Вестник Казнпу имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №1(43), 2015 г



жүктеу 3.11 Mb.
Pdf просмотр
бет12/18
Дата21.03.2017
өлшемі3.11 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18

Түйін сөздер: мультимедиа, компакт дискі, интернет, иллюстрация, инновация, компьютер, модель, интерактивті 

құралдар, медиаоқыту, коммуникация 



 

Елбасының  «Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан»  атты  жолдауында:  «Біз  бүкіл  еліміз  бойынша  әлемдік 

стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек»десе, «Қазіргі заман-

да жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте 

қажет»  деп,  Елбасы  атап  көрсеткендей,  жас  ұрпаққа  білім  беру  жолында  ақпараттық  технологияны  оқу 

үрдісінде  оңтайландыру  мен  тиімділігін  арттырудың  маңызы  зор.  Елімізде  болып  жатқан  өзгерістер 

химия  саласын  оқытуда  да  түбегейлі  өзгерістер  әкелді,  бұл  өз  кезегінде  ақпараттандыру  құралдарын 

пайдаланумен химия білімін оқытудың қазіргі заманғы бағдарламасын жасауды талап етеді. 

Ақпараттық-коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан –жақты білім алуына, іскер әрі 

талантты,  шығармашылығы  мол,  еркін  дамуына  жол  ашатын  педагогикалық,  психологиялық  жағдай 

жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.  

Қазақстанда  оқыту  ісін  ақпараттандыру  білім  беру  сапасын  көтереді,  студенттердің  әдістемелік  өсу 

деңгейін  қамтамасыз  етеді.  Орта  арнаулы  оқу  орындарында  болашақ  мұғалімдерді  кәсіптік  дайындық 

сапасын арттыруға және оқу-танымдық үрдісі ақпараттандыру арқылы жандандыруға мүмкіндік аламыз. 

XXI ғасыр – ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Бүгінгі таңда 

химия  мамандығын  компьютер,  интерактивті  құралдардың  көмегімен  оқыту  нәтижелерін  зерттеудегі 

ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп оқыту процесінде туындайтын компью-

терлендірудің педагогикалық-психологиялық жаңа проблемалары әлі толық шешілмегені. Жаратылыста-

ну-ғылыми білім беруде интерактивті құралдарды қолданудың білімді игертуде студенттерге берері көп. 

Жаңа  педагогикалық  технологиялар  негізінде  болашақ  химия  мұғалімдерінің  даярлығын  жоғары  оқу 

орнының қабырғасында жетілдіру оқу үдерісін жобалау арқылы іске асырылады. Болашақ мұғалімдердің 

кәсіби-педагогикалық даярлығын қамтамасыз ететін химия саласы үшін оқу үдерісін жобалаудың бірегей 

алгоритмі жаңа оқу мақсатын құрып, соған сәйкес оқу пәндерінің жаңа мазмұнын, оқытудың жаңа техно-

логияларын жасауды көздейді.  

Жаңа педагогикалық технологиялар-болашақ мұғалімдердің кәсіби  бағыттылығын қалыптастыру мо-

делін педагог біліктілігі берілген маман сипаттамасының құрамдас бөлігі ретінде қарастырылғаны дұрыс. 

Әдістемелік тұрғыдан алып қарағанда, студенттерді тұлғалы-бағдарлы оқытуды модельдеу білім беру 

жүйесінің үш функциясын көрсетеді: 

- орнын толтыру, яғни тұлғаның базалық біліміндегі кемшіліктерін жою; 

- бейімдеу, яғни пәндік және функциональдық жағынан неғұрлым жаңа білім, талаптар ұсыну; 

- дамыту, яғни тұлғаның шығармашылық тұғыдан өсуіне ықпал ету және оның әр түрлі рухани қажет-

тіліктерін қанағаттандыру. 

Модельдің үш құрамдас бөлігі бір-біріне өзара ықпал етеді, бірін-бірі толықтырып, дамыта түседі. 

Химияны медиаоқытудың негізгі мақсаты студенттерді өздігінен ауқымды ақпараттар алуына, медиа-

мәліметтерді  өз  бетінше  оқып,  бейне  суреттер,  бейне  фильмдер  арқылы  түсінуіне,  шығармашылық 

дамуына,  жинақылыққа  негізделген.  Оқу  материалдарын  студенттер  жаңа  ақпараттық  технологиялар, 

яғни Интернет пен мультимедиа, арнайы компакт дискілер арқылы алады. 

Тәжірибе  жүргізуде  дәлелденгендей,  кез  келген  студент  өз  қызметіне  компьютерді  пайдалануы, 

олардың  әлемдік  ақпараттық  кеңістікке  енуінде  ақпараттық  мәдениеттің  қалыптасатынымен  өлшенеді. 


Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №1(43), 2015 г. 

62 


Сонымен бipгe, бұл жағдайда, инновациялык әдістер мен құралдарды химия мамандығын меңгеру проце-

сіне  пайдалану  студенттердің  химия  саласын  кең  молынан  меңгеруді  қызығушылықтарын  арттырады. 

Ақпараттық-коммуникациялық технология химия саласында кең молынан игеруге мүмкіндік береді. 

Медиаоқытудың ішіндегі негізгі салаларының бipi, ол Интернет желілер және арнайы компакт дискі-

лер арқылы медиаоқыту. 

Студенттердің компьютерлік Интернет желілер және арнайы компакт дискілер арқылы химияны оқып 

үйренудің әдіс-тәсілдерінің міндеттері: 

компьютерлік білім; 



компьютерлік Интернет желілермен және арнайы компакт дискілермен жұмыс істей алуы; 

алғашқы химиялық білім 



қажетті ақпаратты жоба алуы; 

керекті ақпаратты жібере алуы. 



Интернетпен және арнайы компакт дискілермен химияны оқыған кезде медиаоқукіріктіріліп отырады. 

Бір  шетімен химиядан керекті ақпараттардың болуы, тек сол ақпаратты дұрыс және тез  таба білуікерек. 

Екіншіден шетінен Интернет арқылы сол ақпараттардың алынуы.  

Интернетпен  және  компакт  дискімен  химияны  медиаоқу  келесі  функцияларды  орындайды:  ақпарат-

тарды жіберу (алған білімі жайында, қызығушылығы жайында, білім алудың жоспары жайында), еркін өз 

бетінше химиядан білім алу, химияның басқа пәндермен байланысы жайында тез ақпарат алу, химияны 

оқып үйренудегі әдіс-тәсілдердің соңғы жаңалықтары, экран аркылы көзбен көру, есте сақтау кабілеттері-

нің  дамуы,  елес  бейнелердің  дамуы,  берілген  ақпараттың  қажеттілігі  мен  сапасын  ажырата  білуi  және 

ақпаратты талдай білyi. Екінші функциясы – медиаоқу кезінде техникаларды қолдана білу, жаңа техноло-

гиялар арқылы ғылыми мәліметтерді іздеу, ақпараттар мен мәліметтерді өңдей ала білуi. Интернет желі-

лер, арнайы компакт дискілер арқылы химиядан қосымша білім алады және медиа білім алудың мәдение-

ті дамиды. Химиядан жалпы білім алуына, ғылыми жұмыстардың ақпараттандырылуына себепші болады. 

Компьютерді студент қосымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар алу үшін 

көрнекі  құрал  ретінде  пайдалана  алады.  Мұндай  мәліметтерге  химиялық  түр,  физикалық  формулалар, 

физикалық шамалардың өлшем бірліктepi, кескіндер, кестелер, иллюстрациялар, химиялық құбылыстар-

дың динамикалық бейнесі тәжірибеге арналған құрылғылардың тізімi, аспаптардың сипаттамалары және 

т.б.  жатқызуға  болады.  Қажетті  ақпараттарды  жинақтауда  электрондық  техникаларды  енгізу  уақыт 

үнемдейді,  қарастырып  отырған  кезеңде  ақпараттың  толықтығын  жоғарылатады,  ақпараттық-анықтама-

лық жүйе құрамында электрондық құрылғылармен  жұмыс  iстey  дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік 

туғызады. 

Мультимедия – бұл аппараттық комплекс пен құрал-жабдықтар бағдарламасы, яғни, пайдаланушылар-

дың диалогтiк режимде графикпен жұмыс iстеуiне мүмкiндiк бередi. 

Мультимедия 4 типтi әртүрлi мәлiметтердi бiр арнаға байланыстырады: 

1.  Мәтiн;  

2.  Бейнелер; 

3.  Қозғалатын бейнелер;  

4.  Дыбыс, әуен. 

Химияны  медиаокыту  әдici  осы  заманғы  қажеттіліктің  бip  саласы  болып  қалыптасып,  студенттердің 

компьютермен жұмыс жасау мәдениетті дамытады. Компьютермен студенттерді оқыту барысында шетел 

зерттеулеріне  қарағанда  жаңа  технологияның  дамуына  байланысты  білім  алып  дамуына  негізгі  құрал 

болып табылады: 

- тақырыпты меңгеру жылдамдығына байланысты жеке дара оқуы; 

- өткен тақырыптармен керібайланысы; 

- өз білімін тексеру және қатемен жұмыс; 

- жаттығулар орындау; 

- көрнекіліктің әртүрлігінің өте көптігі; 

- компьютерлік бағдарламалар арқылы химиялық эксперимент пен тәжірибелерін жасау; 

- оқу мәдениетінің дамуы; 

- өз әрекетін саналы түрде жоспарлауы; 

- құбылыстарға модельдер құра білyi; 

- ізденіс деңгейінің артуы; 

- жүйелік-шығармашылық деңгей қалыптасады. 

Оқу қызметінде компьютерден рефлексивтік деңгейін жүзеге асыруды елестетсек, оның мүмкіндіктері 

ерекше үлкен. Компьютер  кез  келген  ойдың өтімділігін күшті және  әлсіз жақтарын көрсете  бере алады. 



Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №1(43), 2015 ж. 

63 


Шығарылуы күрделі көп уақытты қажет ететін есептерді компьютердің көмегімен тез орындауға болады. 

Сондықтан,  өзінің  білімін  дамыта  отырып,  нәтижесінде  өте  жоғары  дәлдікпен  есептелінген  есептің 

нәтижесін аламыз. 

Аудиториялық  жүйеде  қалып  қана  қоймай  тақырыпты  меңгерудің  жаңа  жағдайларын  қалыптастыру. 

Мысалы  өз  бетінше  химиядан  кестелер,  химиялық  есептерге  қарапайым  бағдарламалар  құру,  плакаттар 

жасау, топ серіктестікпен жұмыс жасау, химиялық өндірістерді компьютер арқылы жобалау. Компьютер 

арқылы әр адам жеке жұмыс жасайды. Оқу үрдісін жандандыру, оқу материалының теориялық мазмұнын 

игеру жөніндегі еңбегін тиімді ұйымдастыру және олардың тәжірибелік іскерлiгi мен дағдыларын қалып-

тастыру  болып  табылады.  Компьютермен  оқыту  үрдісінің  тиімділігі  мен  сапасы  мұғалімнің  әдістемелік 

дайындығын  және  сабақ  жүргізу  тәсілдері  мен  әдістеріне  байланысты  болады.  Жаңа  технологиямен 

оқыту мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. 

Жаңа технологияны меңгеру барысында оқу міндеттері жаңаша сипат алады. Олар мына төмендегідей: 

педагогикалық қызметтің өзекті мәселелерін білу; 



оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқауларын құрастыру; 

оқу модулін құрастыру; 



оқу жобаларының мазмұнын анықтау, әр студентке арналған тапсырмалар құрастыру; 

олардың жаңа материалды меңгеру бойынша деңгейленген жаттығулар жүйесін жасау; 



оқу әрекеттерің бағдарлау көрсеткіштерін анықтау; 

жетіспейтін дидактикалық құралдарды жасау дағдысын қалыптастыру. 



Медиабілім  жеке  ақпараттардың  сақталуын  қамтамасыз  етеді.  Егер  де  студент  бағдарлы  ақпаратты 

ізденуге үйренсе, компьютер алдында уақытынбосқа еткізбейді. Медиабілім жеке ақпараттардың сақталу-

ын қамтамасыз етеді. Химияны компьютермен меңгеру, яғни зертханалық, химиялық есептеулер жургізу 

және  тәжірибелік  жұмыстар  -  химияның  меңгеру  процесінің  тиімділігінше  белсенді  түрде  әсер  ететін 

болашағы зор техникалық құрал. 

 

1 Нұғманұлы  П.  Химияны  оқыту  әдістемесі  /  Нұғманұлы  П.,  Шоқыбаев  Ж.Ә.,  Өнербаева  З.О.  -  Алматы, 



2005 – 255 с. 

2 Жданов  С.А.  Применение  информационных  технологий  в  учебном  процессе  педагогического  института  и 

педагогических исследованиях / С.А. Жданов - М., 1992 - 18 с. 

3 Сқаков  А.А.  Дәстүрлі  және  электрондық  оқытуды  кіріктіру.  Қазақстан  мектебі  /Сқаков  А.А.//  2006  ж.  - 

№7(8). 20-22 б.  

4 Манапов Н.Т Медиаоқу негіздері /Манапов Н.Т., Бейсекова А.А.// Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конферен-

ция. «ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында (2008 ж. 6 ақпан) Қазақстан халқының 

әл-ауқатын көтерудің негізгі бағытын жүзеге асыру» / Конф. мат. 12 наурыз. - Алматы, 2008. - Б. 87.  

 

Резюме 

Ж.А. Шокыбаев - д.п.н, профессор, jenis_Shokybayev @mail.ru, А.К. Чарибаева - магистр химии КазНПУ им. Абая, 

Aliya_sharibaeva@mail.ru 

«Медиа обучение в химию с помощью компьютера» 

ХХІ век –  инновационный век, поэтому  у всех должно быть грамотность. Сегодня, с помощью  интерактивных 

компьютерных  специальности  химического  образования  является  наиболее  важным  в  изучении  результатов  науч-

ных проблем. Изучить химии с инновационной технологию очень важно, это значит с помощью интернета и мульти-

медиa, приспособляють мировой информацию и информационный культуры. С помощью компьютера могут достиг-

нуть дополнительные материалы, разные справочные информации и наглядные пособие. Основная цель медиаобуче-

ние преподавания химии для студентов в широком диапазоне самой информации, медиа информации себя чтением, 

видео, изображениями, фильмами через понимание, творческого развития, основанный на подвижности. 

Ключевые слова: мультимедиа, CD-ROM, Интернет, иллюстрации, инновации, компьютеры, модель, интерак-

тивные инструменты, медиаобучение, общение 



 

Summary 

Zh.A. Shokybayev - candidate ofpedagogical science, senior teacher of chemical chair of Kazakh national pedagogical 

university after Abay, jenis_Shokybayev @mail.ru, A.K. Sharibaeva - Master of chemistry, Aliya_sharibaeva@mail.ru 

«Mediatraining on chemistry using a computer» 

XXI  century  -  the  century  innovation,  so  everyone  should  be  literate.  Today,  with  the  help  of  interactive  computer 

specialty chemical education is the most important in the study  of scientific problems. To  study  chemistry  with innovative 

technology  is  very  important,  it  means  using  the  Internet  and  multimedia,  prisposoblyayut  global  media  and  information 

culture.  Using  a  computer  can  achieve  additional  materials,  different  reference  information  and  visual  aids.  The  main 

objective of mediaobuchenie teaching chemistry for students in a wide range of information itself, the media reading, video, 

pictures, and movies through understanding, creative development, based on mobility. 



Keywords: multimedia, CD-ROM, Internet, illustration, innovation, computers, model, interactive tools, media training, 

communication 



Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №1(43), 2015 г. 

64 


ӘӨЖ 37.016.547 

 

ОPГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 



 

А.Ф. Сейтжанов – х.ғ.к., профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ, 

А.Е. Тренова – магистрант, Абай атындағы ҚазҰПУ, 

Э.Таубаева – магистрант, Абай атындағы ҚазҰПУ 

 

Мақалада  органикалық  химия  курсын  оқып,  игеру  барысындағы  экологиялық  аспектілер  қарастырылған. 

Олардың бірі саясат және әлеуметтік салаларға қатысты экономиканың ретсіз аймақтық дамуына сәйкес қалай болса 

солай  қайшылықпен  дамуы.  Екінші  аспект  адамның  өзіне  байланысты,  оның  өзінің  дайындық  деңгейіне  қарай 

жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін өндіріс пен тұрмыста орынды пайдалануы. Әсіресе қарапайым эколо-

гиялық дайындық мәселесін шешу маңызды. Қазіргі экологиялық проблемалардың пайда болуы адамның абиотика-

лық және биотикалық процестер жүйесіне сауатсыздықпен белсенді араласуының нәтижесі екені әбден анық. 

Күрделі  жағдайда  ақылға  қонымды  экологиялық  таңдау  жасау  және  шұғыл  әрекет  ету,  қажетсіз  жағдайларды 

болдырмау  үшін  белгілі  экологиялық  білімге  ие  болу  керек.  Сол  себепті  экологиялық  тәрбиенің  жалпы  білім 

берумен  және  кәсіби  дайындықпен  ұштасуы  аса  маңызды.  Кез-келген  пәнді  немесе  мамандықты  игеруде  білім 

алушы қоршаған ортадағы нақты мәселелерді шешуде осы пән немесе мамандық қандай рөл атқаратындығы туралы 

мүмкіндігінше толық мәлеметтер алу керек. Білім берудің осындай түрі экология мәселелеріне байланысты белсенді 

тәрбие мен саналы қатынастың негізі болады. Экологиялық білім беру мен тәрбие мәселелерін қосымша оқу пәнде-

рін қосу арқылы шешуге болады деген де пікірлер бар. Өкінішке орай , осындай оңай әдіспен қалаған нәтижені алуға 

болмайды. Қажетті экологиялық білім барлық білім беру  жүйесін тиімді қарастыруды, дербес жағдайда пәнаралық 

байланыс арқылы органикалық химияны жаратылыстанудың құрамдас бөлігі ретінде оқытуды талап етеді. 

Сонымен қатар бұл мақалада студенттерге органикалық химияны оқыту кезінде экологиялық білім мен мәдени-

етті қалытастыру үшін органикалық химияны оқытудың формасы, терминдері келтірілген.  



Түйін сөздер: экологиялық аспектілер, экологиялық тәрбие, экологиялық мәдениет, білім алушылар,  органика-

лық химия курсы, көмірсутектер, химиялық ұғымдар, зертханалық жұмыс, экологиялық білім 

 

Қазіргі заманда экологиялық мәселелер адамзаттың маңызды проблемаларының бірі. Қара және түсті 



металдардың, тыңайтқыштардың өндірісі, пайдалы қазбаларды алу үшін ірі-ірі аймақтың өндіріс кешен-

дерінің  пайда  болуы,  табиғат  ресурстарын  өндіру  және  оларды  шаруашылықта  пайдалану  және  т.б. 

қоршаған  ортаның  ластануына  яғни,  экологиялық  дағдарысқа  алып  келді.  Міне,  осылай  биосфераның 

ластануы адамдардың ауру-сырқау дәрежесінің көтерілуіне, жастардың имундік статусының төмендеуіне 

себеп болды.  

Экологиялық дағдарысты жоюдың қажеттілігі – нақты экологиялық саясаттың болуын талап етеді. Бұл 

саясаттың  мақсаты  –  қоршаған  ортаны  сауықтыру  және  қорғау,  табиғи  ресурстарды  тиімді,  зиянсыз 

пайдалану.  Экологиялық  саясатты  жүзеге  асыру  үшін  экологиялық  білім  мен  тәрбиені  қажетті  деңгейге 

қою  керек.  Ол  үшін  Жоғары  оқу  орындарында  және  колледждерде  болашақ  мамандарды  дайындау 

барысында оқу-тәрбие жұмысы студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастырумен тікелей байла-

нысты болу керек.  

Қоршаған ортаның бұзылуын және ластануын дұрыс бағалау және оның жою жолдарын анықтау үшін 

химиялық  процестердің  негізін  түсініп,  игеру  керек.  Сондықтан  да,  оқу  орындарында  химиядан,  соның 

ішінде  органикалық  химия  курсынан  білім  алудың  экологиялық  аспектілері  маңызды  орын  алады. 

Органикалық  химия  курсын  оқыту  барысында  білім  алушылардың  экологиялық  білімі  мен  тәрбиесін 

қалыптастыру  жастардың  болашақта,  қоршаған  ортаға  деген  көзқарасын  және  экологиялық  мәдениетін 

дамытып, еліміздің экологиялық тазалығына ат салысуына мүмкіндік береді.  

Өте  ерте  кезден-ақ  адам  баласы  кейбір  органикалық  заттарды  ала  білген  және  оларды  өздерінің 

тұрмыстық  қажеттілігіне  пайдаланған.  Мысалы,  қантты  заттарды  ашыту  арқылы  шарап  ішімдіктерін 

дайындаған.  Индияда  қант  қамысынан  қант  ала  білген,  ертедегі  Римде  өсімдік  текті  бояулар  –  индиго, 

ализарин және т.б. тұрмыста пайдаланған. Сол кезде-ақ жағымды иісті эфир майлары, сірке суы және т.б. 

органикалық заттар белгілі болған [1]. 

ХІХ  ғасырдың  аяғында,  ХХ  ғасырдың  басында  органикалық  химияның  дамуы  өнеркәсіптің  жаңа 

салаларының  пайда  болуына  алып  келді.  Мысалы,  отын  өнеркәсібі,  дәрі-дәрмек  өнеркәсібі,  жасанды 

талшық, пластмасса, жасанды каучук өнеркәсіптері  және т.б. Қазіргі таңда бұл өнеркәсіп  орындарының 

саны  көбейді  және  органикалық  химияның  қуатты  жаңа  өнеркәсіп  орындары  салынып,  қосылуда.  Бұл 

құбылыс  бір  жағынан  халық  шаруашылығын  нығайтуда,  адамзаттың  тұрмыс  жағдайын  жақсартуда 

маңызды  орын  алса,  екінші  жағынан  қоршаған  ортаның  бұзылуы  мен  ластануына  өзінің  едәуір  үлесін 



Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №1(43), 2015 ж. 

65 


қосып отыр. Демек, дүние жүзі қауымдастығының алдында тұрған келелі проблемалардың бірі – химия-

ның әсерінен адамзаттың тіршілік ортасының нашарлауы. Мұны шешудің бірден-бір жолы экологиялық 

білімді жеке тұлғаны қалыптастыру.Сондықтан ғасырлар бойы алынған химиялық білімдердің барлығы 

химияның бір ғана басты мақсатына - қажетті қасиеті бар заттарды алу міндетіне бағынады.  

Білім  беру  орындарында  «Органикалық  химия»  курсын  оқыту  бағдарламасы  бойынша  органикалық 

химиядан дәрістік курс, сарамандық және зертханалық сабақтар өткізіледі, курстық және ғылыми зерттеу 

жұмыстары орындалады, бірақ осы оқыту формалары арқылы теориялық материал беріліп, экологиялық 

білім  беруге  баса  назар  аударылмайды.  Себебі  ғылыми  әдістемелік  құралдарға,  әдебиеттерге  талдау 

жасағанда  да, жоғары  оқу  орындарында  органикалық  химия  курсын  оқыту  үрдісі  арқылы  білім  алушы-

ларға  экологиялық  білім  беру  республикамызда  толығынан  қарастылмағаны  байқалады.  Сондықтан 

зерттеу  жұмысымызда  білім  алушыларға  экологиялық  білім  беру  үшін  органикалық  химия  ұғымдары, 

экологиялық  және  табиғатты  қорғау  ұғымдары  арқылы  органикалық  химия  курсын  оқыту  үрдісіндегі 

экологиялық білім беру құрылымы жасалу керек. 

Мысалға  келетін  болсақ,  органикалық  химия  курсындағы  алғашқы  тақырыптардың  бірі  –  «Көмірсу-

тектер». Көмірсутектердің қарапайым өкілі-метан. Метан-химиялық түсінік. Теорияның мазмұнына кірік-

тірілген  табиғат  қорғау  мәселелеріне  көңіл  аудара  отырып,  студенттерді  метан,  метан  гомолгтарының 

қасиеттерімен,  алу  жолдарымен,  қолданылуымен  таныстырумен  қатар,  ол  заттарды  алу  технологиясы-

ның,  тасымалдаудың  кемшіліктеріне,  соның  салдарынан  ауаның,  судың,  топырақтың  ластануына  аса 

назар аудару қажет. 

Тотықтырғыш бактериялар бір жылда шамамен көмірсутектердің 15,2·10

7

тоннасын ыдыратып, қорша-



ған ортаға – көмірқышқыл газын бөледі: 

2

3



4

CO

HCOOH



HCOH

OH

CH



СН





Табиғатты қорғау шарасы: метанды өнеркәсіпте қалдықсыз технология әдісі бойынша хлорлау арқылы 

органикалық синтездің шикізаты – хлорметан алады:  

HCI

CI

CH



СI

СН

3



hv

2

4







O



H

2

CI



2CH

2HCI


O

2CH


2

3

kat



2

4







Көмірсутектер тақырыбы бойынша білімді игеру барысында білім алушылар ауада метанның жиналу-



ына, оларға жол бермейтін бактериялардың табиғаттағы рөліне және көмірқышқыл газының түзілуіне көз 

жеткізеді, сондай-ақ студенттерде биосферадағы метанның кері әсері туралы, табиғат тепе-теңдігі туралы 

ұғым қалыптасады. Осыған орай химия өндірісінің екі жақтылық ұғымының рөлі дамытылып, тереңдеті-

ліп  отырады.  Біріншіден,  қоғамға,  халық  шаруашылығына  қажет  органикалық  заттар  өндіру  болса, 

екіншіден - өндіріс қалдықтарымен табиғатты ластау болып табылады. Оқыту кезеңінің мақсаты химия-

лық, экологиялық және табиғатты қорғау ұғымдарын дамыту, тереңдету болып есептеледі [2]. 

Сонымен қатар, органикалық химия курсындағы  «Оттекті  органикалық қосылыстар» тақырыбын өту 

барысында  білім  алушыларға  экологиялық  мазмұнды  есептер  шығарту  арқылы  іс-әрекетін  бақылау, 

олардың  экологиялық  және  химиялық  білімін,  танымдық  қызығушылығын,  интеллектуальдық  дамуын 

анықтауға мүмкіндік береді. 

Мысалы: Қала ауаларының құрамында кездесетін ластағыш заттардың бірі болып альдегид табылады. 

Бұл қосылыстың құрамына (40% масса бойынша) көміртегі,   (6,67%)  сутегі  мен  оттегі  кіреді.  Альдегид-

тің молекулалық формуласын тауып, атаңдар. Жауабы: CH

2

O. 



Немесе, Көлемі 80 м

3

 болатын химиялық зертханадағы әрбір тәжірибелік үстелде 2,3 гр этил спир-



ті жанатын болса, түзілетін көмірқышқыл газының көлемін есептеңіз. Оның адам денсаулығына әсері 

бар ма? 


Берілген есептерді шығару барысында білім алушылар альдегид пен этил спиртінің химиялық қасиет-

тері туралы теориялық білімдерін жетілдіреді және аталған органикалық қосылыстардың қоршаған ортаға 

әсерін  анықтайды.  Теориялық  химиялық  ілімдер  және  сарамандық  жұмыстарды  орындау  техникалық 

қауіпсіздік ережелерін сақтау тәжірибесімен бірлеседі, сондай-ақ, органикалық химия курсындағы эколо-

гиялық  білім  беру  құрылымының  өзара  байланысына  сәйкес  химиялық  және  экологиялық  ұғымдар 

интеграцияланады [3]:  

 

Химиялық реакция



қоршаған ортаны ластаушы

(көмірқышқыл газы)

ластағыш заттың адамға әсері

 


Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №1(43), 2015 г. 

66 


Сонымен,  экологиялық  мазмұны  бар  химиялық  есептерде  химиялық  қосылыстардың  қолданылуы 

және олардың адам ағзасына, қоршаған ортаға тигізетін әсерлері қарастырылды. Мұндай есептерді шешу 

химиялық  білімді  интерпретациялауға,  қазіргі  жағдайда  қолдануға,  қоршаған  ортада  жүретін  процесті 

елестетуге  мүмкіндік  береді.  Сондықтан  органикалық  химия  пәнінен  білім  алушылардың  өзіндік 

жұмысын ұйымдастыруда осындай экологиялық мазмұнды сандық есептердің орны ерекше [4]. 

Білім  беру  жағдайларында  білімнің  шынайы  ғылыми  құрылымын  меңгеру  мүмкін  емес,  сондықтан 

пәннің ғылыми негізін анықтау үшін органикалық химия курсын оқыту үрдісіндегі экологиялық білімнің 

құрылымдық жүйесі жасалынуы керек, яғни: 

- органикалық химияны оқытудың мақсаты мен міндеттеріне экологиялық білім беруге кіретін нақты-

лы мысалдар келтіру; 

- органикалық химия курсын экологияландырудың негізгі бағыттарын көрсету және мәнін ашу; 

- осы бағыттарға сәйкес білім беру орындарында органикалық химия курсының мазмұнына енгізілетін 

органикалық қосылыстардың экологиялық мәселелерін талдау; 

- негізгі химиялық ұғымдарды қалыптастыру барысында табиғатты қорғау ұғымдарын қалыптастыру-

ды қатарласа жүргізу; 

- өнеркәсіп  және  ауыл  шаруашылығы  өндірістерімен  таныстыру  әдістемесін  экологиялық  мәселелер 

тұрғысынан түсіндіру; 

- экологиялық білім беруде пәнаралық байланысты жүзеге асырудың және білім алушыларға табиғат 

пен қоғам туралы біртұтас көзқарасты қалыптастырудың негізі ретінде қарастыру. 

Білім  алушылардың  дәрістік  курста  алған  экологиялық  білімі  зертханалық,  тәжірибелік  сабақтарда 

толықтырылады және нақтыланады. Зертханалық жұмыста білім алушылар химиялық эксперименттердің 

танымдық ролін түсінуімен бірге: 

- химиялық экспериментті дұрыс қойып, дидактикалық талаптарға сай демонстрация жасауды 

үйренеді; 

- оқу  экспериментінің  әр  түрін  бақылауға,  зерттеуді  тиімді  ұйымдастырып,  нәтижелерін  дұрыс 

қорытындылауға үйренеді. 

Экологиялық  тұрғыдан  химиялық  эксперименттің  мазмұнын  жетілдірумен  Қ.О.  Шайхеслямова 

айналысып, химиялық экспериментті экологияландырудың бес бағытын анықтады [5]: 

- қоршаған ортаның экологиялық күйін анықтау үшін аналитикалық әдістерді қолдану; 

- химиялық реакциялардан түзілетін қалдықтарды тазартып іске жарату; 

- химиялық экспериментті табиғи құбылыстарды түсінуге пайдалану; 

- кейбір заттардың тірі ағзаларға және экожүйеге әсерін зерттеу; 

- экологиялық тәжірибелер жасау 

Бұл бағыттарды жүзеге асыру барысында студенттер қоршаған ортамен жақынырақ танысады.  

Қорыта келгенде жас ұрпаққа экологиялық білім беру, олардың табиғат пен адам өмірінің бірлігін те-

рең сезінетін, табиғатты аялап, оны қорғай алатын азаматты тәрбиелеу міндеттері мен мақсаттары өз ма-

ңыздылығын бүгінгі таңда жоймай, қайта одан әрі оны дамытып белгілі нәтижеге қол жеткізуіміз қажет. 

 

1 Сейтжанов Ә.Ф. «Органикалық химия». - Алматы, 2005 жыл. - 446 бет. 



2  Даутова  З.С.,  Маканов  У.  Экологиялық  білім  беруде  органикалық  қосылыстардың  маңызы  //  Ізденіс  Поиск  - 

Алматы, 2005 - №3(2) - 128-133 б. 

3 Бадамов И.С. Задачи экологического содержания // Химия в школе. – 1986. – №1. – С. 18-24.  

4 Абекова Р.С., Шоқыбаев Ж.Ә., Яшкарова М.Ғ., Онтагарова Д.Р. Органикалық химия курсын экологияландыру // 

Халықаралық ғылыми конференция. – Семей, 2003. – 236-240 бб. 

5  Шайхеслямова  К.О.  Задачи  по  химии  с  эколого-валеологической  направленностью:  уч.  пособие.  -  Кокшетау: 

Келешек-2030, 2003 - 48 стр. 

 



Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет