«Тұрақты ток» бөлімі (ж/м бағыты) бойынша жиынтық бағалау Оқу мақсаттары



бет1/2
Дата19.04.2023
өлшемі363,5 Kb.
#84738
  1   2



«Тұрақты ток» бөлімі (ж/м бағыты) бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары
10.3.2.1 - Тізбек бөлігі үшін Ом заңындағы шамалардың
графиктерін қолдану арқылы өткізгіш кедергілерін
салыстыру.
10.3.2.3 - Электр қозғаушы күші мен кернеу көзінің әртүрлі
жұмыс режиминдегі (жұмыстық, бос жүріс,
қысқа тұйықталу) байланысын зерттеу.
10.3.2.6 - Тармақталған электр тізбегіне Кирхгоф заңын
қолдану.


Бағалау критерийі Білім алушы



  • Тізбек бөлігіне арналған Ом заңындағы шамалардың графиктерін пайдалана отырып кедергілердің өткізгіш тегіне тәуелділігін салыстыра сипаттайды.

  • ЭҚК пен кернеу көзінің жұмыс барысындағы байланысын зерделейді

  • Электр тізбегінің тармақтарына Кирхгоф заңын қолданады

Ойлау дағдыларының


деңгейлері Білу және түсіну, қолдану.
Орындау уақыты 25 минут


Тапсырмалар



  1. Суретте екі өткізгіштің ток күшінің кернеуге тәуелділік графигі берілген.

а) Графиктен өткізгіштің кедергілерін салыстыра отырып, екі өткізгіштің қайсысының кедергісінің үлкен екенін анықтаңыз.


______________________________________________________________ [2]



  1. Көлденең қимасының ауданы 0,3 мм2, ұзындығы 2 м қорғасын сым арқылы

2 А ток күші өтеді. Қорғасынның меншікті кедергісі 21*10-8 Ом*м.
а) Қорғасыннан жасалынған өткізгіштің кедергісін есептеңіз
______________________________________________________________ [1]

b) Қорғасын өткізгіштің ұштарындағы кернеуді анықтаңыз


_______________________________________________________________ [1]



  1. ЭҚК-і 50 В ток көзіне кедергісі 7 Ом қыздыру шамы мен резистор тізбектей

қосылған.Тізбектегі ток күші 2,7 А.

a) Электр тізбегінің сызбасын салыңыз


_____________________________________________________________ [2]



  1. Электр тізбегіндегі ток көзінің ішкі кедергісін анықтаңыз

_______________________________________________________________ [2]



  1. Электр шамына тізбектей жалғанған резистор кедергісін анықтаңыз ______________________________________________________________[1]




  1. ЭҚК-і 3,7В ішкі кедергісі 1,5 Ом қалта фонары кедергісі 11,7 Ом болатын сыммен тұйықталған.


  1. қалта фонары тұтынатын ток күші мен оның қысқыштарындағы кернеудің

түсуін анықтаңыз.
_______________________________________________________________ [2]



  1. қалта фонарының тұтынатын қуаттын анықтаңыз.

________________________________________________________________ [2]



  1. Төмендегі суреттерде тармақталған электр тізбегі берілген.

1-сурет 2-сурет


а) 1-суреттен токтың жүру бағытын Кирхгоф ережесін қолдана отырып анықтаңыз
және түсінік беріңіз
___________________________________________________________________[2]

b) 2-сурет бойынша тізбекке Кирхгофтың заңын қолданып, токтың шамасын


анықтаңыз
___________________________________________________________________[2]
с) 1-суретке байланысты Кирхгоф заңының формуласын жазыңыз
________________________________________________________________[1]
d) 2-сурет үшін Кирхгоф заңының формуласын жазыңыз
_________________________________________________________________ [1]





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет