«univer» жүйесіне арналған пайдаланушы нұсқаулығы Жүйеге кіру үшін



Дата15.02.2023
өлшемі371,53 Kb.
#68200

«UNIVER» жүйесіне арналған пайдаланушы нұсқаулығы
Жүйеге кіру үшін:

  1. Компьютерден браузерді ашыңыз (Google Chrome, Mozilla Firefox, Opera немесе басқалары).

  2. Мекен-жай жолында «UNIVER» жүйесінің сілтемесін https://univer.arsu.kz енгізіңіз (1-сурет).




1-сурет. Мекен-жай жолына жүйені теру

Тағы бір әдіс, университеттің ресми сайтының (http://zhubanov.edu.kz) төменгі жағында «UNIVER» жүйесіне сілтеме орналасқан (2-сурет).





2-сурет. Ресми сайтта орналасқан сілтеме



  1. Осы әрекеттің нәтижесінде сізге авторизациялану беті ашылуы керек.

Авторизация


Жүйеге кіру үшін сіз авторизациядан өтуіңіз керек. Ол үшін «Авторизациялану» бетінде (3-сурет):

  1. Тиісті өрістерге логин мен парольді енгізіңіз;

  2. Жүйеге кіру батырмасын басыңыз.


3-сурет. Пайдаланушының авторизациялану беті
«UNIVER» жүйесіне бірінші рет кірген кезде парольді өзгерту қажет болады. Авторизациялану бетінің оң жағында сіз қауіпсіздік саясатын көресіз, оны мұқият оқып шығыңыз (4-сурет).
Назар аударыңыз! Ағымдағы пароль – ол сіздің уақытша пароліңіз.

4-сурет. Парольді ауыстыру беті
Егер сізде әлі логин мен пароль болмаса немесе логин мен парольді ұмытып қалсаңыз, авторизациялану бетінің оң жағында орналастырылған ақпаратты оқыңыз (3-сурет).
Жаңа парольді сақтағаннан кейін жүйе автоматты түрде сізді «Авторизациялану» бетіне бағыттайды. Сізге қайтадан кіру керек, бірақ жаңа парольмен.


Тестілеу бойынша нұсқаулық

  1. Өзіңіздің жеке парағыңызда «Бакалавр» сілтемесі бойынша өтіңіз.

  2. Ашылған терезеде «Тестілеу түрі» бөлімін таңдаңыз.

  3. Тізімнен өзіңізге қажетті дисциплинаны таңдап (2 рет шерту арқылы), тест тапсыра аласыз (5-сурет).


5-сурет. Тест тапсыру қадамы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет