Сабақтың тақырыбы : Microsoft Word редакторы бойынша қайталау сабағы. Сабақтың мақсаты



бет1/5
Дата06.01.2022
өлшемі22,36 Kb.
#11651
түріСабақ
  1   2   3   4   5

Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word редакторы бойынша қайталау

сабағы.


Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты:

Оқушылардың Microsoft Word редакторы бойынша алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп қорыту, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.


  1. Дамытушылық мақсаты:

Ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу. Информатикалық терминдік сөздік қорларын дамыту.


  1. Тәрбиелік мақсаты:

Оқушылардың белсенділігін арттыру, өз ойын тиянақты жеткізуге, заманға сай компьютерлі сауатты азамат етіп тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қоғамдық – білім байқау сабағы


Сабақтың көрнекілігі: компьютерлік класс, ҚР –ның әнұраны, плакат, сөзжұмбақ, тапсырмалар, жалаушалар, суреттер, карточкалар, шаблон.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру

А) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Б) Сабақ мақсатын айту

В) Оқушыларды екі топқа бөлу

ІІ. Сайыс кезеңдерімен таныстыру

1- кезең. Кім жылдам?

2- кезең. Тест «Microsoft Word редакторы»

3- кезең. Сиқырлы пернелер

4- кезең. Жұмбақтас

5- кезең Көзі өткір, ойы озық тапқырбек.

6- кезең. Капитандар сайысы. Сөзжұмбақ шешу

ІІІ. Бағалау



  1. Үйге тапсырма беру


Сабақ барысы
Сайысты бастар алдында класс тазалығына, оқушылар дайындығына назар саламын. Оқушыларға сабақ мақсатын айтып, оқушыларды екі топқа бөлемін. Әр топ 5-6 оқушыдан тұрады, өз командаларының капитанын сайлайды.

Балалар, біз бүгінгі сабақта топ болып жарысып шыңға өрлейміз. Біздің сабағымыздың мақсаты: Word редакторы бойынша алған білімдерімізді тиянақтау, жинақтау. Ол шыңға жету үшін біз 6 кезеңнен сүрінбей өтуіміз керек. «Word» шыңының басына қай топ бірінші жетеді, сол топ Қазақстанның көкбайрағы түстес жалаушаны ұтып алып, жеңімпаз атанады. Енді осы кезеңдермен танысайық:





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет