Вакуумдық электроника электрондық лампалар, вакуумдық фото элементтер мен фотоэлектрондық құрылғылар, рентген түтікшелер,газразрядтық аспаптарды жасау, оларды қолдану; шала өткізгіш (қатты денелік) электроника
Диод - екі электродты, электр тогының бағытына байланысты әр-түрлі өтімділігі бар электронды аспап. Бір р-n өтпесінен тұратын және екі шығысы (сыртқа жалғанатын екі ұшы) бар нәрсе жартылай өткізгішті диод деп аталады.n — типті және p — типті екі жартылай өткізгіштерді бір — бірімен қоссақ, онда диод деген құралды аламыз. Бұл екеуін диодтың екі электроды деп атайды. Олар оң таңбалы анод пен теріс таңбалы катод. Диодтың ашық және жабық кездері болады. Ашық күйінде ол токты жақсы өткізеді де, жабық күйінде нашар өскізеді, тіпті өткізбейді деп айтуға болады. Егер де батереяның оң полюсын диодтың анодымен,ал теріс полюсын катодымен қоссақ, онда диод арқылы ток жүреді. Диодқа тура кернеу бергенде ток бірден көтеріледі. Яғни, диод ашылады.
Электрон (лат. electron, гр. elektron – янтарь) – бірлік теріс электр заряды бар е=(1,6021917x0,0000070)x1019, тыныштықтағы массасы me0= (9,109558x0,000054)x1031 кг-ға тең орнықты элементар бөлшек.
Электроника дегеніміз электрвакуумдық, иондық, шала өткізгіштік және кванттық (лазер) аспаптар мен құрылғылардың құрылымының техникалық және технологиялық ерешеліктерімен, жұмыстау принциптерімен шұғылданатын ғылым мен техниканың бір саласы.
Микроэл 5 саласы:вакуумдық электроника электрондық лампалар, вакуумдық фото элементтер мен фотоэлектрондық құрылғылар, рентген түтікшелер,газразрядтық аспаптарды жасау, оларды қолдану;
шала өткізгіш (қатты денелік) электроника ауысымды шала өткізгіш диодтар мен транзисторлар, өрістік транзисторлар, интегральдық сүлбаларға негізделген микроминиатюрлік қондырғыларды жасау, оларды қолдану;
оптоэлектроника фоторезистор, фотодиод, фототранзистор, күн батарейлері, фотоэлементтер мен фотоэлектрондық құрылғыларды жасау, оларды қолдану;
кванттық электроника лазер, лазерлерді жасау, оларды қолдану;
наноэлектроника бұл шешілмеген мәселелері көп, болашағы зор электрониканың жаңа саласы.
Электрондық құрылғыларды миниатюрлеу-микроминиатюрліқ электрондық құрылғылардың барлық элементтері немесе олардың бөліктері өзара электрлік байланыс жасайтын, бөлшектенбейтін бір тұтас блок-сұлба түрінде жасалады. Электрониканың бұл саласын микроэлектроника деп атайды.
Транзистор (transfer - тасымалдаужәне resistor - кедергіш) — электр тербелістерін күшейтуге, оларды тудыруға және түрлендіруге арналып жартылай өткізгіш кристалл негізінде жасалған электрондық құрал.
Ең бірінші транзистор алтын фольгасына оралған үшкір пластиктен, аз мөлшерде германийден тұратын. Көпшілік те, ғалымдар да бұл нәрсенің қалай істейтінін түсіндіре алмады, ол құрал арқылы тек радио тыңдады.
Алғаш өріс эффектсіне негізделген транзисторге патентті Канадада Julius Edgar Lilienfeld 1925 жылы 22 қазанда тіркеді. Бірақ ол өзінің құрылғысы туралы мәлімет таратпағандықтан, жетістігі ескерілмеді. Кейін, 1934 жылы неміс ғалымы Oskar Heil өріс эффектсіне негізделген басқа тразисторге патент алады.1947 ж. 16 желтоқсан Уильям Шокли (William Shockley), Джон Бардин (John Bardeen), Уолтер Брэттэйн (Walter Brattain) істейтін транзистор жасағандығы туралы хабарлады. Бұл кезде олар Bell Labs. -та істейтін еді.Bell Labs. патент алып, нарыққа шығады. Бірақ Bell Labs. барлық қиындықтарды жеңе алмай, 1952 жылы транзисторға патентті сатып жібереді. Сол уақыттан бері транзисторлар барлық жерде таралды