Көздің жедел аурулары (қабақтың, көз алмасының, қасаң қабықтың аурулары, );
Көздің күйіктері (термиялық, химиялық);
Көздің жарақаттары (қабақ пен конъюктиваның жарақаты және бөтен дененің түсуі, көз алмасының, қасаң қабықтың жарақаттары,);
Көздің жарақаттары
қабақ пен конъюктива жарақаты бет, бас сүйегінің жарақатымен қосарланып бірге кездеседі.
Диагностика: қабақ пен конъюктиваның жарақатын анықтау қиынға соқтырмайды. Егер төменгі қабақтың терісі зақымдалмаған болса, онда қабақты саусақпен төмен қарай тартып, конъюктиваның жарақатын анықтайды.
Әрбір көзге 30 % натрий сульфацил (альбуцид) ерітіндісінің 2 тамшысын тамызу керек.
Eкі көзді де таңғышпен байлау керек (егер екі көзді де байламаған жағдайда сау көздің қозғалысы зақымданған көздің қозғалуына және ауырсынуына алып келеді). Тез арада емдеу мекемелеріне жеткізу керек.
Конъюктивальді қапшыққа бөтен дененің түсуі – бұл науқастардың травматологиялық пунктке жиі келетін себептерінің бірі.
Конъюктивальді қапшыққа бөтен дененің түсуі – бұл науқастардың травматологиялық пунктке жиі келетін себептерінің бірі.
Диагностикасы: қабақтың астында «бөтен дененің болу» сезімі, ауырсыну, жарыққа қарай алмауы, көзінен жас ағуы, кейде - көз көруінің нашарлауы.
Көзге бөгде дене түскенде алғашқы көмек
1)Көзді көп мөлшерде таза сумен жуу керек (су барынша бөлме температурасында болғаны жөн). Зақымдалмаған көзге су кірмейтіндей етіп жуу керек.
2)Әрбір көзге 30 % натрий сульфацил (альбуцид) ерітіндісінің 2 тамшысын тамызу керек.
3) Бөгде затты шығара алмаған кезде екі көзді де таңғышпен байлау керек (егер екі көзді де байламаған жағдайда сау көздің қозғалысы зақымданған көздің қозғалуына және ауырсынуына алып келеді). Тез арада емдеу мекемелеріне жеткізу керек.
Көз алмасының жарақаты
Зақымдану тереңдігіне байланысты көз жарақаты тесілген және тесілмеген болып 2-ге бөлінеді.
Диагностикасы: көздің шаншып ауырсыну, «көзге құмның түсіп кетуі» сезімінің болуы, науқастың жарыққа қарай алмауы, көрудің нашарлауы. Объективті: науқастың жарыққа қарай алмауы, көзінен жас ағуы, қабақтың спастикалық жиырылуы. Көзді қарау алдында жансыздандыратын дәріні тамызып алады.
Жедел көмек: жарақат алған жерде көзге ауырсынуды басатын ерітінді және сульфацил натрийдің 20-30% ерітіндісін (альбуцид) тамызу керек. Тасымалдау уақытында ауырсыну қайта мазаласа, ауырсынуды басатын ерітіндіні тамызу қажет. Тездетіп науқасты офтальмологиялық стационарға немесе травмпунктке жеткізу керек.
Қасаң қабықтың жарақаты - тесілуі
Қасаң қабықтың тесілуі склераның тесілуіне қарағанда 2 есе жиі кездеседі. Өйткені қасаң қабық тек қабақтармен қорғалады, ал склера жан-жағынан көз шарасының сүйектік қабырғаларымен қорғалып тұрады.
Диагностикасы: көзінің ауырсынуы, науқастың жарыққа қарай алмауы, көруінің нашарлауы немесе мүлдем көзінің көрмей қалуы.
Жедел көмек: бұлшық етке кең спектрлы антибиотикті егу. Ауырсынуда анальгетик беру. Жарақаттанған көзге асептикалық таңғыш қою. Таңғыш қоймастан бұрын қабақ терісін тазалап, 1% бриллиант көгінің ерітіндісімен сүртеді. Науқасты зембілмен жедел түрде офтальмологиялық стационарға тасымалдау. Науқас жарақат алған бүйірімен жату керек.
Қабақтың термиялық күйігі
Беттің күйген кезінде болады.
Жедел көмек: анальгетиктерді қолдану, күйген жерді 1% бриллиант көгінің ерітіндісімен тазалайды. Егер тек қана қабақтың күйігі болса, онда науқасты офтальмологиялық стационарға жеткізу. Ал қабақтың күйігімен қатар, дененің басқа да жерлері күйген болса, науқасты күйік орталығына жеткізу.
Көздің термиялық күйігі
Көздің ыстық нейтральді сұйықтықтармен, ыстық ауа немесе бумен күюі.
Жедел жәрдем: анальгетиктерді қолдану, 0,5% дикаин, 4 % новокаин, немесе лидокаин ерітінділерін, сульфацил натрийдің 20-30% ерітіндісін (альбуцид) тамызу керек. Жедел түрде офтальмологиялық стационарға жеткізу.
Қабақтың химиялық күйігі
Қышқылдар мен сілтілер әсерінен дамиды. Әдетте бет күйген кезде болады.
Жедел көмек: анальгетиктерді қолдану, қышқылмен күйген жерлерді сода ерітіндісіне малынған жұмсақ тампонмен тазалау. Сілтімен күйген жерлерді 2 % бор қышқылымен тазалау. Егер тек қана қабақтың күйігі болса, онда науқасты офтальмологиялық стационарға жеткізу. Ал қабақтың күйігімен қатар, дененің басқа да жерлері күйген болса науқасты күйік орталығына жеткізу керек.
Көздің химиялық күйігі
Көзге қышқыл мен сілті ерітінділерінің немесе ұнтақтарының түсуінен дамиды.
Диагностикасы: көздің қатты ауыруы, жарыққа қарай алмауы, көздің көруінің нашарлауы. Қасаң қабықтың лайлануы (помутнение).
Жедел көмек: Бірінші көзден ұнтақ химиялық затты құрғақ мақтамен алып, содан кейін көзді жуу керек. Ал сұйық химиялық ерітіндімен күйген кезде барынша көзді тез жуу керек.
Көздің химиялық күйігінде алғашқы көмек
Қабақты абайлап саусақпен ашып, көзді көп мөлшерде таза сумен жуу керек ( су барынша бөлме температурасында болғаны жөн). Су мұрыннан көздің сыртқы бұрышына қарай ағатындай етіп жуу керек.
Eкі көзді де таңғышпен байлау керек (егер екі көзді де байламаған жағдайда сау көздің қозғалысы зақымданған көздің қозғалуына және ауырсынуына алып келеді). Тез арада емдеу мекемелеріне жеткізу керек