ТЫҢДАЛЫМ. ОҚЫЛЫМ. 1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, кестедегі ақпараттардың дұрыс немесе бұрыс екенін анықтаңыз.
Мақсаттың атасы қартайды. Аяғы ауырып, құлағы естімей қалды. Келіні мен баласы атасына қарауды қойды.Оны дастархан басына отырғызбады. Бірде келіні атаға тамақты шыны ыдысқа құйып әкелді. Ыдысты атасы сындырып алды. Келіні қатты ашуланды. Енді сізге тамақты итаяққа құйып беремін - деп ұрысты. Мұны естіген Мақсат ағаштан итаяқ жасайды. Ата - анасы «Не істеп отырсың, Мақсат?» - деп сұрайды. «Сендер қартайғанда осы табаққа тамақ құйып беремін», - деді.
Ата-анасы қартты ренжіткендеріне өкініп, атасынан кешірім сұрады.