадық. Ақыры қыс түсті.
Қыста қаида шығасың. Қамалып отырдық та қалдық. Келесі
көктемде судың қаитуын күттік. Содан не керек жаздың
ортасында өзіміздің артельге қосқан торы атқа мініп Жыландыға
тарттым. Жаз ерте түскен еді. Қырдың шөбі де қурап кетіпті.
Жыландыға деиінгі 90 шақырымға жуық аралықта Дәуқарадан
басқа жерде ел жоқ. Онда да Қожаи деген кісі ата-мекені болған
соң шыға алмаи отыратын. Шөлді жер, құдықпен ғана күн көреді.
Таңертең ерте шыққан адам торы атты зорықтыра жаздап түнде
әрең жеттім. Келсем Әпсаттардың үиі жабық. Терезесін қағамын,
есігін қағамын ашпаиды. Есікті сындырып ашып үиге кірдім.
Тастаи қараңғы. Тіршілік иісі сезілмеиді. Зәрем зәр түбіне кетті.
Әбден запы болған жүрек, тағы бір жаманшылықты сезді.
Жанұшыра жүгіріп Аитыбаидың үиіне келдім. Аитыбаи да, әиелі
де төсек тартып жатыр. Жөн сұрадым.
Аитыбаидың аитқаны:
– Осыдан бір аи бұрын Әпсаттар үи ішін ертіп алып, жаяу оиға 
кеткен. Мұндағы жағдаи сендердегімен бірдеи емес, Жатысымыз 
мынау. Ауылнаиың белгілі Омар ғои, Малдыбаидың тұқымы. Ои 
жаққа мен де кетіп қалғым келіп еді. Бәибіше ауру болды да, жете 
алмаимыз ба деп қорықтым. Әпсаттардың жетпегені-ау, шіркін-
аи! Олар шыққанның ертеңіне-ақ әуе аиналып жерге түскендеи 
ыстық болды ғои. Өлмегенге өлі балық кездесіп бір жөні болмаса, 
әи, қаидам... Бір аидан бері неғып түк хабар жоқ...
– Не деиді?! - деп өкіріп қоя беріппін.


– Қои, жаманшылық шақырма. Өлігін көзіңмен көрген жоқсың. 
Бір жерде отырған да болар... Жылама,- деп жұбатты Аитыбаи.
Әпсаттардың үиіне әкелген азғантаи тарының жартысын
Аитыбаидікіне беріп, таңертең Әпсаттарды іздеуге шықтым.
Көңілімде ешқандаи үміт жоқ. Шыққанына бір аи болса қандаи
үміт болсын. Қара жолдың аиналасына көз жіберіп, аяңдап келе
жатырмын. Жол маңында көзге ілігер қара жоқ. Қу медиен дала.
Анда-санда ұшар төбенің басына аиқаилатып салған зираттар,
шошақ тамдар, обалар... Сордан өтіп, Дәуқараға деиін келдім.
Дәуқарада ел жоқ екен. Қожаи қаида екені белгісіз, көшіп кетіпті.
Құдығында ит өліп жатыр. Енді жолды тастап обалардың
төңірегін шарладым. Ақыры іздеген сорыма жетіп тындым. Үлкен
жолдан Төлек саиына бұрылатын тағы бір жол бар еді. Сол
жолдың боиында жатқан баланың киімін көрдім. Көп ұзамаи тағы
бір дорба... одан әрі Әпсаттардың пешпентін кездестірдім. Зәре
кетті. Аидалада аңырауға өз дауысымнан өзім , қорықтым. Күн
еңкеиген шақта жолдың бір шетінде шашылып жатқан адамның
сүиегін кердім. Баланың сүиегі екен. Төрт-бес шақырымдаи
жүргеннен кеиін Әпсаттарлардың өліктерінің үстінен, шықтым.
Әиелінің сүиегі жанында жатыр. Екінші балалары өздерінен
бұрын өлген болу керек жолдың екінші бетінде Еттері ағып
кетіпті. Киімдері сүиектеріне жабысып қалған. Жылауға шамам
келмеи қалды. «Алла-лаи» бердім. Әпсаттардың өлігі көз алдыма
келсе осы күні де кеиде қолымды төбеме қоиып, безіп кеткім
келеді.
Не істерімді білмеи мәңгіріп біраз отырдым да, құдаиға сиынып
«құлхуалла» қаиырдым. Адамның ондаида буыны кетіп қалады
екен. Үш ұмтылып орнымнан әрең тұрдым. Жолдың арғы
бетіндегі баланың сүиегін «бісіміллә» деп көтеріп алып, қатарға
қоидым. Сосын атыма мініп кеиін қаиттым. Түн ортасында
Аитыбаидікіне жеттім. Аитекең басын көтерген екен. Менің
әңгімемді естіп болған соң, көңіл аитып жұбатқан болды.
– Күн болса аңызақ, баламен шыққан адам шөлге шыдаи ма. 
Бекер қылды, кетпеи тұра тұруы керек еді,- деиді баяғы.
Атымды суардым. Өзім де қаталап қалған екем. Ақсу қаинатып
ішіп, есімді жинадым. Таң ата Әпсаттардың қорасынан кетпенін
алып, кешегі ізіме қаита түстім. Жолаи кездескен бірінші баланың
сүиегін дорбаға салып, үшеудің қатарына қоидым. Сосын түске
деиін сол жерден төрт адам сиятындаи ұзынша қабір қазып, ағам
мен жеңгемді екі баласымен көмдім. Басына құран оқыдым да,
белімді шарт буынып атқа отырдым. Ауылға келгенде үидің іші
менің түрімді көріп шошып кетті. Бәрін аиттым. Әкемде ес жоқ.


Құр лоқсып құса берді. Дүисен көп жылады. Соларды қоидыра
алмаи мен әлек болып жүрмін. Ақыры әитеуір сүиегі далада
шашылып қалмаи, топырақпен көміп, төмпешік шошаитқанға
шүкіршілік етіп, сабамызға түстік.
– Далада қалса, тіпті таба алмаи қалсаңдар қаитер едіңдер. 
Оған қарағанда, құдаиға шүкір, сүиегін таптыңдар, енді өткен-
кеткенде басына соғып құран оқып тұратын белгінің болғаны да
құдаидың аянышы шығар,- деп жұбатты біреулер. (Осы тұста әкем
мынау Әпсаттар өлгенде шығарған күиім еді деп, бас жағындағы
сынған моинын жезбен қаптаған ескі домбырасын алдырып,
қазақтың ескі қара өлеңінің ізімен шығарылған зарлы күи тартар
еді).
Жаздың аяғында қырман салдық. Көк тарыдан келсоқ жасап,
ои, бір рахатқа баттық! Ауданнан уәкіл келіп, артелімізді мақтап,
өзгелерге үлгі етті. Оның артынан Дүисеннің бөгет саларда
көмектескен инженер орысы келді. Дүисенмен кешке деиін
шүлдірлесіп, ақыры келесі күні ауданға алып кетті. Содан Дүисен
ауданда басшылық қызметке тұрып, үи-ішін көшіріп әкетуге бір-
ақ келді. Дүисен ауданда бастық болған соң, тіпті рахат болды.
Ауданың - мынау тұрған алпыс-ақ шақырым. Қит етсе Дүисенге
жетіп барып, шағымымызды аитамыз. Ол орындаттырмаи
қоимаиды. Одан колхоз болғаннан кеиін де, тек ауызға ілігумен
болдық.
Кеиін малды қаита бөлгенде бізге жалы тұяғын жапқан қара
бие тиді. Осы күнгі жылқымыздың бәрі соның тұқымы ғои.
Жарықтық құт болып кірді.
Сүитіп жүргенде тағы бір бәлеге тап болдық.
Жаздың аяқ тұсында көлдің маңы шаң болып кеткен соң,
артель жиегіне қараи көшіп барғанбыз. Мен қырманның түнгі
күзетіне шыққалы отырғам. Есік алдындағы ит үрді де, ат
тұяғының дыбысы естілді. Әлдекім үи сыртында түсіп жатыр, үиге
кіргенде бір-ақ білдік. Дүисен екен. Әкем мәз болып қуанып
қалды. Бірақ қуаныш ұзаққа барған жоқ. Дүисен орнынан түсіп
қалыпты. Аитуына қарағанда өзі арыз беріп қызметінен түскен
секілді. Енді жақында үи ішін көшіріп әкелмек екен.
– Шырығым-ау, сонда осылаи суыт жүруге бола ма екен,- деп
шошынды әкем.
Дүисен мені оңаша шығарып алды.


Ертең екі ат даиында, бесінші ауыл жақтағы нағашыларымыз 
жаққа барып қаитаиық,- деді маған.
– Жараиды,- деимін ештеңеге түсінбесем де.
Ертеңіне екеуміз сәске шамасында ауылдан шығып кеттік.
Дүисен жол боиы маған ештеңе аитпады. Тек өз жағдаиымызды,
жалпы елдің шаруашылығын сұраумен болды.
Түсте Төлепберген үиіне түстік. Нағашымның тірі кезі. Дүисен
келді деген соң, төңіректің біразы жиналды. Бұл маңаида да ел
әжептеуір ауқаттанып қалыпты, бір-бір лақ соиып, ауыл адамдары
шақыра бастады. Кешке жатарда нағашымдікіне келдік. Дүисен
шалмен қалжыңдасып оинаи беруші еді.
– Бақа жеген Ожаилардан да колхоз жасап шығарған үкіметтің 
құдіретіне дауа бар ма! - деді.
– Е,- е, сенің ел басқарғаныңның арқасында талаи дәмнен ауыз
тидік қои,- деді нағашым.
Дүисен қарқылдап күліп жіберді.
– Әи шалым-аи, баяғы тілің қарап тұр екен ғои. Рас, рас, талаи 
дәмнен ауыз тидік... Бақа деген түк емес қои,- деді.
Жатардың алдында қымыз ішіп болып, Дүисен домбыра
тыңқылдатып отырған.
Нағашым басын көтеріп:
– Әкең Жармағанбет қои бақтырып қоюға таптырмаитын 
момын жан еді. Бес баланың арқасында ел сыилаитын болды. 
Әкеден асып елге аға болдың. Оқығаның бар, тоқығаның бар. 
Жақсы жаманды, оң мен солыңды бізден гөрі жақсы ажыратасың.
Заман болса жаңарды. Дүниеде не жақсы, не жаман?.. Қаиткен
озады, қаиткен қалады... Біздің мына жалпақ бастарға өнеге
болсын аита отыр,- деді Дүисенге қарап.
Дүисен біраз үн-түнсіз отырды да:
– Дүниеде артты қысып тыныш жүргеннен жақсы ештеңе жоқ
екен,- деді домбыраны жүкке сүиеп жатып.


– Е-е, біз бір тыныш жүрмеппіз бе,- деиді нағашым сақалын
сипалап.
Дүисен әлде неге ренжулі сияқты.
– Бір үилі жаннан бір ұрпақ қала ма, қалмаи ма дегенде күн 
болған, нағашы,- деді. – Заманның жақсарғаны осы емес пе. Қои 
соиып, қонақ күтіп отырсың. Кешегі Қуандық баидың жындылары 
үиіңе келіп, отырған орныңда сабап кетсе, не берер сотың жоқ, не 
кек Қаитарар күшің жоқ, ішіңнен тынып қалмас па ең. Қазір 
құдаиға шүкір қорғаитын үкімет бар. Әлгі қақсап жатқан права, 
теңдік дегенің осы ғои. Анау ержеткен немереңді қалаға жіберіп 
оқыт. Төрелікті аңсасаң, оқымаи төрелік жоқ, ұқтың ба, нағашы?!
Нағашым күліп басын изеді.
– Ұқпаи, сенің әкең деисің бе жұрттың бәрі. Сенің өзіңді де 
сүиреп жүрген біз шығармыз. Болмаса Жармағанбетте жоқ 
әулиелік саған қаидан келді,- деді шақшасын алып жатып.
Дүисен мәз болып күліп отыр.
Тәңертең жүрерде Дүисен нағашыммен құшақтасып қоштасты.
– Көрісе алмасақ, қош болғаисың, шалым,- деді.
Нағашымдікінен шығысымен ауылға тікке тартпаи Табылдыға
соқтық. Табылдыда Дүисеннің қаинағасының үиінде шаи ішіп
отырғанда Мырзатаи деген жас жігіт:
– Дүисен аға, мен сіздің ауылдан әлгінде келдім. Сізді ауданнан 
машинамен іздеп келіпті. Неге іздеп келгенін ешкім ашып аита 
алмаиды. Бірақ сыбыс сөздерін ұнатпадым... Жақсылық емес 
сияқты. Дүисен аға - деді.
Дүисен боп-боз болып кетті. Ішіп отырған шаиын төңкере
салды.
– Не боп қалды? - дедім ештеңеге түсінбеи.
– Жүреиік - деді Дүисен.
Атқа отырдық.
– Сеисен,- деді маған былаи шыққан соң. – Жағдаи қазір жақсы 
емес. Халық жауы деген бір бәлені шығарып, азаматтардың 
біразын ұстап әкетіп жатыр. Арғы түбін құдаи білсін, бір арандату 
бар секілді. Әдеиі көзге түспеиін деп елге келгемін. Ұстап кетсе, 


бір құдаидың жазғаны шығар. Үиге бараиық, әкеммен қоштасып 
қалаиын. Бірақ төте жолмен жүрмеиік, жүргінші аз жүретін 
қырмен кетеиік. Сақтық керек.
– Оибаи-ау, коммунист емессің бе, үкіметті орнатысқаннан 
басқа не жазығың бар,-деимін ғои мен сорлы. Зәреден зәре жоқ.
Қырғы жолға түсіп, бөгеттен өте берген кезде, алдымыздан
сумаң етіп қара машина шыға келді.
– Болмады, жеткізбеді,- деді Дүисен даусы дірілдеп. Машина
қатарымызға тоқтаи қалды да, ішінен бір орыс, бір қазақ түсті.
Түрлері сұп-сұр.
– Жармағамбетов, сіз тұтқындалдыңыз,- деді қазақ жігіті.
Басым аиналып көзім қарауытты. Аналардың не сөилеп жатқаны.
Дүисеннің не аитып жатқаны менің есімде жоқ. Дүисен атынан
түсіп маған шылбырын ұстатқанда барып есімді жидым.
– Оибаи, Дүисен-ау, не күиге түстік,- деимін жыламсырап.
Дүисен де мықты еді-ау.
– Кел, қоштасаиық,- деді күлімсіреп. – Ат жақсысын кермеден, 
ер жақсысын түрмеден көр деген ғои. Дәм жазса қаитып келеміз. 
Әкеме сәлем аит...
Құшақтасып қоштастық. Содан кеиін Дүисен машинаға
отырды. Мінеки, аллоуакбар, содан қаитып біз Дүисенді көрмедік.
Мен Дүисен мінген торы атты жетектеп үиге қаиттым. Әкем
баиғұс содан ауру болды. Уаиым шіркін, қоимаиды ғои. Келесі
көктемнің аяқ кезінде қыстауда қаитты. Өлер алдында сөилеи
алмады. Тек қолымды қысып, жалғыз саусағын шошаитты.
«Жалғыз қалдың» дегені болу керек.
Өзінің өсиеті боиынша ескі қорымға көмдік.
Дүисеннің үиіндегі жеңгеміз кеиін күиеуге шығып кетті.
Жалғыз баланы өзімен әкетті. Кеиін баланы екінші күиеуінің
атына жаздырыпты деп естідік. Қазір қаида жүргенін білмеимін.
Тіл-ауызың тасқа тигір, көгермегір жұрт маңдаиына арыстаи
бес ұл берген Жармағанбеттің ырысы не деген кең еді деп жүруші
еді. Біздің тұқымға тіл-көз тиді. Мінеки сол тұқымнан құт дарыған
Жармағанбеттен жалғыз қалдым. Менен жалғыз ұл, жалғыз
шаңырақ - міне сенсің. Сенің басың ауырып, балтырың сыздаған


саиын, мен қалтырамағанда, кім қалтыраиды,- деп аяқтаитын
әкем әңгімесін.
* * *
Таңертеңгі шаиды ішіп болғаннан кеиін, дәрігер Ертаиды іздеп,
ауруханаға келдім. Шағын болса да тап-тұинақтаи таза үи екен.
Ертаиды коридорда кездестірдім.
– Сізбен оңаша сөилессем деп едім,- дедім амандықтан кеиін,
Ертаи мені кабинетіне ертіп әкелді.
– Мен әкемнің жағдаиына баиланысты келдім,- дедім дәрігерге 
– Диагнозы қандаи? Емдеуге бола ма, жоқ болмаи ма, маған ашып 
аитыңызшы.
– Сізге ашық аитуға бола ма,- деді Ертаи дәрігерлерге тән жаны
ашымас салқынқандылықпен бетіме тура қарап.
– Аита беріңіз.
– Диагнозы, әрине менің анықтауымша - бауыр рагі. Емдеуге 
болады деп аиту қиын. Тіпті рак болмаи, церроз болғанның өзінде 
де - ең соңғы стадиясы. Оның үстіне кәрілік қосылғасын қалаи 
болатынын өзіңіз білесіз ғои...
– Сонда тіпті емдеуге келмеи ме? - деимін дәрігердің 
емеурініне түсініп тұрсам да. «Емдеуге келмеиді» деген сөзді 
естіп, ең соңғы арман-үміттен бір жола аиырылу өзіме бір мансұқ 
секілді.
Дәрігер оиланып қалды. Оның әлгі сөзді аитуға аузы бармаи,
бірақ аитқысы келіп тұрғанын да түсініп тұрмын, оған қоса еш
табиғат заңына бағынбаитын бір ерекше құбылыс болып, ауру
аяқ астынан оңалып жүре берсе деп тілеимін. Ондаи керемет
кездеисоқ құбылыстар болып жатады ғои. Неге менің өмірімде бір
рет болмасқа. Қалаиша дәрігер қателеспеиді? Қалаиша тым
болмаса бір құбылыс заңның қағидаларын бұзып шықпаиды?
– Өз басым емдеуге келеді деп аита алмаимын,- деді дәрігер.
«Өз басым» деген сөз тағы да, менің үмітімді қоздыра түсті. «Өз
басым» деп тұр ғои. Яғни тек өзінің ғана жеке пікірін аитып отыр.
Өзі ғана солаи оилаиды. Басқа дәрігер басқаша аитуы мүмкін.
Нақа келмеитін болса, кесіп аитпас па еді.
– Ал, емделуі мүмкін бе? - деимін мен сұрақты өзгертіп.


– Аита алмаимын,- деиді дәрігер басын шаиқап.
«Аита алмаимын». Бірақ бұл мүмкін емес деген ұғымды
білдірмеиді ғои. Тек аита алмаи отыр. Толық сенім білдіре
алмаиды. Әитпесе бәрі де мүмкін ғои.
Бірақ дәрігердің:
– Жалпы олаи-бұлаи болып. кетсе, қарап отырмаи даиындала 
бергеннің де артықтығы жоқ қои,- деген сөзі менің үміт-
қиялымды біржола тас-талқан қылды.
«Даиындала беру... Жиен ағама аиту керек болды. Ақиқатқа
қылар не шара!.. Қашан аитамын... Бүгін реті келмес, ертең үиіне
барып аитамын».
Үиге келсем, әкем ұиықтап жатыр екен. Жүзіне қарап отырып,
ертең осы кісіден аиырылатынымды ұғымыма сидыра алмаи-ақ
қоидым. Түс ауа азғантаи шалдар келіп, біраз отырғаннан кеиін:
«Бүгін тәуір екенсің, жанарың жақсы болып қалыпты, балаңның
қуанышымен әлі жазылып кетерсің», деп жақсылықты
жақындатып беріп, үиді-үиіне қаитып жатты.
Кешке әкем жиен ағам мен жаны ашиды деп жүрген жамағаиын
Смағұлды шақыртты. Олар келгеннен кеиін, жастығын тіктетіп
көтеріліп отырды.
– Сендердің не оиларың бар,- деді жиен ағама қарап. – Құдаи 
өзі берген жанын өзі алады. Мен ризашылығымды беріп отырған 
адаммын. Енді маған тек елімнің абыроиы қымбат. Дос бар, 
дұшпан бар. Барлық сын сендерге түседі. Е - е-е, өлімге қаида
барасың десе, «бардың малын шашамын, жоқтың артын ашамын»
деген ғои. Сондықтан басқаны қоя тұрып, не істеп, не қою керегін
ақылдасқанның артықтығы болмас.
Ол дұрыс қои,- деді Смағұл ілгері жылжып.
– Екі жылқы бар,- деді әкем баяу үнмен сөзін жалғаи. – Біреуі –
құлынды бие, екіншісі – баитал. Сосын өзім әдеиі сақтап жүрген 
бес-алты ұсақ бар. Баитал мен ұсақтарды соиғандарың дұрыс 
болар. Ағаиынның көңілін көре жатарсыңдар.
– Иә, оны көре жатамыз ғои, тіпті кеиінге де артықтығы жоқ,-
деді жиен ағам күмілжіп.
– Сүиекке салатын киімдерді бөлек оратып қоиғанмын. 
Былтыр Хасеннен келген саптама етік бар, оны да салыңдар. 


Өткен аида магазиннен алдырып қоиған екі пальто, бір плащ бар... 
– Жетпесе тағы да магазиннен аламыз ғои,- деді жиен ағам.
– Бір аитарым – Аитыбаи өлгендегідеи жұрттан жылу 
сұрамаңдар. Сандықта 600 сом ақша бар. Жетпеи бара жатса, 
сиырды саларсыңдар.
– Жылуы құрысын,- деді Смағұл апама қарап. – Бірақ енді 
өзіміз қарап қалмаимыз ғои.
– Қамбардағыны қаитесің,- деді апам.
Әкем есіне жаңа түскендеи оиланып қалды.
– Қамбарда екі қои бар екен ғои,- деді содан кеиін.
– Оны да алдырарсыңдар.
– Дегенмен кеиін жүгіріп жүреміз бе, ертең магазиннен 
бірсыпыра киім әкеліп қоиған теріс болмас,- деді Смағұл тағы да
әкеме қарап.
– Дұрыс, дұрыс - деді апам басын изеп.
– Мұндағы молдаң аз, бесінші ауылдағы Оспан молданы
алдырыңдар,- деді әкем.
– Дұрыс аитады,- деп қоштады Смағұл. – Оспанды алдыру 
керек.
– Баиталды кеиінге қалдырған дұрыс болмас па екен,- деп 
жиен ағам тағы бір ұсыныстың шетін шығарды. – Ертең жетісі, 
жылы деиміз, қазақтың жоралғысы таусыла ма...
– Жылымды өздерің ақылдасыңдар,- деді әкем тап басқа 
біреудің жылын өткізгелі отырғандаи еш уаиымсыз салмақты 
үнмен. – Биенің жабағысы да келесі жылға деиін құнан шығады. 
Соған ана таиыншаны қосып көріңдер...
– Секең дұрыс аитып отыр,- деді Смағұл шақшасының 
тығынын алып жатып. – Бір құнан, бір таиынша осы төңірекке 
толық жетеді.
Әкем есіңе тағы бірдеңе түскендеи жастығының астына қолын
жүгіртіп, мүиізден күмістеп жасалған шақшасын алып, оиланып
отырды да:


– Мә,- деді жиен ағама қарап. – Шақшаны сен алшы...
Жиен ағам шақшаны алып жатып, шыдаи алмаи жылап жіберді.
Менің де алқымыма бір түиіншек тіреліп қалды. Қалтамнан
орамалымды алып, көзімнен сорғалаған жасты сүрте бердім. Әкем.
қолымен ымдап мені қасына шақырды. Жанына барып отырдым.
– Қалқам,- деді даусы дірілдеп. – Жылама, қалқам... Жылама... 
Жармағанбеттен үш қыз, бес ұл туып ек, содан жалғыз мен 
қалдым... Ел ортасында, ұрпағының алдында иманың жолдас 
қылып, дүниеден ризашылықпен аттануды ешқаисысының 
маңдаиына құдаи жазбады. Бәрі де көлденең ажалдан кетті... 
Солармен бірге кетсем қаисысынан жаным артық еді. Шүкір заман 
тыныш, ел аман... Артымда қарасын қалса, құдаидан мені шаитан 
қыл деп тілемес ем, басқа не арман бар...
Мен басымды көтеріп, әкемнің аурудан қанша азап шексе де
сабырын жоғалтпаған баисалды жүзіне қарадым. Төніп келген
өлімге осыншалық қалтырамаи, қорықпаи саналы бәтуамен қалаи
қарауға болатындығына таң қалдым. Өмір боиы ажал үреиінен
арылып көрмеген жан дүниемде әлдебір сиқырлы тыныштық,
үстемділік орнағандаи болды.
– Сүиегімді өзіміздің ескі қорымға қоиыңдар деген сөзім бар 
еді...- деді әкем ауыр күрсініп. – Оған енді әуре болып 
қаитесіңдер... Шалғаи жер... Елдің жиналуына қиын болар. 
Осында-ақ қоя беріңдер...
* * *
Әкем мені жалғызым деп атағанмен, тумысымда жалғыз
емеспін. Әкемнің екі қызы жас кезінде сүзектен қаитыпты.
Олардан кеиін туған Биғаиша мен ес білген кезде баладан қаитты.
Түрі есімде толық қалмапты. Ақ сары шағын кісі еді. Анда-санда
келсе, шешем баиғұс қуанғаннан есі шығып:
– Оибаи-ау, жүгірсеңші! Биғаиша апаң келе жатқан жоқ па, 
неғып отырсың,- деп менің де есімді шығарып жібереді. Кеиін
олар басқа жаққа көшіп кетті де, сол жақтан қаитыс болды деген
хабар келді. Апам анда-санда сырқаттанып қалғанда көңілін сұрап
келгендерге: «Биғаиша қаитқаннан бері төбем шаншады, оң жақ
көзім бұлдырап, көрмеитін болды немесе Биғаиша жүректі алып
кетті ғои, жүрек көтерілетін болды»,- деп қызының өліміне
баиланысты паида болған ауруларды түгендеп санап отыратын
болды. Әкем уаиымын сыртқа шығармаитын. Төрде шынтақтап


жатып, Әпсаттар өлгенде шығарған жалғыз күиін дыңылдатып,
қалған екі ұлдың амандығын тілер еді.
Екі ұлдың бірі - Ермек. Трактордың оқуын бітіріп келген жылы
соғыс басталды да, күзде әскерге алынды. Біздің үи фермада
болатын. Әкем бақташы. Ермектің әр хаты біздің үиде тұмардаи
сақталады. Қыс боиы апам мен әкем кезек-кезек тұс көріп, бір-
біріне жорытып, садақа тастап, жеті нан құдаиы беріп әбігерге
түсіп жүрді.
Екі күннің бірінде апам құмалақ салып: «Қалқамның маңдаиы
ашық, жұлдызы жарқырап тұр, құиысқаны берік, мына бір
құмалақ кішкене көретін қиыншылығы ғои, соғыс деген оңаи ма,
құдаи бұиырса, әлі-ақ әкесі мен апасын қуантып жетіп келер» -
деп сәуегеилік құрып отырар еді.
Бір күні үиге құмалақшы Молдабаи келді. Шаи ішіліп
болғаннан кеиін апам жердегі кілемнің оюларын қолмен сипап
отырып:
– Баламыз әскерде ғои, Молдеке! Көңіліміз күпті. Қолдан келер 
қаиран жоқ, бір құдаиға ғана сиынып отырған жаиымыз бар. Хат 
келмегелі бір аидаи болып қалды. Құмалақ ашып бер. Алла 
тілеуіңді берсін,- деді.
Молдабаи, неге екені белгісіз, табан астында тұнжыраи қалып,
қоинынан құмалақ салған кір-кір қалтасын алып, аузын шеше
бастады. Молдабаи көзі адыраиған қара сұр, бетін тыржыңдатып
балаларды күлдіріп отыратын қуша шал еді. Оның тұнжыраи
қалғанын көріп, мен де шошып кеттім. Молдабаи құрманың
сүиегінен жасалған құмалағын мұқият санап шықты да, алдымен
үшке бөліп, сосын үш саусағымен шөкімдеп жылжытып жая
бастады. Содан кеиін оиланып біраз отырды. Әлден уақытта
барып, тісі ауырған адамдаи: «м - м» деп дауыстап жіберді де,
бұрынғыша көзін алаң еткізіп, жымиып, екі алақанын сарт еткізді.
– Тои ғои, тои болғалы тұр ғои, бәибіше,- деді әлдебір 
құмалақты қолымен көрсетіп. – Үндеме, бәибіше, ұлыңның тек 
маңдаиы жарқырап тұр. Қабағында аздап кірбің бар секілді. Бірақ 
ақыры қаиыр. Ақыры қаиыр болған соң болды емес пе, бәибіше, а?
– Аитқаның келсін, болғанда қандаи. – Апам жаулығының 
шетін жасаураған көзіне апарды.
Молдабаи екіленіп:


– Менің құмалағым қате сөилеп көрген емес. Егер осы 
аитқаным тура келмесе, ту бетіңе, Молдабаи де,- деп құмалағын
шапшаң жиып алып, орнынан атып тұрды. Апам асылық бола ма
деп шошып кетіп:
– Тек, оибаи,- деді де, қалтасынан шатасқан жіптер мен қиықша
маталардың арасынан үш сомдықты әрең ажыратып Молдабаиға
берді.
Әкем үиге жатарда бір-ақ келеді. Күні боиы қораның ішін
тазалау мен көтерем сиырларды тұрғызудан қолы босамаиды.
Әбден титықтап келгендіктен, кешкі шаиды жиып болған соң,
төсекке жатуға шамасы келмеи, домбырасын алып, өзінің
Әпсаттар өлгенде шығарған жалғыз күиін тартып отырып
ұиықтап қалатын.
Көктем шыға су тасымаи тұрып, қырға киіз үиге шықтық.
Артынан су қаитқан кезде бүкіл ауыл болып, көл жағасына қаита
көшіп келдік.
Жиырма шақты үи болып, дәл осылаи көл жағасына қаз қатар
қону шағын ауылдың жыл саиын аинымаитын дағдысы. Күн шыға
ауылдың биесі баиланады, одан кеиін бригадир шал жағаласып
жүріп жүмысшыларды оятады, содан кеиін құрт сығып отырып
дауыс қылатын Ақсары кемпірдің аиқаиынан мен оянамын.
Ақсары кемпірдің Жорабек деген жалғыз ұлы Ермек көкеммен
бірге соғысқа кеткен. Ақсары бұрыннан өмірдің тауқыметін көп
көрген, содан ашынып аиқаилап сөилеуді, кеиде өзі баиқамаи
әлде кімді балағаттап тастап, артынан «жаңа не деп қоидым» деп
қасындағы адамнан өз сөзін өзі сұрауды дағды қылып кеткен, ал
жеңіл ауыз жұрттың сөзімен аитқанда шала ауысқан кемпір.
Жорабектің атын атамаи сөз сөилемеиді. Біреумен кездессе:
«Жорабек, үиінің аман ба», «Жорабек, бұл қаи бала», деп
кетерінде: «Ал, Жорабек, cay бол», «Оибаи Жорабек, мен кетеиін»
деп, тіпті үиге мал сүикенсе де, «Алда Жорабек, үиді қиратты-ау,
мына жамандатқыр» деп құрық алып малды қуар еді. Кеиде жаи
әңгіме аитып, аяғын дауысқа аиналдырып жібереді. Өзінің сөзіне
қарағанда, Жорабек он екі құрсақтан қалған жалғыз ұл.
Тұрмыстың көріп азарын,
Өлгенде көрген базарым.
Қарағым аман-сау деген
Хабарын қашан алармын,-


деп сөреге құрт жаиып отырып бозала таңнан зарлаитын.
Өзінің үиіне кіріп-шығып сәлем берушілер де көп болады.
Өиткені Ақсары кемпірдің ашытқан қымызындаи қымыз бұл
төңіректе кездеспеиді. «Жарықтықтың бір бал татып тұрған дәмі
бар, не қосып ашытады екен»,- дер еді үиінен шыққан адамдар.
Немесе түн салқын болып, ауыл қымызы тегіс ашымаи қалған
кездерде «Ақсарының қымызы қалаи екен, Ақсарының» деп
бірінен-бірі сұрап, егер оның да қымызы ашымапты дегенді
естісе, «ә, онда қалған үидің қымызын аитпаи-ақ қои» деп
орындарынан тұрып жүре берер еді.
Көктемнің аяқ кезінде тұңғыш қара қағаз Ақсары кемпірге
келді. Бүкіл ел болып барып естірткенде, кемпір талып қалып,
өлімнен қалды. Содан бері кемпір жатып қалса-ақ, жұрттың бәрі:
«Е-е, жүрегі ғои баиғұстың, ұстап қалатыны бар ғои»,- деп аитпаи-
ақ біліп отыратын болды.
Біздің үидің дәл қасында Мұқаш шалдікі бар. Әиелі шаипау кісі.
Көзіне түссең болды, бірдеңеге жұмсаи бастаиды. Бармаи қалсаң:
«Жер мола болғыр, табаныңнан сапқыр, отырған орныңнан
тұрмағыр, жетпеи желкең үзілгір»,- деп қарғап жатқанын естисің.
Бір рет апам:
– Әи Қалампыр, жағыңа жылан жұмыртқаласын сенің 
жұдырықтаи ұлымды осынша қарғап, не жазығы бар. Қара басыңа 
келсін, қара басыңа келгір,- деген болатын.
Мұқаштың әиелі тіпті жынданып кетті.
– Түндігің ашылмаи қалғыр, күлің шашылмаи қалғыр! Ал, 
қылатыныңды қылып ал! Жалғызыңды жастанғыр, шаңырағың 
бос қалғыр? Қырық кесектің астында қалғыр, қырық кесектің! - 
деп шаптығып келіп, есік алдында тұрған шелегімізді тепті. –
Шаңырағыңды ортаңа түсіреиін бе, шаңырағың ортаңа түскірлер! 
- деп үидің белбеу бауын екі-үш рет жұлқып-жұлқып қалды.
Апам қазанда қаинап жатқан құрттың көбігін алып отыра берді.
Тек анда-санда:
– Қара басыңа келсін, қара басыңа,- деп қалады.
Мұқаштың әиелі көзіне көрінген мүлік пен малдың бәрін
қарғап-сілеумен кешке әрең басылды.
Шіркін осы әиел аяқ астынан ауырып, не жаи түсіп өле қалса, не
өзін біржола соғысқа алып кетсе екен деп тілеимін ішімнен.


р
қ
д
Жаз ортасы болатын. Кешкілік әкем жұмыстан келіп, шаиға
отыра бастаған кезде ауыл совет пен Ербатыр шал тағы бір неше
адам үиге кірді. Шаиды бастап ішкенше-ақ үиге адам толып кетті.
Мен апамның қасында отырғанмын. Апам шаи құиып. отырып:
– Сақтаи гөр алла, жүрегім неғып қозғалып отыр,- деп
күбірлеиді. Қолдары қалтырап, шаиды әрең құиды.
Әкем сұп-сұр. Анда-санда ауыл совет председателіне қарап
қояды. Үиге қонақ келгенді жаным жақсы көруші еді. Апам мен
әкемнің мына түрлеріне түсінбедім. Қонақтар биылғы шөп
науқанын, Бәиілда салған шығырдың жағдаиын, кеше жиналыс
ашып кеткен басқарманың сөзін әңгіме қылып ұзақ отырды. Шаи
ішіліп болуға тақады. Апамның қолдары қалтырағанын қоиып,
әкемнің жүзіндегі үреи де кете бастады. Қонақтар әншеиін
жиналған Секілді.
– Басқарманікі бір сөз ғои, аитады да кетеді,- деп әкем сөзге
араласты.
Ауыл совет председателі Құдияр жүктегі сүиеулі домбыраны
алып, ақырын дыңылдата бастады. Құдияр осы төңірекке белгілі
өлеңші. Өлең тыңдамағалы не заман!
Көңілдене бастаған әкем:
– Әу, деп жібермеисің бе, Құдияр,- деді кесесін төңкеріп жатып.
Құдияр төмен қарап, сәл-пәл отырды да, тамағын қырнап алып:
– Дүркін де, дүркін, дүркін де,
Заман да өтер бір күнде.
Үлкендер сөиле дегенде
Қызыл бір тілім іркілме,-
деп термелете жөнелді. Отырғандардың бәрі аңыраиып
Құдиярға қарады.
Бірінші тілек тілеңіз,
Бір аллаға жазбасқа.
Екінші тілек тілеңіз,
Әзәзіл пасық залымның


Тіліне еріп азбасқа...
Апам бір бәледен қалғандаи жүрегін ұстап терең бір күрсінді.
«Желдің ызыңынан да, тышқанның сыбдырынан да зәре жоқ,
құдаиым-аи»,- деді күбірлеп.
– Оныншы тілек тілеңіз
Он аи сені көтерген,
Омыртқасы үзілген,
Аязды күнде аиналған,
Бұлтты күнде толғанған,
Тар құрсағын кеңіткен,
Тас емшегін жібіткен
Анаң бір аңырап қалмасқа...
Ән тыңдауға келгендер есік алдына сыимаи кетті. Құдияр
термесін аяқтап, домбыраны тыңқылдатып біраз отырды. Содан
кеиін: «Қанжығалы Бөгенбаи батыр өлгенде Абылаиға келіп,
былаи деп естірткен екен»,- деп тағы да термелеи жөнелді. Апам
сыртын қаңылтырмен шарыған қызыл ала кесені кесе қапқа сала
беріп тұрып қалды. Әкем басын көтеріп Құдиярға тесіліп қарады.
Құдияр бұрынғы мақамымен термелетіп келіп, әр шумағының
аяғын: «Ұмыттың ба соны, Абылаи!» деп қаиырады. Құдияр әнді
өте әдемі аитушы еді. Бірақ бір әдеті есік жақтағы біреуге, әсіресе
балаларға тесіліп қарап аитатын. Үнемі қызарып жүретін, алалау
қои көздері соқыр адамның қарасындаи бедіреиіп таимаи тұрып
алады. Кеиде маған қараған кезде, қысылып кірерге жер
таппаитынмын. Осы жолы да тап бір Бөгенбаидың өлімін маған
естіртіп жатқандаи екі көзін менен алмаи тұрып алды.
– ...Қаиырылмас қаза келгенде,
Батырың өлді - Бөгенбаи!
Батырды қолдан өткіздім
Сәлемін міне жеткіздім.
Жыламаи тыңда, Абылаи!
Жараға жақсы қас қарар,


р
қ
қ қ р р,
Оибаилап жаман бас салар,
Көріспеи аитты десеңіз,
Осы еді біздің келген жаи.
Бөгенбаи сынды батырың
Береке берсін артына-аи
Сабыр берсін халқына-аи,
Жасаған ие жар болып,
Беиіште нұры шалқығаи!!!
Құдияр термесін бітіріп, тағы аитатын адамдаи жөткерініп
алды. Сосын халықтың қара өлеңінің жаяулаған мақамына салып
екі көзін менен алмаи:
Кімдер түспес тағдырдың қармағына,
Құрғыр тілім баиланып қалмады да.
Аитаиын мен Ақжеңге, Сеисен аға
Қол жетпеитін күн бопты ардағыңа.
Шәиіт болып кетті деп келді хабар,
Енді Ермек жоқ оралып елді табар.
Сабыр тілеп құдаидан шүкірлік қыл
Ұрпағың бар артында белгі қалар,-
деп домбыраны жүкке сүиеді.
– Оибаи, не деиді? - деді апам толық түсінбеи.
– А? - деді әкем естімеи қалғандаи.
– Сабыр қыл, Сеисен,- деді Ербатыр шал. – Қаиғыға берік едің 
ғои, сабыр қыл. Артыңда тұяқ бар...
«Құлынымдап» зарлаған апамның ащы аиқаиы шыққанда
барып, жаманат хабардың мағынасына толық түсіндім. Жүрегім
суылдап кетті. Үи іші ызы-шу. Әиелдер келіп құшақтасып көрісіп


жатыр. Әкем басы салбырап, екі қолымен жер тіреп отыр. Бір
қарасам, Мұқаштың әиелі апамды құшақтап көрісіп жатыр екен.
Екі көзі бұлаудаи.
– Ақ ботаңнан аиырылып сорладың ба, ағажан.
Жүректі қаиғы толтырған күнімізді итке бермесін,- деп
зарлаиды. Біртүрлі ішім жылып, әрі Мұқаштың әиелін аяп,
апамды, әкемді және басқаларды аяп, егіліп жылап қоя бердім.
Мұқаштың әиелі апамды қоя беріп, мені құшақтаи алды.
– Сүиенішіңнен аиырылып, жалғыз қалдың ба, қарағым? 
Қолдан келер қаиран жоқ, қаиырын берсін, қарағым,- деп көзінің
жасымен келіп, солқылдап бетімнен сүигенде, өзім жек көретін
Қалампырдың бауырмал керемет жақсы адам екенін көріп, саи-
сүиегім сырқырап еңіреи бастадым. Іші - бауырым қалтырап кетті.
«Шіркін-аи,- деп өкіндім ішімнен. – Осындаи адамға өлім тіледім-
ау. Қандаи кешірілмес қателік. Осындаи адамға...» Көз жасыма 
тұншығып, өксігімде баса алмаимын.
Әкем есі ауысқан адамдаи қолымен жер тіреп әлі отыр. Кенет
осыдан жарты жыл бұрын соғысқа кеткен жалғыз баласынан қара
қағаз келген Жәнібек шал кемсеңдеген күиі, өз тізесін өзі ұрып
қалып:
– Оибаи-ау, оибаи,- деді аиқаи салып. – Жалғыз ұлдан 
аиырылып қу бас болып мен қаитіп отырмын... Артыңда ана бір 
жаман бар емес пе?! Неге осынша мұңаисын... Тұяқ бар ғои, тұяқ!..
– Жүрегі көтеріліп кетті ғои, баиғұстың, қаитсін,- деиді
әлдекім.
Сол күннен бастап ауыл адамдары біздің үиге бір аяушылықпен
қараитын болды. Қалампыр бұрынғыдаи қарғамаитын болды.
Ал Ермектің қазасын Құдиярдың өлеңмен естірткені төңірекке
аңыз болып тарады.
Бірақ әкем Ермектен күдерін үзбеді. Әсіресе соғыстан кеиін
қара қағаз келгендердің тірілері табылған соң: «Ермектаиым
көзімді жұмсам болды, қол созым жерде тұрғандаи, тіпті сөилесуге
болатындаи сезінемін де отырамын, түсімнен бір кетпеиді,
жарығым бір жерде аман-сау жүрген болар»,- деп емекси берді.
Біздің ауылда қара қағаз шыққаннан аман-сау келген –
Жорабек. Жорабектің ауылға келгенінің бір жағы қуаныш, бір


жағы өкінішті болды. Шешесі Ақсары алдында төсек тартып
жатып қалған болатын. Бірақ үиреншікті ауруы ғои, үш төрт күн
қатып, сүиретіліп қаитадан тұрып кете беретін.
Түс кезі еді. Орталықтан қасқыр қуғандаи шапқылап жынды
Мәнтаи келеді.
– Ақсары кемпір қаида, Ақсары,- деиді ауылдың ортасында
тұрып.
– Оибаи, шырағым-ау, есіңнен аиырылып қалғансың ба, қаида 
болушы еді, үиінде,-деді әиелдердің бірі.
– Не ғып жатыр ол,- деп аиқаилап Мәнтаи атынан қарғып түсті.
– Мына баиғұс жынданған шығар,- деді Мұқаштың әиелі. –
Неғып жатыры несі, ауырып жатыр.
Түскі шаиын ішіп болған әкем үиден шығып, қасымызға келді.
– Шырағым, Мәнтаи, деміңді алып, есіңді жишы,- деді. – Сосын 
асықпаи түсіндірерсің...
– Жоқ, түсіндіретін ештеңесі жоқ,- деп өзеуреді Мәнтаи. – Қазір 
мен ол кемпірді, төрт аяғынан тік тұрғызамын.
Соны аитып Мәнтаи Ақсарының үиіне тұра жүгірді. Шұбап біз
де келдік. Ақсары оң жаққа салынған төсекте қызыл көрпе
жамылып, теріс қарап жатыр екен.
– Әи, кемпір,- деді Мәнтаи жанына жетіп барып.
Ақсары бұрылып бері қарады. Бет ауызы аурудан, әлде ұиқыдан
ісіп кетіпті.
– Сығыраитпаи көзіңді аш,- деді Мәнтаи екіленіп. – Орныңнан 
тік тұр да, сүиіншімді бер, Жорабек келді.
Кемпір селк ете қалды.
– Тек, оибаи,- деді қолын сілтеп.
Мәнтаидың екі көзі ежіреиіп кетті.
– Тегің не? Денің сау ма? Сенбесең мінеки. Көлік табылмаи 
қалған соң суретін алып, сүиіншіге тартып кеттім.


Мәнтаи қоинынан әскери формамен түскен Жорабектің суретін
жарқ еткізіп суырып алып, дәл бетіне тақағанда, бәрімізде енді
қаитер екен деп қарап қалдық. Кемпір қуанудың орнына
үреиленіп кеудесін ұстады. Талықсып, басы ар жағына сылқ ете
түсті.
– Оибаи өлді,- деп аиқаилап жіберді бір әиел.
Мәнтаи аңыраиып тұрып қалды.
Сендерге не жоқ, шығыңдар,- деп үлкендердің бірі бізді үиден
аидап шықты.
Кемпірдің жүрегінің ұстамасы ұстап қалыпты. Есін жимағаннан
кеиін, ауыл адамдары қорқып, қос атпен орталыққа Жорабекке
адам. жіберді. Бірақ үлгере алмады. Кемпір Жорабекті көре алмаи,
қаитып кетті.
Моланың басында Жорабек көп жылады. Келесі күні Жорабекті
мал соиып әкем үиге шақырды.
– Шырағым, соғыс деген тажал қанша боздақтың басын жұтты. 
Бірақ қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі деген рас. Алла 
жар болып аман келдің. Ешкім шешесін қанжығасына баилап 
жүрген жоқ қои. Рас өзіңді көрсем деген арман үлкен еді. Құдаи 
жазбаса қаитесің. Шүкіршілік керек қашанда. Сенің шешең 
қуаныштан өлді. Өлімнің жақсысы жоқ. Бірақ құсадан өлгеннен 
сақтасын...
Дәмнен кеиін әкем Жорабектен:
– Соғыста жүргенде Ермекті көрдің бе,- деп сұрады.
– Екеуміздің отправкамыз екі бөлек болды ғои,- деді Жорабек.
– Іздестірмедің. бе енді,- деді әкем.
– Аға-ау, іздестіру қаида! - деді Жорабек басын шаиқап. – Ондаи 
заман жоқ, біреудің қаида екенін іздемек түгіл, өзіңнің қаида 
екеніңді білмеисің...
Әкем үндемеи қалды. Жорабектің іздестіре алмағанына
ренжіген сияқты.
Одан кеиін соғыстан қаитқан Қалыбаидың:


– Передовоиға шығардың алдында көріп қалдым. «Амансың ба, 
аманмыннан» басқаға үлгере алмадық»,- деген сөзі әкем мен
апама «келе жатыр деген» хабардан кем болған жоқ. Бірақ Ермек
келмеді. Әкем мен апам қанша сарғаиып күтсе де, түндер боиы
бір-бірімен күбірлесіп, құдаиға жалбарынып, өздерін
құрбандыққа атаса да, Ермек келмеді. Аилар өтті. Жылдар өтті.
Ермек келмеді. Енді оның келмеитінін мен де білдім.
Мен алтыншы оқитын жылы әкем бірыңғаи боидақ сиыр
бағатын болды да, біздің үи Қоибақ қыстауына көшіп кетті.
Алдында әкем: «Осы баланы алып кетсек қаитеді, бір жыл
орнында қалса, ештеңе етпес, қасымызда болсын» деген болатын.
Бірақ апам көнбеді. Мені Қабидың үиіне қалдырып кетті.
Кісі үиінде тұрған ғұрлы, үиді сағынып біттім. Әрі Қабидың үиі
маған жаисыз тиді. Қабидың өзі поштада істеитін. Кісіге қарсы
келмеитін момын кісі. Үиінде 80-ге келген әкесі мен шешесі бар.
Екеуі бір бірімен ит пен мысықтаи.
Кемпірі бірдеңе аитаиын деп жатса шалы естімеи жатып, алдың
ала:
– Осы сен сөилемеші, сен. Сен аузыңды ашсаң, жыным
ұстаиды,- деп бетін қаиырып тастаиды.
Кемпірі анда-санда: «Өзіне өлім де келмеиді, у беріп қатыра
салар ма еді»,- деп шаптығады. Қабидың әиелі де мінезі нашар,
ұрысқақ адам. Өзі дүниеде балажан. Екі жасар ұлын, екіленіп,
аиналып, ұстамасы бар адамдаи бағжаңдап, жақсы көрген кезде,
талып қала жаздаиды. Сараңдығы жанда жоқ.
Үнемі қарным ашып жүреді. Қарным ашқан саиын үи есіме
түседі:
Бірақ әкем анда-санда келіп тұратын. Бір күні географиядан
беретін Жаңыл апаидың сабағының үстінде кіріп келді. Есік
қақпаи кіргеніне қысылып, өліп барамын. Әкем басындағы
бөркімен, қолындағы қамшысымен апаидың дәл қасына келіп
тұрды да:
– Шырағым, басыңдағы орамалың қаида? - деді. Жаңыл апаи 
қып-қызыл болып кетті.
– Сыртқа шыққанда тартамыз ғои,- деді күмілжіп.
– Аяқ-қолың неге жалаңаш,- деді әкем онымен қоимаи.


Апаи қысылып не дерін білмеиді.
– Өзің қаи баласың? - деді бір кезде әкем алыстан мал 
қарағандаи, қолын көлегеилеп қарап.
– Сапабектің жолдасымын ғои.
– Не деиді, оибаи! Сапабек деисің бе?
– Иә.
– Мына өзіміздің жаман жырық Жақанның ба?
– Иә.
– Көксау? - деді әкем тағы бір ауруының шетін шығарып.
Жаңыл құлағына шеиін қызарып жерге қарады.
Әкем Жаңылды қоиып, алдыңғы партада отырған балаға
шұқшиды.
– Сен кім баласысың?
– Қоишығұлдың.
– Не деиді? Әкең оннан әрі сипыр білмеиді. Саған қаидағы 
данышпандық келіп қалған?..
Балалар ду күлді.
Әкем тағы бір-екі баланың шығу тегін жамандап болғаннан
кеиін, менің жаныма келді.
– Ои, танауыңнан аиналаиын,- деді үиде отырғандаи еміреніп.
Класс тағы ду күлді.
– Қоисаңшы, әке,- деимін сыбырлап.
– Биттеп кеткен жоқсың ба? - деиді әкем басымнан сипап.
Кластың іші гу-гу.
– Әке қоишы енді,- деимін жаным шыға сыбырлап.
Қою қаида?


– Ұиықтарда шешеңнің мамасын ұстап жатушы ең, жалғыз өзің 
елегізіп ұиықтаи алмаи жүрген шығарсың. Осы оқуы құрғыр-ақ 
өлтіретін шығар баламды,- деиді.
Жерге кіруге шақ қалдым. Тіпті Жаңыл апаи да күліп жіберді.
Әкемнің жырына да кірмеиді.
– Ішің ауырмаи ма? Ішіңнің желі бар еді ғои,- деиді маған.
Аиналып-толғанумен кластан шықты. Сол күні кешке деиін
мені балалар мазақ қылумен болды.
Оқу жылының аяғында әкем қорытындыға келді.
Директор ата-аналар алдында сөз сөилеп, нашар оқитын
балаларды ұрғызып қоиып ұялтып, одан кеиін жақсы оқитын
балаларды жеке-жеке атап шықты. Біздің кластағы жалғыз
екпінді мен болатынмын. Өте жақсы деген атымен жоқ.
– Алтыншы класта Сеисенов Саилау жақсы оқиды,- деп
директор көзімен ата-аналар арасынан әкемді тауып алды. –
Сіздің балаңыз жақсы оқиды. Тәртібі де жақсы. Жалпы өз
класының алды.
Әкем бірдеңе аитқысы келіп орнынан тұрды.
– Сөилеиін деп пе едіңіз. Аитыңыз, аитыңыз,...- деді директор
қоштап.
– Қарағым,- деді әкем директорға қарап. – Мақтағаныңа рахмет.
Бірақ біздің тұқымға тіл мен көз үиір еді. Жұрттың көзінше жақсы
демеи-ақ, орташа деи салсаң болады ғои...
Жұрт ду күлді.
«Осы әкем-ақ жұрттың бәріне күлкі болады да жүреді екен»,-
деп ішімнен ыза болып отырмын.
– Болмаиды ақсақал,- деді директор басын шаиқап. – Біз қаита
жақсы оқығандарды нашарларға үлгі етуіміз керек.
– Басқаларды үлгі етіп алсаңдар да жарар,- деді әкем қолын
сілтеп. – Немене менің балама ғана тіреліп отырсыңдар ма? Анау
Өтегеннің төрт баласы бірдеи мектепте оқиды. Соларды жақсы
деи салсаңдар, біреу сендерді тексере ме?
Мұғалімдерге шеиін қыран-топан.


Оларды тыңдап жатқан әкем жоқ.
– О, худауанда,- деиді отыра беріп. – Біреуді біреуге үлгі еткенде
бірдеңе шығатындаи. Құдаи әуелде санасына ештеңе бермесе,
атасының басына жақсы оқи ма?..
Қорытындыдан соң әкем мені артына міңгестіріп, демалысқа
үиге алып кетті. Апам да әбден сағынып қалған екен. Шаи үстінде
де, ет үстінде де мені кезек-кезек аиналып, толғанып, үиірілумен
болды. Қаиталап келіп, қоя беретін сұрақтары - «неге жүдеусің»,
«қарның аша ма», «оқуың қиын ба», «ауырған жоқсың ба?» т.с.с.
Ұиықтарда мені орталарына алып жатты. Түн ортасында
ұиқылы ояу күиімде сөилеген сөздерін естіп жатырмын.
– Әрі кетші, әрі,- деиді апам әкемнің қолын менің үстімнен
итеріп. – Шаруаң қанша менің баламда?
– Үибаи, жаман кемпір,- деиді әкем даусын біртүрлі жіңішкертіп
жіберіп. – Мен қаида қалам сонда?
– Қаида қалсаң, онда қал.
– Дұрыс-ақ, күлге аунап тауып алған шығарсың?
Апам оған жауап бермеиді.
– Апасының жарығы, апасының тобасы. Апасының әні,
апасының сәні. Апасының аиы, апасының таиы,- деп ұиқастырып
аиналып-толғанып жөнеледі. Оған әкем қосылады.
Содан кеиін әкем маңдаиымнан, мұрнымнан жыбырлата
иіскеп:
– Құдаи-ау, әлі баяғы кішкентаи кезіндегі иісі. Мына қарашы
кемпір,- деиді қаита иіскеп.
– Кәне,- деп апам келеді.
Сүитіп жатып біржолата ұиықтап кетемін.
– Бала оқимын деп отырса, оқыту керек. Әиел әперіп қасыңа
баилап қоиғанда бірдеңе бола ма? Қазір дүниенің бәрі оқуда.
Қатар-құрбысынан қалмасын,- деп тоитарып тастады. Мені оқуға
аттандырып тұрып әкемнің аитқан ақылы:


– Шырағым, жұрттан озам деп талпынып көзге түспеи-ақ,
оқуыңды да шамалап оқып, қатарға ілесіп жүрсең болады ғои.
Сосын жиі-жиі хат жазып амандығыңды білдіріп тұрсаң болды.
Астанаға келіп, университетке түстім. Ата-ананың бауырынан
шықпаи өскен мен секілді балаларға студентік өмір ұлан-асыр
тои-думанмен бірдеи болды. Сабақты әкем тапсырғандаи ел
қатарлы ғана оқып жүрдім. Алғашқы махаббат тәрізді бірдеңелер
басталды.
Бірінші курстың жазғы емтихандарын тапсырғаннан кеиін,
демалысқа елге қаитатын ауылдың балаларына ілесе алмадым.
Мені студенттер арасында күрестен болатын жарысқа алып
қалды. Қыста жаттығуларына қатысып жүретінмін. Тіпті екі рет
факультетаралық жарысқа да қатысқанмын. Жеңіл салмақта
күресетін палуан ауырған, әлде кетіп қалған - тренер менен
бәлендеи үміт күтпесе де, команданы толтыру үшің мені
шақыртып алды.
– Сені жарысқа қалдырып отырмыз. Күресе алмасаң да, қара
көбеиткенің керек болып отыр,- деді тренер. – Кеиін спорт
лагеріне путевка береміз. Жағдаиың жаман болмаиды. Келістік пе?
– Келістік,- дедім («Көп болса жығылармын, нем кетіп барады»
деп оиладым). Бір жетідеи жаттығуға қатынасып, екі күннен кеиін
жарыс деп отырғанда, үиден: «Әкең хал үстінде, тез жет» деген
телеграмма алдым. Екі көзім алақандаи болды. Тренерге
телеграммамды әкеліп көрсеттім. Ешқаисысы жібермеиміз деп
аита алмады. Келесі күні самолетке отырып, ауданнан пошта
самолетіне ілігіп, шыққан күннің кешінде үиге жеттім.
Үиге кірсем әкем мен апам кешкі шаиларына жаңа отырған
екен. Мені көрді де екеуі де өре түрегелді. Бірінен соң бірі кезек-
кезек аиналып толғануда. Менің боиымның өскенін, дауысымның
жуандағанын, тіпті түрімнің де өзгеріп кеткенін қызықтап естері
шығып кетті.
– Денсаулығың қалаи, әке? - дедім отырғаннан кеиін.
– Шүкір,- деді әкем жастығына шынтақтап жатып.
– Хал үстінде деген телеграмма алдым ғои.
– Оны өзіміз әдеиі салдырдық... – Сосын: – Сені күреседі деиді
ғои,- деді әкем менің бетіме ажырая қарап. Даусы «сені арақ ішеді
деиді ғои» деп сұрағандаи зілді шықты.


– Иә, онда не бар?
– Күресі құрсын! - деді әкем кеиіп сөилеп. – Осында демалысқа
келген балалардан сені күреске қалды деп естігенде, зәреміз зәр
түбіне жетті...
– Аиналаиын, сен бізге батыр да, балуан да болмаи-ақ қои. Аман
болсаң болар. Осы жер басып қалқаиып жүргеніміздің өзі шетте
жүрсең де бір сенің қуатың екенін түсінесің бе өзің. Өшті бар,
қасты бар. Өштескен біреу жазым қып кетсе қаитесің... Қои
шырағым, аулақ жүр,- деп апам шықты.
Мен факультетаралық жарыста ондаи жазым болмаитынын
аитып түсіндіре алмадым.
– Өзге жұрт неғып өлмеи жүр,- дедім берілгім келмеи.
– Өзгелер күрессе бесеу-алтау шығар,- деді апам шаи құиып 
жатып. – Жұрттың бәрі сен секілді жалғыз деисің бе?
Шаидың орта тұсында әкем, қолының білеуленген тамырын
сипап отырып:
– Жыққандарың болды ма? - деді маған.
– Әрине, болды. Апам тағы да шошып кетті.
– Құдаи сақтаған ғои, әитеуір,- деиді үреиленіп.
– Күреске қалаи шақырады,- деді әкем төмен қараған күиі. –
Атыңды атаи ма, әлде Сеисенов деп шақыра ма?
– Әрине, Сеисенов деп шақырады. Төрешілер қашан да
фамилиясымен шақырады.
Әкем төрешілердің фамилиямен шақыратынына риза болып,
жымиып, жаулықтаи орамалмен терін сүртті.
Таңертең жаи тұрып, шаиымды ішіп, үлкен кісілердің біразына
сәлем беріп келеиін деп, киініп жатқам. Ауыз үиден:
– Кәне, кемпір жүр, арағыңды құи, бірдеңе әкелдім,- деді
әлдекім даурығып. Даусына қарағанда пошташы Таишық секілді.
– Не боп қалды? - деді апам.
– Жүрсеиші, алдымен арағыңды құи, сосын берем.


– Оибаи аитсаишы.
– Балаңның хатын әкелдім. Балаңнан хат келді.
– Таишық-ау, баламыздың өзі де келді ғои,- деиді апам.
Екпіндеи есіктен кіріп келген Таишық мені көріп аңырып
қалды.
– Қап,- деді сәлемдесудің орнына санын ұрып. – Кешігіп
қалғанымды қарашы. Шалдың арағын қаитып келіп ішемін ғои
деп, хатты өзіммен ала кетіп ем. Қап!
– Салаумағалеикүм,- дедім қолымды ұсынып.
– Әликісалам, қап!
– Отыр енді,- деді апам шкафты ашып жатып. – Хат әкелмесең
арақ бермеиді деисің бе. Бала келіп қуанып жатырмыз.
Тоидың арағын ішпеисің бе?
– Оибаи-ау, иә, тои екен ғои,- деді қуанып кеткен Таишық отыра
кетіп. – Баланың келгені құтты болсын, кемпір. Аитпақшы, иә,
мына хатта да беріп қояиын. Өзі де келіп қалған екен. Бізге хат
кешігіп келеді ғои.
Таишық менің Алматыдан шықпаи тұрып жазған хатымды
апама берді. Сосын алдына жаиған дастарқанның шетінен
«біссімллә» деп аузына бір бауырсақ салды да, маған қарап:
– Қалаи? - деді.
Мен не деп жауап берерімді білмеи, басымды изеген болдым.
– Дұрыс,- деді Таишық толық қанағаттанып.
Апам орта бөтелке арақты Таишықтың алдына қоиды. Таишық
рахаттана жөткірініп, ыңғаиланып отырды да:
– Саилау ішпеитін шығар, бала ғои,- деп арақты стақанға
толтырып құиып алды. – Ал, кемпір балаң келіп қуанып жатыр
екенсіңдер. Ұзағынан сүиіндірсін...
– Таишық стақандағы арақты қағып салды да, тыжырынып
отырып бауырсақ тістеді.


– Сенен хат келгенде,- деді маған бұрылып,- хатты әкеп беріп,
сүиіншісіне арақ ішіп кететінім бар. Арақты қаидан ішпеи
жатырмыз. Шал-кемпірдің қуанғанын қызық көрем ғои.
Таишық «аллаауакпер» деп қолын жаиып ас қаиырып,
дастарқанды жиып бүктеді де, орнынан тұрды.
Кешке мал соиылып ауыл адамдары шақырылды.
Келесі күні Өмірзақтың машинасымен ауыл аралауға шықтым.
Қапталдың суына шомылып, балық ауладық. Қамысты көлге
барып, қаиықпен серуендедік, № 2 фермада қонақта болдық. Үш
күн армансыз қыдырып, төртінші күні үиге қаитып келдім.
Әкем үиде екен. Сиырларды түбекке апарып тастапты.
Баимаханның үи-ішіне үидің төбесінен көздеріңді сала
отырыңдар депті.
– Неге кешіктің? - деді маған әкем.
– Қонақтан қонақ, үлгіргенім осы.
Төрдегі аинаға қарап, менің альбомымды ақтарғандарын
бірден білдім. Аинаның үстінде Раиханның суреті ілулі тұр.
Раихан екеуміздің арамызда бір кезде достық қарым-қатынастың
болғаны рас еді. Сол кездердің белгісі есебінен маған суретін
сыилаған. Сыртында «Сүиікті Саилауға Раиханнан» деген жазуы
бар.
– Мыналарың не? - дедім суретті көрсетіп.
Әкем жаңа көргендеи суретке біраз қарап тұрды да:
– Осы баламды өзіме әкеп бер,- деді басын көтеріп. – Бізді бір
қуантатын кезің болды ғои...
Сырттан самаурын көтеріп апам келді.
– Белім шоиырылып өлеиін деп жүрмін. Мені бір аяитын кезің
бола ма,- деиді шоқты көсеп жатып.
Мен не дерімді білмедім. Суреттің сыртындағы жазуға қарап
иемденіп, төрге іліп қоиып жүрген әкем мен апамның қылығына
шегім қата күліп, суретті аинаның үстінен алып, альбомға салып
қоидым.


Менің үиленгенімді көру екеуінің арманы еді. Және
бұрынғыдаи құда түсіп, тои жасап, қазақтың бүкіл ырым-
жырымымен үиленгенімді қалаитын. Әр демалысқа келген саиын:
– Шырағым, біз қартаидық. Сенің қызығыңды көреміз бе,
көрмеиміз бе деген дәрежеге жеттік. Не оилап жүрсің,- деп
мазалаитын әкем.
Төртінші курста өзіммен бірге оқитын Кәмшат деген қыз
екеуміз семья құратын болып шештік те, жазғы емтиханды
бітірісімен, мен үиге: «Адам алып бара Жатырмын, тои жасаи
беріңдер» деп телеграмма салдым.
Кәмшат бізге үшінші курста институттан ауысып келді. Ажары
тәп-тәуір салмақты қыз еді. Өзімде жоқ мінездерді -
ұстамдылықты, сабырлылықты соның боиынан көрген соң,
оиланбадым.
Ауылға түс ауа жеттік. Үи бөгеттің қапталындағы қыстауда
отыр екен. Машинаны көріп төрт-бес кемпір орамал алып,
алдымыздан шықты.
– Масқара, мен не істеуім керек? - деиді Кәмшат құлағыма
сыбырлап.
– Мен қаидан білеиін. Аитқандарын орындаи бересің ғои,- деп
ақыл қостым.
Машинадан түстік. Кемпірлер Камшатты қоршап алды. Апам
маңдаиынан сүиіп төбесіне орамал бүркеді. Абдырап жүр. Менің
бетімнен сүюге уақытты жол-жөнекеи әрең тапты. Көп ұзамаи
малдан әкем келді. Төңіректегі жұрт та жинала бастады. Бөгеттің
қарсы бетіне киіз үи тігілді. Мал соиылып, жерошақ басындағы
қазанның төңірегінде қызмет қылған жас әиелдер қаптады.
Сүитіп әкем мен анам көптен аңсаған үлкен тои басталып та кетті.
Шымылдықты киіз үиге әкеп құрды. Жастар жағы тегіс киіз
үиге шықсын деген ұиғарым болды. Оиын-сауық қызып, киіз үиге
адам сыимаи кетті.
Таң ата тои басқарып отырған Өмірзақ келіннің бетін ашамыз
деп, қыстауда отырған үлкен қариялардың бәрін киіз үиге
алдырды.
Шымылдық түрілген. Басына шәлі бүркенген Кәмшат түрегеп
тұр. Өмірзақ домбырасын безілдете, беташарды бастады:


– Аит келін-ау, аит келін,
Атыңның басын тарт келін,
Сауысқаннан сақ келін,
Жұмыртқадан ақ келін.
Үидің іші сіресіп тұр. Сыимағандары есіктен иін тіресіп,
қаисыбіреулері жабықтан сығалаиды.
Өмірзақ домбырасының сабын бұлғақтатып:
Төрде отырған қаиын атаң
Сеисен шалға бір сәлем,-
деген кезде, Кәмшат қаитер екен деп жүрегім дүрсілдеп, қарап
қалдым. Кәмшат тап бір бұрынғының қалыңдығындаи, иіліп
тұрып, бір тізелеп сәлем бергенде, уһ деп демімді бір-ақ алдым.
Кәмшатқа тұңғыш рет қатты риза болдым. Төрге қарап едім, әкем
жылап отыр екен.
– Құдаи-ау, қаланың қыздары да сәлем беруді біледі екен-ау,-
деп әиелдер гуілдесіп кетті.
Ырду-дырдумен тоиға жиналғандар күн шыға бір-ақ тарады.
Ертеңіне кешке қараи ел аяғы басылған кезде әкем «келін
балама шаи құидыртамыз» деп жиен ағамды, Смағұлды, көрші
Таупықтың үи-ішін шақыртты.
Шаи келді. Бәріміздің көзіміз Кәмшатта. Кәмшат жібек шәлісін
бүркеніп, қысылып-қымтырылып, шаи құиып отыр. Апам
жаңылысып кете ме деп қорыққандаи, сүтін тақатып беріп,
самауырынын жақындатып, шаидың қалдығын төгіп бәиек
болуда.
Әкем Смағұлға қарап:
– Қабиларға хабар жетпеді ме екен, келе алмады ғои,- деп
әңгіме бастаған болды. Бірақ Қабиды оилап тұрмағаны сезіліп тұр.
Анда-санда Кәмшат жаққа бір көз тастап орамалымен желпініп
қояды. Өңі күлімсіреп, жөткіріне береді.
Кәмшат сыннан мүдірмеи өткен секілді. Кешке жатарда
жыламсырап маған екі тізесін көрсетті.


– Тізем бастырмаи қалды. Екі сөтке болды қисаимағаныма,
тіпті жан жоқ қарашы.
– Ештеңе етпеиді,- деп жұбаттым, – Ең жақсысы барлық сыннан
сүрінген жоқсың. Тізеге иіліп сәлем беруді қаидан үиреніп жүрсің?
– Шымылдықтың ішінде отырған келіншектерден сұрап алдым,
- деді Кәмшат тізесін сипап.
Мен Кәмшаттың тізесін уқалап беруге енді кірісе бергенімде
есік сықыр етіп, апам кіріп келді. Қолындағы бір меске қымызды
алдымызға қоиды да:
– Кісілерден жырып алып едім,- деп қақпағын ашты. – Ащылау
болса, сапырып ішіңдер.
Содан кеиін мені жаңа көргендеи:
– Апасының жұлдызы, апасының құндызы, апасының құлыны,
апасының жұлыны,-деп баяғы өзінің әдетімен ұиқастыра жөнелді.
Апам шығып кеткеннен кеиін Кәмшат:
– Апасының күшігі, апасының мысығы,- деп мені мазақ қыла
бастады.
Біз үиде бір аидаи болдық. Төңіректе шақырған туыстар көп
болып еді. Бірақ әкем:
– Өздері небәрі бір-ақ аи болады екен. Қаисысына бірдеи
жібере берем. Онан да үиде болсын,- деп көп жерге жібермеді.
Әкем тіпті бізді қаитадан оқуға да жіберетін түрі жоқ. Бозала
таңнан тұрып, жылқыларды әкеліп баилатады да, бөгеттің үстінде
ерсілі-қарсылы Жүреді де қояды...
Анда-санда бізді оянсын дегендеи, жөткірініп белгі береді.
Кеиде естіртіп:
– Шөлдедік қои,- деитіні бар.
Әкемнің «шөлдедік» дегенін естісе, Кәмшаттың зәресі ұшып
кетеді. Апыл-ғұпыл киініп, ұиқылы-ояу күиінде самаурын қоюға
кіріседі. Апам келген көршілерге: «Біздің Кәмшатжан» деп
сөилеитін болды. Ақыры біздің де қаитатын уақытымыз келді.
Қаиту сапарымыз әкем мен апамның осы күнге деиінгі қуанышын
басып тастағандаи болды. Қанша жыламауға тырысып өздерін-


өздері жұбатқан болса да, түрлерінен қимаи, уаиым жеп
тұрғандары көрініп тұр.
Алматыға келгеннен кеиін апамның бізге деген посылкасы
тіпті үзілмеитін болды. Посылканың ішіндегі хатта ылғи
«Кәмшатжанның көңілі қандаи тамаққа шабады, аита жазыңдар»
деген сөз жүреді. Мен ұзақ уақыт бұл сөздеріне түсінбеи жүрдім.
(Сөитсем, Кәмшаттың жерік асы бар ма деп сұрап жүргендері
екен).
Ел жақтан біреу келсе, әкем тек біздің үидің адресін ұстатып
жіберетін болды. Жиналысқа, дем алысқа, қаралуға келгендердің
бәрі біздің үиге бір соқпаи кетпеиді. Бір күні ауылдан жиналысқа
Өмірзақ келді. Тәңертең шаи ішіп отырып:
– Іші білінбеиді ғои,- деді маған Кәмшатты көрсетіп.
– Білінбегені қалаи?
– Осында келгендердің бәрін әке-шешең оңаша шақырып алып,
Камшатжанның іші білінбеи ме, баиқамадыңдар ма деп сұраиды,-
деп күлді Өмірзақ. – Әнеукүнгі барған Естаи «келіннің іші бар
секілді» - деп барған екен, әке-шешең мәз болып төңіректі
шақырып жүр.
Кәмшат қызарып кетті.
– Бүкіл ауыл сондаи ма, тек сенің әке-шешең ғана осындаи ма? -
деді кешке құлағыма сыбырлап. Әкем мен апамның ендігі
армандары - немере еді. Ақыры немере де болды. Біз де оқуды
бітірдік. Әкем тағы бір тоиға даиындық жасап жатты. Әкем мен
менің арамдағы болмашы бір қаишылық осы тұста басталды. Олар
мені елге келер деп күтіп жүрген, мен аспирантурада қалатын
болдым.
Әкем мен апам тағы да: «Ғалым деген не пәле, осы оқу жетпеи
ме? Жұрттың баласы бітіріп келіп жатыр. Бізді не істеисің
сонда?»,- деп баяғы әндеріне салып көріп еді, мен көнбедім.
Үиткені мен аспирантураға бұл жолы түспесем, сірә да түсе
алмаитынымды сездім. Әке-шешем ренжиді де қояды.
Одан екінші баламыз болды. Әитсе де екі баламыздың арасына
үш жылдаи уақыт түсіп кеткен. Бұл апама мүлде ұнамады. Жазда
командировканың жағдаиымен үиге соққанымда апам оңаша
шақырып алып:


– Кәмшатжан неге кешеуілдеп жүр... Қаланың әиелдері дәрі
ішеді, сондаи бірдеңе жасап, масқара болып жүрген жоқсыңдар
ма,- деп күдік аитты.
Алғашқы ұлымызды мектепке берерде тағы да дау туды. Әкем
мен апам «баланы бізге бер, ауылдан оқытаиық, бізге де алданыш
керек» деді. Біз қаладан оқытқымыз келді.
Әркімнің бір арманы болатыны секілді, менің де бір арманым
баламды қаладан, өз қолымнан оқыту еді...
Өзгелер секілді мен де баланы кішкентаи кезінен тәрбиелесем
деп едім. Музыка немесе спорт мектебіне, немесе арнаиы ғылыми
бағыттағы мектепке, не шет тіл группаларының біріне берсем деп
оилап едім. Бәлкім бір таңғажаиып қабілетінің беті ашылар деген
дәме де көңілімде жоқ емес-тін.
Жалпы барлық ата-аналар секілді, менде өзім жетпеген жерге
балам жетсе екен деген ои болды.
Әкем тұңғыш рет маған кәдімгідеи ренжіді. Сөитіп жүргенде
әкемнің бауыры ауыратын болды. Өзі хатқа жаздырмаса да, елден
келгендерден екі-үш рет ауруханаға түсіп шықты дегенді естідім.
«Келіп емдел» деп хат жазып едім. «Қазір тәуірмін» деген жауап
алдым.
Өмір өстіп өтіп жатты. Мен кандидаттығымды қорғадым, үш
бөлмелі үи алдық. Енді әке-шешемді қолға алсам деген ои туа
бастады.
Жазда балаларды алып Кәмшат екеуміз елге келдік. Әкем төсек
тартып жатып қалыпты. Біз барған соң басын көтерді. Бірақ алып
кетеміз дегенімізге көнбеді.
– Келесі жылы өзім барамын,- деді немересін иіскеп отырып. –
Биыл малды ешқаида қосқан жоқпыз. Бағатын адам жоқ. Амандық
болса, келесі жылы малды жан-жаққа тапсырамын да, апанды
алып, Алматыға жетіп барамын.
Енді міне келесі жылы баратын әкем хал үстінде жатыр.
Жанында отырып әкеме қатысты өткен күндерді есіме алып, ұят
пен өкініштен азап шеккеннен басқа қылар қаираным жоқ. Тіпті
моинымдағы парызымды өтемек түгіл, әкеме өлшеусіз қиянат
жасағандаи сезінемін өзімді.
Құдаи-ау, аидаладағы біреудің де жақсылығына жақсылықпен
жауап қаитарасың, ал өзіңді дүниеге әкелген, сен үшін отқа да,


у
қ
р
ң
ңд дү
ү
қ д
суға да түскен әкеңе ешқандаи жақсылық жасаи алмау не деген
қылмыс! Рас, мұның бәрін де әкем кешірер еді. Әкеме бататыны –
тұқымына құт дарып, үидің іші толған бала болып, астан-кестені
шығып жатса,- деген тілегінің орындалмаи кеткені. Соңғы кезде
апамды салып: «Камшатжан неғып тоқтап қалды, денсаулығы
қалаи екен»,- деп аитқыза беретін. Өз тұқымының одан әрі берік
жалғасып кете алатынына кәміл сенбеген адамның бір арманын
ішіне бүгіп кететінін мен кеш түсіндім.
* * *
Әкем таңертеңгілік шаи үстінде басын көтеріп отырды.
Шаидан кеиін аина алдырып, сақалын тарап, түрін көріп біраз
жатты. Әкемнің қозғалысы күндегіден ширақтау секілді, бірақ
жанары тым өткір еді. Бұрынғыдаи үи-ішіндегі ұсақ-түиек
заттарға мән бермеиді. Тіпті кірген шыққан жұртқа да көз
тоқтатпаиды. Өзімен өзі. Тек түс кезінде бұрынғы әдетімен:
– Баланың қарны ашты ғои, тамақ істеп пе едіңдер? - деді апама.
– Қуырдақ қуырып жатырмыз,- деді апам жүре сөилеп.
Түстен кеиін әкем нашарлаи бастады.
– Бала қаида? - деді бір кезде әлсіз үнмен.
Жүгіріп әкемнің жанына келдім. Апам мен жиен ағам, Смағұл,
соның алдында ғана келген Өтеген шал - бәрі әкемнің қасына
жиналды.
– Қалқам,- деді әкем қолымды ұстап, – шешенді ренжітпе...
Одан кеиін апамның қолын алды.
– Бақұл бол,- деді көзін аиырмаи. – Қош... Қаитеиін...
Біздің еңіреген үиіміз қаттырақ шығып кеткен соң:
– Тек, жыламаңдар. Арыздасып қою дегеннің қателігі жоқ. Неге
осынша жылаисыңдар? - деп басу аитты Өтеген шал.
Әкем жиен ағаммен, Смағұлмен арыздасып қоштасты. Содан
кеиін Өтегенге қолын созды:
– Бір жылы туған едің... тіршілікте артық кеткен жерім болса,
кеш!..


Өтеген қалтасынан орамалын алып, көзінің жасын сүртті.
– Өзің де кеш, Сеисен! Пенде болған соң артық ауыз сөздеріміз
болған шығар.. Жамандыққа қиған кезім жоқ. Қош, құрбым! Мен
де көп ұзамаспын. Соңыңнан жетермін...
Өтегеннің сөзіне үи ішінде жыламаған адам қалмады.
– Молдаға адам жіберіп пе едіңдер? - деді әлдекім.
Жиен ағам молданы алдыртуға кісі жібермек болып, сыртқа
шығып кетті. Молданың үиі поселканың шетінде болатын. Ол
келгенше әкем басын көтеріп, кәдімгідеи тыңаиып қалды. Молда
кіріп келгенде әкем сусыр ішіп отыр еді.
– Оу, шалың тың ғои,- деді молда күліп.
– Жаңа бір әзірде төмендеп кеткен соң, шақыртып едік,- деді
жиен ағам молдаға жастық тастап жатып.
Үи іші қаитадан көңілдене бастады.
– Біз әлгінде Сеисенмен арыздасып қоиып едік,- деп Өтеген
молдаға қарады.
– Мына қаз Досмағанбет былтыр ауырғанда бүкіл үи-ішімен
арыздасып, артынан жазылып тұрып кетті ғои,- деді молда
қалтасынан тасбиғын алып жатып. – Кездескен саиын ұятты
болып жүрмін деп қояды маған.
Арыздасқаннан кеиін де жазылып кетуге болады екен ғои
деген бір үміт жүрегімізде тұтанып, кәдімгідеи серпіліп қалдық.
Әңгімеміздің бәрі өстіп аяқ астынан жазылып кеткен адамдардың
төңірегінде болды. Молда аитылған әңгімелерге «бәрі де
құдаидың бұирығына баиланысты, бұирықтан артық ештеңе
болмақ емес» деген тұжырым жасады.
Жиен ағам:
– Мен үиге барып келеиінші, атқа шөп салынбап еді,- деп
орнынан тұра бергені сол еді:
– Молдеке, бері келіңізші,- деді әкемнің қасында отырған
Смағұл. – Сеисекең төмендеп кеткен секілді.
Тағы да анталап әкемді қоршап алдық.


Әкемнің көзі жұмулы, аузы ашылып кеудесі сыр-сыр етеді.
Алдында дәл осылаи ұиықтап жатқанын талаи рет көргенмін.
Сондықтан бәлендеи қауіпті жаи болар деп оилаған жоқпын.
Молда мен Өтеген қабаттасып, әкемнің тамырын ұстады. Молда
күбірлеп иман үиіруге кірісті. Мен алдында баиқамаған екенмін,
әкемнің көзі төңкеріліп, жартылаи ашық жатыр екен. Кеудесіндегі
сырыл да, демі де бәсеңдеи бастады.
– Шымылдық әкеліңдер,- деді молда дауыстап. – Тек
жыламаңдар. Жәи талып кетті. Талып кеткенде жыламас болар.
Молда мен Өтеген алып келген ақ шымылдықты әкемнің
төсегіне керіп баилады да, бізді ығыстырып, өздері
шымылдықтың ішіне кірді. Операция жасап жатқан дәрігердің
шығуын күткендеи бәріміз де керулі тұрған шымылдыққа қарап
қалыппыз.
Әлден уақытта шымылдықтың ішінен басы селкілдеп Өтеген
шықты. Мен ешнәрсеге түсінбеи аңырып қалдым. Өтегеннің:
– Аттанып кетті,- деген жарықшақ үнін естігенде барып,
әкемнен біржола аиырылғанымды білдім.
Осы кезде көкірегімде жүрген барлық өкініш, қаиғы уыты
кеудеме шауып, бүкіл тірлігімнің құдаиы - әкемнен мәңгі бақи
аиырылғанымды түсініп, еңіреп жылаған күиімде шымылдыққа
ұмтылдым. Шымылдық ішіне молда жібермеді.
– Шырағым, балалықты қои, өлікке обал болады. Алла тағала
әкеңе иман берсін. Енді ол бұл дүниенің адамы емес. Сондықтан
мұның қиянат болады. Сабыр қылыңдар, сабыр.
Кімдер екенін аиырып болар емеспін, кезек-кезек келіп мені
құшақтап көрісіп жатыр. Тек апамды даусынан аиырдым.
– Асқар таудаи әкеңнен аиырылдық қои, жалғызым-аи!
Қанаттыға қақтырмаи, тұмсықтыға шоқыттырмаи. Өсіріп еді,
жалғызым-аи! - деп тас қып құшақтап аиырылмаи қоиды.
Бір шамада:
– Сабыр қылыңдар, жамиғат.. Шалдан аиырылдық: Енді
жақсылап аттандырмақ парыз. Өздеріңе өздерің берік
болмасаңдар болмаиды,- деген молданың даусынан кеиін у-шу
сәл саябырлағандаи болды.


Жиен ағам мен Смағұл, Өтеген шал, тағы бір-екі адам есік жақта
түрегеп тұрып ендігі шаруашылықты ақылдаса бастады. Жан-
жаққа хабар тарату керек, арғы шеті Тоқанаиға деиін... Көрші
ауылдағы шалдардың бәрі бір түн ішінде келе алмаиды, оларды
таңертең арнаиы машинамен алдыртқан жөн. Малға бір естияр
адамды жібермесе, жетпеи қалуы мүмкін. Қырық шақырым жер
оңаи емес. Өтегеннің барғаны жөн шығар. Бұрынғы пісірген нан
жетпеиді, екі жерден қазан орнатып, нан пісіру керек. Піркәншік
бір жаққа кетіп қалып жүрмесін, алатын жыртысымызды ала
алмаи қалып, масқара боламыз. Сүиекке салатын киімдерді
біреуге тапсырған жөн. Сүиекке түсуден мына көрші Қаиырбек
шал қалып қоиып жүрмесін. Сынаушы көз ғои... Молдаға атаитын
малды кемпірдің өзі аитсын... тағы сол сияқтылар.
Ақыры Өтеген малға баратын болды. Қалған шаруашылықты
тікелеи өзі тындыратын болып, жиен ағам сыртқа шықты.
Үидегілерге қызмет етуге Смағұл қалды.
Төңіректегі халық естіген беттерінде көңіл аитуға топырлап
келіп жатыр. Әиелдер апам екеумізге есіктен кіре көріседі.
Жылаи-жылаи екі көзім бұлаудаи болып аштырмаи қалды. Басым
зырқылдап, шекем суырды. Енді шалдар келген әиелдерге:
– Саилау шаршап қалды. Көп жылатпаңдар қарақтарым.
Баиқаңдар, шамалаңдар,-деп тежеу сала бастады.
Түн ортасында үи-ішіндегі у-шу бірқалыпқа түскен секілді
болды. Қаита-қаита шаи келді. Кісі де азаиды. Шалдар. әкем
туралы әңгіме бастады.
Сөздерінде ешбір реніш-күиініш жоқ. Осылаи болуы заңдыдаи,
тіпті осынысы дұрыс болғандаи, емін-еркін қалжыңдасып, ендігі
өлімнің кезегіне дауласып, әңгіме-дүкенмен үи ішіндегі өлім
елесін бірте бірте сеиілте берді.
– Апырм-аи, Сеисен әулие екен,- деді молда шаиын ұрттаи
отырып. – Көз жұмардың алдында бір сағаттаи бұрын ғана үи
ішімен арыздасып, мені шақыртқан екен. Мен келгеннен кеиін-ақ,
күтіп жатқандаи төмендеи берді.
– Өле өлгенше ақылынан, не сөзінен жаңылмады ғои,- деді
Смағұл. – Көзі жұмылғанша бәрімізді танып жатты.
– Жарықтық-аи!
– Япыр-аи, ә,- десті шалдар бастарын шаиқап.


– Қанша ауырғанда дәрмені қашып, дәреті қинап, берекені
алып көрген емес қои,-деп сөзге араласты есін жия бастаған апам. 
– Таза кетті ғои... Жоқ, жоқ...
– Қалаи болғанда да, әитеуір кемпірдің алдында кеткені 
қандаи жақсы. Келінге қараған күн болса, не болмақшы. Кіріп-
шығудың өзі ақирет қои,- деп қауіп білдірді шалдар.
Келінге қараған күннің қиын екенін дәлелдеу үшін әрқаисысы
жеке-жеке мысалдар келтіріп, сондаи күиге тап болып отырған
кеибір көзі тірі шалдардың халдеріне аяныш білдіріп, оған
қарағанда әкемнің мына өлімі құдаидан тілеп алатын өлім екенін
аитып, тап бір әкем өлмеи қалғанда жағдаиымыз қиындап
кететіндеи, осының бәрін сәті түскен іске әкеп тіреді.
Түн ортасы ауғанда жылқыны алып Өтеген келді. Үсті-басы
малмандаи су болып Өтеген үиге кіріп келгенде, отырған жұрттың
бәрі аңтарылып, таң-тамаша болды.
– Оибаи-ау, ұшып келдің бе, не істедің?
– Малың бар ма?
– Үсті, басың неге су? - деген сұрақтар қаптап кетті.
– Орамамен жүрсем таң ата бір-ақ келетін түрім бар,- деді 
Өтеген тұмағын босағадағы шегеге іліп жатып. – Барып малды 
тапқанша не заман өтті. Қаитарда қатты жүрсем семіз баитал 
барлығып, еті бұзылып кетер деп қорықтым. Сосын тәуекел деп 
төтелеп өзеннен өттім.
Жұрт шошып кетті.
– Оибаи, не деиді?! Түн ішінде ме?..
– Астапыралла! Жүрегің қаитып дауалап жүр.
– Таи құлындаи бірге өскен Сеисен өліп жатқанда жаннан 
қорқып жүреиін бе. Сеисенге қылмаған қызметті әлдеқашан 
сүиегі қурап қалған әкеме жасаимын ба? – Өтеген су сіңген етігін 
шеше алмаи әуре болып жатты. – Таңертең келген мал қашан 
соиылады?..
Өтегеннің түнде өзеннен өтуі үлкен азаматтық болғанын жұрт
жаңа сезіп, тағы да жамыраи бастады.
– Әи, бұрынғының адамына дауа бар ма! - деді әлдекім.


– Өтекеңнен басқа адам болғанда, малдың үлгеруі де қиын 
екен, дегенмен дұрыс болыпты,- деді тағы біреуі.
– Өлікке осылаи қызмет етпек керек,- деп ақыл аитты молда.
Өтеген бұлаи қызмет ету өзінен басқа ешкімнің қолынан
келмеитініне сенімді пішінмен төрде нық отыр.
Осылаиша әңгіме-дүкен құрып, тоиға жиналғандаи бірін-бірі
қағытып, қалжың аитысып, өлікті күзеткен шалдар таң атқанша
бір көз ілмеді. Молда түнімен құран шығарды. Таңертең бір топ
шал сүиекке түсті. Сүиекке түскен шалдарға киім бөлісерде.
Қаиырбек шал әкемнің саптама етігін алмаи, өкпелеп шығып
кетті.
– Е, меилі,- деді әлдеқалаи қырсығып қалған жиен ағам. – Басқа 
беретін түгім жоқ. Әшеиін, сандалып... Әитпесе түгі жоқ, киілмеген 
жап-жаңа саптама етік...
Тамақ ішіліп, қол жуылып, ас қаиырылғаннан кеиін, өлікті
шығарарда молда дәуір аиналдырды. Жұрттың бәрі топырлап
ауыз үиге симаи кетті. Жиен ағам мені шақырып, молданың
алдында отырғызды. Молда аятын аирықша бір сазды әуенмен
сарната оқып, әлден уақытта:
– Сеисеннің азан шақырып қоиған аты кім? - деді дауыстап.
Жұрт аңтарылып бір-біріне қарады.
– Сеисен өзінің аты емес пе?..
– Азан шақыртып қоиған аты...- деп күмілжіп қалды жиен ағам. 
Апам да үнсіз отыр. Кенет:
– Сеисенбаи,- деді шалдардың бірі.
– Азан шақыртып қоиған аты кім - деп қаиталады молда.
– Дұрыс, сол дұрыс,- деді апам әлгі шалдың сөзін құптап.
Мен өз әкемнің шын атын жаңа естіп тұрғаныма іштеи таң
қалдым.
Молда әкемнің туған жылын сұрады. Сенбеи тұрғандаи:
– Үкіметше емес, шын жылын аитыңдар,- деп дауыстады.


Ақыры дәуір аиналдыру аяқталып, кілемге оралған өлікті
сыртқа шығарып машинаға салды.
– Дұрысы арбамен апарған ғои, бірақ енді машинадан басқа 
көлік қалмады, әрі өзі соншама жер,- деп ақталған болды молда.
Қабірдің басына келгеннен кеиін жерінің керемет жұмсақ
болғаны, үиінің аузын жабатын кірпіштердің соншалықты мол
келгені бірсыпыра әңгіме болды. Жиен ағама бүиірден тескен
лақат ұнамаи, күрегін алып өзі түсіп, әлдебірдеңелерін жөндеген
болып, бір уақытта шаң-шаң болып қаита шықты.
Қабірге топырақ салдық. Жұрттың бәрі өлік алдындағы ең
соңғы парыздарынан құтылып қалуға асыққандаи күрекке
кезекке тұрды. Бірнеше адам құран оқып қабірдің бұрыш-
бұрышына қоиған ақшаны бөлісіп алды. Жыртыс жыртылды.
Жиналғандар ақырғы рет қолдарын жаиып, әкемнің өте жақсы
аттанғанын әңгіме қылып, өткен жолы Жарқынбаидың кемпірін
көмгенде күрек батпаған жердің қалаиша жұмсарып кеткеніне
таңқалысып орындарынан тұрды.
Төрт-бес күннен кеиін әкемнің жетісін бердік. Тағы да мал
соиылып, нан пісіріліп бүкіл көрші-көлем абыр-сабыр болып жүр.
Көрші ауданнан да бата қылып келіп жатқандар бар. Біз тіпті
уаиым-қаиғыны ұмытып, бүкіл ынта-ықыласымызбен жұртты
шақыру, тамақты, шаиды үлгерту, азаға келгендерді бөлме-
бөлмелерге орналастыру тары сол сияқты толып жатқан
шаруашылықтарға беріліп кеттік.
Дәм үстінде бесінші ауылдан келген Оспан молда мен өзіміздің
кіші молда аитысып қалды. Кіші молда қол сүртуге берген газетті
алмаи, маилық сұрады.
Осы кезде Абыл шал:
– Біздің молда осы қазитке қол сүртпеиді, шариғатта сүи деп 
жазылған ба? - деп Оспан молдаға қарады.
Оспан өзінің аузынан шыққан сөз шариғат сөзінен бір кем
болмаитынын жақсы білетін аирықша жауапкершілікпен
маңызданып біраз отырды да:
– Қазитке сүртуге болады,- деді Абылға қарап. – Қазитке сүрту 
шариғатқа қаишы келмеиді. Онда тұрған харам ештеңе жоқ.


Бұған кіші молда шамданып қалды. Екеуі шариғаттан әртүрлі
мысалдар келтіріп, біраз аитысты. Бірақ сөздеріне қарағанда
құранда дәл газетке баиланысты нақтылы нұсқау жоқ екені
баиқалып тұр.
– Біреу аттан түсіп жатыр,- деп хабарлады есіктен балалардың
бірі.
«Бұл кім екен?» - деп жиен ағамның бұрыла бергені сол еді,
есіктен үстінде қаудырлаған плащы бар шоқша сақалды ақсары
шал кіріп келді. Келген бетте төрге отыра қалып құран бастады.
Құран оқылып, қол жаиылғаннан кеиін барып, амандыққа көшті.
– Иә, қаза қаиырлы болсын, бәибіше - деді апама қарап, –
Иманын жолдас қылсын. Біз алдыңғы күні ғана естідік. Болмаса 
қызмет қылуға кеудеде шыбын жан тұрғанда жетуге болатын еді. 
Қалғанға ғұмыр берсін. Танымаи қалдың ба, мен Аидарханмын 
ғои... Көрші ауданда тұрамыз.
– А-а,- деп жалт қарады апам. Содан кеиін оиланып қалғандаи
сәл тұрды да, дауыс қылып қоя берді. Тағы да құран оқылды. Қолға
су құиылды. Шаи келді.
– Сеисеннің жалғыз ұлы осы бала ма? - деп Аидархан маған 
қарады.
– Иә,- деді жиен ағам.
Аидархан әкеммен бірге болған күндерін әңгімелеи келіп:
– Шырағым,- деді маған қарап. – Сеисен екеуміз кішкене 
күнімізден бірге өсіп ек. Кісінің ала жібін аттамаитын, сыртынан 
сөз сөилемеитін кісілігі биік жан еді. Әкеңе тартсаң, жаман 
болмассың. Әкені жоқтаған да жақсы. Бірақ езіле беруге 
болмаиды. Жалғызынан аиырылып жатқандар да бар. Иә... Содан 
сақтасын деңдер.
Апам көзіне жас алды.
– Жыламаңдар,- деді Аидархан тақиясын шалқаитып, – Уәиімге 
берік болған жөн. Иә... Баяғыда бір ханның жалғыз ұлы өліп, көңіл 
аитуға Едіге би келгенде, басын көтерместен, «менің бұл қаиғым 
қаитсе қалады» деп сұрапты деиді. Сонда Едіге би:
– Еи, ханым,- десе керек.
– Еи, ханым, сенің бұл қаиғың,


Келелі бидің кеңесінде қалады,
Биік таудың төбесінде қалады,
Өзен судың көбесінде қалады,
Қыран құстың қияғында қалады,
Жүирік аттың тұяғында қалады,
Сұлу жардың қоинында қалады,
Ұлы тоидың оинында қалады,
Осы аитқанымды істемесең,
Өле-өлгенше өзіңнің моиныңда қалады,-
деген екен.
– Япыр-аи, ә! - десті отырғандар таңырқап.
– Сол аитқандаи,- деді Аидархан сөзін жалғап,- өлгеннің
артынан өлмек жоқ. Берік болған жөн. Мінеки, қандаи қылып
жөнелтіп жатыр. Елдің ортасы деген осы ғои.


Келесі күні мен ауданға баратын совхоз директорының
машинасына ілесіп жүріп кеттім. Қаиғы жүгі жеңілдеп, боиым
сергіп қалған секілді. Өлікті қадір тұтқан осынау қыруар өлім
жоралғысының ғасырлар боиы халық арасында сақталып
келуінің сырына жаңа түсінгендеимін. «Япыр-ау,- деимін ішімнен
таң қалып,- неге жұрт ел ортасында өлгісі келеді? Неге өмір боиы
басқа жерде ғұмыр кешіп, тек өлу үшін туған елге оралады?
Неге?...»
Әлдеқалаи көңілім босап, көзіме ыстық жас тірелді. Бірақ
әкемнің қазасына жылағам жоқ. Басқа бірдеңеге. Басқа...


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет