Триггерлер. Асинхронды және синхронды триггерлер. Ms типті екі сатылы триггерлер. Әмбебап триггерлер. Триггер



бет1/5
Дата10.11.2022
өлшемі302,3 Kb.
#49161
  1   2   3   4   5

Триггерлер. Асинхронды және синхронды триггерлер. MS типті екі сатылы триггерлер. Әмбебап триггерлер.
Триггер деп, электрондық есептеуіш машиналарында, автоматика мен телемеханиада әртүрлі операциялар орындауға арналған, яғни алынған информация сақтауға /сақтағыш құрылғы/, уақыт датчигі схемасында және цифрлы санауыштарда импульстарды санауға, цифрлы жиілікті бөлгіштерде қолданылатын электрондық ауыстырып қосылғыш құрылғыны немесе аударылып түскіш құрылғыны айтады.

Триггердің екі шығысында басқарушы сигналдардың /Usac/әрекетінен кернеудің бір тұрақталған деңгейінен екінші тұрақталған деңгейге дейін, Uшығ1 және Uшығ2 кернеудің шұғыл өзгерістері пайда болады. Шығыс кернеудің тұрақталған екі деңгейіне сай осы мәндер артты түрде «0» және «1» деп көрсетілген триггердің тепе-теңдігіне екі орнықты күйі сәйкес келеді. t1 – t2 уақыт аралығында Uшығ1 кернеудің нольдік деңгейіне, ал Uшығ2 бірлік деңгейіне сәйкес келеді /мұны триггердің бірінші орнықты тепе-теңдік жағдайы немесе күйі деп аламыз/. Осы жағдайда триггер басқарушы импульс келгенге дейін көп уақыт тұра алады.
Яғни, триггер өзіндегі информацияны сол қалпында сақтап тұрады. T2 – уақыт аралығында триггердің кірісіне басқарушы импульс әрекет еткенде, триггердің екі шығысындағы кернеулер деңгейі қарама-қарсы шамаға өзгереді, яғни триггер аударылып түседі бұл екінші орнықты тепе-теңдік жағдай – t– t3 уақыт аралығында өтеді.


Зерде элементі триггер. RS-триггер туралы қазақша реферат
ЭЕМ зердесіндегі есте сақтайтын элементтерді әдетте (8, 16, 32, 64) биттен тұратын топтарға біріктіреді. ЭЕМ УКНЦ-де мысалы, әрқайсысы 0-ден 65535-ке дейінгі сандармен нөмірленген 8 биттік топтар пайдаланылады, ондай сандар байттар адрестері деп аталады. УКНЦ-де адресті кодтау үшін 16 биттік тізбектер пайдаланылады. Адрес кодын анықтайтын биттер санын ЭЕМ адресінің разрядтылығы деп атайды. Ол сан зерденің процессор алатын ең үлкен көлемін (информацияны) сипаттайды.
Жоғарыда келтірілген мысалдар ЭЕМ-де информацияны өңдеудің мүмкіндігін көрсеткен болатын. Енді информацияны калайша еске сақтауға болатындығын көрсетейік. ЭЕМ-де кез келген информация екілік түрде кескінделетіндіктен, информацияның элементар үлесінің, яғни бір биттің, зердеде ұсталуы мен есте сақталуын қарастырамыз.
Бір бит информацияны зердеде сақтайтын электрондық схема триггер деп аталады.
Оның RS-триггер деп аталатын қарапайым түрін қарастырамыз (79-сурет).

Егер осы триггердің кірістеріне S=1, R = 0 беретія болсақ, онда (Q-дің күйіне тәуелсіз) жоғарғы вентильдің шығысында 0 шығады. Осыдан кейін төменгі вентильдің кірісінде R = 0, Р = 0 болып шығады да, Q шығысы 1-ге тең болады.
Егер енді триггерге сигнал беруді тоқтататын болсақ (S = 0, R = 0), онда жогарғы вентильдің кірістерінің мәндері S=0 және Q=1 болатындықтан, оның Р шығысы 0 болып қалады. Осы сияқты, төменгі вентильдің кірістері R= 0 және Р=0 болғандықтан, Q шығысы бұрынғысынша 1 болады. Сонымен, S = 0, R=0 мәндері ауысу кезінде Р және Q шығыстарының тағайындалған мәндері өзгермейді.
Дәл осылайша, кірістерге S=0, R=1 мәндерін берген кезде де шығыстарда Q = 0, Р = 1 мәндері пайда болады және R (R = 0, S = 0) кірісінен «1»-ді алып тастаған кезде де шығыстардың осы мәндері өзгермейді.
Сонымен, S = 0, R = 0 мәндеріңде триггер: Q = 1 және Q = 0 екі күйде бола алады. Олай болса, Q шығысы биттін есте сақталған мәні болып табылады.

Кіріс S

Кіріс R

Триггердің әрекеті

Шығыс Q

1
0
0

0
1
0

есте сақтау 1
есте сақтау 0
битгі сақтау

1
0
есте сақталған бит

Бір триггер бір-ақ битті есте сақтай алатындықтан, байтты (8 бит) есте сақтау үшін 8 триггер, килобайтты есте сақтау үшін 1024*8 = 8192 триггер және т. с. с. керек. Зерденің көлемі 1 см3-ден кем қазіргі микросхемалар миллион бит информацияны есте сақтайтьш қабілеті бар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет