Тұтас педагогикалық процесс – педагогика пәні мен мұғалім қызметінің объектісі



бет1/3
Дата23.10.2023
өлшемі16,46 Kb.
#120872
  1   2   3

Тұтас педагогикалық процесс – педагогика пәні мен мұғалім қызметінің объектісі
Тұтас педагогикалық процесс ұғымының қалыптасу тарихы
Қойылған мақсатқа жету үшін тұлға дамуын ұйымдасқан түрде жүргізу қажет. Басқаша айтқанда, белгілі бір нәтижеге жету үшін тәрбиеге мұғалімдер мен оқушылардың өзара әсерлесуі біріктірілген, басқарылатын үдеріс пішінін беру керек. Мұндай үдерісті оқу-тәрбие немесе педагогикалық процесс деп атайды. Бұл үдеріс алдын ала анықталған мақсатқа қол жеткізуге және алдын ала белгіленген өзгерістерге, тәрбиеленуші қасиеттері мен белгілерін түрлендіруге алып келеді. Педагогикалық процесс – тәрбиешілердің әлеуметтік тәжірибесі тәрбиеленуші тұлғасының қасиеттеріне айналатын өзара әсерлесуі.
Педагогикалық процестің ең басты ерекшелігі – оның тұтастығы.
Пайда бола бастаған кезден тәрбие тұтас үдеріс ретінде қалыптасты. Алғашқы кездегі тәрбие формаларының өзінде-ақ – салт, ритуал, ойындар барысында аға ұрпақ білімдері мен іс-әрекет тәжірибелерін беруге ғана емес, мінез-құлықты қалыптастыруға да мән беріп отырған.
Келесі кезеңдерде тәрбие оқытудың құрамды бөлігі ретінде қарастырылды.
Қоғамдағы еңбектің әрі қарай бөлінуі оқыту мен тәрбиелеудің жіктелуіне алып келді. ХІХ ғасырдың өзінде-ақ оқыту мен тәрбиелеу бірлігін дәлелдейтін фактілер пайда бола бастады. Олар И.Ф. Гербарт, К.Д. Ушинский, Н.Ф. Бунаков, В.П. Вахтеров т.б. еңбектерінде талдана бастады. Педагогикалық үдеріс тұтастығын дамытуға Н.К. Крупская, С.Т. Шацкий, А.С. Макаренко, А.П. Пинкевич көп үлес қосты. Бірақ 30-жылдары оқыту мен тәрбиелеу ерекшеліктерін тереңдете зерттеу үшін оларды бөліп қарастыру көзқарасы басым болды.
Тұтас педагогикалық процесс мәселесіне 70-80-ші жылдар аралығында Ю.К. Бабанский, М.А. Данилов, В.С. Ильин, В.В. Краевский, Б.Т. Лихачев және т.б. көңіл бөле бастады.
Ғалымдар мен педагогтер тұлғаны дамытуға жан-жақты амал жасау тек педагогикалық процесс тұтастығы негізінде жүзеге асырылатындығын баса көрсетті.
Қазақстанда тұтас педагогикалық процесті дамыту мәселесін кеңінен қарастырған ғалым-педагог Н.Д. Хмель және оның шәкірттері болып табылады.
Жоғарыда аталған ғалым-педагогтер еңбектерінде тұтас педагогикалық процестің барлық мүмкіндіктері зерттелді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет