ТүРкі мәдениеті



Дата14.03.2023
өлшемі0,89 Mb.
#74380
Байланысты:
Презентация (17)

ТҮРкі мәдениеті

Орындаған:мәдени тынығу жұмысы мамандығы

ЖОСПАР:

  • Кіріспе
  • Түркі мәдениетінің шығу тарихы
  • Негізгі бөлім
  • Көне түркі мәдениеті
  • Көне түркі жазбалары немесе Орхон-Енисей жазбалары
  • Түркілердің рухани және материалдық мәдениетінің ерекшеліктері
  • Жалпы түркі өркениеті
  • Қорытынды

Түркі мәдениетінің шығу тарихы

  • Түркілер мәдениеті ежелгі түркі елінің қалыптастырған мәдениет түрі болып табылады.Тарихы сонау VI ғасырдан бастау алып, Орта Азия жерінде тарала бастаған бұл мәдениет-қазіргі тарих сахнасына ерен рөл ойнады. Халықтың іргесін қалап, болмысын қалыптастырды.
  • Тарихы бір болғандықтан болса керек, тамыры түркілерден бастау алған ұлттардың ұқсастықтары да көптеп кездеседі. Барлығы да түркі атауымен тығыз байланысты елдердің діні,ділі тіпті тілдері де ұқсас келеді. Өздерінің ұқсастықтарынан тыс, түркі халқының ұрпақтары бейбітшілігімен, мәдениетімен ерекшеленеді. Олардың байсалдылығы мен батылдылығы басқа ұлт өкілдерінен ерек әрі өзгеше.

Көне түркі мәдениеті

  • Көне түркі дәуірінің мәдени, әдеби ескерткіштерін сөз етуден бұрын беретін келе қазақ халқын құраған тайпалық бірлестіктерінің тұрмыс- тіршілігі, әлеуметтік өмірі жайында бірер сөз айта кеткен дұрыс. Өйткені “Өз өміріндегі қоғамдық өндірісте адамдар өздерінің дегендеріне қарамайтын, белгілі бір, қажетті қатынастарда - өндірістік қатынастарда болады, бұл қатынастар олардың материалдық өндіргіш күштері дамуының белгілі бір сатысына сай келеді. Осы өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның экономикалық құрылымы, реалдық базисі болып табылады, осыған келіп заңдық және саяси қондырма орнайды және бұған қоғамдық сананың белгілі бір формалары сай келеді. Материалдық өмірдің өндіріс әдісі жалпы өмірдегі әлеуметтік, саяси және рухани процестерді туғызады. 

Көне түркі жазбалары немесе Орхон-Енисей жазбалары

  • Орхон-Енисей ескерткіштері алғаш Орхон өзені бойынан (Екінші түркі қағандығы кезі) табылды, кейін Енисей өзенінің жоғарғы ағысында (Қырғыз қағандығы). Кейде руник жазбасы дейді, алман руналарынынан жанасым тауып (кейбір нышандар кескіні дәл келіп тұр, дауысты мағынасы да жақын). Азиялық түркі руналары соғды жазуының негізінде VIII ғ. бұрын жасалған деп есептеледі. Оның әліпбиінде 40-қа жуық графема бар. Көне түркі руника жазуы ерекшелігі - онда негізгі велярлық және палаталдықдауыссыздарға арналған бірнеше жұп дербес әріптер бар. Көне түркі руника жазуы жұмбағын 1893 жылы В. Томсен шешкен. Орхон ескерткіштерінің тұңғыш тәржімаларын 1894 жылы В.В. Радлов жасаған.[1]

Түркілердің рухани және материалдық мәдениетінің ерекшеліктері

  • Материалдық мәдениеттің дамуы ең алдымен еңбек құралдарын дайындаудан көрініс тапты. Материалдың мәдениеттің дамуы тұрғын үй мен үй жиһаздарында да орын алды. VI-XII ғасырларда жазғы үйдің екі түрі болды: киізбен жабылған киіз үй және дөңгелектер үстіне орнатылған үй. Олардың құрылысы жөнінен бір-бірінен айырмашылығы болды. Киіз үй дөңгелек формалы, керегелер мен уықтардан, шаңырақтан тұрса, дөңгелектер үстіне орнатылған жылжымалы үйдің жабындылары аса көркемділігімен, байлығымен ерекшеленді. Оның үстін оюлы киізбен, түрлі-түсті жібекпен жабатын болған.

Түркілердің рухани және материалдық мәдениетінің ерекшеліктері

  • Рухани мәдениет ерекшеліктеріне келетін болсақ, VI-VIII ғасырларда түрік тайпалары арасында ауыз әдебиеті - фольклор кең тараған. Ауыз әдебиеті халықтың мұң-мұқтажын, туған өлкеге, бостандыққа махаббатын, жауға өшпенділігін бейнелеген.
  • Ортағасырлық ойшылдардың бірі Қоркыт болды. VIII ғасырда Сырдария өңірін мекендеген оғыз-қыпшақ тайпалары арасында оның есімі кең тараған. Ол жаужүрек батыр, атақты ақын, қобызда шебер ойнаған күйші, көптеген аңыздар мен әпсаналардың кейіпкері ретінде халық санасында берік сақталды.

Түркі өркениеті

  • Түркі өркениеті тарихта жеке-жеке емес, бір жүйе, бір процесс түрінде пайда болған. Ол әртүрлі өркениеттердің Еуразия бойынша ұрпақ өзгерістерінің генераторы (қуат көзі) қызметінде осы өзгерістерден нәр алған, жаңадан пайда болған өркениеттерге тың серпін берген. Осы орайда, түркі өркениеті тек өзін ғана тудырған бір жүйе емес, сонымен қатар әлем өркениетін құраушы басты детерминаттардың (айқындауыштардың) бірі екенін айтып өту керек. Түркі өркениетін жоққа шығарушылардың пікірінше, түркілердің тек мәдениеті ғана қалыптасқан, ал өркениет тудыру деңгейіне жете алмаған. 

Қорытынды

  • Қорытындылай келгенде, әлем мәдениетінің, жалпы адамзат өркениетінің қалыптасуына ерекше әсер етіп, ықпал жасаған, өзіндік орны бар түркі мәдениеті жайлы көптеген мәліметке қанық болдық. Мұны түріктердің рухани мәдениеті мен Орхон-Енисей ескерткіштерінде бейнеленген Күлтегін мен Тоныкөктің қалдырған жазбаларынан-ақ көреміз. Түркі дәуірі қалыптасқаннан бері, өз алдына ерекшеленіп келе жатқан түркі мәдениетінің ғасырдан ғасырға ұласып келе жатқан ұлағаты мол дәстүрлер мен тығыз байланыстар, әсіресе мұның үміт күтер кемел келешегі бізді өте қатты таңғалдырды.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет