Туризмдегі жарнама түсінігі Нусипова Алтын Усерханова Меруерт



Дата10.10.2022
өлшемі1,61 Mb.
#42240

Туризмдегі жарнама түсінігі

Нусипова Алтын Усерханова Меруерт

Жоспар

  • Жалпы жарнама түсінігі, сипаты, қызметі
  • Туризмдегі дарнама рөлі, жарнама түрлері
  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі, интернет ресурстары

Жарнаманың түсінігі

Жарнама, реклама (франц. reclame, лат. reclamo — жар саламын) — тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу.

Жарнама коммуникация жүйесі


Жарнама көпшілік ақпарат құралдары (теледидар, радио, газет, Интернет, проспектілер, плакаттар, т. б. ) арқылы жүзеге асырылатын коммуникацияның ақылы түрі болып табылады. Кез келген жарнама хабарламалық, болмаса назар аудартушылық сипатымен ерекшеленді.

Жарнама түрлері


Жарнаманың түрлері көп: сату орнындағы жарнама, институционалдық (жақсы пікір қалыптастыру мақсатындағы) жарнама, хабарламалық жарнама, сауда және көлік жүйесіндегі жарнама, көше жарнамасы (плакат, афиша), ауызша жарнама, баспалық жарнама т. б.

Қызмет нарығындағы жарнама


Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша жарнама қызметінің нарығында 788 жарнама агенттіктері тіркелген, ал оның саны Жапонияда 4000–ға жетеді. Қазіргі қоғамда жарнама туралы адамдарда әр түрлі пікірлер қалыптасқан.

Туризм саласындағы жарнама


Жарнама – туризм саласындағы тиімділікті жоғарлатудағы ең маңызды құралы. Туризм қазіргі уақытта сыртқы экономикалық қызметтің жақсы серпінді дамып келе жатқан салалардың бірі болып табылады. Туризмнің ұдайы өсуі біртұтас әлемдік экономикаға әсер етуі сияқты бөлек елдер мен аймақтар экономикасына әсер етуі дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы мен құрылымына жалғасатын күрделі, тұрақты ұзақ мерзімді беталыстардың бірі болып табылады.

“Жарнама өзін өзі ақтайды“


Жарнама науқаны мен құралдарының тиiмдiлiгiн нақты абсолюттi санмен анықтау мүмкiн емес. Осы туралы американдық кәсiпкер Джон Ванемейкер былай дейдi: Менiң жарнамаға жұмсаған ақшаларымның бiрталайы бекерге кететiнiң бiлемiн. Бiрақ оның нақты мөлшерiн анықтай алмадым. Салыстырмалы есеп бойынша жарнама өзiн сонда да ақтайды. Мұнда жарнаманың экономикалық тиiмдiлiгi жарнаманың сату көлемiне тигiзетiн әсерiмен анықталады.

Тауарлық жарнамаға қойылатын талаптар


Тауарлық жарнамаға қойылатын талаптар - туристік өнімге сұранысты құру мен ынталандыру. Бұндай жарнама потенциальдық клиентарды өнімнің артықшылығы мен, өнімді сатып алуға қызығушылық тудырады. Қазіргі туризм әр жыл сайын еңбек етушілерге берілетін демалысқа байланысты туған, сонымен қатар адамдар мен ұлттар арасындағы түсінiсу факторының дамуына септігін тигізеді.

Қазiргi кезде жарнама тарату құралдарының көптеген түрлерi қалыптасқан. Жарнама түрлерi және оны тарату құралдары:


1. Тiкелей жарнама: - пошта хаттары, баспа материалдары; - пошта арқылы видеокассеталар, видеодисктер
2. Баспа жарнамасы: - анықтамалар, каталогтар; - пресс – релиз, баспасөз хабарламасы; - буклет; - анықтама;
4. Хабар жарнамасы: Радиожарнама мен тележарнама:
5. Сыртқы жарнама; - үлкен габариттiк плакат; - газжарығы құрылымдар; - роллер; - мультивизио плакаты; - электронды панносы;
3. Баспасөз жарнамасы: Газеталар мен журналдар

Назарларыңызға рахмет!

  • Ванамакера - Wanamaker's - abcdef.wiki
  • https://ru.abcdef.wiki/wiki/Wanamaker%27s

  • Туризмде қолданылатын жарнамалық құралдар Жарнама реклама
  • https://present5.com/turizmde-%D2%9Boldanylatyn-zharnamaly%D2%9B-%D2%9B%D2%B1raldar-zharnama-reklama/



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет