Улы газдан уланудың белгілері



бет1/2
Дата10.04.2023
өлшемі27,9 Kb.
#81162
түріҚұрамы
  1   2
Байланысты:
Улы газдан уланудың белгілері


Улы газдан уланудың белгілері
Улы газ пайдаланылған газдың улы бөлігі. Көп жағдайда улы газдан улану көмірмен немесе газбен жағылатын пештерді немесе қазандықтарды дұрыс пайдаланбаудан туындайды.
Адамға дер кезінде көмек көрсету үшін мұндай уланудың негізгі белгілерінен хабардар болу қажет. Улы газ иіссіз болатындықтан, тыныс алу ауасының құрамында 0,08%көмірқышқыл газы араласқан кезде адамның басы ауырып, тұншығу белгілері сезіліп, улануы мүмкін. Көмірқышқыл газының концентрациясы 0,32% дейін жоғарылаған кезде сал ауруының белгілері байқалып, есінен тану жағдайлары болады (өлім 30 минуттан кейін келеді).
Концентрация1,2% асқанда 2-3 тыныс алудан кейін адам есінен танып, кемінде 3 минуттан кейін өлімге әкеледі.
Улы газдан улану кезіндегі көмек
Мұндай жағдайда зардар шегушіге дәрігерге дейін көмектің дұрыс көрсетілуі өте маңызды. Ол үшін алдымен уланған адамды таза ауаға шығарып, аяғын сәл көтеріңкі күйде жатқызып, денесін тар киімнен босатып, мүсәтір спиртін иіскетіңіз. Егер адам есін біліп жатырса оған тыныштық және үзіліссіз оттегі қажет, мысалы газетпен желпуге немесе желдеткіш қосуға болады. Ал зардап шегуші дем алмай жатырса, алдымен тыныс алу жолдарын тазалап алып жасанды дем беру қажет. Және де әрине «Жедел жәрдем» қызметін шақырыңыз. Ондай мүмкіндік болмаған жағдайда өмірлік маңызды функциялары қалыпқа келгеннен соң зардап шегушіні емдеу мекемесіне жеткізуге тырысыңыз.
Есіңізде болсын, уланған адамды қауіпті газ концентрациясы бар жерден алып шығу кезінде өзіңіз бірге уланып қалмас үшін бірінші кезекте өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету қажет. Ол үшін тез әрекет етіп, қол орамалы немесе дәке арқылы тыныш алу керек.
Улы газдан уланудың алдын алу
Расында, қарапайым қауіпсіздік шараларын барлығы да біледі. Дегенмен, улану орын алуда. Демек, кейбір адамдар үшін жаттанды әрі баршаға мәлім қағидаларды қайталауғ тура келеді: - тек жарамды жабдықтарды қолданыңыз. Пеш қалауларындағы жарықтар, тазаланбаған түтін тұрбасы сол сияқты «ұсақ-түйектер» ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. - пештер мен каминдерді қағидаларға сәйкес қолданыңыз. Желдету жүйесінің жұмысына жүйелі түрде тексеру жүргізіп, түтін тұрбаларын уақытылы тазалаңыз, пештер мен каминдерді қалауда тек кәсіпқой мамандарға жүгініңіз. - автокқлік иелері, көлікжайда (гаражда) қозғалтқыш бөлігін қосулы күйде жұмыс жасамаңыз.
Құрметті азаматтар! Жоғарыда айтылған ережелерді сақтаған жағдайда, Сіз тұншықтырғыш газбен уланудың құрбаны болмауына әкеледі.

Тамақтан улану, оның алғашқы белгілері мен алдын алу жолдары
Көктем, жаз ай­ларында тамақтан улану­ жиі тіркеледі. Тамақтан, яғни астан улану – тағам арқылы берілетін этиологиясы сан алуан кеселдер тобына жатады. Тамақтан улану - табиғаты микробты және микробсыз болып бөлінетін, ластанған тағамдарды қолдану салдарынан пайда болатын, қарым-қатынас арқылы жұқпайтын ауру. Улану деген не? Жүрек айнуы, құсу, температураның көтерілуі, денедегі ауырсыну және бас ауруы – уланудың негізгі белгілері. Азық-түлікпен улану немесе тамақтан улану – сапасыз өнімдерді пайдаланудан болатын ауыр жағдай. Тамақтан улануға мерзімі өткен сүт өнімдері, нитраттары көп тағам өнімдері, жабық консервілер – бірден-бір себеп. Тамақтан улану кезінде іш ауырады, жүрек айнуы, құсу, іш өту, денедегі әлсіздік болады. Қазіргі уақытта адам кез келген жерден улануы мүмкін. Мысалы, белгісіз құрамды етпен дайындалған фаст-фуд тағамдары, салаттар, бәліштер және шаурма микроорганизмдердің ортасы саналады. Тамақ токсикоинфекциясы, яғни тағамнан улану микроорганизмдері, олар - стрептокококтар, стафилококтар, ботулизм бактериялары, шигеллалар, сальмонеллалар. Сапасыз тағамдар микробтардың көбеюіне, олардың уының пайда болуына жағдай туғызып адамдардың тамақтан улануына алып келеді. Микроорганизмдер сапасыз тамақ ішкеннен кейін, оған түскен микробтарға байланысты уланудың алғашқы белгілері тамақтан кейін бір-екі сағаттан кейін пайда болуы мүмкін, басқа жағдайларда олар қоздырғышқа байланысты 12 және одан да көп сағаттан кейін пайда болады. Уланған адамда жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, жиі (тәулігіне 10-20 рет) іш өту пайда болады. Адамның жалпы көңіл күйі нашарлайды: артериялық қысым төмендейді, пульс жиілейді, температура көтеріледі, кейде естен тану арқылы тырысулар пайда болуы мүмкін. Тамақтан улануды болдырмау үшін тамақтану гигиенасының, тағамды сақтау мен дайындаудың қарапайым ережелерін орындау қажет: - жеке гигиена ережелерін сақтау; - қолды жиі жуу, әсіресе қоғамдық орындар мен дәретханаға барғаннан кейін; - тамақ дайындау кезінде бір рет қолданылатын резеңке қолғапты қолдануға болады; - ас үй ыдысын, плитаны, үстелдің бетін, раковинаны, тақтайшаларды арнайы құралдармен жуу және таза ұстау; - тамаққа қолданылатын өнімдерді өңдеу және сақтаудың барлық ережелерін сақтау тиіс; - жаңа және дайын өнімдерді өңдеу үшін әр түрлі пышақ пен кесу тақтайларын пайдалану керек; - өнімдерді жәндіктер мен кеміргіштерден қорғау. Азық-түлік ашық жерде, еденде сақталмау тиіс; - өнімдерді ауаның түсуінен барынша оқшаулап, ыдысты қақпақпен жауып, ыдыс-аяқ пленкамен жабылу қажет; - қоқыс шелегін дезинфекциялау құралдарымен өңдеп, оны қақпақпен жауып, қоқыстан жиі босату керек; - ұсақ туралған ет пен балықты суда ерітуге болмайды; - барлық жұмыртқаның қабығын хлорамин ерітіндісімен немесе содасы бар жылы сумен жуыңыз. Таза судың мол ағынымен шайыңыз; - жеміс-жидектер мен көкөністерді сірке суы (1 литр суға 3-4 ас қасық) араласқан суға салып, содан кейін ағынды сумен жуыңыз; - қаны бар бифштекстерді, жұмыртқадан жасалған глазунь жемеген дұрыс; - дайын өнімдерді сақтаудың жалпы температурасы – +5 градус; - суық тағамдарды екі тәуліктен артық пайдаланбау керек; - ыстық тамақты екі сағаттан артық сақтамау керек; - тамақты қолмен аз ұстау керек. Тамақтан уланудың алдын алу, олардың салдарларымен күрескеннен гөрі, тамақ сатып алудан бастап тамақтанғанға дейінгі барлық кезеңдерде алдын алу шараларын сақтау, тамақтан улануға жол бермейді. Супермаркетте сатып алуды азық-түлік емес тауарлардан бастаңыз, содан кейін салқындатылған сусындарға және құрғақ өнімдерге өтіңіз. Одан әрі жемістер мен көкөністер бөліміне, содан кейін салқындатылған ет бөліміне барыңыз, гастрономиялық сөреге тоқтаңыз, содан кейін тұтынуға дайын бірнеше өнімдер мен салқындатқыш сусындарды алыңыз. Соңғы кезекте мұздатылған өнімдер мен ыстық өнімдер бөліміне барыңыз. Азық-түлікті арбаға немесе себетке салған кезде, суық және ыстық тамақты, сондай-ақ шикі және дайындалған азық- түлікті бөлек ұстауға тырысыңыз. Азық-түлікті қайдан сатып алсаңыз да, сатушы олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Азық-түлікті сатып алған кезде мынаған назар аударыңыз: - өнімдердің орамасы зақымдалған жоқ па? - жемістер мен көкөністер соғылған емес пе? - жұмыртқалар сынған жоқ па, себебі олар тез бұзылады; - өнімнің орамасына салынған жарамдылық мерзімінің күнін қараңыз. Егер жоғарыдағы қасиеттердің бірі тамағмад болса, микробтардың көбеюіне мүмкіндік туады; – Консервіленген, кептірілген және мұздатылған өнімдерді белгіленген мерзімге дейін ғана қолданылады. Өнімнің сапасы (дәмі, сыртқы түрі және иісі) қолданылу мерзімі аяқталған соң нашарлайды. Тамақтан уланбау үшін азық-түлік сатып алғанда, сақтаған кезде және дайындаған мезетте алдын алу шараларын орындау қажет. Жазда азық-түлік өнімдерінің ластануына үлкен қауіп бар. Себебі шыбын-шіркейлер молаяды, олар микробтарды тасушылар болып саналады және күннің ысуы да себеп. Сатып алынған өнімдерді үйге тасымалдау да үлкен маңызға ие. Жазғы ыстық күндері автомобиль салонындағы температура 30°С және одан жоғары болуы мүмкін. Үйге барған кезде тамақ өнімдерінің бүлінбеу үшін желдеткішті қосыңыз немесе терезелерді ашыңыз, ал оралған өнімдерді күн сәулесінен тыс орналастырыңыз. Өнімдерді ыстық көлікте қалдырмауға тырысыңыз. Жазда өнімдерді тасымалдау үшін автомобиль тоңазытқышын пайдалануға болады. Тағамдарды жылумен өңдеу – тағамнан улануды болдырмаудың бірден-бір жолы. Алайда профилактикалық қауіпсіздік шаралары қаншалықты мұқият сақталса да, азық-түлік өнімдеріндегі микроорганизмдердің болатынын ескеру қажет. Сондықтан қауіпсіздік үшін жеткілікті жылумен өңдеу өте маңызды. Ең жақсы нәтиже пісіру (қыздыру біркелкі және +80°С (өнімнің ішінде) жетеді. Қуыру кезінде жоғары температураға өнімнің бетінде ғана, ал ішінде тек +60°С болуы мүмкін. Котлеттер, ет және балық фаршынан жасалған тамақтар, балық, ет кесектерін маймен 10 минут бойы қуыру қажет, кейін пеште немесе қақпақтың астында 5-8 минут қыздырылады (ет толық дайын болған жағдайда кесек қалыңдығындағы температура +80°С-тан төмен болмауы тиіс, бұл ас ортасын тескен кезде бөлінетін түссіз шырынды көрсетеді).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет