117
№ 4(133)/2020
ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева.
Серия Исторические науки. Философия. Религиоведение
BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. Historical Sciences. Philosophy. Religion Series
С.К. Самашев
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,
Нұр-Сұлтан, Қазақстан
(E-mail: ssamashev@gmail.com)
ХҒТАР 03.41
Оғыз таңбалары
Аңдатпа. Тарихы VIII–XIII ғғ. қамтитын оғыздар қазіргі түркі халықтарының этни-
калық қалыптасуына зор ықпалын тигізген. Жиырма төрт рудан құралған оғыз тайпа-
сы ортағасырлық Еуразия даласының түркілену үдерісіне себепші болған. Әзірше Жеті-
су, Сыр бойы және Батыс Қазақстаннан табылып отырған оғыз таңбаларының басқа да
түркі халықтары қоныстанған жерлерден кездесуі осының дәлелі.
Бүгінде оғыз таңбалары көптеген отандық және шетелдік зерттеушілердің назарында
болғанымен, көбіне оның шежіретанушылық, мәдениеттанушылық қырлары талданып
жатады. Негізінде таңбаларды толыққанды дерек ретінде қабылдайтын болса, олардың
көмегімен оғыз тайпаларының таралу жағырафиясын нақтылау, саяси-экономика-
лық белсенділігін таразылау, түркі халықтарының өзара туыстық жақындықтарын
анықтау сынды Қазақ даласының ортағасырлық тарихына қатысты бірқатар мәсе-
лерді шешуге болады.
Мақалада оғыз таңбаларының түрлі деректерде келтірілген айырмашылықтары мен
ұқсастықтары, түркі әлеміндегі параллельдігі және зерттелу деңгейі кеңірек қарасты-
рылған. Алдын-ала зерттеу нәтижелері қазақ, түрік, әзірбайжан, түркімен, қырғыз, та-
тар, ноғай, башқұрт халықтарының арасында (ескерткіштерінде) оғыздың руларының
таңбалары күні бүгінге дейін сақталғанын көрсетіп отыр. Бұл аталған халықтар қоны-
станған аймақтардың оғыз таңбаларының таралу уақыттарында белгілі бір дәрежеде
түркі бірлігінде/түркі иелігінде болғанын байқатады.
Достарыңызбен бөлісу: |