Төртінші Индустриялық Революция Тақырып: Қозғаушы Күштер



бет1/3
Дата28.11.2022
өлшемі69,55 Kb.
#53287
  1   2   3
Байланысты:
Төртінші Индустриялық Революция Сатаев М.О.



Төртінші Индустриялық Революция
Тақырып: Қозғаушы Күштер
Аннотация

Уақыты: 13.10.2022 (9:00-11:00)
Автор: Сатаев М.О.
Студент: ШЭиНИ

Көптеген ұйымдар төртінші индустриялық революцияның сипатын анықтайтын басты технологиялардың іріктелген көрсеткіштерін жасап жасап жүр. Олардың сипаттауы бойынша, ғылыми серпілістер мен жаңа технологиялар сан-салаға тармақталған, бар әлемді құшағына сыйғызған, шетсіз-шексіз құбылыс болып көрінеді. Ал менің басты технологияларды іріктеуге байланысты назар аударуға тұрарлық таңдауым – Бүкіләлемдік экономикалық форумның, сонымен қатар бірнеше ғаламдық сарапшылық кенестердің жүргізген зерттеулерінің нәтижелерін негізделген.


2.1. МЕГАТРЕНДТЕР


Төртінші инновациялық революцияның мегатрендтерін анықтап, технологиялық драйверлердің (drivers) ауқымын кеңірек ашып көрсету үшін мен бұл трендтерді: физикалық, цифрлық және биологиялық деп үшке бөлдім. Олар іштей бір-бірімен тығыз байланыста. Басым технологиялық мегатрендтердің негізгі төрт түрлі физикалық көрінісі бар. Олар өздерінің материалдық табиғатына байланысты біздің көз алдымызда:
– жүргізушісіз көлік құралдары;
– 3D басып шығару;
озық робот техникасы;
– жаңа материалдар.
Жүргүзушісіз көлік құралдары. Ең басты жаңалық болып саналатын жүргізушісіз көлік құралдары қазір басқа да жекелеген көлік түрлерінде, жүк көліктерінен бастап, дрондарда, әуе және су кемелерінде де тәжірибелік қолданысқа еніп жатыр.
3D басып шығару. 3D басып шығару (аддитивті өндіріс деп те аталады) – цифрлық 3D суреттен немесе модельден қатпарлы (layer upon layer) басып шығару арқылы физикалық нысанды құрастыратын үрдіс. Бұл – бүгінгі күнге дейін өндірісте қолданылып келе жатқан, яғни материалдың әрбір қатпары қабат-қабат қаланып, тұтас пішімге жеткенше бірінен кейін бірі ретімен жасалатын негізгі дәстүрлі (субтрактивті) әдіс-тәсілге қарама-қарсы. 3D басып шығарудың артықшылығы ол шикізат түріндегі материалдан басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет