Успала – Швецияны ежелгі астанасы Стокгольмнің солтустік-батысында Швецияның бұ-рынғы астанасы – Успала каласы орналаскан. Ол астана мәртебесін 1523 жылға дейін сактады, казіргі уақытта - Упсала елдің әкімшілік орталығы.
Қаланың негізі XII ғасырдың бас кезінде каланды, оның орнында Эстра-Арос аталган (швед тілінен аударғанда «Өзеннің шығыс сағасы» деген мағынаны білдіреді) шағын қоныс болған. 1273 жылы Эстра-Ароста архиепископтың резиденциясы орналасты. 1280 жылы кала казіргі атауын алды, Упсала шамамен "саладағы жоғарғы қоныс" деген мағнаны білдірді. ("сала" - «таулы» деген сөз). XIII ға-сырдың соңынан XVIII ғасырдың бас кезіне дейін Усалада мемлекеттік манызы бар коптеген шаралар: Швеция билеуші топтарының жиналыстары, швед монархтарының таққа отыру салтанаттары, т.б. өткізілді.
Қазіргі қаладан сәл солтустікке қарай орналасқан ескі Упала ежелгі діни әдет-ғұрып орталығы болды. Мұнда XII ғасырдын бас кезінде салынған ескі швед соборының кұландылары әлі күнге дейін бар. Қаланың бұл бөлігін- де швед корольдерінің ежелгі сарайлары орналасқан. 1245 жылы Ескі Упсала күшті өрттін нәтижесінде жойылды.
XIII-XVII ғасырларда Упсалада бүгінгі күндері ескі заманның ескерткіштері болып танылған өте көрнекті архитектуралық құрылыстар бірінен кейін бірі пайда бола бастады. Мысалы 1260 жылы Скандинавия түбегіндегі ең ірі католиктік готикалық собордың құрылысы басталып, ол 1435 жылы аяқталды. Бұдан сәл ертерек роман стилінде жобаланған Бондчюрка шіркеуінің негізі қаланды. Қалалық замок 1540 жылдан бастап тұрғызыла бастаған, бұл ерекше әсер қалдыратын құрылысты архитекторлар - Ф.Парр мен Г.Вас салдырды.
XIV ғасырдын өзінде қалада сауда тез қарқынмен дами бастады, тура осы Упсалада бүкіл Швециядан саудагерлер келетін жерменкелер өткізіліп тұрды. 1477 жылы бұрынғы швед астанасында елдегі бірінші университет ашылды. 1620 жылы барокко стилінде орындалған және "Густавиа-нум" деген атақ алған университеттің орталық ғимараты пайда болды (қазір мұнда мұражай орналасқан).
Ампир стиліндегі ғимараттар салу XIX ғасырда кең құлаш жайды. Упсаладағы мұндай архитектуралық құрылыстардың неғурлым жарқын өкілі 1819-1826 жыл- дары архитектор К.Сунвалльдың жобасы бойынша са- лынған университет кітапханасының ғимараты болып табылады. Упсаланың архитектуралық бет-бейнесінде осы уакытқа дейін ескі қалалық жобалау элементтері жаксы сақталған.
XIX ғасырдың соңы ХХ ғасырдың бас кезінде Упсала Швециядағы консерваторлық саяси топтардың тірегі болды. XX ғасырда қала өнеркәсібі жедел қарқынмен дами бастады. Мұнда машина жасау, тамақ, дәрі-дәрмек жасау кәсіпорындары салынды. Осы уакытқа дейін қыш бұйымдар өндірісі көпке танылып отыр.
Бугінті куні Упсала қазіргі заманғы Швецияның ірі өнеркәсіп, мәдени және университеттік орталығы болып табылады. Қалада этнографиялық және өлкетану мұра-жайлары, Дисагорден архитектуралық мұражайы, Упсалада тұрып, еңбек еткен белгілі ғалым Карл Линнейдің уй- мұражайы (бұл қалада оның мазары да бар), ботаникалық бақ, астрономиялық обсерватория ашылды. Университет кітапханасында 250 мыңнан аса баспасөз басылымдары мен 7000-нан астам көне қолжазбалар бар.