Лекция тақырыбы. Біртұтас педагогикалық процесс – педагогика пәні және мұҒалім әрекетінің объектісі ретінде



бет1/4
Дата01.05.2023
өлшемі64 Kb.
#88664
түріЛекция
  1   2   3   4

Лекция тақырыбы. БІРТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСС – ПЕДАГОГИКА ПӘНІ ЖӘНЕ МҰҒАЛІМ ӘРЕКЕТІНІҢ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ



  1. Педагогикалық процестің мәні және құрылымдық компоненттері.

  2. Оқушы педагогикалық процестің субъектісі ретінде.

  3. Біртұтас педагогикалық процестің қозғаушы күштері.

  4. Педагогикалық өзара әрекеттесу және оның түрлері.

1. Педагогикалық мамандықтың қалыптасу тарихына үңілу барысында, сол замандарда тәрбие мен оқытуды бөлек, бір-бірінен дербес процестер ретінде, тіпті кейде бір-біріне қарама-қайшы процестер ретінде қарастырғандығын көре аламыз. Бірақ, ХІХ ғасырдың ортасында, прогрессивті педагогтардың еңбектерінде тәрбие мен оқыту процестерінің тұтастығы туралы мәліметтер кездесе бастады. Бұл мәселе, әсіресе, И.Ф.Гербарттың педагогикалық көзқарастарында айрықша орын алды. И.Ф.Гербарт өз еңбектерінде тәрбие мен оқытудың өзара байланысын былай деп көрсетеді: «...тәрбиесіз оқыту - мақсаты жоқ құрал, ал оқытусыз тәрбие -құралдары жоқ мақсат», яғни басты мақсат - тәрбие, ал осы мақсатқа жетудің басты құралы - оқыту болып табылады. Осылай И.Ф.Гербарт тәрбие мен оқытудың біртұтастығын дәлелдей отырып педагогика ғылымына «тәрбиелей отырып оқыту» терминін енгізеді.


Педагогикалық процестің біртұтастығы мәселесі К.Д.Ушинскийдің еңбектерінде де өз көрінісін тапты. Ол оны мектеп әрекетінің әкімшілік, оқытушылық және тәрбиелеушілік элементтерінің тұтастығы деп қарастырды. Яғни мектеп әрекетінің тиімді нәтижесі мектепті басқару, оқыту және тәрбие процестерінінің үйлесімді ұйымдастырылуына байланысты екендігіне көз жеткізді. К.Д.Ушинскийдің прогрессивті идеялары Н.Ф.Бунаковтың, П.Ф.Лесгафтың, В.П.Вахтеровтың және оның тағы басқа ізбасарларының еңбектерінде өз жалғасын тапты.
Педагогикалық процестің біртұтастығы мәселесінің дамуына өз үлестерін Н.К.Крупская, А.П.Пинкевич, С.Т.Шацкий, П.П.Блонский, М.М.Рубинштейн, А.С.Макаренко қосты.
Біртұтас педагогикалық процесстің мәніне көзқарастар:



С.Г.Шацкий,Н.К.Крупская,
В.А.Сухомлинский: БПП-
оқушылардың өзара
әрекеттерінің сапасы.





Б.Т.Лихачев: БПП –
білімділік, тәрбиелік және
дамытушылық қызметтің
бірлігі



А.Ф.Каптерев,
М.А.Данилов: БПП –
тәрбие мен оқытудың
бірлігі



А.С.Макаренко: БПП–Сабақтан
тыс уақыттағы тәрбие
процесіне қатысушылардың
өзара әрекеті

Алайда, 1930 жылдардан бастап, педагогтардың еңбектері, тәрбие мен оқытуды дербес процестер ретінде терең зерттеуге бағытталды.


Мектеп тәжірибесінің қажетілігінен туындаған педагогикалық процестің тұтастығы мәселесіне ғылыми қызығушылық 70-ші жылдары қайта жаңғырды. Біртұтас педагогикалық процестің мәніне жаңа көзқарастар пайда болды. Олар келесі:







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет