Төмендегі екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз а мәтіні газет мақаласынан үзінді



Дата16.04.2023
өлшемі32 Kb.
#83249
түріСабақ

9 - сынып
Төмендегі екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз

а) мәтіні газет мақаласынан үзінді


Мұхтар Әуезов өзінің «Жалпы театр өнері мен қазақ театры» деген мақаласында «Театр — сымбатты өнердің ішіндегі ең зор өнердің бірі», – дейді. Адам өзін-өзі сақтап қалуы үшін, рухани құндылықтарына кір жақпас үшін, үнемі театрдан сабақ алып отыруға тиіс. Осы орайда, Режиссер Робер Лепаж былай дейді: «Қазіргі адам – ертеңде адам болып қалуы үшін театрға барады».
Көп адам театрдан гөрі кинематографияны ұнатады. Кино мен театрдың айырмашылығы – театрлық қойылымды сіз өзіңіз көресіз. Ал киноны сізге көрсететінін ұмытпау керек. Қазіргі уақытта сондай, «интертеймент» дәуірі басталды. Ақын Ерлан Жүніс айтқандай, «ойдың емес, шоудың» заманы келді. Мұндай кезекте театрдың болашағына алаңдамай қоймайсың. Алайда, әлденеше ғасырды жүріп өткен театр өнері уақыттан, жаһанданудан қорықпайды. Сөз жоқ, театрдың өз аудиториясы бар. Дей тұрғанмен, театрды өз ауқымымен жауып келе жатқан субмәдениет формалары үлкен үрей туғызары анық.
Театрға бару үшін адам дайын болуға тиіс. Алайда, қазіргі тірлік тұқыртып, қыспаққа алып тұрғанда, адамдардың театр көруге уақыты бола бермейді. Немесе жағдайы келіспейді. Яғни сананы тұрмыс билеген уақытта рухани құндылықтар туралы ойлану өте қиын. Солай емес пе?!
Алайда, бұл театрдың болашағы жоқ дегенге ешқандай да дәлел емес. Театр өлмейді де, оны ешкім өлтірмейді. Осы мәселеге байланысты мақаланы Олег Пивоваровтың сөзімен аяқтағымыз келеді:
– Сенбеңіздер! Театр ешқашан өлмейді. Себебі, бұл көз бен көздің, жүрек пен жүректің арасындағы байланыс. Сондықтан театр – мәңгілік өнер!

ә ) мәтіні ғаламтор мақаласынан үзінді
– Қазіргі көрермендерден «керемет спектакль көріп әсер алдық, жүрегіммен қабылдадым» деген сөздерді өте аз естимін. Телеарналардың шарықтаған дәуірі болғаннан кейін шығар, театрға деген көзқарастар өзгерді. Оған актерлер де кінәлі. Кейде сахнада трагедиялық спектакль жүріп жатқанда көрермендердің «қой-ей, болды» деп, жыртың-жыртың күліп отырғанын естиміз. «Енді не істер екенсің, ал, көрейік…» дегендей мазақтайды. Ондай жағдайда актерлерді кінәлаймын. Спектакльдің соңында артистер көрермен алдына иіліп, алғыс білдіруге шыққанда, барлығы ысқырып, шыңғырып, театрды басына көтереді. Бір жаманы – олар спектакль жақсы шықса да, жаман шықса да солай істейді екен. Мен бұл құбылысты бұрын байқамайтын едім. Қайбір жылдары өзбекстандық Әлімжан Салимов деген режиссер біздің театрмен тығыз шығармашылық байланыста жұмыс істеп, ағымдағы спектакльдерді күн сайын тамашалады. Кетерінде: «Мен сендердің көрермендеріңе сене бермеймін, кез келген болсын-болмасын спектакльдеріңді қошаметтей береді екен» деді. Сонда мен: «Жоқ, біз жақсы ойнағандықтан қолпаштайды» деп мойындамадым. Бірақ артынан зерделеп-зерттеп қарасам, ол кісінің пікірімен келісуге болады екен. Бұл құбылыстардың барлығы – көрермен деңгейінің театрдан «биік жетіліп» кеткендігінен шығар…
Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлеріңізді пайдаланып , « Театр өмір айнасы» деген тақырыпта өз ойыңды санамалап эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 170-200 сөз болуы қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет