WhatsApp, Telegramm т.б.мессенджерлер және олардың мүмкіндіктері
Telegram — смартфондар мен басқа да құрылғылар үшін, мәтіндік хабарламалар мен түрлі форматтағы медиафайлдармен алмасуға мүмкіндік беретін тегін кроссплатформды мессенджер. Қызмет халықаралық нарыққа бағдарланған, көптілді интерфейсі бар.
Статистика бойынша 2015 жылдың мамырында Telegram қызметінің белсенді қолданушылардың саны 62 миллионға, ал күнделікті жіберілетін хабарламалар саны 10 миллиардқа жуық болды..
Telegram үшін не пайдалануға болады?
Телеграмма - жеке тұлғалар арасында тікелей хабарларды жіберу үшін пайдаланылатын жеке хабар алмасу бағдарламасы . Ресми Telegram қосымшалары кез-келген уақытта топта 100 000-ға дейін пайдаланушыларға рұқсат етілген шағын немесе үлкен топтық әңгімелер үшін пайдаланылуы мүмкін. Мәтіндік хабарлардан басқа, Telegram пайдаланушылары фотосуреттерді, бейнелерді, музыканы, zip файлдарын, Microsoft Word құжаттарын және 1,5 Гбайт өлшемінде орналасқан басқа файлдарды жібере алады.
Дауыстық қоңыраулар да телеграммада болады.
WhatsApp — смартфондарға арналған мессенджер. Мәтіндік хабарландыру, сурет, видео және аудио жөнелтуге болады. Android, BlackBerry OS, BlackBerry 10, iOS, Series 40, Symbian (S60) және Windows Phone сияқты платформаларда жұмыс істейді. Мессенджерді жасаған компанияның негізін Ян Кум (Jan Koum) және Брайан Эктон (Brian Acton) 2009 жылы Калифорния штатында құрған. Компанияда 55 қызметкер жұмыс істейді
Facebook ([ˈfeɪsˌbʊk], қаз. Фейсбук; 2021 жылғы 28 қазаннан бастап — Meta) — әлемдегі ең ірі әрі ең танымал әлеуметтік желі.
2004 жылы Марк Цукерберг өзінің серіктестері Эдуардо Саверин, Дастин Московиц және Крис Хьюзбен біріге отырып Facebook-тың негізін қалаған[1]. Марк Цукерберг 23 жасында өзінің сайтының арқасында әлемдегі ең жас миллиардер болды[2].
Facebook-те өзің туралы фотосуреттер мен мәліметтері бар профиль жасауға, достар шақыруға, хат алмасуға, өз мәртебеңді (статусыңды) өзгертуге, өзіңнің және бөгде адамдардың «қабырғаларына» хабарлама жазып кетуге, фотосуреттер мен бейнежазбаларды жүктеуге, қауымдастықтар құруға (мүдделер бойынша бiрлестiк) мүмкiндiк бередi[5].
2007 жылы Facebook бағдарламашыларға қосымшалар (ойындар, музыканы айырбастау құралдары, фотосуреттермен және тағы басқалар) құрып және бұдан табыс табуды ұсынады. Бұл мүмкiндiктің арқасында сайттың қатысушылары көбейеді[6]. Facebook қолданушыларына өзара әрекеттесе алатын функциялардың жиынтығын ұсынады. Арасындағы өте әйгiлiлері - виртуалды ымдау, фотоальбомдар және таныс қолданушылардың хабарлама тастап кете алатын «қабырға». Қолданушы өз парақшасында жариялалған ақпаратқа қол жеткiзу деңгейін бақылай алады
Достарыңызбен бөлісу: |