Витаминдер аз мөлшерде кездесетін органикалық заттар лат вита


С витамины ( аскорбин қышқылын )



бет6/11
Дата06.01.2022
өлшемі25 Kb.
#16701
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
С витамины ( аскорбин қышқылын ) антицингалық фактор деп те атайды. Бұл организмде жетіспесе, құрқұлақ (цинга) ауруы пайда болады және қан тамырларының, әсіресе капилляр тамырларының серпімділігі төмендейді. Сондықтан құрқұлақпен ауырған кісі қансырайды, алдымен қызыл иектері қанағыш болады. Мұның нәтижесінде тіс босап, түсіп қалады және терінің қан тамырларының серпімділігі бұзылып, бетінде қоңыр дақтар пайда болады. Ең қиыны сүйек ұлпасының белок коллагенібұзылып, сүйек сынғыш болады.С гиповитаминоз қыста, көктемде азық-түліктің құнарлығы азайғанда пайда болуы мүмкін, сондықтан оның алдын алу үшін жылдың бұл мезгілінде қосымша аскорбин қышқылын ішу қажет.

Аскорбин қышқылы тирозин және фенилаланин сияқты амин қышқылдарының құрамында болып, белоктың алмасуына қатысады. Жағымсыз жағдайда ол организмнің төзімділігін арттырады, әсіресе сыртқы орта жағдайының өзгеруіне бейімделу қабілетін арттырады. С витаминінің бұл қасиеті баланың бір мектептен екінші мектепке, не сыныптан сыныпқа ауысқанда тұрақты бейімделуіне көмегі көп болады.

С витамині көкеністер мен жемістерде көп болады, әсіресе капустада, картопта, пиязда, бұрышта, жемісөжидекте жеткілікті мөлшерде болады.

С витаминіне тәулік қажеттілігі 50 мг шамасында. Бұл мөлшер көктем айларында көбірек болуы тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет