Төмендегі сұрақтар бойынша жауап беріңіз Модернизмнің философиялық негіздеріне шолу жасаңыз



бет1/8
Дата31.12.2021
өлшемі55,82 Kb.
#23592
  1   2   3   4   5   6   7   8

Төмендегі сұрақтар бойынша жауап беріңіз 

  1. Модернизмнің философиялық негіздеріне шолу жасаңыз 

  1. Әдебиет пен өнердегі модернистік ағымдардың пайда болу себептері  

  1. Қазақ әдебиетінде модернизмнің пайда болу алғышарттары 

  1.  

  1. Символизм Акмеизм 

  1. Футуризм 

  1.  Имажинизм 

  1. Дадаизм және сюрреализм  

  1. Экспрессионизм 

  1. Примитивизм 

1. Модернизмнің қалыптасуын түсіндіру мәселесіне келетін болсақ, біріншіден, классицизм мен модернизмді қарсы қоюдан басталса, екіншіден, модернизм тек көркемдік құбылыс, өнердің классикалық ережелерін жоққа шығаратын жаңа көркемдік тәжірибе ретінде қарастырылды. Бұл мағынада қабылданған модернизм кескіндеме өнерінің жаңа бағыттарында көрініс тапты. Осыдан классицистер мен модернистер модернизмнің пайда болуының тарихи уақытын – ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында деп топшылайды. Көркем модернизм өз кезеңінің әлеуметтік және саяси мәселелерінен алшақ болды деп айта алмаймыз, керісінше, көптеген модернистік мектептер төңкерістік саяси қоғалыстар ретінде де өздерін көрсетті, дегенмен де шынайылықты түрлендіруде олар басты рөлді өнерге жүктеді. Модернизмді бағалау мен айқындау қиындығы зерттеушілер бұл терминге әр түрлі мағына бергендігімен де байланысты. Біреулер оны өзіне сәйкес мәдени және әлеуметтік институттары бар, жаңа қоғамдық формация ретінде түсінсе, келесілер, өзіне тән құндылықтары, көзқарастары, түсініктері мен сенімдері бар мәдени тип ретінде, ал өзгелері өзіне тиесілі ақыл-парасат, ғылым мен рационалдылық, прогресс, жаңашылдық, заманауилық түсініктерін жинақтаған жүйе ретінде қабылдайды. Мұндай ыңғайлардың әрқайсысы модернизмді зерттеу әдістемелері мен бағалаудағы ерекшеліктерді ғана емес, оның кезеңделуі, пайда болу уақыты мен себептері, даму кезеңдері, қазіргі жағдайы деген сияқты тұстардың да айырмашылығын ашады. Сол кезде модернизм, өзінің тарихы, пайда болу шарттары мен сипатты белгілері бар көптеген «модернизмдерге» бөлінеді.

Модернизмнің негізгі бастауы ретінде



  • А.Бергсонның - интуитивизмі,

  • Э.Гуссерльдің - феноменологиясы,

  • З.Фрейдтің психоталдауы

  • С.КьеркегорМ.ХайдеггерК.ЯсперсН.Бердяев, т.б. - экзистенциализмі танылды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет