ВЕСТНИК ЖГУ им. И. Жансугурова № 1 / 2012
58
Біздіңше патриотизм – ол өзінің туған жеріне, ана тіліне, мемлекетке деген
сүйіспеншілік сезімі, сол мемлекеттің, Отанының гүлденуіне, өсіп өркендеуіне өз
үлесін қосу, қызмет ету.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Нұрғалиев Р.Н., Ақмамбетов Ғ.Ғ., Әбдилдин Ж.М., т.б. Философиялық сөздік.
Алматы, 1996ж. - 525 б.
2.
Педагогикалық энциклопедиялық сөздік. - Алматы, 1986 ж. 291-б.
3.
Аймауытов Ж. Психология, - Алматы: Рауан. 1995. - 312 б.
4.
Сейталиев Қ. Педагогика тарихы, - Алматы: Білім, 2008. - 416 б.
УДК 378.18
І.М. Розакова, Г.К. Тлеуова
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің колледжі
ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕРДЕ ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
В статье рассматриваются вопросы использования новых инновационных технологий в
обучении
социально-гуманитарным
дисциплинам.
Анализируется
различные
методы
преподавания. Использования новых технологий расширяет возможности демократизации и
гуманизации учебно воспитательного процесса.
Using et innovational technologies in teaching social- humanitarian disciplines are
observed in the article. Pifferent methods of teaching are analyzed. The usage of new technology
expend the possibilities of democratization and humanization of teaching upbringing process.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңында “Білім беру жүйесінің басты
міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттың құндылықтары мен практика жетістіктері негізінде
жеке адамды қалыптастыруда кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті
жағдайлар жасау; білім алуда жаңа технологияларды енгізу; білім беруді ақпараттандыру,
халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу” делінген. Бұл міндеттерді шешу
үшін педагогикалық ұжымдардың ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру
өзгерістерге батыл жол ашатындай тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттілігі
туындайды. Сондықтан, әрбір оқытушы өз іс-әрекетінде қажетті өзгерістерді, әртүрлі
тәжірибелер жинауды мағлұматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс
пайдалана білуі керек.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында: «Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын
арттыру, қарқынды ғылыми зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді
дамыту, білім беру мен ақпараттық технологияларды жетілдіру болады» деп атап
көрсетілген.[1] Бұл бүгінгі таңда білім беру саласында білім мазмұнын жаңаша мазмұнмен
тереңдету негізінде кәсіби мамандар даярлаудағы негізі мәселелердін бірі. Аталған
мәселелерді дұрыс шешу болашақ маманның орта кәсіптік оқу орындарындағы кәсіби
сапалы білім алуынан туындайды. Сондықтан да, болашақ маманды кәсіби даярлауда жаңа
педагогикалық инновациялық технологияларды қолдану – орта кәсіптік оқу орындарында
әрбір оқытушыға қойылатын негізгі талаптардың бірі.
Инновациялық технологиялар білімгерлердің кәсіби-шығармашылық қабілетін,
дүниетанымын, танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған. Ал инновациялық
технологиялардың мақсаты мен мазмұндық сипаттамасын жетік меңгерген оқытушы
бәсекеге қабілетті, білімді, білікті мамандарды даярлай отырып, олардың жеке тұлғалық
ВЕСТНИК ЖГУ им. И. Жансугурова № 1 / 2012
59
қадір-қасиетін қалыптастырып, өз пәнінің қоғам талабына сай дамуы мен бағалануына қол
жеткізеді.
Заманның қарқынды дамуына байланысты білім беру жүйесінің алдында жаңа
міндеттер жіктеліп отыр. Ол-осы жаңа әдіс-тәсілдер арқылы берілетін білімді игеретін
білімгер тұлғасын қалыптастыру. Оларды дайындау үшін бүгінгі бар дидактикалық
мүмкіндіктерді, жаңашыл әдіс-тәсілдерді, идеяларды мүмкіндігінше кенінен пайдаланған
дұрыс.
Ең алдымен “технология” терминіне түсінік беріп алайық. “Технология” гректің
“techno”-өнер, шеберлік бірліктің және “logos”-ғылым сөзінен шыққан екен. Ендеше
технология-бұл: “Белгілі бір өнімді шығарғанда, соны шығару мен өндеудің жағдайларын,
қасиетін, түрін, формасын өзгерту шеберлігі мен біліктілік өнерінің қоспа бірлігі”. Енді осы
терминді біздің білім беру саласына қарай аударатын болсақ, бұл терминнің жаңа үш
мазмұны келіп шығады, олар: “педогогикалық технология”, “білім беру технологиясы”,
”оқып, үйрену технологиясы”.[2]
Негізінен, бізге әдебиеттерден: дамыта оқыту технологиясы; модульдік оқыту
технологиясы; ірі блоктік оқыту технологиясы; перспективалық-озық оқыту технологиясы;
мәселелік оқыту технологиясы; ойын арқылы оқыту технологиясы; оқу материалының
сызбалық және белгілік модельдерінің негізінде жеделдетіп оқыту технологиясы; жекелеп
оқыту технологиясы; сынып ішіндегі саралап оқыту технологиясы; дебат (ой бөліс) оқыту
технологиясы; педагогикалық технологиясы; т.б.
Қазіргі кезде білім беруүрдісінде елуден астам әр түрлі технологиялар пайдаланып
жүргендігі туралы ақпарат белгілі.
Оқыту практикасында денгейлеп оқыту технологиясы үлкен мақсатты көздейді.
-
әрбір оқушыға өзінің даму деңгейіне сәйкес келетін оқу материалын меңгеруді
қамтамасыз ету;
-
оқушының ойлау, елестету есте сақтау дағдысын дамыту;
-
оқушының белсенділігін, білім сапасын көтеру;
-
әр оқушының дамуын қадағалайтын педагогикалық мониторинг құруға мүмкіндік
беру;
-
оқушыға ең төменгі деңгейдегі тапсырманы орындап, келесі деңгейге
көшіп, өз қабілетіне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасау т.б.
Деңгейлеп оқыту әдісі біздің колледжде кеңінен қолданып жүрген әдістердің бірі.
Оқыту бірнеше деңгейде өткізіледі.
Бірінші оқу деңгейінде оқушы жаңа материалдың тақырыбын түсінуге арналған
тапсырмаларды орындайды.
Алгоритмдік деңгейде өткен материалдармен салыстыра отырып, жаңа материалдың
өзіндік ерекшелігін тануға жетелейді және өткен материалды еске түсіріп, жаңа тақырыпты
тереңірек меңгеруге арналады.
Ізденімдік деңгейде оқушы өзіндік ізденісі арқылы жаңа материалдың қыр-сырын
тануға арналған материалды менгереді.Білімгердің алдына проблемалық мәселе қойылып,
оны өздігінен шешуге арналған тапсырмалар беріледі.
Ең жоғары шығармашылық деңгейде білімгер жасампаздық жұмыспен айналысады.
Өз бетінше шығармашылықпен айналысады. Қоғамдық пәндерді оқыту барысында
деңгейлеп оқыту технологиясы дәріс барысында, жаңа тақырыпты меңгеру барысында
кеңінен қолданылады.[3]
М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясының ерекшеліктеріне тоқталсақ:
-
оқыту материалдарын белгілі бір жүйеге келтіріп, тірек-сызба арқылы түсіндіріледі;
-
жаңа тақырып бойынша алған білімдерін бекіту, еске түсіру, қайталау және алған
білімдерін өмірде қолдана білу дағдылары қалыптасады;
-
оқушылардың білімге қызығуы және бірлесе отырып жұмыс жүргізу үрдісінде
ұйымшылдығы артады;
ВЕСТНИК ЖГУ им. И. Жансугурова № 1 / 2012
60
-
оқушылар бұрыннан алған білімдерін тереңдетуге мүкіндік алады;
-
оқушылар алған, жинақтаған білімдерін қорыта келіп, өз бетімен шығармашылық
тұрғыда зерттеу жұмысын жасауға дағдыланады.
Оқытудың әртүрлі инновациялық технологиялары оқу процесіне еніп отыр. Әрбір
технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдерінің ерекшеліктеріне қарай оқытушы өз ізденісі
арқылы жеке студенттің қабылдау деңгейі мен қабілетіне сәйкес іріктеп пайдаланылады.
Соның бірі Джордж Соростон «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды
дамыту» технологиясы. Бұл технологияның тиімділігі біріккен іс-әрекетті ұйымдастыра
отырып, студенттердің сын тұрғысынан ойлау мен жазу дағдысын қалыптастыру. «Сын
тұрғысынан ойлауды дамыту ол сынау емес, шындалған ой. Білімгер өз ойын сын
тұрғысынан ойлап, дәлелдеуге тырысады, ой-өрісін кеңейтеді, еркін ойлай отырып, келе-
келе түсіндіргеннен гөрі, ізденімпаздық пен қызығушылық танытып, шығармашылық
қабілеттері ұшталады.
«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» - оқушылардың терең ойлау, сынап ойлау
деңгейіне жеткізетін шындалған ойлау әрекетін қоғамдық-гуманитарлық пәндерде
пайдалану өте тиімді. Бұл бағдарламаның ғылыми негізінде Ж.Пиаже, Д.Дьюй,
Л.С. Выготский еңбектері алынған.[4]
Д.Дьюй ілімдері төмендегілерді негізге алады.
-
Балаға жоғарыдан қысым көрсетудің орнына оны дамыған тұлға ретінде
қалыптастыру.
-
Оқытушы білімгерге дайын білім емес, сол білімді өз бетінше оқып-үйрену
жолдарын көрсетуі қажет.
-
Оқытушы білімгердің бойында ерік пен өзін-өзі басқарудағдыларын
қалыптастыру.
-
Оқытушы мен білімгер қарым-қатынасы адамгершілікке, гуманизм мен
ынтымақтастыққа негізделуі керек.
Сыни тұрғыда ойлау технологиясы қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, ой-
толғаныс кезеңдерінен түзіледі.
Қызығушылықты ояту. Үйрену процесі бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан
құралады. Үйренушіжаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен
толықтырады, кеңейте түседі. Осы кезеңде «миға шабуыл», «топтау», «түртіп алу», «жұпта
талқылау», «болжау», «әлемдішарлау» сияқты элементтер қолданылады. Қызығушылықты
ояту кезеңінің тағы бір мақсаты- білім алушының белсенділігін арттыру. Білімгер өз
білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көшірмесімен бөліседі, топта талқылайды.
Осылайша шындалған ойға бірте-бірте қадам жылжиды. Білімгер бұл кезеңде жаңа білім
жайлы ақпарат жинап, оны байырғы білімімен ұштастырады.
Мағынаны ажырату. Бұл кезеңде білімгер тақырып бойынша жұмыс істеп, тапсырмалар
орындайды. Бұл жерде көмек беретін INSERT жүйесі. Ол бойынша тақырыппен танысу
барысында белгілер қойып отырып білімді жүйелейді.
V- білемін
- мен үшін түсініксіз
+ мен үшін жаңа ақпарат
? мені
таң қалдырады
INSERT- оқығаннан түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды
құрал.
Ой - толғаныс. Бұл технологияның үшінші кезеңі. Білімгерлер өз ойларын, өздері байқаған
ақпаратты өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда білімгерлер әсерлі түрде ой алмастыру, ой
түйістіру, қателерін тауып үйренеді.Осы кезеңде тиімді етуге лайықталған «Венн
диаграммасы», «Еркін жазу», «Т кестесі», «Эссе» галереяны шарлау сияқты технологиялар
қолдану өте тиімді. Сыни тұрғыда ойлау технологиясы 60 жуық әдіс-тәсілдерден тұрады.
ВЕСТНИК ЖГУ им. И. Жансугурова № 1 / 2012
61
Оның әрқайсысын болса да қоғамдық пәндерді оқыту барысында тиімді пайдалануға
болады. Сыни тұрғыда ойлау технологиясын пайдаланып өткізген сабақтар дәстүрлі
сабақтарға қарағанда оң өзгерістер береді, білімгерлердің пәнге қызығушылығын оятады,
білім сапасын көтереді.[5]
Қоғамдық пәндердіоқыту барысында кеңінен қолданылатыны оқытудың интерактивті
әдістері. Соның ішінде: топтық жұмыс, ой шабуылы, рөлдік ойын, сарапшы топтардың
пікірталасы, жоба жасау, сұхбат, интерактивтітақта, презентация, слайдтар, әртүрлі көмекші
құралдар т.б. Міне бұл әдістерді қолданғанда білімгерлер мейлінше белсенділік танытады,
сол себептен әдістер де интерактивтіболып табылады. Егер де сабақ үстінде білімгерлер мен
оқытушылардың арасында тығыз қарым-қатынас байқалса, онда оқытуды біз интерактивті
деп атаймыз. Әдетте, мұндай қатынас білімгерлер әлдебір мәселені талқылап, соның
шешімін табуға тырысқан кезде байқалады. Бұл жерде білімгерлердің жауаптарынан гөрі
мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңыздырақ. Себебі, интерактивті оқытудың басты
мақсатының өзі сол білімгерлердің өз бетінше ой қорытып, жауап таратуға үйрету. Білім
берудегі интерактивті технология бірін-бірі толықтыратын және барлық оқушылардың
қатысуын қадағалайтын, ұйымдастыратын оқыту технологиясы.
Интерактивті технология әдісімен оқығанда білімгерлердің
-
еркін ойлауына мүмкіндік беріледі;
-
жан- жақты ізденушілігін арттырады;
-
ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді;
-
шығармашылық белсенділігін арттырады;
-
ақыл-ойын дамытады;
-
тіл байлығын жетілдіреді.
Интерактивтітехнологияның жеделдетіп дамуына байланысты тақтаның түрлері де, оның
типтері күннен күнге даму үстінде.
Жаңа технологияларды меңгеру білімгерді интеллектуалды, кәсіптік адамгершілік,
рухани азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді,
өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Сабақта
қолданылатын әдістер көмегімен жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыған, шығармашылық
ойлау білімі менгеріледі. Бұл проблемаларды шешуде жаңа технологиялардың атқаратын
орны бөлек. Болашақта өркениеттіелдердің жоғары технологиясын менгерту, дүниежүзілік
білім кеңістігіне шығу- бүгінгі күннің мақсаты.
ӘДЕБИЕТТЕР
1
Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы,
Астана, 2004.
2
Нұрахметова Н.Н. «Оқыту технологиялары», 2005 .
3
Битибаева К.О. Эффективные методы обучения. Алматы, 1997.
4
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқуды, жазуды дамыту технологиясының әдістемесі,
Алматы, 2004 ж.
5
Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Алматы, 2003.
Достарыңызбен бөлісу: |