Вакуумдық электроника  электрондық лампалар, вакуумдық фото элементтер мен фотоэлектрондық құрылғылар, рентген түтікшелер,газразрядтық аспаптарды жасау, оларды қолдану; шала өткізгіш (қатты денелік) электроника


Транзистор өрістік (униполярлы) және биполярлы деп бөлінеді



бет2/3
Дата27.11.2023
өлшемі115,62 Kb.
#128988
1   2   3
Транзистор өрістік (униполярлы) және биполярлы деп бөлінеді.
Өрістік (арналық) транзистор – жұмыстық токтың өзгеруі кіріс сигналы тудыратын, оған перпендикуляр бағытталған электр өрісі әрекетінен болатын транзистор. Өрістік транзисторларда кристалл арқылы өтетін токты тек бір таңбалы заряд тасушы – электрон немесе кемтік тудырады. 
Өрістік транзисторлар әдетте кремний немесе галий арсениді негізінде жасалады. Олардың тұрақты ток бойынша кірістік және шығыстық кедергілері жоғары, инерциялығы төмен, жиіліктік шегі жоғары болып келеді. Өрістік транзисторлар байланыс, есептеуіш техникаларында, теледидарда шусыз, қуатты және ауыстырып-қосқыш (кілттік) ретінде қолданылады. Металл-диэлектрик-шалаөткізгіш (МДШ) құрылымды өрістік транзисторлар интегралдық сұлбаларда кеңінен қолданылады.
Биполярлы транзисторлар үш кезектелген электрондық (п) немесе кемтіктік (р) өткізгіштік облыстардан тұрады. Олар р-n-р және n-р-n типті болып ажыратылады. Биполярлы транзистордың ортаңғы облысы база, қалған екеуі эмиттер және коллектор деп аталады. База эмиттер мен коллектордан тиісінше эмиттерлік және коллекторлық р-n ауысуларымен бөлінген. Биполярлық транзистордың жұмыс істеу принципі база арқылы өтетін негізгі емес заряд тасушылардың ағынын бақылауға негізделген. Эмиттерлік ауысу тура бағытта ығысқан және ол негізгі емес заряд тасушылардың инжексиясын (итерілуін, ендірілуін) қамтамасыз етеді, ал коллекторлық ауысу кері бағытта ығысқан, ол эмиттер итерген негізгі емес заряд тасушыларды жинап алуды қамтамасыз етеді. Биполярлық транзисторлар негізінен электр сигналдарын өндіруге, күшейтуге арналған.
Диффузия (лат. dіffusіo – таралу, жайылу) – нақтылы дене бөлшектерінің жылулық қозғалыстарға ұшырай отырып, сол дене концентрациясының селдір аудандарына қарай жылжуы; молекула олардың жылулық қозғалысы салдарынан шекаралас орналасқан әртүрлі заттардың бір-біріне өту құбылысы.
Әрбір сигналды түрлендіруге арналған жеке дара кірісі бар құрылғы шифратор деп аталады. Шифратордың шығысында кіріс сигнал мәніне сәйкес код қалыптасады. Кәдімгі жағдайда кіріс саны 2n-1, ал шығыс саны n-ға тең болады. Кірістің біреуінде логикалық «1» пайда болады. Шифратор шығысында кірісте берілген сигналға сәйкес келетін екілік сигналдар комбинациасын туғызады.
Әр мезетте кірістің біреуінде ғана бірлік пайда болады. Бірнеше кіріс сигналын бір мезгілде белсендіруге болмайды. Өйткені, бұл жағдайда шығыс сигналдарының жиынтығы қате кодты көрсетеді.
Кода деп әр түрлі ақпараттарды қабылдау, түрлендіру үшін қолданатын электрлік сигналдар жүйесін айтады. Электрондық есептеу техникаларында сигналды логикалық 0 және 1 символдары арқылы сипаттайтын екілік және екілік–ондық кодаларын пайдаланады.
Әртүрлі кодалық комбинацияларды (сөз) шешуге арналған құрылғыны дешифратор (декодер) деп атайды. Әрбір сөзге дешифратордың шығыстарының біреуінің «1» символы сәйкес келеді. 1.1 суретте төрт разрядты екілік сандарды 0 ден 9 ға дейінгі ондық сандарға түрлендіретін дешифратордың шартты белгісі көрсетілген.

Жалпы дешифратор кең құрылыс тапқан логикалық құрылғылардың бірі.Оны әртүрлі комбинациялық құрылғыларды құру үшін қолданады.Дешифратордың шығысына ИЛИ логикалықэлементін қосу арқылыез келген логикалық функцияларды атқаруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет