10-дәріс Тақырыбы



бет1/11
Дата13.04.2023
өлшемі59,42 Kb.
#81949
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

10-дәріс
Тақырыбы: Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу


Аннотация. Дәрісте тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу талданады.
Кілт сөздер: білім, сапа, ойлау дағдылары, критериалды бағалау, дескриптор, т.б.


10-дәріс сабақтың жоспары

  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты.

  2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжат. Күтілетін нәтиже. Ойлау дағдыларының деңгейі. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу.

  3. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері. Модерация және балл қою.



10-дәріс сабақтың тезисі
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын нұсқаулық оқылып, оқушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Оқушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін оқушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Оқушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Оқушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген оқушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін оқушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет