Тұрар Рысқұлов өмірінің алғашқы кезеңдері Негізгі бөлім



бет1/2
Дата02.06.2023
өлшемі291 Kb.
#97906
  1   2

Жоспар
КІРІСПЕ

  1. Тұрар Рысқұлов өмірінің алғашқы кезеңдері

2. Негізгі бөлім
2.1 Тұрар және тарих
2.2 Қаһарлы заман қаһарманы
2.3 Қазақ деп соққан жүрегі
2.4 Халқым барда менің де атым өшпес
2.5 «Қызыл жебе» роман-эпопеясының танымдық сипаты
3. Қорытынды бөлім
Атау тұлға туралы
Өз өмірін болашақ үшін құрбан етті

РЫСҚҰЛОВ Тұрар (26.12. 1894, бұрынғы Жетісу обл. Верный у. Шығ. Талғар б. — 10.2.1938, Мәскеу) - мемлекет қайраткері. Әкесі Рысқұл Жылқыайдарұлы 19 ғ-дың 80-жылдары патша әкімш-нің озбырлығына шыдамай Сырдария обл-ның Черняев у-нен (қазіргі Оңт. Қазақстан обл. Түлкібас ауд.) Верный у-не қоныс аударып келген болатын. Жаңа қонысында да әділетсіздік көрген Рысқұл 1904 ж. желтоқсанда халыққа тізесі батқан Саймасай Үшкемпіров деген болысты атып өлтіреді. Түрмеде жатып өш алушылардың жалғыз ұлы Тұрарға зияны тиер деп қауіптенген ол баласые қасына алдыртады. "Түрме баласы" аталған Р. түрме үйлерін сыпырып, бастықтың атын айдап жүріп орыс тілін үйренеді. Әкесі 10 жылға сотталып, Сахалинге жер аударылған соң "Қырғызбаев" деген жалған фамилиямен нағашыларының қолына келіп, Меркедегі орыс-түземдік бастауыш мектепте оқиды. 1910 ж. Р. Пішпектегі 1-дәрежелі а. ш. мектебіне қабылданып, оны 1914 ж. қазан айында бау-бақша өсіруші мамандығы бойынша бітіріп шығады. Бұл мектепті үздік бітірген оған Самара қ-ндағы орта дәрежелі а. ш. уч-щесіне түсу үшін арнайы жолдама беріледі, бірақ уч-ще директоры "қазақ — көшпелі, оған жер өндеуді оқу-дың қажеті жоқ" деп қабылдамай қояды. Тауы шағылған Р. 1915 ж. Ташкенттегі мұғалімдер семинариясына түсуге тырысады, бірақ оны мұнда да "бұратана" деген сылтаумен қабылдамайды. Ақыры ол оқу министріне арыздана жүріп, арнайы рұқсатпен емтихан тапсырады да, оқуға қабылданады. Күн көру үшін оқумен қатар Ташкент қ-ның іргесіндегі Красноводск тәжірибе алаңында багбан болып істеді. 1916 ж. жазда қазақ даласында ұлт-азаттық көтеріліс басталған кезде Р. оқуын тастап, Әу-лиеата у-ндегі Мерке а-на аттанды. Ол келген кезде халық ашық бас көтерулерге шығып, жер-жерде қарулы қақтығыстар өрши бастаған болатын. Ол Аққөз Қосанұлы бастаған көтерілісшілердің іс-әрекетіне ұйымдық сипат беріп, саяси бағдар сілтеді. Меркедегі көтерілістің өрші-ген кезінде Р-ты патша әкімш. тұтқынға алды, бірақ оның іс-әрекетінен кінә таппай, босатып жіберуге мәжбүр болды. 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін көктемде Р. Меркеге оралып, онда "Қазақ жастарының революциялық одағын" құрды. Осы жылы жазда Р. РСДЖП құрамына мүше болып қабылданды. 1918 ж. сәуірде Әулиеата уездік кеңесінің атқару к-ті төрағасының орынбасары болып сайланып, өз күш-жігерін ашар-шылыққа ұшыраған халықты төніп тұрған ажал тырнағынан арашалап қалуға, орыстар ыен казақтардың арасындағы қарым-қатынасты реттеуге, кеңестерге жергілікті халық өкілдерін көптеп тартуға жұмсады. Әулиеата-да уездік төтенше комиссия ұйымдастырып, қарулы отрядпен бірге жер-жерді аралап, орыстар мен қазақтардың өзара қырқысын тиюға, контрибуция ретінде тартылып алынған қазақтардың мал-мүліктерін өздеріне қайтарып бергізуге тырысты. Р-тың ықпалымен Әулиеата уездік кеңесінің құрамы мен жұмыс тәсілі тез өзгере бастады. Уездік кеңестің мүшелігіне қазақтар көптеп тартылды. Р-тың жетекшілігімен Әулиеата қ. маңында қоғамдық тамақтандыру орындары ұйымдастырылып, онда 20 мың адамға дейін ашыққан қазақтар тамақтандырылды. 1918 ж. шілдеде Әулиеата уездік кеңесі атқару к-тінің төрағасы болып сайланды. Уездік кеңестің сан түрлі қызметін ұйымдастыра отырып, Р. бұрынғысынша не-гізгі күш-жігерді ашаршылықпен күрес ісіне бағыттады. Сырттан келер көмектін жоқтығы оны тек ішкі резервтерді тиімді пайдалана білуге мәжбүр етті. Р. Әулие-ата қ-ның 52 орыс капиталисіне ашаршылыққа ұшыраған халықтың пайдасына 3 млн. сом салық төлеттірді. 1918 ж. қырқүйекте Р. Түркістан АКСР-інің Денсаулық сақтау халық комиссары болып тағайындалды. Бұл комиссариатқа денсаулық ісімен шұғылданумен қатар аштықпен күресу міндеті де тапсырылған еді. Аштықпен күресуге Денсаулық сақтау халық комиссариатынын күш-қуаты мүлдем жеткіліксіз болатын. Сондықтан да Р. аштықпен жүйелі түрде күресу үшін, құрамына түрлі комиссариаттардың өкілдері кіретін арнайы ұйым құруды талап етті. Осыған орай 1918 ж. 28 қарашада ерекше Орт. Комиссия ұйымдасты-рылып, оның төрағасы болып Р. тағайындадды. Комиссия Түркістан АКСР-інін 19 уе-зінде 923 мың адамға арналған тамақтандыру орындарын ашты. 1919 ж. 14 наурызда Түркістан АКСР-і ОАК төрағасының орынбасары болып сайланды. Осы жылы 14 — 31 наурыз аралығында Ташкент қ-нда болып өткен Түркістан КП-ның 2 конференциясында ОК жанынан Мұсылман бюросын құру туралы шешім қабылданды. Оның жетекшілігіне сайланған Р. Мұсылман бюросы қызметін жандандыра түсу мақсатымен ұйымдастыру, редакция-баспа, мәдени-ағарту және ескери бөлімшелерін құрды. 1920 ж. 21 каңтарда Р. Түркістан АКСР-і ОАК-нің төрағасы болып сайланды. Ол атқару к-тін Түркістанның тарихи-объек-тивті жағдайы мен ерекшелігін басшылыққа алып жұмыс істейтін органға айналдырды, сондай-ақ оны жергілікті халықтардың құқық қорғайтын үш дәрежесіне көтерді. Төраға ретінде орыс шаруаларының қарусыздандырылуына, жергілікті халықтың әлеум.-экон. жағдайларының теңестірілуіне орыс шаруалары мен қазақтардың көшпелі халықтардың тартып алған жерлерін кері қайтаруына қол жеткізді. Ол Түркістан АКСР-інің саяси-мемл. егемендігі жолында табанды күрес жүргізді. Республиканы түркі тілдес халықтардың ұлттық мемлекетіне айналдыруға, саяси, экон., дипломат., әскери және мәдени мәселелер бойынша нақты дербестік құқықтарына ие болуға бар күш-жігерін жұмсады. Бұл әрекеттер Мәскеудегі орт. басшылар тарапынан қатты сынға ұшырады. Нәтижесінде, 1924 ж. 4 ақпанда РКП(б) ОК шешіміне орай Р. Коминтерн атқару к-тінің құрамына қызметке жіберіліп, Орт.-Шығыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып бекітілді. 1924 ж. жазда Коминтерн атқару к-тінің Моң-ғолиядағы өкілетті өкілі болып тағайындалды. Ол онда Моңғолия Конституциясының жобасын әзірлеуге атсалысты. Моңғолия астанасының атын Уланбатор (Қызыл-батыр) деп қоюды ұсынды. 1926 ж. наурызда Р. Қазақстанға жіберіліп, Қазақ өлкелік БК(б)П к-тінің Баспа бөлімінің менгерушісі қызметіне тағайындалды. Осы жылы 19 сәуірде Р. Қазақ өлкелік БК(б)П к-ті қәулысымен "Еңбекші қазақ" газетінің жауапты редакторы болып бекітілді. Көп ұзамай 31 мамырда Бүкілодақтық ОАК-нің қаулысымен Ресей Федерациясы ХКК төрағасының орынбасары болып бекітілді. Бұл қызметіне қоса Р. Түрксіб т. ж-н салуда үкімет комиссиясының төрағасы болып, оны 6 жылда аяқтау орнына 3 жылда пайдалануға берілуін ұйымдастырды. Маманданған қазақ жұмысшыларын қалыптастыруға, қазақ жастарын Ресей және шетел оқу орындарында көптеп оқытуға көп көңіл бөлді. Қазақ өлкелік БК(б)П к-тін басқарған Ф.И. Голошекиннің "Қазақстанда кіші Қазан төңкерісін жасау" идеясына ашық қарсы шықты Кеңестік ұжымдастыру саясатының зардаптарын жою, Қазақстандағы ашаршылық апатынан халықты құтқару жайында И.В. Сталинге нақты ұсыныстар жасады. Осы қызметі арқылы ол Қазақстанға жаңа басшылықтың келуіне және ашаршылыққа ұшырағандарға көмек көрсетуде үлкен ықпал етті. 1937 ж. 21 мамырда Кисловодскіде демалыста жүрген Р. "пантүрікшіл", "халық жауы" деген айыппен тұтқынға алынды. Кеңестік қуғын-сүргінге ұшырай, Мәскеу түрмесінде жүрек ауруынан қайтыс болды. Р-тың әйелі Әзиза да кеңестік қуғын-сүргін құрығына ілігіп, АЛЖИР-де 18 жыл айдауды бастан кешті. Ескендір есімді ұлы түрмеде қайтыс болды. Р. КСРО Әскери коллегиясы Жоғ. Сотының шешімімен 1956 ж. 8 желтоқсанда ақталды. Қазіргі кезде Жамбыл обл-нын бір ауданына Р. есімі берілген. Тараз қ-нда Р. есімімен аталатын демалыс бағы бар, оның орт. алаңына ескерткіш орнатылған. Алматы қ-ндағы Басқару академиясына, бір көшеге Р. есімі берілген. Көрнекті қазақ жазушысы Шерхан Мұртазаның "Қызыл жебе" (1-2-кіт.), "Жұлдыз көпір", "Қыл көпір", "Тамұқ" атты роман хамсасында Р. келбеті сомдалған.

Адам баласының физикалық, моральдық мінез-құлық, іс-әрекетіне үрткі мұндай психологиялық қопарылыстар халықтардың, ұлт-ұлыстардың одан арғы қоғамдағы болмыс-бітімінін қалыптасуына негіз ретінде қаланады. Бұл — даусыз ақихат. "Салықтың рухани және материалдық өрлеуі де соған тәуелді. Мұның өзі жана ғасыр адамының өмір сүру принциптері мен нормаларын айқындап, белгілеп береді деп тұжырымдасақ ағат баспаспыз.
Ұланғайыр ұлы далада ғұмыр кешкен қазақ деген халықтың басында да елдігі мен ерлігін, ары мен жанын бәске түсірген, сол арқылы өзіне тән менталитеті мен ұлттық табиғатын сомдап берген айтулы даталар аз емес.
Биыл 80 жылдығын атап өткелі отырған «XX ғасырдағы қазақ тарихы» дейтін болашақ кітаптан құрметті орын алуға лайық оқиғалардың бірегейі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс. Көтерілістің мазмұн-маңызы жайлы кейінгі сексен жыл көлемінде ауыз толтырып айтарлықтай еңбектер көптеп жарық көрді. Оның бірі — кер-тартпа, көлгір бірі — жалтақтықпен шығып жатса да, бүгінгі танда жаңашыл көзқараспен ол еңбектерге әділ баға беру тарихшыларға серт. Өткен-кеткен тарихтың бетіне қатқан тонды аударып, тонын айналдырып кигізу науқаны тұсында осы артылған міндетті талғамы жоғары талапты оқырман қауымды қанағаттандырарлықтай дәрежеде орындау үшін 1916 жылғы көтеріліс теңірегінде сөз етілген барша еңбектердін басын қосып, басшылыққа алған абзал. Ол кейінгі сексен жылдағы ірілі-ұсақты ғалыми зерттеулердің, жарияланымдардың қомақты қорытындысы, нәрлі нәтижесі болуы шарт. Енді жазылатын «Қазақ тарихының» авторлары да мұны ескеретініне кәмілміз. Ал, он алтыға арналған тараудың «әлқиссасы» алты алаштың аяулы арысы, ардақты азаматы, қоғам қайраткері, ғұлама-интеллектуал, біртуар тұлға Тұрар Рысқұл ұлының еңбектерімен ашылса құба-құп. " Тұрар Рысқұлұлы! Оның азаматтық тұлғасы, қоғамдық қайраткерлік қызметі, ұрпақтан-ұрпаққа үлгі-өнеге боларлық әдебиеттегі асқақта айбынды образы өзі сүйген, өзін сүйген туған ел-жұртына етене таныс әрі ыстық. Біз сонын бір қырын ғана әңгіме етеміз.
Кеңестік әдебиетте Тұрар Рысқұловтың 1916 жылғы көтеріліске тікелей қатысы туралы, сондай-ақ көтеріліс жөніндегі жазбалары жайлы елеусіз ғаңа айтылып келді. Бұл кешегі отаршыл орыс империясынан қалған қызық коммунистердің бұратана халықтарға бағыттаған аярлықтарының «жеңісі», дәмі қан татыған жемісі-тін». «Маркстік тұрғыдан алғанда экономикалық жағынан әлсіз қазақтар бәрібір құрып-бітіп жоғалуға тиіс» деген тоболиншіл сандырақ қиялдарының зардабы еді. Сол сояқандардың сұрапылынан туған жұртын арашалау жолында жан алып, жан беріскен Тұрарларды, Тұрарлардын төлеусіз еңбектерін тоталитарлық жүйе қанша жерден қағыс қалдыруға әрекеттенсе де біздің жқтауға жоқ.
Тұрардың өзі де «Орта Азиядағы 1916 жылғы түздіктердің көтерілісі жалпы Орта Азиядағы ұлт-азаттық қозғалыстардың, революциялық сілкіністердің тарихы мен патша үкіметі отарлау саясатының мәнін ашып беруге арналғанын тілге тиек етіп: «Түркістан газеттерінің беттерінде жарияланған қысқаша мақалаларда Түркістан түздіктерінің патшаға қарсы 1916 жылғы көтерілісі туралы бірер сөзбен еске алғаны болмаса, не түздік, не орыс тілінде ешқандай еңбек жоқ. Зерттеушілердің бірі 1916 жылы тек Жетісу облысының қазақтары ғана көтерілді деп есептеуте бейім тұрса ал басқалары бұл оқиғалар туралы көмескі түсінікте болып, оны патша заманында да байқалған кәдімгі бұзақылықтан айырмашылығы жоқ деп пайымдайды» дейді. Ендеше Тұрар туралы жоғарыдағы тұрлаулы тұжырымымызға жауапты тарихи жазбадағы осы жолдардан-ақ табамыз. Мұрағатты оқып шыққан жандар да осы пікірдің пәтуалылығына шәк келтірмес дейміз.
Сонымен іс жүзінде жеңіліске ұшыраған, алайда Азия көшпенділерінің ар-намысын оятып, рухына от тұтатқан он алты оқиғалары қалай болып еді?
1916 жылғы бас көтерулердік жалпы бейнесін бермей тұрып, Рысқұлов көтерілістердің шығу себептерін ашып беруге тырысады. Империя отаршылдығына, патша әкімшілігіне қарсы өшпенділік бір күнде емес, сонау XIX ғасырдан, яғни Батыстан Шығысқа ауған халықтар қозғалысынан, переселендер кешінен тамыр тартқанына тоқталады. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы Орта Азиядағы саяси, әлеуметтік, экономикалық жай-жапсарға талдау жасайды. Енді соған қысқаша кідірелік.
Ертеден Ресей өзінің Шығыстағы позициясын орнықтырып, толыққанды әмірін жүргізуге ұмтылды. Коммунизм классиктері К. Маркс пен Ф. Энгельстің тілімен айтсақ «Орта Азияны жаулап, Манчжурияны қаратқаннан кейін Ресей өз өкіміндегі жерді Ресей империясын қоспағандағы барша Еуропаға тең көлемде ұлғайтып алды. Сөйтіп, Ресей «Қарлы Сібірден қоныржай белдеуге» түсті. «Қоңыржай белдеуге» қоныс тепкен қазақ стансаларымен орыс поселкелері төрт түлік малына қараған көшпенділердің барар жер, басар тауын барынша тарылта түсті. Рысқұлов Түркістанды коллонизациялау тәжірибе жүзінде 1870 жылдардан бастап жүзеге асты дейді.
«Бүкіл Түркістан аймағы (Хиуа мен Бұхараны қоспағанда) 152,3 миллион десятина жер болса, соның ішінде игерілгені — 2,35%, жайылымдық жер —42,4%, орман—3,83%, жарамсызы— 51,4% болған. 1916 жылға қарай осы жерлердің тең жартысынан астамы орыс переседендерінін қожалығына өтіп олар жергілікті халықтар үстінен де өктемдіктерін жүргізді.
Сол сияқты «Жетісу облысындағы халықтың қарауындағы 3.963.000 де-сятина жер қазақ стансаларымен поселкелерін салуға, жаңа қоныста-нушыларды орналастыруға, қазынаға деген сылтаумен тартып алынған. Жергілікті тұрғындарға еріксіз жартылай құмдауыт, шөлейт аймақтарға ығысуға тура келген».
Бұдан шығатыны, өзіміз айта беретіндей орыс мұжығының қазақ кедейімен «қара нанды бөліп жеп, тату-тәтті көршілік қатынаста», бақайының басына қарап отырмағандығы. Коллонизациялау қанша қарқын алған сайын, сонша «жабайы ашықтан аштық жүргізілді».
Солақай саясаттың сойылын соғуда патша әкімшілігі мәдени-рухани са-лада да аянып қалмады. Бодан халық өне-бойы шовинистердің, миссио-нерлердің қысым-қыспағына ұшырап отырды. Шариғат пен дәстүрге сүйен-ген шығыстық мәдениетке славяндар үрке қарады. Мешіт ішіне ресми қоңырау орнаттырып, намаз кезінде итімен бірге құдай үйіне кіріп, «масқара» ұйымдастыру отаршылдардың үйреншікті әдеті болғандығын Рысқұлов жазбаларынан да оқимыз.
Жоғарыдағы сөз етілген жайдың бәрі жиналып келіп езінің көшпенді салт-сана, әдеп-ғұрпынан әлі де алыстай қоймаған жылқы мінез, жұрттың шабына да, шамына да қамшы боп тиген еді. Сол қамшының қыжылы Еуразияда етек алған революциялық қозғалыстардың шарпуына ұласып, бүкіл Орталық Азиядағы алапат көтеріліске айналды.
«Сол кез дегі Ресейдің саяси, экономикалық тұрақсыздығы, екінші дуниежүзілік соғыс— бәрі-бәрі қосылып, отар елдер арасында ұтымды сәтті пайдаланып, патша билігінен біржолата құтылу үмітін туғызды» деп жазды Тұрар. Бишіктің астында бастепкі көрумен өмір сүрген түздіктердің құламастай көрінген патша құлдығының іргесін аяқ астынан қақырата шайқалтуы сол үміттің ұшқынынан тамызық алған-тын.
«1916 жылы 8 шілдеде соғыс жағдайына» байланысты. «Әскери міндеткерліктен босатылған Ресей империясының бұратаналарын, оның ішінде Түркістан өлкесінің түздік халқын қорғаныс құрылыстарын салу жұмыстарына және майдандағы қимыл көрсетуші армия алқабында әскери байланыс жүйелерін жасау үшін алу туралы жоғары мәртебелінін Жарлығын жариялады». Бұған дейін патшалық Ресей түздіктерге Тұрарша айтсақ «олардың реніші мен наразылығына мән бермей-ақ, бейігіл пайдалануға болатын көнбіс, тіпті былайша айтқанда «тегін» материал ретінде қарады. Бірақ бұл жолы патша жарлығы онсыз да тұтанған отқа құйылған майдан кем болған жоқ. Бір сәтте ерекше қарқын алып, кең сахараға қанатын тез жайған теңіз-толқулар патша итаршыларының қоқан-лоққы бұйрықтарын, шұғыл шараларын қайық құрлы көрмеді.
«Сыр бойындағы көтеріліс Ташкенттегі түздіктердін үкімет қаулысына күшпен қарсылық жасауға әрекет еткен наразылықтарынан өршіді», — дейді Тұрар. — Ташкент прапорщиктер мектебінен келген рота тәртіпті қалпына келтіргеннен соң, полиция басқармасы алдында алты, түздіктің өлігі қалды.
Ескі қалалық бүлікшілердің ісі кейнірек әскери-округтық сотта қара-лып, оның шешімі бойынша 35 айыпталушының бесеуі барлық тұрмыс хұқынан айрылып, дарға асу арқылы өлім жазасына кесілді».
Сырдария облысының кейбір аудандарында жазалаушы отрядтар қатты қарсылықтарга тап болып отырды. Алайда дайындықсыз, стихиялы өткізілген бас көтерулердің аяғы түздіктер үшін үлкен құрбандықтармен біткендігін жазады, автор. Аман қалғандар үдере көшіп босып кетті. «16 қазанда Қазалы уезі қазақтарынын үдере көшуіне тосқауыл қою үшін арнайы әскери күштер жіберілді».
Қазақтар көп адамынан өлідей айрылып, кері шегінді... Қазақ топта-рымен қақтығыс кезінде Бондарев отряды 150 қазақты тұтқындап, жол бойында барлығын атып кетеді. Онысымен қоса бұл отряд қазақтардан 4.340 қой, 23 түйе, 225 бас ірі қараны тартып алады».
Ескере кететін бір нәрсе Меркі көтерілісінің стратегиялық бағыт-бағдарын айқындап, ақыл-кеңес берушілердің басында Тұрардың өзі тұрған. Бұл жайлы кеңестік тарихта аталып қана өтсе, көркем-әдеби, деректі - ғұмырнамалық туындыларда кеңінен қамтылды. Тұрардың өзі жазатын «Ақкөз қария» — батырлығымен, беделімен ерекше көзге түскен Ақкөз Қосанов екені де бертін белгілі болды.
Бұл уақытта келесі бір қиян-кескі көтерілістің лебі Жетісу өңірін жайлап келе жатқан-тұғын. Қазақ топырағындағы ен құнарлы да шұрайлы, жер жәннаты санатындағы Жетісудан айырылу қаупі төнген аламан жұрттың ашу ызасы таусылған төзімнің арнасынан асып тегеуірінді қимыл-әрекетке ұласты. Жетісу көтерілісі жайлы азды-көпті мағлұмат Қаз ССР тарихынан да бар. Тұрар да көтеріліске жетекшілік еткендердің көш басында өзімізге белгілі Бекболат Өшекеевтің есімін атайды. «Мың адамдық жасақпен патша әскеріне қарулы қарсылық көрсеткені үшін Верный уезінен 23 адам сотқа тартылды. Олардың арасында Сардары Әшекеев бастаған 13 топ басшылары да бәр».
Жетісуда да патшаның генерал Фольбаум сияқты әккі қолшоқпарлары көтеріліс дүмпуі жетпей тұрып халықты қанға бөктіретін мәшинені дайындап та қойған. Мұнда да тарих шындығына мойын-сұнуға тура келеді. Ол — қай заманда билеушілердің қақпақылына түсіп, қуыршағына айналатын сөйтіп, жазықсыз бір-бірінін қанын төгіп, қарғысына ұшырайтын көшпілік тобыр, қалың бұқара екендігі.
«Империялық пиғылдардың айдап салуымен орыс мұжықтары қазақ қанына қолдарын аз былғаған жоқ. Мұндай әзәзілдіктердің соңы орыс шаруасы мен қазақ кедейінің арасында мағынасыз қырғындарға әкелген түрлі өшпенділік әрекеттерге -соқтырды. Бұл тұста да негізгі құрбандық қазақтар жағынан болғандығын әшкерелейтін тарихи фактілерді Рысқұлов деректерінен көптеп кездестіреміз.
«Чернореченск елді мекенінің крестьяндары болыстыққа кандидатты, ауыл старшынын екі қырғызбен қоса өлтіріп, жерлеуге келгендерге қарсы оқ атқан, соның салдарынан және бірнеше адам оққа ұшқан», сондай-ақ «Беловодскінің учаскелік приставы Грибановский бастаған есіріктер таудан қолға түскен 500-ден артық қырғызды ауыл үстінде өз беттерінше үкімшығарып, бірін қалдырмай қырып тастаған. Оның сыртында осы Бело-водск шаруалары басым бөлігі бейбіт тұрғындарды құраған 1700-ге жуық адамды құрбан еткен. Бұдан түздіктердің басына жазалаушы әскер тара-пынан керсетіліп жатқан айуандықтарға мұжықтардың зорлық-зомбылығы қабаттасып қасірет үстіне қасірет жамағанын көреміз. Тұрғылықты халықтың Еуропалық бөлігі түгелімен көтерілісшілерді басып-жаншуды талап етіп, «түптің түбінде осы бір азиаттықтардың ордасын» қорқынышпен, үреймен есін шығарып, күйретіп тыну жағында болғанын» Т. Рысқұлов жазбасынан анық аңғарамыз.
Мұнан кейін Қазақ ССР тарихында көзге шүқып көрсетілген «қазақ кедейі мен орыс мұжығы тізе қосып күресті. Орыс тамыр қазақтарға тайқымас тірек, табылмас қолдау болды» деп келетін тіркестерді оқып оты-рып, жоқтан бар жасап тарнх жазута, жоғарының аузын бағып, жамбасына көпшік қоюға қанталықты епті, шебер болғанымызға қайран қаласың. Тарих түгілі өзінлі-өзін танымайтын хал кешесің.
«1916 жылғы көтеріліс өзге облыстармен салыстырғанда Жетісу облы-сына айтарлықтай зобалаңын тигізіп кетті. Жазалаудан қорғалақтап 30 болыс ел бір түнде Қытай ауса, 37.355 адам Балқаш құмын сағалап, 300 мыңнан астам адам босқыңдап кетті» дейді бүгінгі мәліметтер. Түздіктер көтерілісі қазақ даласындағы 1916 — 1919 жылдардагы аштықпен жалғасты.
Он алты оқиғаларының ұшқыны мен зардабы крестьяндардың қанды кегімен ұштасып 1916 — 1919 жылдар бойы толас таппады» деп тұжырымдайды Тұрар. Біз болсақ «ничего общего в революционном движе-нии между Европейскими рабочими и туземными трудящимся тогда не было» деген тағы да сол Т. Рысқұловтың шыпыртқы-шындығына назар да салмадық.
Тұрар Рысқұлов белгілі мемлекет, қоғам қайраткері, тарихшы, экономист, публицист, мәдениеттанушы, дипломат, құқықтанушы, психолог, социолог, ұлы реформатор, орта азиялық, Ресейлік кеңестік, интернационалдық көрнекті қызметкер. Тоталитаризм кезінде түркі тілдес халықтарды бауырына басып, олардың азат өмірі үшін шайқасқан дара күрескер, ұлттык және интернационалдық элитаның негізін қалаушы. Т.Рысқұлов әлемдік, энциклопедиялық реформаторлық ұлы тұлға. Жанға бататыны Ресей, Қазақстан, Орта Азияның тарих таразысында оның рөлі еш бағаланбай келеді.
Тіпті оның бойында көрегендік қасиеті болған. Мысалы, 1949 жылы Қытай мен Ундістан өкімет егемендігі жеңетінін ол 1921 жылы болжап кетсе, Ататүрік Кемал Патша басқарған ұлттық козғалыстың жеңіске жететінін де білген.
20-жылдары Түркістан республикасы Қытай арасында дипломатиялық қатынасын жақсартты. Сондай-ақ ол 1923 жылы Орта Азиялық экономикалық одақ құруға, сол жылы Иран мен Түркістан республикалары арасындағы кедендік, экономикалық одақтың, Әзірбайжан мен Ресей, Қытай мен Монғолия, Түркістан мен Қытай арасындағы өндірістік-экономикалық байланысты дамытуға белсене араласты. Швеция, Дания, Финляндия, Скандинавия елдерінде социализмнің жетістігін өз елімізде пайдаланды. Кеңес Одағынын Монғолия, Қытаймен экономикалық байланысын нығайту, өндірісті ауыл шаруашылығын дамыту, Орта Азияда мақта кластері, тігіншілік саласы мен Сібірде орман шаруашылығын жетілдіру, Орта Азиялық нарықты дамыту қажеттігін айтқан осы Тұрарымыз. Азиялық мемлекеттер арасындағы қатынасты реттеуге, 1927-1930 ж Монғолия мен Сібірдің арасындағы дипломатиялық қатынастарды жақсартуға, Монғолияның астанасы Улан-Батор болып өзгеруіне, ұлттық валюта енгізді.
Тұрар, М.Тынышбаев, Х.Досмұхамедов. Ж.Досмұхамедов, К.Жәлелов, М.Әуезов, М.Жұмабаев іспетті Алаш зиялыларын Ташкент шаһарына шоғырландырып, 1922 жылы желтоксанда «Талап» атты ғылыми қоғам құрады. 1934 жылы желтоқсанда Қ.И.Сәтбаев пен К.Орджоникидзені кездес-тіріп, Жезказған мыс кеңіне қаржы бөлгізуі — ұлтына, ұлттық интеллигеяцияға қамкоршылығының айқын көрінісі. Бай саудагердің баласы окып жүр деген Бекболат есімді кісінің арызы ізімен институттан Д.А.Қонаевты шығармақшы болғанда Т.Рысқұлов А.В.Луначарский арқылы оны оқуға қайта қабылдатқан.
Әскерді мұсылмандардан жасақтап, мұсылман әскерін құру керектігін де корықпай айтқан. Сталинград, Челябинск трактор зауыты, Шымкент қорғасын зауыты, Қарағанды, Кузбасс көмір зауыты мен металлургиялық зауыттарын құрып, Астрахандағы кеме өндірісін дамыту туралы ой қозғаған. 1919 жылы Аштық комитетінін төрағасы болып, Түркістан республикасындағы 1 млн. 200 мьщ адамды аштан аман алып қалған. Сталинге хаттар жазып, халқының генетикалық қорын сақтап қалуды өзінің борышы санаған. 1920-1933 жылдарды басқарғанмен, олар туралы дерек жоқ. Т.Рысқұловты соттау керек деп 1937 жылы И.В.Сталин, В.М. Молотов, К.Е.Ворошилов, Л.М.Каганович құжат түзген. Сол орайда Түрік комиссия, түрік бюро мүшелері Түркістан Республикасының үкімет мүшелері Т.Рысқұловты пантүркист, панисламист, ұлтшыл-ауытқушы, кемалист деп айыптаған. Ашхабадта түсірілген Б.Кербабаев пен Тәшлиевтің кеңесімен «Қайғысыз Атабаев» деген фильмінде Тұрарды пан-түркист, панисламист деп қаралаған. Қырғызстан секретары Т.Үсінәлиев пен Байишев, Имашевтар оны ақтап алмақ болып, құжаттарға қол қойған болатын. Тек Мәскеу тарихшысы А.А.Нұруллаев 1990 жылы «Известия КПСС» журналынын 9 санында бірінші рет Одақтық көлемде Т.Рысқұловтың пантюркист, панисламист, ұлтшыл-ауытқушы, кемалист деген кереғар көзқарастарды жоққа шығарды. Одан бұрын Ташкент тарихшысы Нұруллин Рүстем Абдрахманұлы 1988 жылы «Ташкентская правда» газетінде маған берген жауабында Тұрардың жеке басында пантүркістік көзқарастардың жоқтығын дәлелдеді. Мысалы, Сэн Катояма, Ван Мин, Бела Кун, Джон Рид, В.Коларов, Россмер, Г.М.Димитров сынды әлемдік зиялылар Т.Рысқұловты жоғары бағалаған. М.Тынышбаев, Рудзутак, Фрунзе, Куйбышев, Энштейн, Петерс, Бетигсон секілді саяси бюро мүшелері оның талантын бағалап, іл-типат көрсеткен азаматтар.
Кез келген ұлттың тарихын жасау үшін ең алдымен сол елдің ұлы тұлғаларының өміріне зер салып, зерттеу қажет сияқты. Бізде солай болса игі. Тайпатану, аймақтану, рутану бізде бар болғанмен, мамантану мен тұлғатану тұжырымдамалары жоқтың қасы. Жалпы бізде ұлы тұлғаларды қорғау тетігі қалыптаспағанын мойындау керек. Оларды жамандатып, үнсіз талатып қоя береміз. Т.Рысқұлов 1920 жылдан бастап, империялық, партиялық, әкімшілік, тайпалық, аумақтық репрессиядан, балағаттаудан, қаралаудан бүгінге дейін құтыла алмай келеді. Бүкіл Түркістан респу-бликасына, Ресейге, бүкіл Одаққа сіңген еңбегі ұлан-ғайыр, шексіз. Психологиялық идеологиялық күйе жағудан құтылатын заман қашан келетіні белгісіз. Ұлт болып қалыптасамыз десек, ұлы тұлғаларды бір-біріне қарама-қарсы қоймай, жала жауып, әруақтарын қаралау қай кезде тоқталар екен? Жабайы аймақтық, рушылдық, тайпалық көзқарастардан айырылып, өркениетті елу елдің қатарынан қай кезде орын аламыз? «Жас қазақ» газетінде жарық көрген «Тарихи шындық ешкімнің меншігі емес» атты үш бу мақалада (№31, 8 тамыз 2008ж) тарихи шындық автордың тұтас мешігіне айналғанын мына үзінділерден аңғаруға болады «Т.Рысқұловтың 1924 жылы Сталинге жазған хаттары оның ғана емес, ұлттық элитаның да трагедиясы. Тәуелсіз отан тарихында жалған геройлар көбейіп кетті. Нақты тарихи шындықты көңіліміз қалаған аңызбен алмастырдық, кейбір тарихшылардың жазуында Т.Рысқұлов кемшіліксіз, идеалдық тұлға болып суреттелді. Оның осылай кіршіксіз періште күйінде тұрғанын қалайтындар бар. Ал шындық басқаша. Пендеге тән кемшіліктер оған да тән» деп Түрсұн Хазрстәлінің Тұрардай тұғыры биік тұлғамызды бүгінгі үрпак алдында каралауы — халқымызды ыдыратып, тұтастығына зиян келтіру. Асырмай, жасырмай, түлғалар еңбегін жан-жақты паш ету — біздің парызымыз. Сондықтан да Рысқұловтануды дамыту — кезек күттірмейтін мәселе. Яғни, бұл тұлғаның сала - салалы еңбегін зерттейтін арнаулы курстар болу керек деген сөз. Т.Рысқұловтануды ақсатпай, Мәскеу, Ташкент, Баку, т.б. болған шаһарлардың мұрағаттарындағы шаң басып, сарғайған құжаттарға тарихшыларымыз үңілгені жөн-ақ. Бір ғана мысал, 2001жылы Рысқұлов есімі берілген университет студентері де оның өмірін, кім екенін толық білмейтіні көңілге қаяу түсіреді. Тіпті тарихшылар мұндай әдебиетшілердің өзі онын драматургиядағы бейнесін ашуға септігін тигізе алмай келетіні өкіндіреді. 1936 ж Қазақстан мш Қырғызстанды ұлттық-одақтық Республикалардың дәрежесіне жеткізген нағыз қайтпас күрескер Т.Рысқұлов болған. Осындай тұғыры биік ұлы тұлғаны әлі де лайықты бағаламай, қадіріне жетпей жүргеніміз өкінішті-ақ— деп сөзін аяқтады Молдияр аға.
Т.Рысқұлов — кең құлашты қоғам қайраткері ғана емес, үлкен ойлы журналист ғалым. Ол көптеген ғылыми-теориялық еңбектер жазған. Орыс тілінде Мәскеуде «Қазақстан» (1927), «Түрксіб» (1930), «Қырғызстан» (1935), Ташкентте «Революция және Түркістанның жергілікті халқы» (1925), «Жетісу мәселелері» (1923), Қазақстанда «1916 жылғы қазақ, қырғыз көтерілісі» деген кітаптар шығарған. Ана тілімізде «Кеңес өкіметі тұсында мәдениет қай түрде болуы керек» (1924), «Қазақ ұлтын құру және қазақтың жұмысшы табы туралы» (1926), «Қазақ елінің төңкеріске дейінгі әлеуметтік құрылысы» (1920), «Төңкеріс және қазақ халқы» (1926) деген зерттеулер жариялаған.
Ол — жан-жақты тұлға. Оны тек саясат пен экономика мәселелері ғана емес, сондай-ақ экология мәселесі қатты толғандырған. Сол себепті оның қоршаған ортамызды таза сақтау мақсатында атқарған шаралары да қомақты. Оралдағы Ельмен қорығын қалпына келтіріп, 1926 жылы Ақсу Жабағылы, 1931 жылы Науырызым қорықтарының ашылуына ұйытқы болған да осы арысамыз.
Билік орыстардың қолында болғандықтан ол заманда мұсылмандар үкімет басында жылдары кооперация, ЖШС (ТОО) жалға беру, акционерлік қоғам, шаруашылық есеп, шағын орта бизнес, экспорт, импорт, валютаны ендіру, ғылыми прогресс, инновациялық индустрия, әкімшілік реформа, салық реформасы, бюджеттік реформа, мемлекеттік, парламенттік құрылым, геология құрылымының пайда болуына зор үлес қосты.
1928 жылы Голощекин мен Т.Рысқұловтың ұсынысымен Қазақстан астанасы Алматыға көшірілсе, 1928 жылы Алматыда Тұрар атамыздың ұйытқысымен ҚазМУ ашылған. Осы жылы геологиялық комитеттің бөлімшесі, Ертіс бойында су электр станса мен 1931 жылы Семейде Каз-гаотрест те ашылған еді.
Т.Рысқұлов ұлт азаттық көтерілісті басқарушы, өзі де тікелей қатысушы адам. Әулиеата уезін басқарып, қазақтың революциялық жастар ұйымын құруға мұрындық болған. Сталиннің саяси репрессиясына 1923 жылы ең бірінші қарсы тұрған адам. Алашорда алдында тоталитаризм режимімен де аянбай ашық күрескен еді. Голощекиннің кәмпескесіне қарсы болған. Бүкіл көшпелі республикаларда мал шаруашылығын кеңінен дамыту керектігін айтқан. Алайда 1928 жылы ұсынған тың жерді игеру мәселесі тек 1954 жылы ғана іске асты. Түркістан мемлекетіндегі қазақ халқы қалыптассын деген игі ниетпен Жетісу облысынан көшіп кеткен адамдарды қайтадан қайтару комиссиясын басқарған. Жеке дара күрескер ретінде қанаушылық пен шовинистікті, ол сынды ұлттық саясатты ашық айтып, сынаған Тұрардай күрескер жоқ. Тіпті Орталық Азияда оған бәсекелесетін бір тұлға жоқ десек артық айтқандық емес.
Т.Рысқұлов түркі тілдес халықтардың тұтастығы үшін күрескен. Ол әлі өзінің лайық орнын алған жоқ. Оның көтерген әлемдік жан-жақты мәселелері әлі зерттелмей келеді. Мәскеу, Баку, Бішкек, Ташкент сияқты қызмет атқарған қалаларында тіптен мемориалдық тақта да жоқ. Әлемдік реформаторлық тендесі жоқ ұлы тұлға туралы фильм түсіріліп, еңбегінің толық жинағы жарық көрсе екен. М.Шоқайдын болған жерлеріне экспедиция ұйымдастыру секілді бастама ізімш Т.Рысқұловқа да экспедиция жасақтау керек сияқты. ВЦИК-тегі жұмысы, сөйлеген сөздері зерттелмеген. Түрлі саладағы комиссия - С.Бәйішев те Тұрарға жала жауып рөлін төметдетпек болды. Т.Рысқұлов 1956 жылы ғана ақталды. 1965 жылы «Вопросы истории КПСС» журналынын 12 санында Ляхов Тұрар Рысқұловты мақтап, жылы лебізін білдіргет бірінші адам. «Пантүркист, панисламист, ұлтшыл емес», — деп Жангелдин.
Шерхан Мұртазаның шығармашылық шеберлігі шыңдалып, үлкен суреткерлікке көтерілгенін танытатын айтулы еңбегі — бес кітаптан тұратын "Қызыл жебе" роман-эпопеясы.
Бұл өзі туған әдебиетіміздегі көп томдық романдар дәстүрін сәтті жалғастырған және осы бағытта өзіндік бетбұрыс шығарма болды.
Көп томды романдар әдебиетімізде көбіне тарихи тақырыптарға жазылғаны белгілі. Соның ішінде тарихи-революциялық тақырып дегенге келсек, көркемдік сапасы әр түрлі деңгейде саусақпен санарлықтай ғана шығармалар бар. Міне, осы шығармалар қатарына, XX ғасырдың жетпісінші жылдарының соңын ала "Қызыл жебе" роман-эпопеясының бірінші кітабы келіп қосылды.
Араға жылдар салып келесі кітаптары жарық көрді. "Тамұқ" аталған соңғы кітабы 1994 жылы оқырмандар қолына тиді.
Ұлы Қазан төңкерісінің халқымыз тарихында алатын орны, әрине, айрықша. Өйткені бұл кезеңдер - қазақ халқының тағдырында өмірі болып көрмеген аласапыран оқиғалар мен қым-қуыт қысылтаяң жағдайларды туғызды. Міне, осы кезең шындығы, бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда, әлі толық зерттеліп, қыр-сыры түгел ашылып болды дей алмасақ керек...
"Қызыл жебе" роман-эпопеясы осы қилы заман тудырған, сол аласапыранда халқым деп қабырғасы кайысқан Тұрар. Рысқұловтай біртуар азаматтың, ұлт тарихындағы ұлы тұлғанын өмір жолын негізге ала отырып, халық басынан кешкен қилы окиғаларды бар шындығымен көрсетуге ұмтылады.
Бұл шығарма — ұзақ жылғы шығармашылық толғаныстан, ұдайы ізденіс, зерттеуден туған табанды еңбектің жемісі. "Мен сізге дәл қазір алпыстан жаңа асқан жасымның жартысын арнадым. Отыз жыл бойы сізбенен қол ұстасып бірге жүріп, бірге тұрдым" дейді автор "Тамұқ" романының соңында кейіпкері Т.Рысқұловпен қоштасып. Осындай көп жылғы тынымсыз ізденістің, парасатты тебіреністің нәтижесінде, бітімі күрделі, оқиғасы бай, сан-алуан образ-характерлерге толы, әсіресе, Тұрар Рысқұловтың жарқын бейнесін толыққанды сомдаған, көркемдік салмағы жоғары, композициялық құрылысы шымыр эпопея дүниеге келіп отыр.
Аталмыш туынды ұлттық әдебиетімізге қандай сонылық, жаңашылдық әкелді? Тарихты зерттеудегі ерекшелігі неде?
Сонымен, көп томдық "Қызыл жебе" роман-эпопеясы аяқталды. Соңғы нүктесі қойылды. Тұрар Рысқұловтай кейіпкерімен автор да қимай қоштасты. Енді Рысқұлов халықтыкі. Оны бір кездерде адасып қалған халқымен қайта қауыштырып, енді айырылмастай етіп табыстаған — Шерхан Мұртаза. Халқы ені оны құшағынан шығармайды. Жадында ұстайды. Зерделі ұрпақ Рысқұловты төбесіне көтерер. Ал, зердесіз, жетесіздер болса, ненің бағасын, ненің парқын білер дейсің... Тегінен безген ондайлардың өз обалдары өздеріне.
Иә-ә! "Қызыл жебе" эпопеясы бізге несімен қымбат?.. Біз тарихы жазылмаған халықпыз. Өткенінен, тегінен, рухынан ажырап, тіпті айырылып қала жаздаған біз небір қияметтерді басымыздан өткердік. Жоғалтқанымыз көп. Құдайға шүкір, еңіреп жүріп егемендікке қолымыз жетті. Құдай көз жасымызды керді. Мың бір тәуба!..
Біздің жоғалтқанымыз - қазақ деген соры қайнаған халықты қайтсем бақытқа жеткізем деп жанпидалықпен күрескен Арыстарымыз еді- алдымен. Кім еді ол Арыстар? Олар — біздің өткеніміз, тегіміз, рухымыз еді ғой. Қатыгез заман бізді содан айырғысы келді. Мәңгүрт жасағысы келді...
Міне, сол жоғалған арыстарымыздың бірі және бірегейі Тұрар Рысқұлов еді. "Қызыл Жебе" эпопеясы арқылы біз алдымен сол Рысқұловты таптық және таныдық. Ал, Рысқұлов тағдыры - халық тағдыры. Өйткені, оның өмір жолындағы басынан өткен шындықтар халық тағдырындағы, тарихындағы шындықтарды елестетер еді. Сондықтан да Рысқұловты тану - халықты тану деген сөз. Халықты тану — өзінді тану, халықтың өзін-өзі тануы. Ал, халықтың өзін-өзі тануына көмектесуден асқан абырой барма! "Әдебиет — халық өмірінің айнасы" деген қағвда осындайдан негізделсе керек. Тарихты тарихшылар да зерттейді. Сол тарих барып тоқтаған жердің ар жағын, тылсым жағын көркем әдебиет қана көре алады.
Мінеки, "Қызыл жебе" сол өткен тарихтың халық тағдырындағы құпия ұсталып тылсым болып келген жақтарына үңіле білді, көре білді. Сөйтіп, 1932-жылғы зұлмат пен 1937-жылғы нәубетті әдеиетімізде тұңғыш рет бар тылсым-құпиясымен жан-жақты аша отырып суреттеген бірден-бір көркем шығарма болды. Сонымен бірге, бұл эпопея — сол өткен тарихымыздағы орны толмас өкініштерден сабақ алуға, ондай сойқанды сұмдықтардың қайталанбауына үндейтін, танымдық, тағылымдық мәні бар шығарма. Шығармадан сан тарау астарлы ойлар аңғарылар еді.
Рысқұлов эпопеяның өн бойында ылғи да әкесі Рысқұлды есінен шығармайды. Аса бір қысылған сәтте, басына ауыр сын түскен кезде әкесі қалайда түсіне кіреді, не болмаса кез алдына елестеп, күш-қуат, жігер беріп, бағыт сілтеп, жол көрсетіп жүреді. Бұдан не байқауға болады?!
Кешегі кеңес өкіметі өткен тарихынды, ата-бабанды, тегінді ұмьптырып жіберуге тырысты ғой. Соның нәтижесінде тегін білмейтін, тілінен, дінінен, рухынан ажыраған мәңгүрт ұрпақ өсіп шыққаны да жасырын емес. Сондықтан, адам деген атқа лайықты болам десең, ата-бабаңның рухын ұмытпа. Сенің өмірде күш-қуат алар қайнар-бастауың сол рухында жатыр деп отыр ғой бұл шығарма. Тарих сабақтастығы, ұрпақ сабақтастығы үзілмесін деп отыр.
Кеңес өкіметі бүның екеуіне де балта шапты. Мұның мысалын да біз осы эпопеядан аңғарамыз. "Қызыл Жебенің" соңғы кітабы "Тамұқта" Рысқұловты мойындату үшін баласы Ескендірді де түрмеге салып азаптайды ғой. Мақсат - баласы арқылы Рысқұловты әшкерелеу. Бірақ ата-баба рухымен тәрбиеленген қайсар жаратылысты бозым жігіт қанша азап көрсе де берілмеді. Әкесіне қарсы шықпады. Тіпті, бір сәт босаңсыған әкесіне де жігер береді. Сол қайтпаған, жасымаған күйінде жендеттердің қолынан мерт болды, қыршын жас! Бұдан не аңғарамыз?!
Тегінен безбейтін, әке рухын қорламайтын қайсар ұрпақ керек емес кеңес өкіметіне. Сөйтіп олардың көзін құртты, тамырына балта шапты. Ұрпақтар сабақтастығын үзу деген осыдан көрінсе керек. Сабақтастық үзілген, ата-баба рухынан ажыраған жерле мәнгүрттікке жол ашылады.
Өткен ғасырдың кенестік кезеңдегі тоқырау жылдары деп аталатын тұстарында-ақ қайсар қаламгер осындай халықты жегідей жеп, жылымдай таптып бара жатқан құрдымға қарсы күрес жолын іздеп сананы серпілтіп, рухты оятуға ұмтылып, қаламгер ретінде де қайраткер ретінде де үлкен азаматтық істер жасағаны белгілі. Міне, дәл осы жылдары осы «Қызыл Жебенің» бірінші кітабы жарық көрді. Бір сөзбен айтқанда, эпопея егемендікке қызмет етті. Әдебиеттің танымдық, тағлымдық-ұлағаттық рухы осындайдан көрінеді. Осы реттен келгенде, "Қызыл Жебе" — ұлттың рухын түлеткен, рухани ұстазына, кеш бастар көсеміне айналған шығарма болды. Ұлттық әдебиетіміздің ұлы керуеніне өзіндік жабу сәнімен жарасым тауып келіп қосылған үлкен туынды болды дейміз.
Рысқұловтың халқына жасаған еңбегі қандай өлшеусіз болса, Шерхан Мұртазаның да Рысқұловты "тірілтудегі" еңбегі сондай зор. "Отыз жыл бойы жан-дүниемді, ой-санамды билеп, ұзақ сапарға жол бастадыңыз. Ол аса қиын жол еді", - дейді жазушы Рысқұловпен қоштасу сезінде. Жазушы осылай дегенімен, Рысқұлов бәрібір оның түнде түсінен, күндіз ойынан шықпайтыны анық. Шындығында, Рысқұлов елесінің былай дегені бар: "Алдында қанша ғұмыр бар — соның бәрінде де мен ойыңнан кетпеспін. Енді мені ойыңнан қуалап шығара алмассың. Өз обалың өзіңе! Рысқұловтың жолы тым-тым ауыр адам. Ол туралы жазудан гөрі кетпен алып, тау қопарған оңай". Иә, жазушыға да оңай болмағаны шындық. Жанкешті еңбекте Рысқұл рухы қолдаған шығар, ата-баба аруағы дем берген шығар. "Мен торыққан кезде Сіздің рухыңыз әл-қуат берді, Тұрар көке!" — дейді қаламгер.
Дүниеде әруақты тірілткеннен артық сауап болмайды екен. Шерхан Мұртаза сол әруақты тірілтті. Рысқұловтай ұлы әруақтың рухын тірілтті. Шерін шертіп, зарын айтты.
Сөйтіп, "Халқының қан жылағанын сонау патша заманынан көріп, куәсі болған Рысқұловты; сол халыққа қайтсем қол ұшын беремін деп жастайынан шырылдаған Рысқұловты; алтын сандықтың үстінде отырып, сол сандықтың кілті қолына тимей, өз жеріне, өз байлығына ие бола алмай қорлық көрген еліне еңіреп жүріп жаны ашыған Рысқұловты; сонау Түркістан өкіметі тұсының өзінде жергілікті халықтардың құқығы үшін Кушекиндермен арпалысқан Рысқұловты; "Түркістан, Қазақстан патша отаршылығынан Совет тұсында да арылып болған жоқ!" деп айқасқа түскен Рысқұловты тірілтті. Халқымен қауыштырды. Ал, енді осы ұлағаты мол ұлан-ғайыр еңбектің, әдебиетімізде тарихи-революциялық тақырыпты игеруде тың да соны бетбұрыс әкелген шығарманың өз дәрежесінде бағасын ала алмай келе жатқанын да айтуымыз кеерк. Эпопеяның алғашқы кітабының жарық көргеніне жиырма жылдан асып, соңғы кітабына он шақты жыл болып қалса да, бірді-екілі рецензиялар жазылғаны болмаса, жетістігін, кемшін тұстарын талдап, таратып айтқан үлкен әңгімелер болған жоқ. Халық тағдырын суреттеген мұндай көлемді туындыларға арнайы ғылыми-теориялық конференциялар өткізсе де артық болмас еді. Осыдан келіп роман-эпопеяның әлі де болса, халық санасына, ұрпақ зердесіне толық жетіп, толайым сіңіп болмай жатқаны да жасырын емес.
Түйіндей келгенде, зерделі жазушы Шерхан Мұртазаның зейінді ізденісіндегі азаматтық пафос пен көркемдік ойының терең бірлігінен өмірге келген "Қызыл Жебе" роман-эпопеясы тәуелсіздігіміздің баянды болуына қызмет ететін шығарма екендігін айтқанымыз абзал.
Сондықтан да мұндай шығарманың түбегейлі зерттеліп, лайықты бағалануы — едебиетіміз үшін де, бүгінгі ұрпақ үшін де мерей болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет