Трансмиссияның негізгі түрлері. Бір дискілі сығылмалы серііппелі ілініс



бет4/13
Дата20.01.2022
өлшемі0,58 Mb.
#24133
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Пневмогидравликалық күшейткішті жетек (14.9 сур.)ілініс педальіне күш түсіруді жеңілдетеді. Күшейткіштің тұрқы екі бөліктен тұрады: алдыңғы 3 мен артқы 9 бөліктің арасына пневматикалық күшейткішті жетектің үстіндегі бақылаушы құрылғының мембранасы 5 орнатылған. Бақылаушы құрылғының ілініс педалін күшпен басқанда, пневматикалық поршеньдегі 8 ауаның қысымы автоматты түрде өзгеріп тұрады.

Бақылаушы құрылғының негізгі бөлігіне тығыздағыш манжетасы бар бақылаушы поршень 4, жіберу 6 мен шығару 7 клапаны, мембрана 5 мен серіппелер жатады.



Ілініс педалі бос тұрғанда, пневматикалық поршень 8 мен іліністі өшіргіш поршень 2 пневматикалық поршеньді қайтарғыш серіппенің әсерінен оң жағының шеткі қалпында болады. Поршеньнің алдыңғы мен артқы қуыстарындағы қысым атмосфера қысымына сәйкес болады. Іліністі өшіру поршенінің 2 қалыпты жағдайы, оның түткіші пневматикалық поршеньнің 8 түбіне тірелгенде анықталады. Бақылаушы құрылғыда бұл кезде шығару клапаны 7 ашық, ал жіберу клапаны 6 жабық болады. Ілініс педалін басқан кезде, қысымның әсерінен жұмыстық сұйықтық іліністі өшіру цилиндрінің қуысына және бақылаушы поршеньнің 4 шетіне қысым келтіріпА қуысына түседі. Сұйықтықтың қысымының әсерінен бақылаушы поршень клапанды құрылғыны қозғалтады, соның нәтижесінде, шығару клапаны 7 жабылады, ал жіберу клапаны 6 ашылып, сығымдалған ауаны түтік жетегіменкүшейткіштің Б тұрқындағы тесікке жібереді. Сығымдалған ауаның қысымымен пневматикалық поршень 8 қозғалып, поршньнің штогына әсер етеді. Нәтижесінде түтркішке 1 іліністі өшіру поршенінің қосарланған күші әсер етіп, ілініс педалін басқан кезде іліністі толық өшірілуін қамтамасыз етеді. Ілініс педалін босатқан кездебақылаушы поршеньнің 4 алдында қысым төмендейді, соның нәтижесінде бақылаушы құрылғыдағы жіберу клапаны 6 жабылып, ал шығару клапаны 7 ашылады. Сығымдалған ауа пневматикалық поршньнің артқы қуысынан ақырындап сыртқы атмосфераға  шығарылады, поршеньнің штокқа берген әсері азайып, ілініс жәйімен қайтадан қосылады. Пневматикалық жүйеде сығымдалған ауа болмаған жағдайда іліністі басқару қиындық келтірмейді, өйткені іліністі өшіру күшейткіштің гидравликалық бөлігіндегі қысымның әсерімен жүргізіле береді. Бірақ бұл кезде педальға берілетін күш әсері артады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет