Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(131). 2011 25



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата31.12.2021
өлшемі1,36 Mb.
#23032
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Өмір мектебі



Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(131). 2011 

 

25



* * * 

The poesy genre of Ashug Shamshir’s who was one of the 

famous ashugs of the XX century in Azerbaijan is very rich. 

Many valuable works in different forms of the different genres  

 

 

 



 

 

 



 

 

were created by him, such as goshma (versifications), mukham-



mas (poetical commentaries) and soor. All these are given in 

the examples and discussed in this article.  



 

 

             



 

 

Н. С. Исмагулова 



 

«ӨМІР МЕКТЕБІНДЕГІ» СУРЕТКЕРЛІК ШЕБЕРЛІКТЕРІ 

 

 

«Өмір мектебі»  трилогиясында 



револю- 

циялар мен  соғыс оқиғаларының бел ортасында 

болған 

даңқты 


ерлер: 

С.Сейфуллиннің, 

А.Асылбековтің,  У.Жəнібековтің  жəне  тағы 

басқалардың  мəңгі  ұмытылмас  жарқын  бей- 

нелері  бар.  Сондай-ақ  онда  Л.Мирзоян, 

Т.Рысқұлов, С.Меңдешев, О.Исаев, О.Жандосов 

сынды  белгілі  қоғам  қайраткерлері  жөнінде 

бірсыпыра  мəлімет  берілген.  Қазақ  кеңес 

əдебиетінің  іргесін  қаласып,  оның  дамуына  зор 

үлес  қосқан  Б.Майлин,  І.Жансүгіров,  Ғ.Мүсі- 

репов,  И.Байзақов  туралы  да  соны  деректер 

келтірілген.  Жазушы  өзімен  қызметтес  немесе 

жақын қарым-қатынаста болған əлгі адамдардың 

мінез-құлқын,  жұмыс  істеу  тəсілін  кеңінен 

сипаттайды.  Айталық, «Сəкеннің  сүйеуі», 

«Сəкеннің  салттарынан», «Қазақ  əдебиетінің 

тойы» атты бөлімшелер өзінің шынайылығымен, 

сыршылдығымен көз тартады.  

Шығарма  кейіпкерлеріне  қатысты  қаламгер 

əрбір  кейіпкердің  сүрлеу-соқпағын,  ұстанған 

принципін  мүмкіндігінше  сол  болған  қалпынан 

өзгертпеуге  ден  қойған,  тізеге  салу  сияқты 

жалаң  тенденцияға  бой  алдырмаған.  Автор  өзін 

жəне  қызметтес  дос-жолдастарын  бірыңғай 

көтермелеп мадақтаудан аулақ. Жұмыс бабында, 

оқу-білім  майданында,  күнделікті  өмірде  жі- 

берілген  кейбір  қате-кемшіліктерді,  пендеші- 

лікті  жасырмай  оқырмандардың  талқысына 

салады.  Сондай-ақ  жұғымсыз  іс-əрекеттермен 

оқшауланып, ел мүддесіне көлденең келгендерге 

де мейлінше əділ үкім ұсынуға тырысқан. Ғалым 

Ə.Жұмабайдың  естелігі  де  осы  пікірдің  рас- 

тығын  дəлелдей  түседі. «…60-жылдардың  бас 

кезінде,  Ғабиден  Мұстафин  Жазушылар  одағы 

басқармасының  төрағасы  болып  тұрғанда 13 

адамнан  құралған  Төралқа  мүшелері  туынды- 

ларының  қолжазбаларын  əуелі  өздері  оқып, 

талқылап,  баспаға  ұсынатын  тəртіп  орнатылды. 

Сəбеңнің  «Өмір  мектебінің»  үшінші  кітабы  сол 

кезге тура келеді. «Есею жылдарын» қарау үшін  

 

 

құрамында  М.Қаратаев,  З.Шашкин,  Б.Сахариев, 



мен,  Ə.Нұрпейісов,  Т.Ахтанов,  З.Қабдолов  бар 

екі комиссия құрылып, келешек кітап жөніндегі 

ұжымдық  пікірлерін  жазбаша,  рецензия  ретінде 

беретін болды. 1960 жыл шілдесінің орта кезінде 

қолжазбаның талқылауы өтті. Кең кабинетте ине 

шаншар  орын  қалмаған.  М.Қаратаев  бастаған 

комиссияның  пікірін  Б.Сахариев  оқып  берді. 

Қолжазбаның жетістіктерін əдемілеп айта келіп, 

олар  үш  жүзге  тарта  сын-ескертпе  жасаған  

екен.  Жұрт  гуілдеп  кетті.  Екінші  комиссия 

рецензиясын  Ə.Нұрпейісов  оқыды.  Тап  соның 

алдында  ғана  Сəбеңнің  Сəкен  жөніндегі 

естеліктері  «Қазақ  əдебиетінде»  жарияланған 

еді.  Таяуда  ғана  ақталып,  кітаптары  да  шыға 

бастаған үлкен ақын-азаматтың туындылары да, 

тағдыр-талайы  да  оқырман  қауымды  қатты 

қызықтыратын. Сол себепті де олар қолжазбаны 

жақсы  бағалай  келіп,  Сəбеңнің  өзі  тым  жас 

күнінде,  Орынборда  Халық  комиссарлары 

кеңесінің  төрағасы  болып  істейтін  Сəкеннің 

үйінде  жатып  оқыған  кезінде  інісінің  ақшаны 

үнемдеп,  жарықты  ерте  сөндіріп  тастайтыны 

тəрізді  тұрмыстық  уақ-түйекті  теріп  кететінін, 

сырбаз  ақынның  əйелқұмарлығын  көбірек 

суреттейтінін тілге тиек ете отырып: 

Бала  Сəбитті  Орынборға  алдырып,  оқытып, 

парламент  мүшесі  еткен  аяулы  ақын  бейнесін 

тұрпайылау  көрсетуі  оқырмандар  наразылығын 

тудыруы  мүмкін  екенін  атап  өтті.  Қолжазбаны 

талқылау  қызу  айтыс-тартыс  туғызды.  Үлкен 

жазушылар  түгелге  жуық  сөйледі.  Ғабит 

Мүсірепов,  Ғабиден  Мұстафин  қолжазбаның 

кемшіліктері жағына көбірек тоқталды.  

–  Біз,  Ғабит  екеуміз  болмасақ,  мына  қалған 

жұрттың  саған  тісі  бата  бермейді.  Сен  бірақ 

біздің сынымызды көңіліңе алма. Кітап тазарып, 

жақсы  шықса – бəріміздің,  ең  алдымен, 

əдебиетіміздің абыройы,  – деді Ғабиден аға.  

Сəбең  қорытынды  сөзінде  қолжазба  қанша 

сыналғанымен, «өз  идеологиясының  мінсіз  таза 






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет