Тұтығу кезіндегі сөйлеу тілінің дамуын түзету



Дата02.04.2023
өлшемі16,26 Kb.
#78409

Тұтығу кезіндегі сөйлеу тілінің дамуын түзету.
Тұтықпа – сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерінің тартылу салдарынан сөйлеудің ырғақтығының, жылдамдығының бұзылуы. Қазіргі кезде тұтықпа пайда болған уақытта бірден түзету шараларын қолдану керектігі көпшілікке мәлім. Экологиялық, психологиялық фактордың әсерінен және белгісіз себептерге байланысты сөйлеу қабілетінде ауытқуы бар, мүмкіндігі шектеулі балалар саны уақыт ұзаған сайын көбейіп келеді.
Әдетте, бұл кемістік бастапқы сатысында жеңіл түрде болады, бірақ жеңіл де әрең байқалатын тұтығуы бірте – бірте күшейе түсуі мүмкін. Тұтықпаны басталған мерзімінен көп уақыт өткен сайын, баланың мінез – құлқының өзгеруіне себепкер болатын ауыр да, тұрақты кемістікке айналады. Ол баланы қалыпты қарым – қатынастан айырады, өзіне деген сенімсіздік пайда болып, жақсы оқуына да кедергі жасайды. Сондықтан, аталған сөйлеу кемістігін баланың мектепке келмей тұрған кезінде түзету керек, өйткені мектеп жасына дейінгі тұтықпа балалармен жүргізілген жұмыс нәтижелі болады. Тұтықпамен күресте кешенді әдістерді қолдану жағдайында ғана үлкен жетістіктерге жетуге болатындығын теория мен практикада іс жүзінде дәлелденіп отыр.
Тұтықпамен күрес кешенді әсер ету бірнеше бағытттан тұрады. Медициналық ем беру арқылы әсер ету. Ол баланың жүйке жүйесінің қызметін қалыпты жағдайда болуына мүмкіндік жасайды және психотерапия мен логопедиялық жұмыстар үшін қолайлы жағдай жасайды. Жұмыс нәтижесін айқындай түсуге көмектеседі. Психотерапиялық әсер ету. Барлық логопедиялық жұмыс кезінде жүргізіледі. Ол баланы тұтығуы сөйлей алатынына сендіру. Бұл бағыттағы жетістіктерге құрбыларын, тәрбиешілерін немесе ата – ананы қатыстыра отырып, баланың көңіл аударуын бір белгілеу жазып алу. Логопедиялық әсер ету. Бұл ұзақ болуына, жүйелі түрде жүргізілетін жүйелі сабақтар кешені.
Тұтығатын баланың жеке басына ортасының әсер етуі. Бұл түзеу – тәрбие жұмыстарының барлық кезеңдерінде жүзеге асырылады. Тұтығудан айыру үшін баланың араласатын ортасының дұрыс сөйлеуінің үлкен маңызы бар. Балалар баяу, асықпайтын, бірқалыпты сөйлеуді түсіну керек. Сонда олар өздері де қалыпты сөйлеуге дағдыланады. Баламен бірқалыпты қарым – қатынаста болған жөн. Кішкентай ғана жетістігін сол мезетте елеп, мадақтап отыру қажет. Сондықтан, егер бала кішкене тұтықса да, дереу маманға апару керек екендігін түсіну өте маңызды. Кішкене стрестің болуы, қорқу және шаршау тұтығуды күшейтуі мүмкін. Сөйлеудің дамуы сонымен қатар қол саусақтары – ұсақ моториканың дамуымен тығыз байланыста.
Алғашқы сабақтардан бастап, балалар логопедтің сұрақтарына жай және қысқа сөз тіркестермен жауап береді. Ойыншықтың, түрлі заттардың геометриялық формалары, олардың үлкендігі, түсі, әр түрлі іс–әрекетері аталады. Одан соң балалар заттар мен орындалған іс – әрекеттің көрнекілігі бойынша кең таралған жай сөйлемдермен жауап береді. Мысалы, соңында балалар логопедтің қиын сұрақтарына жауап бере отырып, тұтықпай сөйлей алатын қабілетке ие болады. Мектепке дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу дамуының мұндай кезектілігі мен жүйелілігі баланың керекті сөздерін оңай және жылдам табуына, ойын құруына, мүдірмей сөйлеуіне жағдай туғызады.
Бұл жүйелілік принципі басқа да көптеген әдістерді пайдалана отырып сабақ жүргізгенде ескеріледі. Логопедиялық сабақтар «кабинеттегі тәрбие мен оқытудың бағдарламасымен және жалпы күн тәртібіндегі жағдайлармен байланысты болу керек». Жоғарыда айтылғандай, балалардың өз бетімен байланыстырып сөйлеуін дамыту үшін мынадай жағдайлар жасау қажет. Алдымен, көрнекілікті кеңінен пайдаланып, кейінірек оларды бірте – бірте азайтуға мүмкіндік беру және мектепке дейінгі нақты көрнекіліксіз – ақ ойын анық жеткізуге дағдыландыру қажет. Бұл үшін бейнелеу әрекеті кезінде қағаздан, картоннан және басқа материалдардан құрау, дайын қиындылардан аппликация жасау, саз балшық пен пластилинннен жасау, қарындашпен, бояумен сурет салуда балалар заттарды көреді, заттарды өз қолымен жасауға тырысады, белгілі бір жүйелілікпен әңгімелейді.
Сөйлеудің дамуы қол саусақтары ұсақ моториканың дамуымен тығыз байланысты. Мұнда пирамидка, кубик, мозайкалардың көмегі мол. Тұтықпаны болдырмау үшін баланы артикуляциялық аппараты бекімейінше төрт жасқа дейін дұрыс, таза сөйлеуге үйрету, дұрыс айтылмаған сөздерін дұрыстауға мән беру керек. Бұлай болмаса баланың ойлау қабілеті сөйлеу қабілетінен асып кетеді, нәтижесінде өз ойын айтуына, сөздік қоры мен грамматикалық әдістері жетіспейді. Соңында бала тұтыға бастауы мүмкін. Тұтықпаны жоюды тиімді ұйымдастыру үшін үйде тыныш жағдай жасау керек.
Ұзақ уақытқа дейін баланы қонаққа апаруға болмайды. Осы уақыт аралығында өзінен кіші, мінез – құлқы ұқсас балалармен ойнауы тиіс. Бала сөйлеуі дұрыс қалыптасса, жүйке жүйесінің тынығуына, демалуына мүмкіндік береді. Теледидардан балаға тек қана жас ерекшілігіне сай фильмдер мен бағдарламалар көрсетіп, оның ұзақ уақытқа созылмауы қажет. Сондай – ақ, ең маңызды нәрсе, сол қолымен жұмыс жасайтын баланы оң қолымен жұмыс жасауға мәжбүрлемей, таңдауды өз қалауына қалдыру керек. Тұтықпаны түзеткен соң, қайталанбас үшін соған сай шарттар мен режімді сақтап, қолайлы психологиялық жағдай туғызу керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет