Xviii ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген, ақындық поэзияның тууына жол салған ірі тұлғалардың бірі осы



Дата09.05.2022
өлшемі15,58 Kb.
#33352

XVIII ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген , ақындық поэзияның тууына жол салған ірі тұлғалардың бірі осы Тәтіқара ақын.

Халықтың қорғаны болып, ең алдымен өзін емес, өзгені ойлаған Тәтіқара Абылаймен бірге жаугершілікте жүріп, оның әрі ақыны, әрі батыры болған. Осы тұста М.Мағауинның: «18 ғасыр әдебиеті жайында сөз болса, Тәтіқара ақынның аты аталмай қалмайды. Жұртшылық санасындағы Тәтіқара қазақ халқының тарихындағы қиын кезендердің біріндегі сырт жауларға қарсы күрестің ұраншысы, өз отандастарын қайтпай ұрысуға шақырушы жауынгер ақын жортуыл көрнейшісі», - деп бағалаған пікірі бізге дәлел.

Сонымен қатар, М.Мағауин өз пікірінде, ақынның «Ассалаумағалейкүм, жайсаңдар мен қасқалар...» деп басталатын өлеңінен үзінді келтіре отырып:

Таңертеңгі ішкен шалап
Қарында емес, қуықта,
Ажал шіркін алыста емес, жуықта.
Түссендер - міне қара лашық,
Түспесендер - жолың ашық!..

Мұнда өлең жолдарының жалпы мазмұнына қарасақ, өлең айтылған кезде ақынның бірталай жасқа келгенін байқаймыз деп тұжырымдайды. Дегенмен бұл пікірді толықтыра кететін болсақ, ақынның бірталай жасқа жеткені ғана емес ,бұнымен қоса,сол уақытта жан-жақтан шабуылдаған жаугершілік шапқыншылықтарына тойтарыс беріп, елінің біршама тынышталған жағдайын ескерумен қатар, ақын өз басына түскен бар қиындықты баяндайды деп ой тұжырым жасауға болады.

Сонымен қатар, Е.Ысмайыловтың Тәтіқара ақынды қазақ-жоңғар соғыстары жайында ауқымды жырлар шығарған эпик ақын ретінде бағалауы да орынды. Себебі, осыған дейін жоғарыда айтылған пікірлерден Тәтіқара ақынның Абылай тұсында тірлік кешкен азамат болғандығымен қатар, өзі көрген оқиғалар жайын баяндауы да бізге дәлел.

Тарихтан білетініміздей елімізді сыртқы жаулардан қорғап, азаттықты ту еткен батырларымыздың ерліктерін бүгінгі ұрпаққа өнеге ету мақсатында бар жанын салған тұлғалардың бірі Тәтіқара ақынның біз үшін орны ерекше.

Қорыта айтқанда, батырлар ерлігі туралы айтып, ханды сынап, ерлік дәстүрді, ұлттық рухты ұлықтап, биіктете түсу, оны жас ұрпақтың жадына сіңіру – Тәтіқара шығармашылығынан анық байқалады. Ішкі-сыртқы жау қатар қаһар көрсеткен кезде халықты шыңыраудан шыңға сүйреген батыр бабамыздың тұлғасы жас ұрпаққа толығынан танылуы керек бірегей тұлға деп есептеймін.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет