Кіріспе Моңғолия жерін адамдар тас дәуірінен мекендей бастады. Б.з 6-12 ғасырларда қазіргі Моңғолия аумағы Түрік, Ұйғыр, Қырғыз қағандықтары мен Ляо кидан мемлекеттерінің құрамында болды. 13-ғасырда Шыңғыс – хан түркі-моңғол тайпаларын біріктірді, көптеген көршілес елдер мен халықтарды бағындырып, Шыңғыс хан империясын құрды. 13- ғасырдың 2-жартысында Шыңғыс хан империясы 4-ке бөлініп, моңғол үстіртін мекендеген түркі тайпалары Алтау тауының батысына қарай қоныс аударды. Ал қазіргі Моңғолия Құбылай хан негізін қалаған Юань империясына қарады. 1358 жылы Юань империясы жойылып, моңғолдар ел астанасы Пекин мен оның төңірегіне қуылды. 14-15 ғасырларды моңғолдар Қытайда билікке келген жаңа әулет Мин империясымен қиын-кескі соғыстар жүргізді. 16 ғасырда моңғолдар бытыраңқылықты бастан кешіріп, олар ішке: Оңтүстік Моңғолия-Чахар хандығы, Солтүстік Моңғолия Халка, мен Батыс моңғолия Жоңғар хандығы бөлініп кетті. 1634 жылы Моңғолия тайпалары Маньчжур ханы Абахайдың әскерімен шайқаста жеңіліп, 1636 жылы Оңтүстік Моңғолия Маньчжур империясының құрамына өте бастады. 1691 жылға дейін оңтүстік пен солтүстіктегі моңғолдар тайпаларының бәрі Маньчжур билеушілерінің үстемдігін мойындауға мәжбүр болды. 1756-1758 жылдары Жоңғар хандығы жойылды. XI-XII ғасырлардағы моңғолия 13 ғасырда Еуразия халықтарының тағдырына зор әсер етіп, Моңғолияның даңқын бүкіл әлемге шығарған Шыңғыс хан мен оның балалары , немерелері болды. 11 ғасырдың басында қазіргі Моңғолия моңғол тілінде сөйлейтін тайпалардың мекеніне