Витаминдер аз мөлшерде кездесетін органикалық заттар лат вита



бет1/11
Дата06.01.2022
өлшемі25 Kb.
#16701
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Витаминдер – аз мөлшерде кездесетін органикалық заттар ( лат . вита - өмір + аминдер – құрамында азоты бар химиялық заттар ). Олар тіршілікке өте қажетті. Қазіргі кезде клеткадағы және организмдегі зат алмасуының түрлі жақтарына әсер ететін 30 шақты витаминдер бар. Бұл әсер витаминдер ферментердің құрамына кіретіндігі белгілі. Егер организмде витаминдер жеткіліксіз болса, онда ферменттер түзілуін тоқтатады, яғни зат алмасу пролцесі бүлінеді. Егер тамақта витаминдердің біреуі немесе бірнешеуі жеткіліксіз болса немесе мүлде болмаса, тіршілікке қауіп төнеді, зат алмасуы бұзылады т. б. күрделі өзгерістер туады. Витаминдерді латын әрпімен А, В,С ,Д,Е,К,Р,РР деп белгілейді және химиялық құрамдарына сай атайды ( Мысалы, аскорбин қышқылы немесе С витамині) . Барлық витаминдерді екі топқа бөледі: майда еритіндер және суда еритіндер. Майда еритіндер тобына А, Д, Е витаминдері , ал суда еритіндер тобына басқа қалған витаминдер (В 1-12, С, Р т.б.) жатады. Витаминдердің біразы гормондардың, ферменттердің т.б.биологиялық белсенді заттардың құрамына кіреді. Ал біразы ( Е, С, Р витаминдері) клетка мембранасының құрамына кіріп қорғаныс, яғни антиоксиданттық қызмет атқарады.

Көптеген витаминдер адам денесінде өндірілмейді. Олар ішкен , жеген тамақтың құрамында п р о в и т а м и н (витамин алды) түрінде болады. Провитаминдер витаминдердің белсенді түрі емес, бұлар адам организмінде ғана белсенді түрге ауысады. Кейбір витаминдер организмде химиялық жолмен түзіледі. Инозит, пангам қышқылы, убихинон, холин т.б.витамин тәрізді органикалық қосындылар да витаминдердің рөлін атқарады.


Ұзақ мерзім бойы жеген тамақтың құрамында витаминдер мүлде болмаса, онда а в и т а м и н о з, ал жеткіліксіз болса г и п о в и т а м и н о з , мөлшерден артық болса г и п е р в и т а м и н о з деп аталатын сырқаттар пайда болады. Гипервитаминоз көбінесе майда еритін витаминдердің денеде көп болуына байланысты туады. Витаминдердің мөлшеріне байланысты сырқаттар көпке созылса , адам өліп те кетүі мүмкін. Ал жетіспеген витаминдерді тағамдарға қосып немесе жеке өзін қабылдаған жағдайда адам ауруынан сауығады.

Өсіп келе жатқан бала организміне витаминдер өте қажет, сондықтан баланың жасына лайық витаминдердің мөлшері ішіп – жейтін тамақтың құрамында тиіс. Қазіргі кезде баланың жасына лайық витаминдердің қажетті мөлшері толық анықталған.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет