Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетінен емтихан сұрақтары
1.Жыраулар поэзиясының зерттелуі:
Жыраулар поэзиясының жариялану, зерттелу жайы. Хандық дәуір әдебиетінің жиналуы, жариялануы XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиеттің жиналып, жариялану, зерттелуін үш кезеңге бөліп қарастыру.
Бірінші кезең. XIX ғасырдын екінші жартысынан бастап Кеңес үкіметі орнағанға дейінгі кезең аралығындағы жиналу, жариялану жұмыстары. Ш.Уәлихановтың, В.В.Радловтың жыраулар шығармашылығына қатысты пікірлері, жинап бастыруы. Жыраулар мұрасының «Ноғай уа құмық шығырлары». М.Османов, «Жақсы үгіт» М.Бекмұхамедов, «Шайыр», «Көксілдер», Ғ.Мұштақ «Тауарих хамса»,Қ.Халидұғлы «Ақын» А. Берқалиұғлы құрастырған жинақтарға енуі.
Екінші кезең. 1917 жылдан - 1959 жылдар аралығындағы жиналып жариялануы, зерттелуі.
Үшінші кезең. 1959 жылғы әдеби мұра жайлы мәселе көтерілген конференциядан кейінгі және осы күнге дейінгі зерттелуі. XX ғасырдың 60-90 жылдар аралығында жыраулар поэзиясының тиянақты зерттелуі: Б.Кенжебаев, Ә.Марғұлан, Х.Сүйіншәлиев, М.Мағауин зерттеулерінің маңызы.
ХV-ХVІІ ғғ. – қазақ хандығының құрылып, тайпалар бірлестігінің, феодалдық мемлекеттің нығая бастаған дәуірі. Осы кезден бастап қазақ халқы мәдениетінің де өзіндік беті айқындала түседі. Ол әсіресе, халықтың тілінен, әдебиетінен айқын сезіледі. Жыраулар әдебиетінің дамуын үш кезеңге бөліп қарастырған М.Жармұхамедов болатын.
1. ХІ-ХІV ғғ. Жыраулық дәстүрдің негізі қаланған ілкі кезеңі. Алғашқы өкілдері Кетбұға, Қорқыт, Аталық, Сыпыра жыраулар, Қодан тайшы.
2. ХV-ХVІ ғғ. Жыраулық поэзияның қалыптасу кезеңі. Асан, Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет, Ер Шобан.
3. ХVІІ-ХVІІІ ғғ. Жыраулықтың әбден толысып, кемелденген кезеңі, гүлдену дәуірі. Үмбетей, Жиембет, Марғасқа, Тәтіқара, Қожаберген, Ақтамберді, Бұқар, Шал, Көтеш.
Міне, осы тұс қазақтың төл әдебиеті тарих сахнасында даралана, өзіне тән ерекшеліктерімен көрінген кезеңі еді.
Достарыңызбен бөлісу: |