Түсінік хат «Математика» пәнінің негізгі мақсаты – білім алушылардың логикалық ойлауындамыту арқылы математикалық білім негіздерін қалыптастыру. Математикалық білім берудің негізгі мақсатына сәйкес оқу пәнінің келесі міндеттері іске асырылады:
1) логикалық ойлауды, кеңістіктік елестетуді және математикалық терминдерді пайдалану біліктілігін дамыту;
2) оқу және тәжірибелік проблемаларды шешу, арифметикалық алгоритмдерді пайдалану, геометриялық салулар мен математикалық зерттеулер жүргізу қабілеттерін дамыту;
3) сыни тұрғыдан ойлауды, шығармашылық қабілеттерді дамыту;
4) өзінің математикалық білімі мен біліктерін басқа пәндерді меңгеруде, сонымен қатар күнделікті өмірде қалай пайдалану керектігін түсіну;
5) тұлғалық қасиеттер: білуге құштарлық, мақсаттылық, жауапкершілік, сенімділік және тәуелсіздікті дамыту;
6) түсінудің, түсіндірудің, талдаудың, синтездің, жүйелеудің, қолданудың және суреттеудің когнитивтік дағдыларын дамыту;
7) коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларды, топпен жұмыс істеу және өз көзқарасын білдіру, басқа адамдардың пікірін құрметтеу, көшбасшылық қасиеттерді көрсету, өз жұмысын жазбаша және ауызша түрде таныстырудағдыларын дамыту;
8) ақпаратты іздестіру және таңдау, өз уақытын басқару, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға негізделген.
«Математика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:2-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 144 сағат;
5.10-кесте. Математика пәні бойынша жиынтық бағалау саны