Фр.Бэкон (1561-1626) – философиядағы эмпириялық (тәжірибелік) бағыттың негізін қалаған ағылшын философы және саяси қайраткері (1620-1621 жж.) – Ұлыбритания лорд-канцлері, корольдан кейінгі екінші тұлғасы. Негізгі еңбектері: • «Ғылымдар табысы» • «Жаңа Органон» • «Жаңа Атлантида».
Ф. Бэкон философиясы
Жаңа Заман ағылшын философиясының көркейген кезеңіне айналды. XVII-XVIII ғасырлардағы ағылшын философиясының жалпы сипаты: 1.Материалистік бағыттылық (ағылшын философтарының көпгшілігі басқа елдер философиясына, мысалы, осы кезеңдегі неміс филосфтарына керісінше, болмыс мәселелерін материалистік тұрғыдан түсіндіріп, идеализмді қатаң сынады); 2.Эмпиризмнің рационализмнен үстемдігі (Англия – философиядағы эмпиристік бағыт жеңіске жеткен, шешуші ақылы, рационализмге емес, тәжірибе мен сезімдік қабылдауға берілген аз санды елдер тобына енді). 3.Саяси-әлеуметтік мәселелерге үлкен қызуғышылық (ағылшын философтары болмыс пен таным мәселелерін, адамның дүниедегі рөлін түсіндіруге тырысып қана қоймай, қоғам мен мемлекеттің пайда болуының себептерін іздеп, мемлекет тіршілігін дұрыс ұйымдастыру жобаларын ұсынды).
Фр.Бэконның филофиялық кредосын бейнелейтін афоризмі: «Білім - күш». Фр.Бэкон «танымның басты әдісі индукция болуға тиіс» деген новаторлық идея ұсынды. Индукция – көптеген жеке құбылыстарды жалпылау негізінде жалпы қорытындылар жасау (мысалы, «түрлі металл түрлері балқитын болса, барлық металдар балқу касиетіне ие») деп түсіндіреді Фр.Бэкон.
«Танымның басты әдісі - индукиця» деп анықтап берген философ таным әрекеті іске асатын нақты жолдарды көрсетеді. Олар: